Мен Сериева С?уле ?ызылорда облысы ?арма?шы ауданды? о?ушылар ?йінде 15 жылдан бері "К?ркем?нер" ?йірмесін ж?ргізіп келемін. Бірінші санатты м??аліммін. ?йірмеде ?ол?нер, сурет салу, сызу, тігін тігу, кесте тігуді ?йретемін.?йірмеде он екі о?ушы ?амтыл?ан. Оларды? барлы?ы тігін тігіп, сурет салуды, сызу сызуды ?йреніп жатыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?стаз аты - биік ?рі м??гілік»
Қызылорда облысы
Қармақшы аудандық
Оқушылар үйінің
«Көркемөнер» үйірмесінің
Жетекшісі Сериева Сәуле
Сабақтың тақырыбы: «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік»
Сабақтың мақсаты:Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың
ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету.
Жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне
білуге үйрету. Ұстаз мамандығының қыр мен сырын түсіндіру,
ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету. Ұстаз еңбегін
әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Барысы: І. Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау.
2. Оқушылар өнерін тамашалау.
3. Ұстаздар лебізін тыңдап, сабақты қорытындылау.
Мұғалім: Армыссыздар, ардақты ұстаздар! Барша адамның сауатын ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған – ұлағатты ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі мерекелеріңізге арнайы дайындалған «Көркемөнер» үйірмесінің «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Ақсәуле Мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз жырлағандайбүгінгі тәрбие сағатымызда «Ұстаз» туралы әңгімелесетін боламыз. Жалпы «Ұстаз» дегеніміз кімдер? Әрқайсысымыздың өзіндік пікіріміз барекені белгілі. Олай болса «Ұстаз» сөзінің мәні неде екен?
Бекзат Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін ол кім десең? Ол – Ұстаз.
Айсұлтан Дұрыс айтасың Бекзат «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Ғалым Иә, Айсұлтан Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Нұрбек Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
Қадіржан Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Қуаныш Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Асылжан Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
Нұрай Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
Ақсәуле Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп директоры Нұршат апайға сөз кезегін берсек. Рахмет, апай!
Гүлназ Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Қызылгүл Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Ақсәуле Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне оқушылар үйінің директорының орынбасары Рада апайдың жылы лебізін тыңдасақ. Рахмет, апай!
Ақсәуле «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
Оқушылар Олай ойлауыңның себебі неде?
Ақсәуле Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Нұрай Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың
Қуаныш Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Қадіржан Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Өмірді алға қарай өрлететін, Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
Ақсәуле Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
Нұрай Дұрыс айтасыз Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
Ақсәуле Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік әдіскері Айгүл апайға сөз кезегін береміз. Рахмет Айгүл апай!
Асылжан Ұстаз ана - болашақтың анасы, Ұстаз ана – ақыл - білім анасы, Жүзіндегі пәк мейрімді көргенде Әр шәкірттің оянады санасы,
Ғалым Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін, Құрметтейік, мәпелеп, Ұстаздардың есімін
Ақсәуле Ұстаз болам өзіңдей, Үйретер ақыл, парасат, Аянбай еңбек ететін, Болсыншы деп бала шат
Нұрбек Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Айсұлтан Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Сержан Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Ақсәуле Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?
Оқушылар Ыбырай Алтынсарин
Ақсәуле Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.
Ақсәуле Ұстаз туралы нақыл сөздер білесіңдер ме?
Сержан «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»
Абай Құнанбаев
Бекзат Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін. С.Қожамқұлов
Асылжан Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі. Ы.Алтынсарин
Гүлназ Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға. Абай Құнанбаев
Ақсәуле Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
Сержан Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
Ғалым Ұстаз болу сізге ұнады ма? Себебі неде?
Айсұлтан Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
Ақсәуле Ұстаздан шәкірті озар деген ұғымды қалай түсінесіз? Өзіңізден биік санайтын яғни өзіңізден лауазымы жоғары оқушыңыз бар ма?
Ақсәуле «Алтын ұям – мектебім» хор
Гүлназ Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған Шаршаса да осы жолдың бойында, Қандай жақсы шын бақытын тапса адам
Ақсәуле Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, Тамырлары сан тарапқа тараған.
Қызылгүл Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімімен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
Ақсәуле
Қорытынды Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.