Просмотр содержимого документа
«Ж?регімде асыл анам»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ
Т.ТОХТАРОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП - БАЛАБАҚШАСЫ
"Өзін-өзі тану" пәнінен
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:
Мұғалім: А.Еркінбекқызы
Донское ауылы
2015-2016 оқу жылы
Жүрегімде асыл анам.
Сабақтың мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
отбасындағы анаға деген қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
анаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіңдерме балалар? Мен бүгін өздеріңді өзін- өзі тану сабағында, таза, әдемі, жарық сыныпта кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінде оқып жүрген өзін- өзі тану пәнін, рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасын бізге ұсынған Елбасымыздың жары «Бөбек » қорының президенті, ел анасы Сара Алпысқызы Назарбаева 75-жасқа толып отыр екен.
Бүгінгі сабағымызды осы Ел анамызға арнап, өткізсік деген ойдамын. Қане балалар мына ортаға шығып шеңбер жасап тұра қалайықшы.
Шаттық шеңбері: «Тілек шоғы»
Мұғалім балаларды шеңбер жасатып, қолдарына гүл шоқтарын ұсынады. Гүлдің сұлулығына тоқталып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назарларын аудартады.
Балалар жанындағы баланың берген гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсына отырып, жылы сөздер айтады. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп, шоқ гүлі «Тілек шоғына» айналады, мұғалімнің өзіне оралады. Көп рахмет сендерге, балалар. Егер біреуге жақсылық тілесеңде, жақсылық жасасаңдар ол осы гүл шоғы сияқты үлкейіп, өзіңе оданда үлкен жақсылық болып оралады.
Бүгінгі тақырыпты ашу үшін ребус ұсынылады. Оның жауабы «Отбасы». Олай болса балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы- бақыт мекені».
Бүгін біз «Өзін- өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз. Отбасындағы ерекше орын, отбасының ұтқысы, асыл анамызға деген құрметпен бүгінгі сабағымыздың тақыры «Жүрегімде асыл анам»
Ана туралы мақал- мәтел айтып жіберейікші. (Балалардың жауаптары тыңдалады).
Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті де, аяулы анамыз туралы әңгімелесеміз.
Ана деген кім?
Отбасындағы ананың рөлі қандай?
(Балалардың жауаптары тыңдалады).
Сонымен балалар әр адамның өз отбасы - әкесі, анасы, атасы, апасы, ағасы, апкесі, бауыры, қарындастары болады екен. Үлкендерді құрметтеу, сыйлау, кішіге ізеттік көрсету бұл қасиеттердің бәрі отбасынның беріктігі.
Енді балалар өздері үйлерінен дайындап әкелген қабырға газеттеріне көңілімізді аударамыз.
«Мен анамды жақсы көремін.....» деп әр бала өз ойын жалғастырады.
Әңгімелесу. Шыңғыс Айтматов «Найман ана» шығармасынан үзінді.
аңыз әңгімені оқып, жұппен жұмыс жасаймыз. Мына жерде сұрақтар жасырылған екі топтан бір- бір бала шығып таңдап сұрақ алады. Тобымен ақылдасып жауап береді.
Бала неге өзінің анасына қастандық жасады?
Ананың балаға деген сүйіспеншілігін қай жерден байқадыңдар?
Ана мен бала неге екі жақта жүрді?
Шығарма арқылы автор не айтқысы келді?
Дәйек сөз: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Тыныштық сәті:
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Қазір мен сендерге «Анашым» әнін ойнатып қоямын, сендер үйлеріңдегі бақытты сәттерді ойлап, қуанышты кездерді естеріңе түсіріп отырасыңдар. Әсіресе анамыздың қуанышты кездерін елестетеміз. Анамызға сыйлық жасасақ ерекше қуанады. Өзінің қуанышты көңілін сендерді еркелетіп, искеп, жақсы жылы лебізімен білдіеді. Олай болса қанекей балалар анамызға қандай гүл шоғын ұсынатынымызды ойланып отырайық.
Сыйлық жасау (Оқушылар көздерін ашып, тыныштық сәтінен аналарына арналған құрметін қағаз бетіне түсіру):
- Қазір мен сендерге қағаз ұсынамын, осы қағазға анамызға қандай гүл шоғын ұсынғымыз келсе сол гүл шоғын саламыз.
Ойын. «Сұхбат»
Мен сендерге мына ойынды ұсынғым келіп отыр. Мен сендерге ұстаздық анаға деген сүйіспеншілікті, құрметтеуді, бағалауды т.б.с.с тәрбиелік мақсатымды жеткізе білдім. Сендер мен туралы білгілерің келсе, ол үшін аздаған уақыт беріледі сендер маған келіп сұрақтар қоя аласыңдар. Сендер қазір ОЖСБ- ға дайындалып жатырсындар осыған қатысты мені ана деп санап сұрақтар қоясындар.
Шығармашылық жұмыс
- Енді балалар сабақтың басында естеріңде болса Ел анамыздың 75-жасқа толатынын айтқанмын. Енді осы өзін-өзі пәнін енгізгені үшін рахметімізді, құттықтау ыстық лебізімізді білдіріп хат жазып, сыйлық жолдайық. (Оқушылар қағаз сүлгісінен гүл жасайды, Ел анасына арналған арнайы хат жазып, жолдайды)
Жүректен жүрекке:
- Сонымен балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылап, сабақта өздеріңе алған отбасы құндылықтарын, аналарыңа деген сүйіспеншіліктерін алдыларыңда тұрған кішкентай жүрекшелерге сыйғызып, жаксы бір жүректеріңе алған әдемі сөздеріңді айтып мына тақтада ілінген үлкен жүрекшеге сыйғызып, ілеміз. Рахмет балалар.