Просмотр содержимого документа
«Кітап дүкенінде. (2б сынып), Биік ғимарат (4б сынып)»
Сынып : 2б
Сабақтың тақырыбы: Кітап дүкенінде
Сабақтың мақсаты: 1) Кітап туралы білімдерін жүйелеу. 2) Тақырып бойынша оқушылардың сөйлеу тілдерін, сауатты жазу қабілеттерін дамыту. 3) Кітапты бағалау, жақсы және жаманды түсінуге тәрбиелеу.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?
2) Сөздікпен жұмыс.
Сатып алдым-купил (-а)
Ертегі – сказка
Қанша тұрады? – сколько стоит?
Қалай аталады? – как называется
Не туралы? – о чем?
3) Сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.
4) 1-тапсырмадағы суретке қарау, оқу.
5) Сұрақ – жауап.
- Ажар қайда барды?
- Ол не сатып алды?
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегі не туралы?
6) Сергіту сәті. (Музыкалық әуенмен билейді)
7) Кітап сөзіне фонетикалық талдау жасату.
8) Ойын. «Кітап дүкенінде»
9) Сәйкес суретті табу.
Бұл ертегі «Піл, керік, қоян» деп аталады.
Бұл әңгіме «Қысқы киімдер» деп аталады.
Бұл тақпақ «Достар» деп аталады.
10) Үлестірмелі қағазбен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
IV. Рефлексия. Не білдім? Нені үйрендім?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 4-тапсырма. 143-бет.
Сынып : 4б
Сабақтың тақырыбы: Биік ғимарат
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін толықтыру. 2) Тілін, сөздік қорын дамыту. 3) Туған жеріне, еліне деген құрмет сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: плакат, фламастерлер, «Астана» слайд
Пирамиданың суретін қалай салғаны туралы әңгімелеу.
1) Ассоциация.
Астана
2) Өткен сабақта қандай ғимараттармен танысып едік? Биік сөзін (синонимі) тағы қалай айтуға болады?
3) Постер қорғау.
4) Диалогті рөлге бөліп оқыту.
5) Тақтамен жұмыс.
А) Бәйтерек, ғимарат сөздерін септеу.
Ә) Сөйлем құрастыру.
6) Сергіту сәті. (Музыкалық әуенмен билейді)
7) Ханшатыр, Пирамида сөздеріне фонетикалық талдау жасату.
8) Үлгі бойынша оқу.
9) Дұрыс-бұрыс
1.Астана қаласы Есiл өзенiнiң жағасында орналасқан жоқ. 2. Кең көшелер, зәулiм үйлер, әдемi ғимараттар қаланың сұлулығын арттыра түседi. 3. Қазақстан –көп ұлтты мемлекет. 4. Қазақстан тұратын барлық халықтар татулық пен тыныштықты тiлейдi.