kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана мұғалім "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Материал  из  опыта  работы  учителя

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана мұғалім "»

Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана  мұғалім

Ибраева Асия Жумабековна

«№5 гимназиясы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі

Рудный қаласы Қостанай облысы Қазақстан Республикасы

Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана  мұғалім,

ізденуі тоқтағанда мұғалімдігі де жойылады

                                     К.Ушинский



Кез келген мемлекеттің   өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды тұлға -ұстаз. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларын қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. «Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана  мұғалім, ізденуі тоқтағанда мұғалімдігі де жойылады» - деген К. Д.Ушинский.

Бүгінгі қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Жаңашыл  мұғалім – өзін – өзі дамытып отыратын түлға. Олай болса «өзін – өзі дамыту немесе жетілдіру» деген не? Өздігінен білім жетілдіру - жеке адамның өзі басқаратын мақсаты танымдық іс-әрекеті;  ғылымның, техниканың, мәдениетінің, саяси өмірдің және т.б қандай да бір саласынан жүйелі түрде білім алу. Өздігінен білім жетілдіру - өзін - өзі тәрбиелеу құралдарының бірі. Сонымен, өзін – өзі  жетілдіру дегеніміз – өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу  процесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім  өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті»- делінген. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде. 

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады. Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы - оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
өте қажет» деп, – Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім
беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен
тиімділігін арттырудың маңызы зор. Сондықтан өз білімімді жетілдіру  тақырыбым – « Ақпараттық­ коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру».

Негізгі мақсаттарым:

1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу -­тәрбие процесінің
барлық деңгейін жетілдіру, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру;
білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау; оқыту процесінің сапасын арттыру.

2. Оқушыны заман талабына сай жан­-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда
өмір сүруге икемдеу, даярлау; өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау.

Сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық комуникациялық технологияларды пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылады деп ойлаймын. Ақпараттық коммуни-кативтік технологияны қолдану оқушы үшін өте қызықты, әрі нәтижелі болады. Мұнда оқушылардың ауызекі сөйлеуіне, өз ойларын айта білуіне, мұғалімнің уақыт үнемдеуіне және қосымша ақпараттар алуға мүмкіндік ашылады. Мен сабақ өткізгенде интерактивті тақтаны пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын және танымдылық қабілеттерін дамытуға тырысамын. Ақпараттық коммуникативтік технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Әр сабағымда міндетті түрде проекторды қолданып, Microsoft Power Point бағдарламасында жасалған презентацияларды, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін, Aсtive Studio бағдарламасында жасалған флипчарттарды, ғаламтордан алынған қызықты бейнефильмдерден үзінділер көрсетуге тырысамын, тақырыптарға сай мәтіндерді (аудирование), қазақ халқының әндерін, бағдарлама бойынша түрлі өлеңдерді, жырларды тыңдатамын.

Сонымен қатар, «Қазақ тілі» 2-11 сыныптарға арналған электронды оқулықтар, Merits бағдарламасының электронды оқулықтары, электронды сөздіктер, электронды анықтамаларды, әр түрлі қызықты білімді бақылауға және бағалауға арналған бағдарламаларды пайдаланамын. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасаймын. Электронды оқулықтар түрлі қызықты лексикалық және грамматикалық тапсырмаларды ұсынады - бұл мұғалімнің сабаққа дайындалу уақытын үнемдейді.

Ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді. Тыңдап -түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. Ақпараттық технология арқылы сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді, білім сапасын арттырады.

Қорыта келгенде, оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Бұл технологияда өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің қалыптастырады деп ойлаймын. Қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден–бір шарты, қазіргі заман талабы. «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп, Жүсіпбек Аймауытов атап кеткендей, өздігінен білім алу – мұғалімнің кәсіби кемелденуі.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б. Ө. Жақып — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 

2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 1998.

3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. Алматы. 2005.

4. Нургалиева Г.К., Тажигулова А.И., Педагогические технологии информатизации образования. Алматы:РЦИО. 2002, - с. 269.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Русский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
" Мұғалім үздіксіз ізденіп, жетіліп отырғанда ғана мұғалім "

Автор: Ибраева Асия Жумабековна

Дата: 11.02.2019

Номер свидетельства: 499370

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "ма?ала "Аны? ?адам-на?ты міндет 100 ?адам""
    ["seo_title"] => string(45) "mak-ala-anyk-k-adam-nak-ty-mindiet-100-k-adam"
    ["file_id"] => string(6) "294160"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455613326"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Жаңартылған оқу бағдарламасы: ізденіс пен тәжірибе"
    ["seo_title"] => string(51) "zhanartylgan_oku_bagdarlamasy_izdenis_pen_t_zhiribe"
    ["file_id"] => string(6) "577795"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1617979365"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Баяндама жаңартылған білім негізінде оқушыларды шығармашылыққа баулу"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_zhan_artylg_an_bilim_nieghizindie_ok_ushylardy_shyg_armashylyk_k_a_bau"
    ["file_id"] => string(6) "362330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480009171"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Білім берудің жаңа парагдимасы және мұғалімнің рөлі"
    ["seo_title"] => string(59) "bilim_bierudin_zhan_a_paraghdimasy_zh_nie_mu_g_alimnin_roli"
    ["file_id"] => string(6) "453780"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517377936"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіру"
    ["seo_title"] => string(50) "tarikh_p_ninien_bilim_bierudin_sapasyn_zhietildiru"
    ["file_id"] => string(6) "460789"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1520250138"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства