kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл білгірлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??алім: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінгі сайысымыз ?з м?ресіне де келіп жетті,  келесі с?з кезегін ?азылар ал?асына беріп, сайысымызды? же?імпазын аны?тайы?.

  Сайысымызды? же?імпаздарын орта?а ?ол со?ып, ша?ырайы?. Сонымен ?атар ?нер к?рсеткен о?ушыларымыз?а ал?ыс айтамыз.

Же?імпаз топты ма?тау ?а?азымен марапаттау.

«Жаса, ?аза?стан» ?нін орындау.

М??алім:  Бізді? тіліміз-е? ?ымбат ?азынамыз. Оны ?ор?ау, ?олдау, ?ркендету-бізді? міндетіміз. ?р адам ?з ана тіліні? болаша?ына жауапты. Т?уелсіз елімізді? ерте?і- сендер ?аза? тіліні? м?ртебесін жо?ары к?тереді деп сенеміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл білгірлері »

Тақырыбы: «Тіл білгірлері»

Мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  білім деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды мемлекеттік тілге деген құрметке, еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) қазақ тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қима қағаздар, үлестірмелі тапсырмалар.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-деп Мағжан ақын жырлағандай, апталығымыздың бүгінгі күні 9-10 -11 сынып оқушыларымен өткізілетін «Тіл білгірлері » атты тіл сайысымызға қош келдіңіздер!

Ана тілі  қазағымның қаймағы,
                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.
                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
                     Әр сыныптың білгірлері шығады.

Дорбадағы боялған асықтарды таңдату арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Топтарға асық түсімен түстес қағаздарда жазылған атауларды беру.

«Ойшылдар», «Тапқырлар», « Білгірлер».

Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:

1. Шығармашылық тапсырма. « Қазақ тілі - мемлекеттік тіл», «Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ» тақырыптарында пікір сайыс.

2. «Жүйрік болсаң-шауып көр». Сұрақ-жауап.
3. «Кім жылдам?» Берілген сұрақтарға А, Ә, Қ әріптерінен басталатын сөздермен жауап беру.

4. «Мақал- сөздің мәйегі» Әр топ тіл туралы 3 мақалдан айтады. Қарсы топтар мақалдардың орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын табады.
5. «Күзгі ағашты суреттеу» сайысы. Берілген сөздердің дұрыс аудармасын табу.

6. «Өнерлінің өрісі кең». Әр топ өз өнерін көрсетеді.

Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері :

1. Сейтимова Сания Адыевна .

2. Исмагулова Гаухар .

3. Мусаханова Злиха.

Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы  бағалап, түсінік беріп отырады.

Сайыс кезеңдері 3-5 балл аралығында бағаланады.

I бөлім. Шығармашылық тапсырма. «Бүгінгі қазақ тілі», «Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ» тақырыбында пікір сайыс.

Ән шашу.

ІI бөлім. «Жүйрік болсаң –шауып көр» Сұрақ-жауап:
    — Тақтада «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден  әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі.

Қ Қазақ тілі
1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
3. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

А. Қазақ  әдебиеті
1. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
2. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата
(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;
5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
3. Қазақтың әйгілі үш биін білесің бе?

З. Қазақстан тарихы
1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)
2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)
3. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган))

А. География
1. Қазақстанның ең биік тауы? (Хан тәңірі)
2. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (5 — Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан)
3. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

Қ. Халық ауыз әдебиеті
1. Мақал  мен мәтелдің айырмашылығы неде?
(мақал 2-3 сөйлемнен тұрады, мәтел қысқа болады)
2. Еңбек туралы мақал – мәтел айт.
3. Жаңылтпаш айт.

Т. Қасиетті сан
1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
2. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)
3. «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

І. Сен білесің бе?
1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда)
3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)
             
Л. Мақал-мәтелдерді толықтыр
1) Тіл тас жарады, тас жармаса .....

2)  Тіл қылыштан........         

3) Жақсы сөз ........

І. Қызықты грамматика
1. «Сұлу» сөзінің синонимдерін ата.

2.«Оқулық» сөзінің түбірін тап.

3. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын білесің бе?

ІІI бөлім. «Кім жылдам?» Берілген сұрақтарға А, Ә, Қ әріптерінен басталатын сөздермен жауап беру.

Ән шашу.

IV бөлім. «Мақал- сөздің мәйегі» Әр топ тіл туралы 3 мақалдан айтады. Қарсы топтар мақалдардың орыс,ағылшын тілдеріндегі аудармасын табады.

V бөлім. «Күзгі ағашты суреттеу» сайысы. Берілген сөздердің дұрыс аудармасын табу.
Ақыл, аққу, әуежай, апта, керуен, оңтүстік, өлке, түтін, ескі, байланыс, ғалым, рәміз, жабық, ғаламтор, ғарыш, табиғат, ұшақ, арман.



VI бөлім: «Өнерлінің өрісі кең». Әр топ өз өнерін көрсетеді.

Инсерт әдісі

  1. Осы сабаққа дейін не білдім?

  2. Осы сабақта не үйрендім?

  3. Болашақта не білгім келеді?

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті, келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық.

Сайысымыздың жеңімпаздарын ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар өнер көрсеткен оқушыларымызға алғыс айтамыз.

Жеңімпаз топты мақтау қағазымен марапаттау.

«Жаса, Қазақстан» әнін орындау.

Мұғалім: Біздің тіліміз-ең қымбат қазынамыз. Оны қорғау, қолдау, өркендету-біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі- сендер қазақ тілінің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.

Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл білгірлері

Автор: Жаканшаева Венера Салкамбековна

Дата: 06.05.2015

Номер свидетельства: 208720

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Конспект урока по каз языку "Білгірлер сайысы" "
    ["seo_title"] => string(48) "konspiekt-uroka-po-kaz-iazyku-bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "191711"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427360791"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Саба? жоспары: "Білгірлер сайысы""
    ["seo_title"] => string(33) "sabak-zhospary-bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "276612"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452768569"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Информатика білгірлері мен тап?ырлары  /сыныптан тыс іс-шара/ "
    ["seo_title"] => string(63) "informatika-bilghirlieri-mien-tapk-yrlary-synyptan-tys-is-shara"
    ["file_id"] => string(6) "161761"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422272340"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сыныптан тыс ж?мыс.Білгірлер сайысы. 9 сынып."
    ["seo_title"] => string(47) "synyptan-tys-zhu-mys-bilghirlier-saiysy-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "276485"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452748031"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "«Білгірлер» білім сайысы "
    ["seo_title"] => string(24) "bilghirlier-bilim-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "216169"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432890225"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства