Қанаты жоқ ұшадыАяғы жоқ желедіАузы жоқ ұлиды / қыс, боран/
Жалғыз көзді жалмауызТалай жерге салды ауыз /ине/
Қорасы ақҚойы қара /дәптердегі жазу/
Бір-бірімен қауышқанҚолдан қолға ауысқан /ақша/5 Екі қара ат, екі қарақат /қас пен көз/
Ойын «Бөліктерден тұтас бейне құрастыр»
Барысы: Әртүрлі бейнелер ұсақ бөліктерге бөлінген, соны құрастырып жинау. Балалар екі топқа бөлінеді, бөліктер жерге шашылады, белгі бойыншабалалар жинауы тиіс. Қай команда бірінші жинайды, сол жеңіске жетеді.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері:
қар – Қарағанды ас – Астана алма – Алматы тау – Көкшетау рау – Атырау кент – Шымкент
“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді. Сұрақтар: 1. Сөмкеде не жатыр? 2. Бір аптада неше күн бар? 3. Асханада кім бар? 4. Сыныпта неше терезе бар? 5. Қолда неше саусақ бар? 6. Жазда ауа райы қандай? 7. Бір тәулікте неше сағат бар? 8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды? Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.
“Жоғалған әріптер” ойыны. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу. Мысалы:
к... гершін балдыр... ан ән... ран к... тап к... ктем ... же ... ңгіме о... ушы айда... ар
д...птер
қар...ыз
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады. «Соқыр теке» ойыны.
Бір баланың көзін байлап,сурет салады.тақырып бойынша осылай жалғаса береды. “ Сиқырлы қоржын” ойыны. 1. сөздерді қазақшаға аудар: Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.
Жұмбақтың шешуін тап: Үйіңнің ол тұрағы, Беті - қолын жуады, Жолбарысқа түсі ұқсас, Екі көзі қырағы.” ( мысық )
«Кім жылдам?» 1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
Рефлексия:«Басбармақ» әдісі.
Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ
«Балдәурен» бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің апталығы
Барысында көркем еңбек пәнінен өткізілген сабақтан тыс іс-шара тақырыбы: