Пәнаралық байланыс : Тарих,әдебиет,математика, бейнелеу өнері,биология,география.
Көрнектілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакат,сурет көрмесі ,қолөнер бұйымдары.
I.Ұйымдастыру бөлімі.
- сайыстың тақырыбы мен таныстыру.
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.
- әділ-қазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру.
II.Сайыс барысы.
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп
Өнер –білімге икемді болсын деп
Бәйтеректей бой шыңдасын деп
Өрен –өршіл өркенді болсын деп
Жақсы жолды таңдайық
Жамандықтан тәлім алмайық
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық
Ары адал,жаны жаз
Ару жолын таңдайық,-деп «Шебердің қолы ортақ» атты сайысымызды бастайық.
1) Армысыздар қадірменді көрермен қауымы! Бұл сайысқа 7-8 сыныптардың қыздары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
2 топтың қыздарын қошеметпен қарсы алайық.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін,білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызға қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
1-шарт:
«Сәлем –сөздің атасы»-деп аталады,әр топ атымен ,ұранымен таныстырады.
2-шарт:
«Бәйге» сұрақ – жауап сайысы.5 сұрақ технология пәнінен.
3-шарт:
«Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін,икемділіктерін көрсетеді.
а) Инені сабақтап түйіндеу,түйме қадау.(5 мин)
б) Ою –өрнектерді құрастыру.(5 мин)
4-шарт:
«Тіл өнері»- мақал –мәтелдерден ,жұмбақтар жасырылған сөздердің жауабын табу.
5-шарт:
«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз»- қолөнер бұйымдарын көрсету .