kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад на тему : Применение диалогового обучения на уроках русского языка

Нажмите, чтобы узнать подробности

          Саба?ты? та?ырыбы:  І. Есенберлин «К?шпенділер» трилогиясы.

Саба?ты? білімділік ма?саты:

а) О?ушыларды? І.Есенберлин ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы т?сініктерін ке?ейту.

?) ?аза?стан тарихында?ы XV-XIX ?.?. аралы?ында?ы дербес мемлекет ??ру жолында?ы к?рес тарихы туралы о?ушылар білімін толы?тыру.

         Дамытушылы?ы: о?ушыны? ізденімпазды? ?абілетін, с?йлеу тілін дамыту, тарихи о?и?алар мен к?ркем шы?арма арасында?ы т?тасты? пен ?згешелікті таныту. ?деби теориялы? білімдерін жетілдіру, ?з пікірлерін айту?а да?дыландыру.

Т?рбиелілігі: патриотты? сезімге, ?лтты? сананы жетілдіруге т?рбиелеу, к?ркем ?дебиетке деген ?ызы?ушылы?тарын  арттыру, ?ткен тарихымызды ба?алау?а, тарихтан та?ылым алу?а, хал?ына адал ?ызмет етуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: семинар саба?.

Саба?ты? типі: білімді ж?йелеу, жина?тау саба?ы.

Саба?та пайдаланылатын ?діс – т?сілдер: семинар с?ра?тары, с?ра? -  жауап, баяндама, хабарламалар.

Саба? к?рнекілігі, ??рал  - жабды?тары: ?анатты с?здер, кітаптар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему : Применение диалогового обучения на уроках русского языка »






















Б і р л е с т і к ж е т е к ш і с і: Қ.К ө ш е к о в а

















































Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде 2010 – 2011 оқу жылының басталуына байланысты отырыс өтіп, онда бірлестіктің жылдық жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

Бірлестіктегі мұғалімдер саны – 10

Оның ішінде І санатты мұғалімдер саны – 5.

ІІ санатты мұғалім – 3.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының І Республикалық Махамбет оқуларын өткізу туралы ережелеріне сәйкес мектебімізде 2010 жылы 11 қыркүйек күні мектепішілік І Махамбет оқулары конкурстың ережелеріне байланысты 3 бөлім бойынша өтті.

І бөлім – «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша І орын алған 6г сынып оқушысы Оралбаева Меңсұлу және ІІІ бөлім – «Тартынбай сөйлер асылмын...» -жас дарындар конкурсы бойынша Іорын алған 10б сынып оқушысы Әуесханова Гүлзинат аудандық І Махамбет оқуларына қатысты.

Аудандық І Махамбет оқуларына қатысқан 6г сынып оқушысы Оралбаева Меңсұлу (пән мұғалімі Жанзақова Рахия) жүлделі І орын иеленіп, облыстық І Махамбет оқуларына қатысты және Махамбет оқуларының облыстық кезеңінде Алғыс хатпен марапатталды.

16-23 қыркүйек аралығында «Қазақстан халықтары тілдерінің күні» мерекесіне байланысты «Тәрбие басы – тіл» атты мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды.

5-6 сыныптар аралығында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. Бастауыш сынып оқушылары сөзжұмбақ, ребус, газеттер шығарды.

5-7 сынып оқушылары «Туған тілде сыры терең жалын бар, Туған тілде жырым менен әнім бар» атты ән сайысына қатысты. 8-сынып оқушылары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» топтық ойыны өтіп, онда 8а сынып оқушысы Сариева Тұмар,8г оқушылары Сәдірбаев Әділбек, Панаев Бекайдар белсенділік таныта білді. 9-сыныптар арасында Интеллектуалды олимпиада өтіп, онда 9г сыныбы білімділіктерін көрсетті. 10-сынып оқушылары арасында «Сөз мерген» танымдық сайысы өтті, бұл сайыста 10а сынып оқушысы Рахманова Гүлзат жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар бастауыш сыныптарда Ана тілі пәнінен 4в сыныбында «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» атты ашық сабақ (пән мұғалімі Елеусізова Анар), қазақ тілі пәнінен 4г сыныбында «Етістік» тақырыбында ашық сабақ (пән мұғалімі Сереева Бақыткүл) өткізді.

5а сыныбында «Ана тілім – мәңгі құламайтын бәйтерек» атты ашық сынып сағаты өтті. (сынып жетекшісі Ахметова Баян).

2-3 сыныптарда «Шешендік өнер», орыс тілі пәнінің мұғалімдері Ердіхалықова Гүлжайна, Роза Алдашованың ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сыныптан тыс жұмыс,7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Мәнерлеп оқу» сайысы (орыс тілі пәнінің мұғалімі Сариева Эльвира) өтті.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Ибрагимованың ұйымдастыруымен 4б сынып оқушыларының арасында «Ағылшынша сөйлеймін» атты сыныптан тыс жұмыс, 10-сыныптар аралығында «Тілдер үндестігі» сайысы (пән мұғалімі Әлденова Фарида) өтті.

Апталықтың соңы мерекеге арналған «Алтыбақан» ойын – сауық бағдарламасымен аяқталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тереңдетілген 6-сыныпта пән мұғалімі Жанзақова Р, 7-сыныпта Смайлова З жұмыс жүргізді.

Бірлестіктің ІІ тоқсанда жоспарлаған іс-шараларына сәйкес ұлы ақын А.Құнанбаевтың 165жылдығына байланысты пән мұғалімі Р.Жанзақованың ұйымдастыруымен “Дархан халықтың дана Абайы” атты әдеби поэзиялық кеш өтті. Кеш бағдарламасы бойынша оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін, қарасөздерін, поэмаларын жатқа оқып, әндерін орындады. Пән мұғалімі С.Аманова өзі жетекшілік ететін драмалық үйірменің оқушыларымен дайындаған М.Әуезовтың “Абай жолы” романынан сахналық көрініс ұйымдастырды.

Ш.Уәлихановтың 175 жылдығына орай пән мұғалімі Г.Искакова “Шоқан және қазақ әдебиеті”атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

9-10 сынып оқушылары қатысқан бұл жұмыста Шоқанның балалық шағынан көрініс (С.Бегалиннің “Бала Шоқан” әңгімесі бойынша), Шоқанның зерттеушілік еңбегі, суретшілігі, тарих, әдебиет саласындағы еңбектері туралы оқушылар баяндама жасады.

Шоқанның өзімен қатар өмір сүрген адамдардың ол туралы пікірлері айтылды.

24 желтоқсан 2010жылы даңқты қолбасшы, халық батыры Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған “Аңызға айналған ғұмыр” атты тағылымдық кеш өтті.

Бұл кешті мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Махашова ұйымдастырды.

Кеш 3 бөлім бойынша өткізілді.

І бөлім- “Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін” деп аталды.

Б.Момышұлының өмір жолы туралы, Ғ.Ормановтың “Полковник” өлеңі, Қ.Қуанышбаевтың “Сәлем” өлеңдері оқылды.

ІІ бөлім- “Қазақ әдебиетіндегі қолтаңба”

ІІ бөлім- “Алаштың айбыны”

Қазақ ақындарының Б.Момышұлы туралы жазған өлеңдері, Бауыржанның қанатты сөздері, әдеби еңбектері, ұлттық тілімізді ұлықтауда істеген еңбегі, салған суреттері, әулиелігі туралы айтылды.

8”г” сынып оқушысы Жанзақов Асылжанның Б.Момышұлына арнау өлеңі оқылды.

Б.Момышұлына арналған бұл кештің бағдарламасы қазіргі заман талабына сайинтерактивті тақтада әрбір бөлімдегі әр жұмыс жеке слайдпен ашылып, кешке қатысушыларды Б.Момышұлы өмірінен зор тағылым, өнеге алатындай әсерлі өтті.

2011 жылдың 2- 9 ақпан аралығында «Тіл арқылы дүниені таныдым » атты пән апталығы өтті.

Апталықтың жұмысы екі бөлім бойынша өткізілді.

І бөлім - ашық сабақтар , сыныптан тыс жұмыстар,

ІІ бөлім – М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған іс- шаралар.

10 «А»сыныбында пән мұғалімі Қ.Көшекова қазақ әдебиеті пәнінен

«Абайдың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны .Абай және қазақ әдебиеті » деген тақырыпта семинар сабақ, 8»Б»сыныбында С. Аманова Т.Ахтановтың «Күй аңызы » бойынша ашық сабақ , 5«В»сыныбында әдебиет пәнінен М.Махамбетова С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі атты ашық сабақ, 7«Г»сыныбында Ж.Сағатова С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесінен ашық сабақтар өткізді.

Тереңдетілген 7«А» сыныбында пән мұғалімі З. Смайлова «Етістікті қайталау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Н.Искакова М.Шахановқа арналған «Айтсын деп ақиқатты тілді берген» деген тақырыпта әдеби кеш, пән мұғалімі Ж.Сағатова «Әдебиет көшбасшысы» тақырыбында сыныптан тыс жұмыстар жүргізді.

М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған апталықтың екінші бөлімінде пән мұғалімі З.Смайлова өзі сабақ беретін тереңдетілген 7 «А»сыныбында «Есіңе мені алғайсың»деген тақырыпта сыныптан тыс жұмыс өткізді.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Махашева «Жанға жақын жырлары» деген тақыпта М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған ақын рухымен сырласу кешін өткізді.

Кешке оқушылар, пән мұғалімдері және география пәнінің мұғалімі А.Ахметова қатысты.

Интерактивті тақтадан ақының өз даусы, оқыған өлеңдері тыңдалды. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтты. Үйірме жетекшісі С.Аманованың ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» дастанынан драмалық көрініс берілді.

Пән апталығы оқушылардың ана тілінің қадір- қасиетін түсіне білуін , сүйе білуін, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін сақтай білуге, сөз өнеріне баулу, танымдық, ізденімпаздылық, шығармашылық қабілетін дамыту, мәнерлеп оқи білуін жетілдіру м ақсатында өткізілді.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңіне (аудандық) қатысқан 10 «А» сынып оқушысы Қуандықов Абзал ІІІ орын (пән мұғалімі Көшекова Қ.) 11 «Б» сынып оқушысы Әбдіхамитова Ақбота Алғыс хат (пән мұғалімі Искакова Н.), 8 «В» сынып оқушысы Әбдісадықова Көркем Алғыс хат (пән мұғалімі Жанзақова Р.) иеленді.

Алдағы оқу жылында пән бірлестігінің мұғалімдері жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында өздерінің бойындағы бар білімін, күш жігерін аямай шығармашылықпен жұмыс істейтіндігіне сенім мол.










19 орта мектебі бойынша 2010-2011 оқу жылында өткізілген Республикалық пән олимпиадасының І кезеңінде (мектепішілік) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан оқушылар туралы мәлімет


Р/с

Оқушының аты – жөні

Сыныбы

Қатысқан пәні

Оқыту тілі

Пән мұғалімі

Санаты

Алған орны






















































Хаттама

19 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің отырысы

болып өтті.

Қатысқаны-25.

Күн тәртібінде:

1.”Білім сапасын арттырудың инновациялық жолдары” атты аудандық семинардың жұмысын қорытындылау.


Тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ”Білім сапасын арттырудың инновациялық жолдары” атты семинардың жұмысын қорытындылау үшін аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Науанова сөз алды.

Ол өз сөзінде семинардың мақсатына және жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстар туралы айта келіп, семинардың тақырыбы бүгінгі өткізілген жұмыстар бойынша ашылғандығын және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген ашық сабақтардың құрылымы бүгінгі күн талаптарына сай өткендігін айтты.

Аудан көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің күнтізбелік жоспарының бірізді болуына үлес қосып жүрген Т.Еңсепова, Н.Молжігітова, Г.Дәуленбаевалар семинарға қатысушы мұғалімдермен тренинг өткізіп, сол тренингте шығарылған газет мазмұнында бүгінгі өткізілген семинарға қатысушы мұғалімдердің берген бағасы және ұсыныс-пікірлері жазылды.

Семинардың жұмыстары төмендегіше бағаланды және пікірлер айтылды:

1.Мұғалімдерді шыңдау мақсатында осындай шынайы семинарлар жиі ұйымдастырылса.

2.Жас маман ретінде оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрендім.

3.Оқушыларға шектеу қойылмаса.

4.Бүгінгі сабақтардан шыдамдылықты, төзімділікті, баламен бірлесіп жұмыс жасауды үйрендік.

5.Оқушылар сатылай кешенді талдауды толық меңгерген.

6.Ғылыми жоба қорғау жұмысына қатысқан Абубакирова Айдананы жоғары деңгейге көтерсе, өте қабілетті оқушы.

7.Жаңа технологияны терең меңгерген ұстаздардан көп нәрсені үйрендім.

8.Семинар-кеңестер жиірек болса, жас мұғалімдер көбірек тартылса.


Күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерді

тыңдай келе бірлестік отырысы төмендегіше

Қаулы етеді:

1.Бүгінгі ”Білім сапасын арттырудың инновациялық жолдары” атты семинардың жұмысы “жақсы” деп бағалансын.

2.Жас мамандарға оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрету мақсатында алдағы уақытта семинар-кеңестер жиі өткізіліп тұруы және оларға жас мамандардың көбірек тартылуы аудандық білім бөлімінің назарына алынсын.

3.Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу, олардың қабілетін аша білу жұмыстары жолға қойылсОтырыс төрайымы: С.Махашова.

хатшысы: Қ.Көшекова.



















19 орта мектебі бойынша

қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің

2010-2011 оқу жылындағы

атқарған жұмыстарының

қорытындысы туралы мәлімет

Пән бірлестігі 2010-2011 оқу жылында «Инновациялық тәсілдер – білім сапасын арттырудың кепілі» деген тақырыпта жұмыс жүргізді.

Мұғалімдер туралы мәлімет


2010-2011 оқу жылында бірлестікте 10 мұғалім жұмыс жүргізді, оның жоғары білімдісі – 10.


  1. Махамбетова М – пән мұғалімі, «Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі

  2. Аманова С – пән мұғалімі, «Жас талант» драмалық үйірмесінің жетекшісі

  3. Көшекова Қ – бірлестік жетекшісі

  4. Смайлова З – тереңдетілген сынып мұғалімі

  5. Әлімбетова - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  6. Жанзақова Р – тереңдетілген сынып мұғалімі, кабинет жетекшісі

  7. Искаова Н - пән мұғалімі

  8. Махашова С – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

  9. Сағатова Ж – пән мұғалімі, кабинет жтекшісі

  10. Қиынбаев М – пән мұғалімі (үйден оқыту)


Бірлестіктегі І санатты мұғалімдер саны - 6

ІІ санатты мұғалімдер саны – 3

І Оқытудың үрдісін ұйымдастыру

Пән бірлестігінің мүшелері «Электронды оқулықтарды оқыту процесінде қолдану – сапалы білім берудің бірден - бір құралы. «Қазіргі инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістері», «Оқушылардың тілін дамытудағы сатылай кешенді талдаудың маңызы» тақырыбында өзара пікір алысып, тәжірибе алмасты.

ҰБТ қорытындысы

2010-2011 оқу жылында мектеп бітірушілердің 32-сі ҰБТ-ге қатысты.

ҰБТ қорытындысымен қазақ тілі пәні бойынша төмендегіше орташа балдық көрсеткіштер шығып отыр.

2010-2011оқу жылының ҰБТ қорытындысында қазақ тілі пәні бойынша 25 балл жинаған оқушылар туралы мәлімет


Р/с

Оқушының аты – жөні

Пән мұғалімі

1

Ыбырашева Г

Искакова Н

2

Қалжанова А

Искакова Н

3

Мұқашева Р

Искакова Н

4

Ембергенов Ж

Аманова С

5

Әлкебаева Г

Аманова С



ІІІ. Әдістемелік бірлестік отырысы

2010-2011 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің 5 отырысы болып өтті.

Оқу тоқсандарындағы оқушылардың білім сапасына, оқу үлгіріміне , бақылау диктанттары, тест жұмыстарына талдау жасалып, орын алған кемшіліктерді жою жолдары қарастырылды.

Бірлестік отырысында «Өздігінен іздендіре оқытудың әдіс – тәсілдері» «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі», «Әдебиет сабақтарында жеке тұлғаның рухани байлығын дамыту», «Білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында баяндамалар тыңдалып талқыланды.


IV. Әдістемелік іс – шаралар

2010-2011 оқу жылында «Тіл арқылы дүниені таныдым» атты пән апталығы өтті. Апталық екі бөлім бойынша өткізілді. І бөлімде ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар , ІІ бөлімде М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған іс – шаралар өтілді.

V.Дарынды балалармен жұмыс

VІ. Сыныптан тыс жұмыстар

2010-2011 оқу жылында тілдер мерекесіне арналған «Тәрбие басы – тіл» атты апталық өткізілді. Онда сыныптардың ерекшелігіне байланысты түрлі тәрбиелік іс - шаралар ұйымдастырылды.

5-6 сыныптар аралығында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы, 5-7 ысынптар аралығында ән сайысы, 8 сыныптар аралығында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты топтық ойын, 9 сыныптар арасында интеллектуалды олимпиада, 10 сынып оқушылары арасында «Сөз мерген» танымдық сайысы өтті.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі пәндерінен ашық сабақтар, 2-3 сыныптарда «шешендік өнер», орыс тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс, 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Мәнерлеп оқу» сайысы , 4 «Б» сыныбында «Ағылшынша сөйлеймін» атты сыныптан тыс жұмыс (А. Ибрагимова ), 10 сыныптар аралығында «Тілдер үндестігі» сайысы (Ф.Әлденова) өтті.

Апталықтың соңы мерекеге арналған «Алтыбақан» ойын – сауық бағдарламасымен аяқталды.

Пән мұғалімі Р.Жанзақованың ұйымдастыруымен А.Құнанбаевтың 165 жылдығына арналған «Дархан халықтың дана Абайы» атты әдеби сазды кеш , Ш.Уалихановтың 175 жылдық мерейтойына байланысты пән мұғалімі Г.Искакова «Шоқан және қазақ әдебиеті» атты ғылыми - практикалық конференция, пән мұғалімі, мектеп директоырынң оқу ісіс жөніндегі орынбасары С.Махашова Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған ғұмыр» атты тағылымдық кеш және М.Мақатаевтың 80 жылдығына байланысты «Ақын рухымен сырласу» кеші, 7 «А» сыныбында «Пән мұғалімі Смайлова) осы мерекеге арналған «Есіңе мені алғайсың» атты сыныптан тыс жұмыс өткізді.
















19 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің

2011-2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспары




Т а қ ы р ы б ы:


«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

жаңа оқыту технологияларын тиімді қолдану»

М а қ с а т ы:


  1. Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне , жан – жақты жетілуіне бағыт – бағдар беру, жағдай туғызу.

  2. Оқушыларға жеке тұлға ретінде қарап, жан – жақты дамыған, білімді де саналы, парасатты тұлға тәрбиелеу.

  3. Өзіндік таным дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану.


М і н д е т і:


  1. Оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалана отырып, әрбір шәкірттің жеке ерекшеліктеріне сай шығармашылықпен жұмыс істеп, іс - тәжірибе жинақтау.

  2. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан – жақты тереңдету арқылы ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

  3. Мұғалімдер үнемі өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолында оқушылардың ойлау қызметі мен қабілетін дамыту.

  4. Дарынды балаларды анықтап, олармен жұмыс жасау.














Бекітемін:

Мектеп директоры: ______________


А.Тоқтамысова

«______»____________________2011ж

Келісемін:

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

______________ С.Махашова

«___»:____________ 2011ж





Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің

2011-2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспары







«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында

жаңа оқыту технологияларын тиімді қолдану»

















2011-2012 оқу жылы





Қазақ тілі пәнінен практикалық курс

(Курс ҰБТ –ге дайындалуға бағытталған)

        К у р с т ы ң м а қ с а т ы:

 

  • •  Жоғарғы сынып оқушыларын ҰБТ-ді табысты тапсыруға дайындау.

  • •  Дайындық барысында танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттлііктерін дамыту.

 

 

       Бүгінде мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Осы тұста курс барысында оқушылардың дайындығы мультимедиялық, сыныпта интерактивті тақтаны қолдану арқылы өтеді. Сабақта ауызекі және іскерлік тілдерде қолданылатын грамматикалық және лексикалық құбылыстар қарастырылады. Құрмалас сөйлемдер, етістік, үстеу сияқты қүрделі тақырыптар ежегей – тегжейлі, жан – жақты зерделенеді. Әр өткен граматикалық тақырыптарды бекіту үшін жаттығулар мен тестілік тапсырмалар орындалады.

       К ү т і л е т і н н ә т и ж е:

 

        •  Коммуникативтік, іскерлік, ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту.

        •  Қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша түрінде еркін, дұрыс жеткізу.

        •  ҰБТ –ны табысты тапсыру.

 











19 орта мектеп



Бекітемін:

Мектеп директоры: ____________

А.Тоқтамысова

«__» ____________2011ж

Келісемін:

Мектеп директорының бейіндік орынбасары: ____________

А.Махашов

«__» ____________2011ж

Бірлестік жетекшісі: ___________




Т а қ ы р ы б ы:

11 - сынып

(Жаратылыстану – математика бағыты)

Пән мұғалімі:

Қ ұ р а л а й К ө ш е к о в а











2011-2012 оқу жылы





























































Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағаты

Өткізілетін күні

Фонетика

1

Фонетика туралы түсінік

1


2

Дыбыс пен әріп

1


3

Дауысты дыбыстар

1


4

Дауысты дыбыстардың емлесі

1


5

Дауыссыз дыбыстар

1


6

Буын мен тасымал

1


7

Дыбыс үндестігі

1


8

Буын үндестігі

1


9

Тест жұмысы

1


Лексика

1

Лексика туралы түсінік

1


2

Сөзді болмыспен салыстыру принциптері

1


3

Лексикалық ұғымдар

1


4

Сөздердің мағыналық топталуы

1


5

Сөздердің шығу тегіне қарай топталуы

1


6

Сөздердің қолданылу аясына қарай топталуы

1


7

Тест жұмысы

1


Морфология

1

Сөз таптары , олардың түрлері

1


2

Есімше, оның жұрнақтары, жасалу жолы

1


3

Көсемше, оның жұрнақтары, жасалу жолы

1


4

Шылау туралы түсінік. Жалғаулықтар

1


5

Септеулік шылаулар

1


6

Демеулік шылаулар

1


7

Тест жұмысы

1


Синтаксис

1

Сөздердің байланысу тәсілдері

1


2

Сөздердің байланысу түрлері

1


3

Сөз тіркесі туралы түсінік

1


4

Сөз тіркесінің құрылымы

1


5

Тест жұмысы

1


6

Жай сөйлем, оның түрлері

1


7

Салалас құрмалас сөйлем

1


8

Сабақтас құрмалас сөйлем

2


9

Аралас құрмалас сөйлем

1


10

Тест жұмысы

1


Р/с

Тақырыбы

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

1

Мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу бағдарламасының орындалуы

1. Ұйымдастыру жұмыстары

2. Бірлестіктің жұмыс жоспарын талдау, бекіттіру.

3. Әр сыныптың жыл басында білім деңгейін тексеру мақсатында бақылау жұмыстарын(диктанттар) алу.


І тоқсан бойынша қорытынды бақылау жұмыстарын (тест, диктант) өткізу

І тоқсан қорытындысы бойынша мониторинг

тік қорытынды жасау

9-11 сынып оқушылар арасында қазақ тілі пәнінен тест өткізу.

ІІ тоқсан бойынша бақылау жұмыстарын (тест, диктант) жүргізу. Мониторинг жасау.

І жартыжылдық қорытындысы бойынша мониторингтік анализ жасау


5-11 сынып оқушылары арасында ІІІ тоқсан бойынша әкімшілік бақылау жұмыстарын (тест, диктант) алу, мониторинг жүргізу


5-11 сынып оқушылары арасында жылдық бақылау жұмыстарын (тест, диктант) жүргізу, мониторингтік анализ жасау.

2

Оқыту үрдісін ұйымдастыру


Жаңа оқыту технологияларының әдебиет сабақтарында қолданылуы, интерактивті тақта мүмкіндігі. (Өзара тәжірибе алмасу. Пән мұғалімдері)


Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесіне көзқарасым (Тәжірибе алмасу. Пән мұғалімдері)


«Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігі» (пән мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу)


Интерактив тақтасын қолдану тәжірибем. (пән мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу)


3

Әдістемелік іс – шаралар

Тіл мерекесіне байланысты іс – шаралар өткізу




Пән айлығын өткізу





4


Әдістемелік бірлестік отырыстары

І отырыс.

1.Бірлестік жетекшісі Көшекова Құралайдың

2010-2011 оқу жылында жүргізген жұмыстарының есебі.

2. Әдістемелік пән бірлестігінің 2011-2012 оқу жылына арналған жоспарын бекітуге ұсыну.




ІІотырыс

1. Сабақтың оқушы тұлғасын дамыту мүмкіндігі(баяндамашы: Сағатова Ж.)

2. 9-11 сыныптарда өткізілген мектепішілік МАБ және ҰБТ қорытындысын талқылау, сараптама жасау.

Мектепішілік олимпиада қорытындысы

І тоқсан қорытындысы


ІІІ отырыс

  1. «Оқушылардың әдеби шығармашылық қабілеттерін дамыту» (Баяндамашы: Жанзақова Р.)

  2. Оқушылардың МАБ пен ҰБТ – ге дайындау деңгейі

  3. Аудандық олимпиадаға дайындық

  4. ІІІ тоқсан мен Іж.ж қоытындысы (білім мен үлгерім сапалары)


IV отырыс

  1. «Деңгейлік тапсырмаларды қолданудың тиімділігі»(баяндамашы: МахашоваС.)

  2. Мемлекеттік сандарт талаптарының орындалуы

  3. 3. ІІІ тоқсан қорытындысы


V отырыс

1. «Модульдік оқытудың жолдары мен нәтижелері» (баяндамашы: Көшекова Қ)

2. Емтихан мәселелерін талқылаужәне бекіту)

3. IV тоқсан , ІІ жартыжылдық және жылдық үлгерім, білім сапаларының қорытындысы

5

Дарынды оқушылармен жұмыс

Дарынды оқушыларды анықтап, олармен жұмыс жоспарын құру, мектепішілік олимпиадаға, ғылыми жоба қорғау жұмыстарына дайындау.

Мектепішілік олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүргізу.

Ғылыми жоба жұмыстарының тақырыптарын таңдау.

Мектепішілік олимпиада өткізу және ғылыми жоба қорғау жұмысына қатысу.


Дарынды оқушыларды ғылими жоба байқауына қатыстыру.

Аудандық пән олимпиадасына қатыстыру.












Р/с

Тақырыбы

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

6

Сыныптан тыс жұмыстар

Тілдер мерекесіне орай іс шаралар ұйымдастыру

1.Ы.Алтынсариннің 170 жылдық мерейтойына байланысты іс – шаралар өткізу

2.Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына байланысты «От жүректі ақын» атты әдеби сазды кеш өткізу


Тәуе лсіздіктің 20 жылдық мерекесіне орай іс-шара өткізу.


9 ақпан М.Мақатаевтың туған күніне орай «Өлең өлкесінің дарабоз ақыны»атты әдеби сазды кеш өткізу.


Мәнерлеп оқу «жас тілші» т.б үйірмелердің жұмысы


7

Практикалық жұмыс нәтижесі

1.МектепішілікІІ Махамбет оқуларын өткізу.

2. Аудандық ІІ Махамбет оқуларына оқушыларды қатыстыру 3. Мәнерлеп оқу, «Жас тілші» т.б үйірмелерге оқушыларды тарту, жұмыс жоспарын жасап бекіту.



Абай, Шәкәрім оқулары бойынша байқау, конкурс өткізу. Пән мұғалімдері. Бірлестік жетекшісі


Мұқағали оқуларының байқау – конкурсын өткізу, оқушыларды қатыстыру.


Аудандық Абай оқуларына оқушыларды қатыстыру

Үйірме жұмыстарының нәтижесі, үйірме жетекшілірінің, үйірме мүшелерінің есебі.

8

Пән кабинетіндегі жұмыс

  1. Пән кабинеттерінің жетекшілерін бекіту.

  2. Кабинеттің жұмыс жоспарын жасап бекіту.


Пән кабинеттерінің әдістемелік , дидактикалық қорын молайту. Пән кабинеттерін безендіру.







9

Шығармашыл мұғалімдер жұмысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша шығармашыл мұғалімдерді нақтылау.



Шығармашыл мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау, тарату жұмыстарын ұйымдастыру



Шығармашыл мұғалімдердің жұмыстарын баспасөзге жариялау

«Жыл мұғалімі – 2012» сайысына қатысу.

Шығармашылық топтың есебі.

10

Ашық сабақтар


Аманова С

Көшекова Қ

Жанзақова Р.

Искакова Н.

Махашова С

Әлімбетова Г

Смайлова З

Махамбетова М

Сағатова Ж







19 орта мектебі бойынша 2010-2011 оқу жылында өткізілген Республикалық пән олимпиадасының

І кезеңінде (мектепішілік) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан оқушылар туралы мәлімет



Р/с

Оқушының аты – жөні

Сыныбы

Қатысқан пәні

Оқыту тілі

Пән мұғалімі

Санаты

Алған орны

1

Алдабергенова Салтанат

8

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Аманова С

І

ІІІ

2

Әбдісадықова Көркем

8

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Жанзақова Р

ІІ

І

3

Қалдыбаева Бекзат

8

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Махашова С

ІІ

ІІ

4

Кемалбаева Гүлнұр

9

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Көшекова Қ

І

І

5

Қонаева Айгерім

9

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Әлімбетова Г

І

ІІ

6

Әнәпияева Назерке

10

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Көшекова Қ

І

ІІ

7

Қуандықов Абзал

10

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Смайлова З

ІІ

І

8

Сынаева Айгерім

11

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Махамбетова М

ІІ

ІІ

9

Әбдіхамитова Ақбота

11

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі

Жанзақова Р

ІІ

І










19 орта мектебі бойынша 2010-2011 оқу жылында өткізілген

республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңінде (аудандық) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

қатысқан оқушылар туралы мәлімет







Р/с

Оқушылар аты – жөні

Сыныбы

Қатысқан пәні

Пән мұғалімі

Санаты

Алған орны

1

Әбдісадықова Көркем

8 «В»

Қазақ тілі мен әдебиеті

Жанзақова Р

ІІ

Алғыс хат

2

Қуандықов Абзал

10 «А»

Қазақ тілі мен әдебиеті

Көшекова Қ

І

ІІІ

3

Әбдіхамитова Ақбота

11 «Б»

Қазақ тілі мен әдебиеті

Искаова Н

ІІ

Алғыс хат











Қызылорда облысы

Арал ауданы

19 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Көшекова Құралай

Сабақтың тақырыбы: І. Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы.

Сабақтың білімділік мақсаты:

а) Оқушылардың І.Есенберлин өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту.

ә) Қазақстан тарихындағы XV-XIX ғ.ғ. аралығындағы дербес мемлекет құру жолындағы күрес тарихы туралы оқушылар білімін толықтыру.

Дамытушылығы: оқушының ізденімпаздық қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, тарихи оқиғалар мен көркем шығарма арасындағы тұтастық пен өзгешелікті таныту. әдеби теориялық білімдерін жетілдіру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: патриоттық сезімге , ұлттық сананы жетілдіруге тәрбиелеу, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, өткен тарихымызды бағалауға, тарихтан тағылым алуға , халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: семинар сабақ.

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақта пайдаланылатын әдіс – тәсілдер: семинар сұрақтары, сұрақ - жауап, баяндама, хабарламалар.

Сабақ көрнекілігі, құрал - жабдықтары: қанатты сөздер, кітаптар көрмесі,

І. Есенберлин портреті, слайдтар, кинодискет.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Семинар сұрақтарымен таныстыру

  1. І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіңдер?

  2. Тарихи роман деген не?

  3. Қазақ әдебиетінде қандай тарихи романдар бар?

  4. «Көшпенділер» трилогиясының идеясы, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс -әрекеттері мен көздеген мақсаттары қандай ?

  5. Қазақстан тарихындағы оқиғалар мен әдеби шығарманың арасындағы тұтастық пен өзгешелік қандай?

Сабақтың эпиграфы, сабақ жоспары слайдтан көрсетіледі.

Өмірдің мен де өзіңдей бір қонағы,

Жеріне жеткен ұшып құс қонады.

Естідім қастарымның сан жаласын,

Естідім достарымның сын-таласын.

Тілегім сенен жалғыз, жас ұрпағым,

Болғай-ды әділетті көзқарасың.

Тудырған өз тұлғасын әрбір дәуір,

Жазылар бұдан да еңбек әлі тәуір.

Есіңнен шығарма тек ,болашағым,

«Түйенің көш бастаған жүгі ауыр»

І.Есенберлин.

ІІ. Сабақтың жоспары:

  1. І.Есенберлин өмірі мен шығармашылығы туралы (оқушылардың баяндама – хабарламалары)

  2. «Көшпенділер» - көне қазақ елінің үлкен шындығын суреттейтін шығарма.

(«Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарының мазмұны, идеясы, кейіпкерлері туралы).

  1. «Көшпенділер» – ұлтымыздың ұлы қазынасы.

(Трилогиядан үзінділер оқу)

  1. «Көшпенділер» трилогиясы - бүгінгі және кешегі күннің үздік туындысы. (Ақын - жазушылардың, ғалымдардың пікірі, берген бағасы)

1. «...Алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жайында да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр»

Ш. Айтматов.


2. « І.Есенберлиннің «Көшпенділерін» мұқият зерделемейінше, қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап , пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды »

Ә. Әлімжанов.

3. «Көшпенділер» елдік дәстүріміз ғасырларға созылған, шытырманға толы тарихымыз бар екенін көркем әдебиет көлемінде тұңғыш таныстыра алды.»

Р. Бердібаев.

5.Сұрақ – жауап.

  1. Қай шығармасы үшін І.Есенберлин Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?

  2. «Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!

Сексен асып таянғанда тоқсанға

Тұра алмастай үзілді ме жұлыным?!»

Жалғыз ұлынан айрылған қарт жырау ұзақ сарнады. Бұл қай жырау? (Қодан жырау. «Алмас қылыш»)

  1. «.................. бір қиын мәселені шешерде қалың қабағын қарс жауып, бір қолымен исфаған семсерінің сабынан ұстап, темір торға қамалған жолбарыстай, ақ орданың ішін кезіп, ерсілі - қарсы жүре, көп ойланатын.» Бұл қай кейіпкер? Үзіндідегі көркемдегіш сөзді тап.

  2. І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясын жазу себебі туралы не айтқан еді?

5.Қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған қай жазушы? Неше роман жазды?

6.Пікірталас.

«Көшпенділер» трилогиясы қазіргі кино өнерінде қандай көрініс табуда? «Көшпенділер» кинофильмінен қысқаша үзінді көрсетіледі. (Осы фильм туралы оқушылар пікірі)

7.Шығармашылық жұмыс.

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім»

8.Қорытынды.

Интерактивті тақтадағы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі арқылы сабақты қорытындылау.

«Бүгінгі күні бұл трилогияны қайта-қайта оқи отырып, біз керемет қырағылықпен ата-бабаларымыз - Әбілқайыр, Абылай, Кенесары хандарымыз, Наурызбай, Қобыланды батырларымыз, Төле би, Асан қайғы, Бұқар жырау даналарымыздың егемендігіміз үшін жасаған үлкен еңбектерін түсіне аламыз. Бұл адамдар және олардың серіктестері мен ізбаасарлары өз елін шексіз сүйді, оның болашағына сенді, осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш-қайрат жұмсады.

Ендігі жерде жастар бұл шығармадан рухани мықтылықтың, адамгершілік пен отаншылдықтың үлгісі мен тағылымына мөлдір бұлақтан су ішкендей қана алады.»

Н. Ә. Назарбаев.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Көшпенділер» - қазақ халқының ұлы қазынасы ( шығарма жұмысына дайындық)













Тілім менің





Тілім менің жүрегімнің қатпары,

Тілім менің нұр күнімнің атқаны.

Тілсіз өмір жалғаспайды, әрине,

Тілім менің өмірімнің ақ таңы


Ана тілім, айбындысың баршаға,

Ардақтайды ұландарың шаттана.

Өзге біреу өз тілінен безсе де,

Өз тіліңді ұлықтаудан шаршама.


Биіктерден биік қой тілім менің,

Аспанда күн секілді күлімдедің.

Асқақ арман, қиялға қанат берген,

Бастауысың сен әрбір білімдердің.


Бар қазына, алтынысың елімнің,

Таусылмайтын кенісің сен жерімнің.

Өшпе, мәңгі жарқырашы, ғажап тіл,

Жасай берші, жасай берші,қазақ тіл!



Қызылорда облысы

Арал ауданы

№ 19 орта мектебінің

8 - сынып оқушысы

Қолғанатова Аружан








Құрметті редакция ұжымы!


Сіздерді алдағы 2015 Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, сіздердің отбастарыңызға бақыт, аманшылық , жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

Мен өзімді төл жұрналым «Қазақ тілі мен әдебиетінің» ұзақ жылдардан бергі оқырманымын әрі жанашырымын деп есептеймін және сіздерге жолдап отырған осы сабағым мен шәкіртімнің жұмысы жұрнал бетінде жарияланар деген үміттемін.






































Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин «Бала Шоқан»


Сабақтың мақсаты: білімділік; С.Бегалиннің өмірі, шығармашылығы туралы оқушылардың таным, білімдерін кеңейту, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.


Дамытушылығы: оқушыларды өз бетінше салыстыра білу, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, тұжырым жасау дағдысын жетілдіру, ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау, зерттеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелілігі: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды бауырмалдыққа, қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа, адамдар арасындағы адал достыққа тәрбиелеу.


Сабақты өткізу әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау, мәтінмен, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.


Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны жетілдіру, білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.


Сабақтың түрі:


Сабақтың көрнекілігі: С.Бегалин, Ш.Уәлиханов суреттері, еңбектері.


Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын түгендеу.

Сынып оқушыларын топқа бөлу.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.


Самғапсың сен, самғаудан жалықпапсың,

Түу биікте , биікте қалықтапсың.

Қыран болып аспанға көтеріліп,

Жұлдыз болып ғарышта қалып қапсың! – деп, өзінің «Шоқан» өлеңінде Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай,балалар, біз өткен сабақта ұлтының ұлылығын әлемге танытқан ұлы ғалым Ш. Уәлихановтың балалық шағын суреттеген Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесімен таныстық.












Алдымен әңгіменің авторы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әр топқа берілген ізденіс жұмыстары туралы тапсырма сұралады.


І топ – Сапарғали Бегалин өмірі.

ІІ топ – Шығармашылығы, алғашқы шығармалары.

ІІІ топ – шығармаларының тақырыптары.

ІVтоп - «Бала Шоқан» әңгімесі .










Үйден әңгімені оқып келу тапсырылған


І топ – І бөлімді мазмұндау.

ІІ топ – ІІ бөлімді мазмұндау.

ІІІ топ – ІІІ бөлімді мазмұндау.

ІV топ – көрініс.



Әр топ өздері оқыған бөлімдеріне ат қойып, жоспар құрады.


І топ – Мүсінші Мысық.

ІІ топ – Уәде еттің , орында.

ІІІ топ – Қайырымдылық.

ІV топ - «Мүсінші Мысық» бөлімі бойынша сахналық көрініс.



Әр топқа «Тұжырым» кестесін тарату.



І топ – Шоқан.

ІІ топ – Жақып.

ІІІ топ – Мысық.

ІV топ – Зейнеп.

«Тұжырым » кестесі



Кейіпкер

Іс -әрекеті

Адами қасиеттері

І топ

Шоқан

Мысыққа,бауырсақ,қант,киімдерін берді.Мысықтың жасаған мүсіндерін бағалай білді.

Адал, уәдеге берік, мейірімді.

ІІ топ

Жақып

Мысықты қорқытып, оның өнерін келеке қылды.

Мақтаншақ, тентек.

ІІІ топ

Мысық

Мүсінді шебер жасай біледі, еңбекқор.

Жасқаншақ, қорқақ, адал.

ІV топ

Зейнеп

Жақыпты тыйып салды, Кәмилаға бұйрық берді.

Қайырымды, мейірімді.



Жұлдыздарда жасырынған сұрақтар


( Оқушылар жұлдыздың артындағы сұрақтарға жауап береді)












  1. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?

  2. Шоқан Мысық жасаған ойыншықтарға не себепті қызықты?

  3. Үзіндінің алғашқы бөлімінде сөз кім туралы болады, өнеоіне қарап Мысықты кім десе болар еді:Ондай адамдарды қазір кімдер деп атайды?

  4. Мысыққа қарым-қатынасына қарап Шоқанның қандай бала екенін аңғарамыз?

  5. Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді?( оқушылар өз ойын айтады)



Топ басшыларына сұрақтар:


1.Шоқанның әкесі, атасы, бабасы кім болған?

Ұлтыңың ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Ш.Ш.Уәлиханв үш жүздің басын қосқан даңқты Абылайдың шөбересі, әкесі Шыңғыс төре, атасы Уәлихан.

2.Ш.Уәлихановтың жастайынан алғыр, ұшқыр ойлы, сезімтал болуына жанұясында кімнің әсері болды?

Шоқанның әкесі Шыңғыс білімді адам болған. Әжесі Айғаным үш жүзге бірдей аты тараған,көркіне ақылы сай, білімді , парасатты әйел болған.Ол Шоқанды сурет салуға, мүсін жасауға да баулыған.Әжесі Шоқанға қазақтың ежелгі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп отырған..

3.Шоқан Уәлиханов қай жылдары, қай жерде білім алда?

Шоқан Уәлихановтың балалық шағы Құсмұрында өтеді, кейінірек атамекені Сырымбетке көшіп келеді.Мұсылман мектебінен арабша хат таниды.1847 жылы 12 жасында Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы 18 жасында ойдағыдай бітіріп, офицер мамандағын алып шығады.

4.Шоқан Уәлиханов қай жерлерге саяхат жасады?

Ш. Уәлиханов Алатау, Сарыарқаға, Құлжаға, Қашқарға, Яркентке, Верныйға саяхат жасады.

Шығармашылық жұмыс.


Бес жолды өлең әдісі.


Сабақты қорытындылау.


Бұл әңгімеде Шоқанның өнерге құштар болғандығы байқалады.Шоқанның салған суреттері слайдтан көрсетіледі.

Біз , балалар, бүгінгі сабағымызды қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында құйрықты жұлдыздай ағып өткен Шоқан Уәлихановтың балалық шағы туралы әңгімені жұлдыздармен байланыстыра отырып өткіздік. Ендеше, балалар, Шоқан ағаларыңдай өнерді сүйіп, бағалап, өнерлі адамдарды құрметтей білуді үйреніңдер.


Үйге тапсырма: Мәтіндегі көркемдегіш сөздерді табу.

Бағалау.










Әдебиет

5- сынып


Сабақтың тақырыбы:Сыныптан тыс оқу.Ы.Алтынсарин «Талаптың пайдасы»


Сабақтың білімділік мақсаты: оқушылардың Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармаларының тақырыбы туралы білетіндерін толықтыра отырып, «Талаптың пайдасы» әңгімесін талдату.


Дамытушылық мақсаты: оқушыларды сөз мағынасын түсіне білуге, оқу, жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, өнерді сүйе білуге, алдарына мақсат қоя білуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті,шығармалары.


Сабақты өткізу әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезең.і.

ІІ.Жаңа сабақ

Сыныптан тыс оқу

Ы.Алтынсарин «Талаптың пайдасы»


1.Ой қозғау жұмысы.

Ы.Алтынсарин кім?

Ол туралы не білесің?

Оқушылардың алдарына ақ қағазтылып, оқушылар Ы.Алтынсарин туралы өз білетіндерін тізбектеп жазып шығады.

2. Мағынаны ажырату.

а) Әңгіменің тақырыбы қандай?

ә) Бұл шығармада жазушы алдына не мақсат қояды?

3.

а) Әңгіменің басты кейіпкері кімдер?

ә) Суретші бала несімен ұнады?

б) Петр Великий қандай кейіпкерге жатады?

Мәтін оқылады.

Сөздік жұмысы түртіп алу жүйесі бойынша жүргізіледі.

V- Білемін.

..... – Бұл мен үшін түсініксіз.

+ - Бұны мен жаңалық деп түсінемін.

? – Маған жұмбақ,

Оқушылардың түртіп алған сөздеріне түсінік беріледі.

  1. Тақырып туралы толғаныс.

Сұрақтар 3 топқа бөлініп, қарапайымнан күрдліге қарай қойылады.

І топ.

1.Әңгіме қалай басталады?

2.Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар?

3.Балаға патшаның көңіл аудару себебі.


ІІ топ.

1.Егер патша баланы оқуға бергізбесе, одан даңқты суретші шығар ма еді?

2.Баланың бойындағы қандай қасиет оны өз мақсатына жеткізді?

3.Жазушы бұл әңгімені патшаның ақылдылығын көрсету үшін жазды ма?


ІІІ топ.

1.Әңгіменің идеясы не?

2.Әңгіме қалай аяқталады?

3.Саған бұл әңгімедегі қай кейіпкер ұнады? Несімен ұнады?



  1. Венн диаграммасы


Патша Бала













5. Бес жолды өлең әдісі


  1. Зат есім ( Кім?) Бала.

  2. Сын есім ( Қандай?) Зерек, өнерлі.

  3. Етістік ( не істеді?) Оқыды, талпынды, суретші болды.

  4. Сезіну. Талпынған жетер мұратқа.

  5. Түйін сөз. Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

ІІІ. Қорытынды сұрақтар

Әңгіме неге тәрбиелейді?

Талап, еңбек, өнер туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

ІV.Оқушыларды бағалау.

V.Үйге тапсырма беру.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Доклад на тему : Применение диалогового обучения на уроках русского языка

Автор: Карсакбаева Мереке Ибрагимовна

Дата: 21.03.2015

Номер свидетельства: 189528

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Доклад на тему «Использование активных форм обучения на уроках русского языка»"
    ["seo_title"] => string(80) "doklad_na_temu_ispolzovanie_aktivnykh_form_obucheniia_na_urokakh_russkogo_iazyka"
    ["file_id"] => string(6) "529701"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1575215970"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(255) "Доклад на тему: «Педагогические приемы и методы в рамках национально-патриотического воспитания на уроках татарского языка и литературы» "
    ["seo_title"] => string(152) "doklad-na-tiemu-piedaghoghichieskiie-priiemy-i-mietody-v-ramkakh-natsional-no-patriotichieskogho-vospitaniia-na-urokakh-tatarskogho-iazyka-i-litieratury"
    ["file_id"] => string(6) "119069"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1413310464"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Сергей Есенин. Жизнь и творчество "
    ["seo_title"] => string(39) "sierghiei-iesienin-zhizn-i-tvorchiestvo"
    ["file_id"] => string(6) "181526"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425368120"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства