kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қонақасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілінен  8 сыныпта "Қонақасы"  атты сабақтың жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қонақасы"»




Сабақтың тақырыбы

Қонақасы. Етістік.

Сабақтың мақсаты

1) Оқушыларды қонақасы ұғымымен танымтырып, түсініп оқуға мүмкіндік беру. Қонақ түрлерімен таныстыру. Етістік туралы мәлімет беру

2) Оқушылардың өз бетімен ізденуі, оқуы, пайымдауы, талдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейін дамыту.

3) Оқушыларды ерлікке, батырлыққа, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Міндеттері

  • өз елінің салт-дәстүрлерін қастерлеуге үйрету;

  • қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу;

  • ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу;

  • оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу

әрекеті дағдыларын шыңдау

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СКТТ

(сатылай кешенді талдау технологиясы)

Негізгі әдіс

Ізденіс

Сабақтың көрнекілігі

Мәтін, слайдтар, суреттер

Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі

этнопедагогика, тарих, мәдениеттану

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың барысы


І дидактикалық кезең


Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы

Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар интерактивті тақтада берілген сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады.

Сөзжұмбақ тапсырмалары:

1.Бие сүтінен жасалатын дәмді сусын .....

2.Қант қосылған сүзбе (қоңыр түсті)......

3.Сиырдың сүтінен ұйытылады.................

4.Түйе сүтінен дайындалатын сусын............

5. Жылқының қабырғаларынан жиналатын аса шұрайлы, майлы ет.......

6. ..... - адамның арқауы.

7.Сүттен жасалатын нәрлі тағам .........

8.Жылқының ішегіне салып дайындайды.

Мұғалім сөзі:

Қонақасы деген не?

Оқушылардың мүмкіндік жауаптары:

Мұғалім сөзі:

осы қонақтарды қарсы алу үшін біз әртүрлі іс-әркет жасаймыз. Ол қандай іс-әрекеттер?

Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: қарсы аламыз, күтеміз, дайындаламыз, жасаймыз, тамақ пісіреміз, шай береміз, қымыз ұсынамыз,үйге шақырамыз ...... .

Мұғалім сөзі: осы іс-әрекеттер қандай сөз табына жатады?

Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: етістік.

Қайталауға арналған сұрақтар:

Етістіктің түрлері қандай?

Етістіктің шақтары қандай?


ІІ дидактикалық кезең


«Қайталау – оқу анасы»

Міндеті: өткен сабақты еске түсіру.

Атқарылатын жұмыс түрі:

Модуль бойынша өткен тақырыптарда кездескен жаңа сөздерді сурет арқылы қайталап, еске түсіру. (Оқушылар интерактивті тақтадағы жасырын суреттерді ашып, толық жауап береді)


ІІІ дидактикалық кезең

«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»

Міндеті: ата-бабамыздан бері келе жатқан асыл мұра – салт-дәстүрлерімізді сақтау қажеттілігін көрсету

Жаңа сөздер:

қонақасы - угощение для гостей

Жомарттық- щедрость

Арнайы - специальный (приглашенные)

Өнегелі - воспитанный (-ая, _ое)

Айып - грех, вина

Қыдырма - не ожиданный

Жаңа сөздерді оқу, оқыту;

Жаңа сөздермен етістікті сөз тіркестерін құрастыру (ауызша)

Қонақасы

Қонақасы– салт. Халқымыздың тарихи, әлеуметтік- тұрмыстық жағдайындағы ерекше бір қымбат дәстүрі – осы қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру – жомарттықтың, тәрбиеліктің үлкен белгісі. Қазақ қашанда семіз қойын, басқа да тәтті тағамдарын әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтіп отырған. Қонақ та кез-келген үйге түспейді, қонақжай, дастарқаны мол,таза, өнегелі ұл-қызы бар үйді таңдайды. Халық дәстүріне қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады. Қазақ оларды арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі. Қыдырма қонақ деген де бар. Бірақ ол сыйлы қонақ емес.


-Мәтінді өзім мәнерлеп оқимын


- оқушылар кезекпен бір-бір сөйлемнен оқиды


- жаңа сөздермен жұмыс:

(өзім оқимын, бір оқушы оқиды, кейін хормен оқимыз)

-жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру

-мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы мәтінді аудару

- мәтіндегі сөйлемдер бойынша бір-біріне сұрақтар қойдырту, жауабын алу. Мысалы, Лена: мен өз сұрағымды Ерланға қоямын дейді де, сұрағын қояды. Ерлан жауап береді.

-мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу.

Тақырыбы: қазақ халқының салт-дәстүрі туралы

Идеясы: халық дәстүрлерін құрметтеу


ІV дидактикалық кезең

«Сауатты болу мақсатым»

Міндеті: грамматика бойынша сауаттылықтарын тексеру.

Атқарылатын жұмыс түрі: оқушылар лексикалық, СКТТ бойынша синтаксистік талдау жасайды.

Қазақ оларды арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі.

Лексикалық-грамматикалық талдау:

Қонақ та кез-келген үйге түспейді.

Түспейді

1.сөз табы - етістік

Сұрағы - не істемейді?

Тұлғасына қарай - негізгі

Мағынасына қарай - негізгі

Обьектіге қатынасына қарай - салт

Іс әрекеттің нәтижесіне қарай - болымсыз

Құрамына қарай - дара: түспейді түс- түбірі, негізгі етістік

пе- болымсыз етістіктің

жұрнағы

й- ауыспалы осы шақтың

жұрнағы

ді- жіктік жалғауының III жағы

Мұғалім сөзі: келесі тапсырманы орындау үшін етістіктің болымды, болымсыз түрлерін қолданып сөйлемдерді дұрыстаймыз.

«Дұрыс- бұрыс» ойыны

-Қазақ ешқашан қонақжай болған емес.

-Қазақ халқы семіз қойды қонақтарға соймаған.

-Қонақтар құдайы қонақ, арнайы қанақ, қыдырма қонақ деп бөлінбейді.

-Адамдар қыдырма қонақтарды сыйлы деп есептейді.

-Қонақтарды қарсы алмау айып болмайды.

V дидактикалық кезең

«Бекіту- нәтижеге бағытталған білім беру»

Міндеті: қайталау тапсырмалары арқылы жинақтаған білімдерін бірізділеу.

Атқарылатын жұмыс түрі:

Мұғалім сөзі: бүгінгі сабағымызды қорытындылайық, ол үшін сіздер тақырып төңірегінде (мәтін бойынша) суреттерге қарап өз ойларыңды жинақтап көріңдер.

Мұғалім сөзі: сонымен, осы дәстүр қазақ халқының қонақжай екендігін көрсетеді. Бүгінгі сабағымызды жерлес ақынымыз Манап Ысқақованың мына өлең шумағымен аяқтаймын.






YІ дидактикалық кезең

«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»

Міндеті: Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту

Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру

1.Жалпысыныптық жұмыс түрі: « Маған ұнаған салт- дәстүр....» эссе жазу

2. Жұппен жұмыс: «Азамат туған жерімен тұғырлы, салт- дәстүрімен ғұмырлы» шағын сурет көрмесін жасау

3.Жекелей жұмыс: мәтін бойынша кез келген сөйлемге СКТТ жасау.

YІІ дидактикалық кезең

«Бағалау – мақсатқа жету жолы»

Міндеті: сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.

Атқарылатын жұмыс түрі: алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру.

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Қонақасы"

Автор: Агжанова Жибек Болатовна

Дата: 12.10.2017

Номер свидетельства: 432018

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Қонақасы 10 класс"
    ["seo_title"] => string(19) "k_onak_asy_10_klass"
    ["file_id"] => string(6) "443167"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1512827284"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(14) "?она?асы"
    ["seo_title"] => string(8) "konakasy"
    ["file_id"] => string(6) "335172"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1466223648"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Тәрбие сағаты "Халқым менің қонақжай""
    ["seo_title"] => string(43) "t_rbiie_sag_aty_khalk_ym_mienin_k_onak_zhai"
    ["file_id"] => string(6) "451405"
    ["category_seo"] => string(6) "corect"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516537857"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Халы? д?ст?рі -асыл ?азына"
    ["seo_title"] => string(22) "khalykdsturiasylkazyna"
    ["file_id"] => string(6) "269173"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1450778664"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашы? саба? "Хал?ым мені? ?она?жай""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-khalk-ym-mienin-k-onak-zhai"
    ["file_id"] => string(6) "316435"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460093921"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства