kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойын-сауық ойындарын құру

Нажмите, чтобы узнать подробности

5.2.1.1 - өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну5.2.6.1 - жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін білу5.2.1.1 - өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну5.2.6.1 - жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін білу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойын-сауық ойындарын құру»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-тарау

Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар.

Мектеп: №2 о/м

Күні:


Мұғалімнің аты-жөніНурбаев Н.

Сынып: 5

Сабақ 72-73

«Б »

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ  тақырыбы: 

Ойын-сауық ойындарын құру

Оқу мақсаты: 

5.2.1.1 - өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну5.2.6.1 - жарыс іс-әрекеттері және төрелік ету ережелерін білу

Сабақ  мақсаты: 

Дәстүрлі ойындар арқылы қолайлы оқу ортасын қалыптастыру.

Бағалау өлшемдері: 

Ойын ережесін біледі 

Ережеге сай ойнай алады 

Ойын кезінде саусақтын  икемділік жылдамдығын арттыру 

Тілдік мақсаттар: 

Тілдік оқу мақсаты: 

Оқушылар: 

командалық тапсырмалардың әр түрлілігі жағдайында негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай алады.  

Сабаққа қатысты сөздер: 

Шекем тас ,саусақтарды қора жасау. 

Тәрбиелеу құндылықтар:

Қарым қатынас, шындық, патриотизм 

Пәнаралық байланыс 

Математика, Қазақстан тарихы 

 АКТ қолдану 

 Интернет желісінен мәліметтер алу

Бастапқы білім 

Оқушылар алдыңғы сынып бойынша білімін сүрау  не білетінін сұрақ арқылы сұрау 

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта жоспарланған іс-шаралар

Ресурсы

Ұйымдастыру кезен

10минут

Сабақтың тақырыбымен, оқыту мақсатымен, жетістік  критериилерімен таныстыру. 

Сабақтың негізгі мақсатын айту  

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру 

Жалпы дамыту жатығулары  

Бестас ойынын видео арқылы таныстыру: 

https://kaztube.kz/video/181079 

Сұрақтар: 

Бестас  тәсілдерін атаныз? Бестас ойынын қалай бастайды? Сіздердің пікірлеріңше бұл ойын қаншалықты қызықты? Бұл ойында қандай физикалық қасиеттер дамыйды?

Үлкен кеңістістік, ысқырық. 



Бес тас

Негізгі бөлім

 25минут

  

Дәстүрлі ойынға жататын ойын түрі «Шекем тас» ойынын таныстыру, ойнату 

Ойынның мақсатын міндеттерін түсіндіру.  

Қол саусақтарынан «Қора» жасауды көрсету. 

Шерту және қайта қосу әдісін көрсету. 

Оқушыларды жұпқа бөлу. 

«Шекемтас»ойынын ойнау. 

 Сабақты тақырыбын бекіту, сұрақтар қою: Шекемтас ойынының  пайдасы қандай? «Отау» ойынының пайдасы қандай? Ойынды адал ойын ойнадыңдар ма? Бұл ойында қандай адамгершілік қасиеттерін дамытуға болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау және бағалау.  

 Қ.Б. «Отау» ойыны:  

Ойын ережесімен таныстыру.  

Ойынның мақсат міндетін түсіндіру. 

Қауіпсіздік ережесін айту. 

Қол саусақтарынан «Отау» жасауды көрсету. 

Шерту және қайта тосу әдісін көрсету. 

Оқуышларды жұпқа бөлу. 

«Отау» ойынын ойнату. 

Сабақты тақырыбын бекіту, сұрақтар қою: Ойын барысында қандай қауіпсіздік техникасын сақтау керек? Бұл ойында қандай адамгершілік  құндылықтарды дамытамыз? Оқушыларды жұпқа бөліп, бір-біріне сұрақ қою. Бірін-бірі бағалау.  

Ысқырық ,секундомер, үлкен кеңістік, шекемтасқа арналған тастар.  

  

 

 

 

 

 

 

 

    

Қортынды 10минут

  Сабақты қорытындылау. 

Тақтада тұрған кесте «+», «-», «Қызықты», берілген стикер қағазына пікірін жазып, жабыстыру керек.  

Стикерлер, қаламсап, қарындаштартақта. 

Саралау - қалай көп қолдау көрсетуге жоспарлап отырсыз? Егер сіз көп қабілетті оқушылардың алдына қоюға қандай міндеттер жоспарлап отырсыз? 

Қабілеті жоғары оқушыларлар меңгере алмай жатқан оқушыларға көмек беру.

Бағалау - оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? 

Сұрақ жауап.  

Оқушылардың іс-әрекетін бақылау. 

Денсаулық және қауіпсіздік сәйкестігі. 

шекем тас  ойындарында қауіпсіздік техникасын сақтау. 

Жалпы бағалау: 

Сабақтағы екі аспектілері қандай (қалай оқыту және танып ойлаймын) сондай-ақ барды? 

1:  

2: 

Қандай (қалай оқыту туралы және оқыту туралы ойлануға) Сабақтың жақсартуға ықпал мүмкін? 

1:  

2: 

Мен келесі сабаққа назар аудару қажеттігі туралы, жеке Сынып немесе жетістіктері / қиындықтар туралы сабақ (а) Табылған қандай? 

























Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-тарау

Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар.

Мектеп: №2 о/м

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:Нурбаев Н.

Сынып: 5

Сабақ 1

«В»

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.1 - қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

5.2.5.1 - өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Жағдаятты түсініп игеру үшін бірқатар тактикалар мен стратегияларды, құрылымдық идеяларды таңдау және қолдану.

Жетістік критерийлері

Жағдаятты түсініп игеру үшін бірқатар тактикалар мен стратегияларды, құрылымдық идеяларды таңдайды және қолданады;

Команда бойынша өзінің «күн немесе түн» екенін дұрыс анықтайды;

Допты бір қолымен алып жүреді.

Тілдік мақсаттар


Қимыл-қозғалыс ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды неліктен сақтауымыз керек?

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Осы ойынды бұдан да қызықтырақ ойнау үшін нені жақсартуға болады?

Сіз допты игеруді қалай жүзеге асырдыңыз?

Сіз допты ұзағырақ ұстап тұруды қалай жоспарладыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір- біріне деген сенімділігін арттыру және әділ ойын ойнауға бейімдеу.

Пәнаралық байланыстар

математика пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Қимыл-қозғалыс ойындарды интернет арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәнмәтінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «Кім жылдам» ойынын ойнату.

Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы.

 бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған);

 екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар).

Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет? (оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау)

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық, секундометр

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру

Қимыл-қозғалыс ойындары

«Күндіз-түні доппен» ойыны
Ойыншылар екі қатарға бір-біріне арқаларын қарата зал ішіне көлденең тұрады, олардың қолында баскетбол добы болады. «Түн» командасы берілген кезде аталған команда «өз үйлерінің сызығынан» допты алып жүріп тезірек шығып кетуге тырысады. «Күндіз» деп аталатын басқа команда допты алып жүру арқылы оларды қуып ұстауға ұмтылады. Ойыншы бос қолымен алдындағы жүгіріп бара жатқан адамға үйінің шет жағына дейін қуып, допты тигізуге тырысады. Бұдан соң барлығы ортадағы сызыққа оралады, бір-біріне қарама-қарсы 2 метрлік арақашықтықта тұрып алып, қолға түскендерді есептейді.
Осы ретпен ойын тағы да қайталанады.
Допты теңестірген ойыншы доп тиген болып есептелінеді. «Үйдің» шетінде допты тигізуге болмайды


«Доп үшін күрес».

Баскетбол алаңының жартысында бес адамнан тұратын екі команда ойнайды. Ойын айып добын лақтыру алаңынан басталады. Допты алған ойыншылар бір-біріне бере отырып ойынды бастайды, ал қарсыластар допты қағып алып, олар да бір-біріне лақтыру керек. 5,8,10 лақтыруларды қатарынан жасаған командаға ұпай беріледі. Сонан соң ойын қайта басталады. Белгіленген уақытта көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жаңа әзірде ғана допты қабылдап алған адамға қайтадан допты беруге тыйым салынады.


Кең, таза кеңістіктер әрбір әрекет үшін. Ысқырық, секундомер мұғалім үшін. Футбол, волейбол, баскетбол доптары, шар, таяқшалар

http://teacher-of-russia.ru



Сабақтың соңы

Спорт жабдықтарын орнына қою, тыныс алу жаттығулары және хронометраж.Көңіл аудару жаттығулары, үй тапсырмасы.

Рефлексия

Стикер, пламастер, ватман, қарандаш т.б

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Дарынды оқушыларға, қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың тапсырманы орындау деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмалардың нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

Спорттық термин сөз қорын тереңдету үшін, оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

Әлсіз оқушыларға көмектесу үшін арнайы тапсырмаларды беру және де, топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

Көру, тыңдау, сұрақ қою.

Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатысы бар ма?

Оқушылар алаң мен динамикадағы өзгерістер қалай көрінеді және қалай сезілетінін біле ме?

Топтық ойындардың сапасы талқылау.

Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы қойылған мақсатқа қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ойын-сауық ойындарын құру

Автор: Нурбаев Нурлан Утегенович

Дата: 23.02.2018

Номер свидетельства: 459109

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "??м терапиясы"
    ["seo_title"] => string(14) "kumtierapiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "319771"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460955721"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства