Просмотр содержимого документа
«Мұғалім шеберлігі»
Бекітемін
Мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Досболова Ж.А. каб 211. уақыты 12.15
Күні: 29.01.25
Коуч Алимбетова Г.Т.
Коучинг тақырыбы:
Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттары:
Мұғалімдерінің кәсіптік құзырлығын қалыптастыра отырып, олардың кәсіптік деңгейінің өсуіне жағдай жасау; Оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.
Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.
Күтілетін нәтиже:
- Мұғалімдер оқыту мен оқудағы өз құзыреттіліктерінің өзектілігін,
тәжірибелік маңыздылығын түсінеді. - Оқушының жеке тұлғалық дамуына, яғни оның өзін - өзі тануға және өзіндік өсуі бағытында мұғалімнің кәсіптік құзырлығын, шеберлігінің рөлі маңызды екендігі туралы түсініктері қалыптасады.
Психологиялық ахуал /ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру/ Сұрақ-жауап
сабақтың мақсаты мен нәтижесімен танысады.
Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады
Топқа бөлу
Суреттер арқылы топқа бөлу (смайликтер салынған суреттер арқылы) Жұрек қол басМұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана, құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз.
суреттер арқылы екі топқа бөлінеді.
Негізгі бөлім
Мультфильм «Қошқар мен теке». Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер?
Топта ақылдаса отырып, талдау.
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесі тең ететін – білім»
Н.Ә.Назарбаев
Жүппен жұмыс “Менен үйрен”
Топпен жұмыс «Мұғалім моделін таңдау» (Мұғалім құзыреттілігін сипаттайтын терминдерден әр топ негізгі деп таныған кәсіби құндылықтарды анықтаңыз
Бағдарлама модульдері жайлы не білеміз?
Мультфильм сюжеті бойынша топта талқылайды
Кері байланыс
Шеринг Мұғалімдер өздерінің қандай ой түйгендерін, алған әсерлерін ортаға салады
Кері байланыс жасайды
«Әлемді сүйіспеншілікпен өзгертуге болады .Егер әр істі сүйіспеншілікпен, шын жүрекпен жасасаңыз, міндетті түрде жетістікке жетесіз» -деп ағылшын педагогі Клюбер Росенің сөзімен аяқтағым келеді.
Бүгінгі таңда әрбір мұғалімге өзінің шығармашыл әлеуетін дамытып, көзқарасын қалыптастыру маңызды. Біліктілікті арттыру бағытында мұғалім жаңашылдықты қабылдай отырып, өзінің тәжірибесіне қорытынды жасап оқыту шеберлігін нығайтады. Заманауи оқыту әдістерін, білім технологияларын түсіндіру арқылы мұғалімдердің шыңдалуына, тәжірибе алмасуына, серіктестікте кәсібилікті дамыту білім беру жүйесін жаңартудың негізі. Қазіргі уақыттағы педагогі әрбір сабақтан кейін "Өз сабағымда неге жеттім? немесе жете алмадым" , "Не ойдағыдай өтті? немесе өтпеді?", "Неліктен сабақтың бұл қадамы орындалған жоқ?" деген сұрақтарды үнемі қойып, рефлексия жасауымыз керек.
Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, біз заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Біз, мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
2.Үнемі дамытушылық сипаттағы әдістер мен басымдықтарды қолданады
3.Қиындықтарды анықтау мен оны жоюда (реттеуде) жүйелілік қалыптасқан
4.Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, реттеуге үнемі уәждендіріп отырады
5.Өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра отырып, оқушымен тиімді диалогтік қарым-қатынас орнатады
6.Тұлғалық қасиеттерінің эмоционалдық жайлылығын қамтамасыз ету үшін жүйелі және мақсатты түрде сыныпта оқушылардың диалогтік және дискуссиялық қарым-қатынас ортасын құрады
7.Оқушылардың сөз саптауына түсіністікпен қарап, тілдік кедергілерді жоюға көмектесуде жоғары кәсіби қарым-қатынас мәдениетін көрсетеді
10.Оқушылармен, әріптестермен қарым-қатынаста түрлі бағдарламаларда қолдана алады
11.Сабақ барысында ауқымды жүйеленген мәліметтер жинағын пайдаланады
12.Әдістемелік талаптарға сай шығармашылықпен сабақты жоспарлайды
13.Сабақ уақытын дұрыс пайдаланып және реттей алады
14.Сабақтың әр кезеңіне үнемі тиісті көңіл бөледі,тиімді жұмыстар жүргізе біледі
15.Әрбір оқушының мүмкіндігіне, жас ерекшелігіне қарай тапсырма береді
16.Түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана біледі
17.Оқушының жеке жұмысына қалыптастырушы баға береді, дескриптор арқылы критерийлер дайындайды
18.Оқушының білімін бағалауды жан-жақты дәлелдер арқылы нақты бағасын қоя отырып, одан әрі білімін арттыру мен жақсы бағалауға ынталандырады
19.Оқушының оқудағы кемшіліктерінің себебін зерттей білу қабілетті
20.Оқушының білімінің ақауын нақты анықтайды, түзету шараларын жүргізеді
21.Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес жұмысты саралауға қабілетті
22.Оқушының білімін талдау мен бағалауда жүйелілікке сүйенеді
23.Оқушыларды өз бетінше оқуға, өзін-өзі талдауға, рефлексия жасай білуге бағыттап отырады— Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу. Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.