kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бірлігі жарас?ан ?аза? елі» 7 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 1 мамыр – ?аза?стан халыны? бірлігі мерекесін тойлау ар?ылы екі ел арсында?ы этносаралы? келісімді, ?лтты?-м?дени ерекшеліктерді ны?айту. О?ушылар?а ?збек хал?ыны? салт-д?ст?рлері, діни сенімдері, ?лтты? киімдері мен д?ст?рлі та?амдарын, м?дениетін ке?інен т?сіндіру.

К?тілетін н?тиже:

  • О?ушыларды патриотизмге, елін, жерін с?юге ж?не хал?ын ??рметтеуге т?рбиеледі.
  • ?збек ?лт ?кілдеріні? м?дениетін, ?деп-??рпын сыйлау?а ?йретті.
  • О?ушыларды досты??а, бірлікке т?рбиеледі

?дісі: та?ырыпты? кеш

К?рнекілігі: мерекелік безендірулер, слайд, шарлар, на?ыл с?здер

Барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

Барысы:

?ызы?ушылы?ты ояту

- Біз барлы?ымыз ы??айланып отырайы?. К?зімізді ж?мса? та болады. ?зімізді «Досты? пен бірлікті?» елінде ж?рміз деп елестетейік. Б?л елде ?лкендерді ??рметтеп, кішілерге ?ам?орлы? жасайтын, Отанын с?йетін, ж?ректері мейрім мен с?йіспеншілікке толы, денсаулы?ы мы?ты, ер ж?рек адамдар мекен етеді. Соларды? ішіндегі е? ?адірлі адамдар ?рине бізді? ?р?айсымызды? ата-анамыз, е? с?йкімді де ?ылы?тысы ?рине кішкентай бауырларымыз. Олар ?ашан да бір-біріне к?мек к?рсетуден, ?ам?орлы? жасаудан шаршамайды. Біз барлы?ымыз осындай досты? пен бірлік елінде ?мір с?ріп жат?анымыз?а ?уануымыз керек. Енді б?рын?ы ?алпымыз?а т?сіп, к?зімізді ашайы?.(Та?тада ?збек ?лт ?кілдерін? суреті т?рады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бірлігі жарас?ан ?аза? елі» 7 сынып. »

Тақырыбы: «Бірлігі жарасқан қазақ елі»

Мақсаты: 1 мамыр – Қазақстан халының бірлігі мерекесін тойлау арқылы екі ел арсындағы этносаралық келісімді, ұлттық-мәдени ерекшеліктерді нығайту. Оқушыларға өзбек халқының салт-дәстүрлері, діни сенімдері, ұлттық киімдері мен дәстүрлі тағамдарын, мәдениетін кеңінен түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиеледі.

  • Өзбек ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйретті.

  • Оқушыларды достыққа, бірлікке тәрбиеледі

Әдісі: тақырыптық кеш

Көрнекілігі: мерекелік безендірулер, слайд, шарлар, нақыл сөздер

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Барысы:

Қызығушылықты ояту

- Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейрім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата-анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине кішкентай бауырларымыз. Олар қашан да бір-біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек. Енді бұрынғы қалпымызға түсіп, көзімізді ашайық.(Тақтада өзбек ұлт өкілдерінң суреті тұрады)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып, жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді.

2-жүргізуші: 20 жыл ішінде Қазақстанды 120-дан астам ел танып, 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату-тәтті өмір сүруде!

1-жүргізуші:1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты тақырыптық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен-деп ортаға оқушыларымыздың мерекелік лебіздерін қабыл алыңыздар.

/мерекелік лебіз/

1-оқушы: Меруерт

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

2-оқушы:Дарын

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

3-оқушы:Қарлығаш

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

4-оқушы:Ерхан

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

 Ортақ бізге барлығы.

5-оқушы:Әсел

Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

 Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

6-оқушы:Әділ

Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз Өзбек ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Өзбектер — ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы.

2-жүргізуші: «Өзбек – өз ағам», – деп атам қазақ өзбек ағайындарға ізеттілікпен сыйластығын білдірген. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Ендігі кезекті көрініске берейік

Көрініс: «Өзбек пен грузин айтысы».
Өзбекке таңырқай қараған грузин өзбектен:
- Сенің ұлтың кім?
- Өзбек.
- Сен өзбек болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Өзбекстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда өзбекте, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып)Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

1-жүргізуші:

Хормен:(барлық оқушылар орындарынан тұрып хормен айтады)
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2- жүргізуші: 

Елім менің, жарқыраған, жайнаған, 
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған. 
Елім менің биіктігі шарайнам, 
Қыран құсы көгінде мың самғаған! 


1- жүргізуші: 

Өзбекстан мақталы

Еліміздің мақтаны

Еңбек сүйгіш халқымыз

Ел бірлігін сақтайды

2-жүргізуші:

Шаңырағы шыңдармен тайталасып

Тастағанда түндігін айқара ашып

Сығайлайды күнменен ай таласып

Еркіндіктің бесігі бақытты отау

Күнге өрлеген қанатты Қазақстан!

2-жүргізуші: Барлығымыз орнымыздан тұрып  өзбек  халқының  атақты,сұлу  Шахзоданың  «На востоке» әнін айтамыз.   




1-жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!

1-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

2-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

1-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

2-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!

1-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!

2-жүргізуші: Қазақстан жасасын!

1-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

2-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!

4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернатында 2014 – 2015 оқу жылының сәуір айынының 28-і жұлдызында болған «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты өткізілген тақырыптық кештің хаттамасы

№ 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп – интернатында 2014 – 2015 оқу жылының сәуір айынының 28-і жұлдызында болған «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты тақырыптық кеш сабақ болып өтті.

Күні:28.04.15

Қатысуға тиісті бала саны: 23

Қатысқан бала саны: 23

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Бірлігі жарасқан қазақ елі


Тыңдалды

Бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Жиенбаева Айнұр сөз алды. Сабақтың әдісі тақырыптық кеш. Көрнекіліктер: мерекелік безендірулер, слайд, шарлар, нақыл сөздер «Бірлігі жарасқан қазақ елі» тәрбие сағатының барысында тәрбиеші ең алдымен мақсатымен таныстырды. Сабақтың мақсаты: 1 мамыр – Қазақстан халының бірлігі мерекесін тойлау арқылы екі ел арсындағы этносаралық келісімді, ұлттық-мәдени ерекшеліктерді нығайту. Оқушыларға өзбек халқының салт-дәстүрлері, діни сенімдері, ұлттық киімдері мен дәстүрлі тағамдарын, мәдениетін кеңінен түсіндіру. Мақсатын айқындап болып, сабақтың барысымен таныстыру жасады. Күтілетін нәтиже: Оқушыларды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиеледі. Өзбек ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйретті.Оқушыларды достыққа, бірлікке тәрбиеледіБүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында психологиялық дайындық жүргізді. І. Ұйымдастыру кезеңі (Қызығушылықты ояту мақсатында тәрбиеші бүкіл сынып оқушыларын «Достық пен бірлік» еліне саяхаттауға шақырады) Уақыты: 5 минут. ІІ. Өзбек елінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне слайдты көрсетілім (тәрбиеші өзбек елінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне тоқталады) Уақыты: 10 минут. ІІІ. Ортаға жүргізушілер шықты.

Жүргізушілер: Өмірбек Айдархан, Қыпшақбаева Айгерім. Оқушылардың мерекелік лебіздері (Уақыты: 5 минут) Оқығандарндар: Бердәулет Меруерт, Өмірзақ Дарын, Аққали Қарлығаш, Нұрлыхан Ерхан, Орынбасар Әсел, Алтынбек Әділ. Көрініс «Өзбек пен грузин айтысы»(Уақыты 5 минут) Қатысқандар: Қанаділ Шадиярхан, Жұмабай Мағжан, Өмірзақ Дарын, Жұмабай Мағжан. Ән: «На востоке» бүкіл сынып болып орындады Уақыты: 3 минут. Кешті қорытындылау мақсатында «Шаттық шеңбер» тренингпен аяқтады. Оқушылар өздерінің мерекеге арнап жылы лебіздерін білдірді.

Қаулы:

  1. Өзбек елінің шығу тарихына реферат жазу оқушыларға жүктелсін.


Қатысқан мұғалім:

  1. Жатақхана меңгерушісі: С. Жүсіпова

  2. Бірлестік жетекші: М. Төлеген



Хатшы: А. Жиенбаева


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Бірлігі жарас?ан ?аза? елі» 7 сынып.

Автор: Жиенбаева Айнур Нурмаганбетовна

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства