kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сүйіспеншілік жолындағы өмір

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сүйіспеншілік жолындағы өмір»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

17 сабақ

Мерзiмі: 10.01.2018

Тақырып: Адами қарым-қатынас ізгіліктері

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, тәртіптілік, шыншылдық, сыйластық

Сынып 7"А"

Сабақ мақсаты: адами қарым-қатынастардың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Жетістік критерийі:

- айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын анықтау;

-адами, ізгі қасиеттерді тұжырымдау.

Ресурстар құралдар мәліметтер:

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.


2.Үй тапсырмасын тексеру: Шәкәрім Құдайбердиев. «Әділ – Мария» (үзінді) мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Дескриптор:

1)Келеңсіз жағдайларға апаратын қасиеттерді анықтайды.

2)Осы қасиеттерден арылу жолдарын көрсетеді.

Оқулық 68 бет

3.Дәйексөз: «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді,

ой-санасы әдемі адам өмірдің рақатын көреді»


Халық даналығы

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзіндік көзқарасынан, сенімінен, дүниетанымынан, басқа адамдармен қатынасынан, ең бастысы – оның әрекетінен көрінеді.

Адам қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін оның жан дүниесі рухани бай болу керек. Яғни күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста әдептен шықпау, көңілге келетін сөз айтпау, жағымсыз мінез көрсетпеу – ол ішкі әлемнің көрінісі.

Қарым – қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты.

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс:

1 тапсырма: жағдаятты оқып, өз ойларымен жалғастыру тапсырылады.

2 тапсырма: Шәкәрімнің өлең жолдарын басшылыққа алып, адами қарым-қатынас жасаудың ережесін құрастыру ұсынылады.

Дескриптор:

1)Ақ ниетті адамның айналасындығылармен жақсы қарым-қатынас орната алатынын анықтайды

2)Адами қарым-қатынас жасаудың ережесін түзеді

Оқулық 69 бет

6. Топпен ән айту : Достар құшағында

Сағи Жиенбаев

Шәмші Қалдаяқов

7.Үй тапсырмасы: Мұхтар Құрманалиннің «Әйнектің сынығы» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 70 бет

8.Соңғы тыныштық сәті.

Ал балалар бүгінгі сабағымыздан адамгершілік қасиеті бар өз елінің қамын ойлаған азамат пен азаматша болып өсулеріңе тілектеспін.





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

18 сабақ

Мерзiмі: 17.01.2018

Тақырып: Адами қарым-қатынас ізгіліктері

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, тәртіптілік, шыншылдық, сыйластық

Сынып 7"А"

Сабақ мақсаты: адами қарым-қатынастардың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Жетістік критерийі:

- айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын анықтау;

-адами, ізгі қасиеттерді тұжырымдау.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.


2.Үй тапсырмасын тексеру: Мұхтар Құрманалиннің «Әйнектің сынығы» мәтінін оқып сұрақтарға жауап беру.

Дескриптор:

1)Қамқорлық, жанашырлық қасиеттерін анықтайды

Оқулық 68 бет

Дәйексөз: «Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді,

ой-санасы әдемі адам өмірдің рақатын көреді»


Халық даналығы

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Жап - жаңа жылтыраған көп шегені құрылысқа әкеліпті. Оларды жас шебер жігіт көріп: Пах - пах, неткен әдемі еді, біркелкі түзуін ай»,- деп қызыға сүйсініпті. Шегелер өздерін мақтағанға қуанып «енді тезірек жұмысқа кіріссек екен, сонда мына жас шебер біздің мықты беріктігімізді де көрер еді»,- десіп жымыңдай сыбырласыпты. Солардың ішінде бір шегенің қырсығы ұстап, өз - өзінен тас - талқан болыпты. Неге мен басқалармен бірдей болуым керек, мен бұлардан артықпын. Сондықтан бөлек кеткенім жөн, әйтпесе менің ерекшелігім көрінбей, көптің бірі болып қаламын», деп, жолдастарының қатарынан секіріп түсіп, кетіп қалады. Ал шындығында, қырсық шегенің өз құрбыларынан титтей де айырмашылығы жоқ екен. Содан не дейсің, әлгі шеге салынып жатқан үлкен құрылысты аралап келе жатады. Құрылыс болған соң, әрине, жұмыс көп, талай жерге шеге керек, бірақ қырсық шегенің еш орына бұрлығысы келмейді. Қалпағын қырлап киіп, түзу аяқтарын тәкаппарлана адымдап жүре береді. Бір күні, найзағай ойнап, аспан гүрілдеп қалың жаңбыр жауады. Жас шебер қатары бұзылмай тұрған көп шегені құрғақ, қалқа жерге кіргізіп, дұрыстап үстін жауып қояды. Ал қырсық шеге қайтті дейсің ауыздықсыз ат секілді лағып, мақсатсыз қыдырып жүріп, жауынның астында қалады. Қайда тығыларын білмей бұлай - бұлай безектеп, жалғыз өзі жол таба алмай сүмектей су болады. Ол аз дегендей жүгіріп бара жатқан біреу белінен басып кетеді. Қырсық шеге сол жатқанынан мол жатады. Балшықтың астында қанша уақыт болғанын өзі де білмейді, жер жотасынан күннің ыстығы өтіп, бүкіл денесі күйіп бара жатқанда ғана көзін зорға ашып, есін әрең жияды. Өзіне қараса, адам танымастай өзгеріп кетіпті. Қалпағы мыжырылған, бұрынғы едірейіп тұратын қыры салтақ - салтақ, белі шодырайып, іші қабысып, екі бүктетіліп қалыпты. Тұрып жүрейін десе тұра алмайды, ұмтылады, ышқынады, бірақ қозғалуға шама жоқ. Қырсық өзінің бейшара түріне күйініп, көзінің жасын көлдетеді. Амал қанша, одан жеңілдік болмайды. Неге осындай дәрменсіз, сорлы күйге ұшырадым деп ойлайды. Бәленің бәрі - жолдастарын менсінбей, олардан бөлініп кеткен соң басталған екен. Соны түсініп, енді қайтсе де құрбыларына жеткісі келеді. Алайда айтуға оңай болғанымен, орындалуы қиын еді. Неге десең, бұрынғыдай тік басып жүре алмайды. Бірде еңбектеп, бірде жамбасымен сырғи сүйретіліп, шаршап, қажып тот басып, баяғы құрылысқа әрең жетеді. Алғашында жолдастарының ешқайсысын таба алмайды. Оларда мен секілді жалғыз - жалғыздан тарап кетіп, құрыған болар деп ойлайды. Алайда біраз жатып жан - жағына зер салып қарайды. Ол өзінің жолдастарының бірқатарын жаңадан салынған ғимараттың есіктерінің жақтауларынан, енді бірқатарын үйдің шатырларында әрқайсысы ерекше өз орындарын алып тұрғанын көреді. Бір ғажабы олардың көңіл-күйлері бұрынғыдан да көңілді, өңдері өте ажарлы көрінді. Сонда тәкаппар шеге мен де осылардай өз орнымды тауып, халыққа пайдамды тигізер едім деп армандайды.
Осылай ол біраз жатады. Ол іске жарамсыз болғандықтан оны ешбір шебер пайдасына жарата қоймайды. Күндердің бір күнінде бір жас шебер қисық шегені алып, төске салып, әбден жанын шығарып, балғамен ұрып түзетеді. Содан соң оны апарып киім ілгішке тағып қояды. Содан әлгі шеге елге қызмет етіп, пайдаға жарап тұрғанына өте қуанышты болады.
-Автордың айтар ойы неде деп ойлайсыңдар?
-Ақылды адамның қолына түспегенде шегенің тағдыры қалай болар еді деп ойлайсыңдар?

-Адамдар арасында да осындай жағдайлар кездесе ме?

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс:

3 тапсырма: Берілген өлеңнің үзіндісін оқып, ондағы қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектесетін қасиеттерді іріктеп алыңдар. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.

4 тапсырма: «Қарым-қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты» деген ойды басшылыққа ала отырып, төмендегі кейіпкерлерді қарастырып, шағын қойылым дайындап, сахналау.

Дескриптор:

1) Қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектесетін қасиеттерді анықтайды

2) Ақ ниетті адамның айналасындығылармен жақсы қарым-қатынас орната алатынын тұжырымдайды

Оқулық 69 бет

6. Топпен ән айту: Достар құшағында

Сағи Жиенбаев

Шәмші Қалдаяқов

7.Үй тапсырмасы: Жәмила Аязбекованың «Атасы мен әжесі» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 74 бет

8.Соңғы тыныштық сәті.

Ал балалар бүгінгі сабағымыздан адамгершілік қасиеті бар өз елінің қамын ойлаған азамат пен азаматша болып өсулеріңе тілектеспін.






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

19 сабақ

Мерзiмі: 23.01.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ізгілік, мейірімділік, тәртіптілік, шыншылдық, сыйластық

Сыныбы: 7 сынып

Сабақ мақсаты: отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылы-ғының негізінде ұғындыру;

-қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

-оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену


2.Үй тапсырмасын тексеру:Жәмила Аязбекованың «Атасы мен әжесі»мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 74 бет

Дәйексөз: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты»

Нұрсұлтан Назарбаев

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы-бейнетаспа «Анам айтқан жалған сөздер»

Отбасы – адам баласының өсіп –өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Отбасы мүшесі ретінде сенің міндетің- ата-анаңды, туған туыстарыңды, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұту, жасы кішілерге қамқорлық жасау, мектептегі сабағыңды жақсы оқып, білімді, мәдениетті, жан-жақты болып өсіуге ұмтылу. Сонымен бірге отбасылық құндылықтардың, атап айтқанда белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелер, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақталуына өзіндік үлес қосу да біздің міндетіміз.

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс

1 тапсырма: Ұлы педагог Василий Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып, ата-аналарыңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы эссе жазыңдар. 2 тапсырма: «Отбасы» слайды бойынша интерактивті тақтамен жұмыс

Оқулық 75 бет

6. Топпен ән айту: «Сәби болғым келеді»

Мұқағали Мақатаев

Тұрсынғазы Рахимов

7.Үй тапсырмасы: Немат Келімбетовтың «Ұлыма хат» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 78 бет

8.Соңғы тыныштық сәті: Ал балалар бүгінгі сабағым отбасы – адамның рухани тірегі. Отбасың бақытты болу үшін сен де үлесіңді қосуың тиіс, ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз қажет.


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

20 сабақ

Мерзiмі: 30.01.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ізгілік, мейірімділік, тәртіптілік, шыншылдық, сыйластық

Сыныбы: 7 сынып


Сабақ мақсаты: адами қарым-қатынастардың адам өміріндегі маңыз-дылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде ұғындыру;

-қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

-оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі :Тыныштық сәті.


2.Үй тапсырмасын тексеру: Немат Келімбетовтың «Ұлыма хат» үзіндісін оқып сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 78 бет

Дәйексөз: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты.»


Нұрсұлтан Назарбаев

4.Әңгімелеу (мұғалімнің сыйы): ПАТРИЦИЯ СЕНТ-ДЖОННЫҢ

«АҚ   ОРАМАЛ»  ӘҢГІМЕСІ

Автобус аялдамасы жанынан өтетiн жол жиегiнде отырған адам жолдағы тастарға тесiле қарап  қалған. Оның қырынбаған бетаузы, салбырап кеткен иықтары мен жыртық бәтiңкесi аялдамада  топталып тұрған адамдардың назарын өзiне аударды, бiрақ әлгi адамның өзiне қадалған  жанарлармен еш шаруасы жоқ. Ештеңе  елеместен ол өзi және өзiнiң өмiрi туралы қалың ойға батып кеткен едi. Ол өзінің қызыл кiрпiштен салынған үйде тұрған кiшкентай бала кезін есіне алды. Бөлмесінің терезесіедегі гүлді, әкесi бұған құрастырып берген әткеншекті, велосипед теуіп  үйренген  жолды  сағынышпен  есіне  түсірді. Бұған велосипед алып беру үшiн,  ата-анасы  ақшаны бiрнеше ай бойы жинағанды.

Содан  берi аттай жиырма жыл өтiптi! Мүмкiн, үйдi баяғыда бұзып тастаған шығар...

Жігіттің  бүкіл денесі дiр еттi: естелiктiң айқындығы сондай, олар мұның жандүниесiн  ауыртып, осыдан он жыл бұрынғы кезін бастан кешкендей сезімде болды.

 Ол кезде бұл ескi велосипедiн мотоциклге ауыстырып, үйiнде  аз  бола бастаған. Өйткені жұмысы мен көптеген достары бар едi. Әкесi мен шешесi бұған кәрi және мезi  қыларлықтай көрiндi, ол көбіне уақытын  сыраханада  көңiлдi  өткізетін еді.

Бiрақ, ашығын айтқанда,  оның  жиылып қалған қарыздар мұны ата-анасының  үйiне қайтып оралуға мәжбүр еткен. Анасы баласының келгеніне қуанып  тамағын әзірлеп күйбеңдеп жүр. Ол ата-анасынан ақша сұрамақшы болғанын жасырды. Бұдан  шығудың оп-оңай қарапайым жолы табылды: бұл әкесiнiң ақшаны қайда сақтайтынын жақсы бiлетiн, ата-анасының  баққа шыққан сәтiн пайдаланып,  әкесiнiң жинаған ақшаларын қолына түсiрдi.  Ол  ата-анасын  ең соңғы рет көруi едi:  өзi iстеген әрекеттен кейiн, ол үйiне келе алмайтын болды. Көп кешiкпей шетелге кеттi.

Ата-анасы оның ұзақ сергелдеңге түсiп сандалғандығы мен түрмеде өткiзген жылдары жөнiнде ештеңе бiлмедi. Бiрақ бұл түнде камерада   жатқанда, ата-анасы жайында көп ойлады. Кейде ол нардың үстiнде түнi бойы аунақшып, көз iле алмай, жүрегiн қайғымұң  басатын... Егер әке-шешесi  әлi тiрi болса және мұны  көргiлерi келсе, бостандыққа шыға салысымен олармен қайта кездесудi қандай  армандады десеңшi!

Жазасын өтеп, бостандыққа да  шықты.Туған қаласына асығыс   бет алды. Автобустан түскенде жол бойындағы  гүлдерді, әткеншектегi немесе велосипед тепкен баланы, қызыл  кiрпiштен салынған  үйлердi көргенде  мазасы кетті. Ол үйiне бiр тиынсыз бос  қалтамен келедi, сондықтан  жолдың көп бөлiгiн  жаяу жүрiп өттi. Оның  ертерек жетуi де мүмкiн едi, бiрақ туған  қалашығына жиырма  шақырымдай  арақашықтық қалғанда, мұның бойын кенет бір  күмән жайлап  алды.

Ата-анасына  осылайша, оқыстан,  жетiп баруға  мұның  қандай қақысы бар?

Олар бірақ осы бiр  албажұлба  кезбеден  бiр кездерi өздерi сүйген, бұлардың үмiттерiн қатiгездiкпен алдаған балаларын тани қояр ма екен? Ол күнi бойы дерлiк ағаш саясында отырды. Кешкiсiн өзiне қанша ауыр тисе  де, ата-анасына қысқа ғана хатты бірнеше сағат отырып жазды. Хатта: "Менi көргiлерiң келетiнiне ешқандай үмiтiм жоқ  екенiн бiлемiн... Шешiм сiздерде. Мен бейсембi күнi көшенiң аяғында таңертең ерте күтемiн. Егер үйге  келуiмдi қаласаңыздар, менiң жататын бөлмемнiң терезесiне ақ орамал iлiп қойыңыздар. Оны сол  жерден көрсем, үйге келемiн, көрмесем ескi  үйге "қош бол" деймiн де, өз жолыммен кетемiн", деген  сөздермен аяқталғанды.

Мiне, бейсенбi күнi де жеттi. Адасқан ұл белгiленген жерге келдi. Өзінің ескi көшесi! Не күтіп  тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзiмi жетпей барады. Ол жол бойына отырып, жолдағы  тастарға көз тiкті. Бұл iстi кейiнге ысыра беруге болмайды, тәуекел ету керек. Түптеп келгенде,  олардың көшiп кетуi де мүмкiн ғой...

Егер терезеден ақ орамалды көрмесе...  Ал ата-анасы  әлi бұрынғыдай осында болып, әншейiн мұны көргiсi келмейтiндей  жағдайда болса..., өзiне не болатыны туралы ойлауға бата алмай, өзiн-өзi  жұбатуда. Орнынан әзер көтерілді: көпiр астында өткiзген түннен кейiн, денесiнiң бәрi қақсап ауыра бастады.

Суықтан дiрiлдеген кезбе баяу басып, ескi шынар ағашқа бет түзедi, сол  жерден үй алақандағыдай айқын көрiнетiн. Ол ағашқа жеткенше үй жаққа қарамаймын деп шештi.

Шынар ағашының қасына таяғанда көзiн тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзiн ашқанда, оның  жанары  құмарта алға тiгiлдi. Қызыл кiрпiштi үйдiң шатырына күн сәулесі түсiп тұр екен,  оның жүрегі дүрсілдеп  қоя берді....

Енді осы әңгімені өзіміз аяқтап көрейікші.

Бiрақ мынау не? 

Әрбiр терезеге  жастықтың тысы, сүлгi,  дастархан, қол орамал және асхана салфеткалары iлiнген. Шымылдық терезе желдеткiшiнен бүкiл  шатырға созылған. Таңғы күн сәулесiнде жарқыраған қар тәрiздi.

 Оқыс қателiкке жол бермес үшiн,  ата-анасы  қолдарынан келгенiнiң бәрiн iстептi! Ақша қардай аппақ болып жарқыраған өз үйiн көрген  ұлдың еңсесiнен ауырлық түсiп, бойы жеңiлдеп, кеудесiн қуаныш кернеді.

Ол орнынан  тұра  жүгiре,   өз  үйінің  айқара  ашылған есiгiне қарай құстай ұшыты.

 Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Жасөспірімнің ата-анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай     түсіндірер едіңіз? 

2.Оның сағынышының сыры неде?

3.Ата-анасының ұлына деген сезімін сипаттап беріңіздер?                                   

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс

5- тапсырма: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз» деген ойын басшылыққа алып, пікір алысу жүргізіңдер

6 тапсырма: Отбасыларыңды біріктіретін «Отбасылық салт-дәстүрлер, мерекелер» туралы шағын әңгіме жазу

Оқулық 81 бет

6. Топпен ән айту: «Сәби болғым келеді»

М. Мақатаев

Т. Рахимов

7.Үй тапсырмасы: Марат Қабанбайдың «Айгүлдің әңгімесі» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 85 бет

8.Соңғы тыныштық сәті.

. Ал балалар бүгінгі сабағым отбасы – адамның рухани тірегі. Отбасың бақытты болу үшін сен де үлесіңді қосуың тиіс, ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз қажет.


































Өзін-өзі тану сабағының жоспары

21 сабақ

Мерзiмі: 06.02.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Ізгілік, мейірімділік, бірлік, адалдық

Сыныбы: 7 сынып

Сабақ мақсаты: ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеті:

-оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету.

-оқушыларды айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу.

-оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті.

5 Т ережесі


2.Дәйексөз: «Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»


Василий Сухомлинский

3.Үй тапсырмасын тексеру: Марат Қабанбайдың «Айгүлдің әңгімесі» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 84 бет

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Жүрегіңнің отын сөндірме

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.Сонда ол ашуланып:Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.
Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді:Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады.
Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді: Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын — дейді.
Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне: Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой — дейді. Сонда көршісі: — Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар – деген екен.
Бұл әңгімеде не жөнінде айтылған?
Әңгімедегі жігіттің іс – әрекетіне қандай баға бересіңдер?
Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді?
Аңыз әңгімедегі жарық пен жылу нені сипаттайды?
Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
Бірінші болып қадам жасау үшін адамның бойында қандай ізгі

қасиеттер болуы қажет?

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс:

1 тапсырма: Жағдаяттармен танысып, ұжымдағы қарым-қатынас туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.

2 тапсырма: Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, адамгершілік портретін жасаңдар.

Оқулық 86 бет

6. Топпен ән айту.

Не деген керемет күн!

Мұқағали Мақатаев

Тұрсынжан Шапай

7.Үй тапсырмасы: Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 87 бет

8.Соңғы тыныштық сәті: Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп «Адам» деген ардақты атқа кір келтіргісі келмейтін әр кісіге, ұжымның әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани игілік болып табылады.














































Өзін-өзі тану сабағының жоспары

22 сабақ

Мерзiмі: 13.02.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Ізгілік, мейірімділік, бірлік, адалдық

Сыныбы: 7 сынып


Сабақ мақсаты: ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеті:

-оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету.

-оқушыларды айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу.

-оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті.

5 Т ережесі


2.Дәйексөз: «Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»


Василий Сухомлинский

2.Үй тапсырмасын тексеру: Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 84 бет

4.Әңгімелеу Мұғалімнің сыйы

Ұжымдағы жайлы ахуалдың сақталуы әрбір адамның жан дүниесіне, көңіл-күйіне тікелей байланысты. Адамның жан дүниесі дегеніміз – оның ішкі көңіл-күйі, сезімдері, ойлары, арманы, қиялы. Жалпы адамның қолға ұстап, көзбен көруге мүмкін болмайтын күйлері. Бірақ олар сыртқы факторлардың әсерімен әр адамның әртүрлі әрекеттері мен қылықтары арқылы көрініс табады. Сендер мектепте бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылдансаңдар, бір-біріңе көмектессеңдер, ұжымда бірлік, сыйластық болады. Білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну сияқты ортақ мақсат – сендерді біріктіреді, ұжымда жайлы ахуалдың болуына жағдай туғызады.

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс

3 тапсырма: Берілген мәтінді оқыңдар. Ондағы тәлімді ойлардың адамдармен ізгі қарым-қатынас жасауға тигізетін пайдасы туралы баяндап беріңдер.

4 тапсырма: Авраам Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деген ойын басшылыққа алып, өз сыныбыңдағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын жаса.

Оқулық 89 бет

6. Топпен ән айту.

Не деген керемет күн!

Мұқағали Мақатаев

Тұрсынжан Шапай

7.Үй тапсырмасы: А.Сейдімбектің мәтінін оқу

Оқулық 87 бет

8.Соңғы тыныштық сәті: Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп «Адам» деген ардақты атқа кір келтіргісі келмейтін әр кісіге, ұжымның әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани игілік болып табылады.



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

23 сабақ

Мерзiмі: 20.02.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Адам және адамзат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, мейірімділік

Сыныбы: 7 сынып

Сабақ мақсаты:Туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Жетістік критерийі:

-қоршаған әлемді, табиғатты сақтап, қамқорлық жасауға үйрету;

-қамқорлық, парыз бен жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті.

5 Т ережесі


2.Дәйексөз: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

Абай

3.Үй тапсырмасын тексеру: Ақселеу Сейдімбектің әңгімесін оқып сұрақтарға жауап беру.

Оқулық 91 бет

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық

Баяғы өткен заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып: 
- Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып бер, -дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты. Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: 
-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігітсің,- депті. Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды. Патша біраз тыңдаған соң: 
-Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, – депті

Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетінің құны көк тиын.

Қандай адам болмасын, оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер, Су, - бәрі-бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күнсіз Жер жоқ, Жерсіз Су жоқ.

Бұл – табиғат гармониясы. Адамды адам етіп жаратқан да сол – махаббат гармониясы. Кісі бірін-бірі жек көруге емес, жақсы көруден көркейеді, өрісі кеңеиеді. Бұл – адамзаттың бақытының негізі.

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс:

1 тапсырма: Мәтінді оқып, адам мен адамзаттың байланысын, ондағы барлығына ортақ дүниені табыңдар.

2 тапсырма: Өнер туындысы бойынша адам мен адамзаттың , табиғаттың байланысын тауып, оның құпиясын сезінуге уйрету

Оқулық 89 бет

6. Топпен ән айту: «Дүние керуен»

М.Мақатаев

Т. Шапай

7.Үй тапсырмасы: «Шексіз әлем» өлеңін оқу.

Оқулық 96 бет

8.Соңғы тыныштық сәті: Ал балалар бүгінгі сабағым аяқталды. Өмірде бақытты болу өз қолыңда.
























































Өзін-өзі тану сабағының жоспары

24 сабақ

Мерзiмі: 28.02.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Адам және адамзат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, мейірімділік

Сыныбы: 7 сынып

Сабақ мақсаты:Туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Жетістік критерийі:

-қоршаған әлемді, табиғатты сақтап, қамқорлық жасауға үйрету;

-қамқорлық, парыз бен жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті.

5 Т ережесі


2.Дәйексөз: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

Абай

3.Үй тапсырмасы: «Шексіз әлем» өлеңін оқу, сұрақтарға жауап беру.

-Автор неліктен адамдарды тозаңға теңейді?

-Адамның ойы, ниеті, ісінің шексіздігінің себебі неде?

-Әлемнің тұтастығына, шексіздігіне адамдар тарапынан қиянат жасалып жатыр ма?

-Әлемнің тұтастығын, бірлігін сақтауда біздің үлесіміз қандай болуы керек?



4.Әңгімелеу Мұғалімнің сыйы

Баршамызға белгілі, жер-әлемдегі құбылыстар сәт санап, әр уақытта, күнде өзгерісте, жаңғыруда. Бұл заңдылық. Өзгермейтін бір ғана заңдылық – адами қарым-қатынас пен адамгершілік ілімі. Ол қайырымдылық, көмек-жәрдем, адал мен арамды айыра білу, кішіпейілдік, көркем мінез, инабаттылық, кісі ақысын жемеу, өсім алмау, өсек-өтірік айтпау, ғайбат сөйлемеу, уәдеде тұру, сараң да, ысырапқор да болмау, ата-анаға кіршіксіз мейірім, ағайын-туысқа қолғабыс, рухани және ар-ождан тазалығы, көршіңмен татулық, сыйластық, үлкенге құрмет , кішіге қамқорлық, Отан алдындағы парыз, қоғамдық міндет-борыш, отбасымыздағы шынайы қарым-қатынас, ер-азаматтардың жоғары жауапкершілігі, қоршаған ортаны аялау, хайуанаттар әлеміне деген аяушылық.

Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс

3 тапсырма:Берілген үзіндіні оқып, кейіпкердің ойын жалғастыру.

4 тапсырма: Жағдаяттарды шешу

6 тапсырма: «Ұжымдағы достық» жобасының 3 кеңзеңінің тапсырмаларын орындау

Оқулық 95-96 бет

6. Топпен ән айту: «Өз елім»

Қ Мыза-Әлі

Н.Тлендиев

7.Үй тапсырмасы: «Бұлақ сылдыры» Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер, 5 тапсырма-сөз жұмбақты шешу

Оқулық 100 бет

8.Соңғы тыныштық сәті.

Ал балалар бүгінгі сабағым аяқталды. Өмірде бақытты болу өз қолыңда.




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

25 сабақ

Мерзiмі: 06.03.2018

Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлеммен үндестік

Құндылық:

Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, мейірімділік

Сыныбы: 7 сынып

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «қоршаған орта», «үндестік», ұғымдарын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеті

-оқушыларға өзімен, өзгемен, қоршаған әлеммен үйлесімділік туралы ұғындыру.

-қоршаған ортаға қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.


2.Дәйексөз: «Тіршілікте табиғат пен адамнан ғажап, олардан құпия не бар?!»

Ш.Уәлиханов

3.Үй тапсырмасын тексеру: «Бұлақ сылдыры» (аңыз) оқу.

  • Шөл даладағы қарияның әрекетінен қандай дұрыс әрекеттерді байқадыңдар?

  • Атайдың шөл далада өзін ойламай, басқаларға көмек көрсетуі оның қандай құндылықтары мен қасиеттерінің көрінісі?

  • Адамның ізгі іс-әрекетіне табиғат қандай үндестік танытты?

  • Неліктен атай қайтыс болған жерден су шықты деп ойлайсыңдар?

  • Өмірде ешбір жақсы істің зая кетпейтінінің себебін қалай

түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің жасаған жақсы істеріңнен басқалардың қуанған кездері естеріңде ме?

Оқулық 100 бет

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

«Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Қазір мұхиттар тұңғиығы, ғаламшар қойнаулары , заңғар таулар мен Күн жүйесіндегі ғарыш кеңістігіне және т.б. қол жеткізу соншалықты қиын емес. Бәрі де өзгереді. Тек адам баласы ғана осыдан талай ғасыр, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгінде тап солай сүйеді, өз болмысының сырын солай іздеп табады, өзін-өзі, өзгелерді және айнала қоршаған әлемді де сол бұрынғыдай танып біледі. Адам қоршаған әлеммен үйлесімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады. Осындай үндесу, үйлесімге ие болған жан Отанға, Атамекенге деген құрметті сезініп, оның ата-анаға, жақындарына деген сүйіспеншілігі оянып, адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасында үлкен қуанышты басынан кешеді».

Бауыржан Момышұлы

... Ертедегі ата-бабаларымыз табиғатты өзінің асыраушысы, өмірінің мәні мен сәні ретінде қасиеттеп, кие тұтқан. Олар Табиғат-ананың тылсым тынысын тыңдап, үнін естіп, қат-қабат құпия сырларын ұғуға құлшыныпты. Әлемдегі ең ұлы кітап – Жаратылыстың өзінен оқып, тағылым алып, тәжірибе жинапты. Еш нәрсенің себепсіз жаратылмағанын, белгілі бір мақсат-міндетті атқару үшін келгенін түсінген. Көргенін, түйгенін жүрек көзінен өткізіп, ақыл-тезіне салып, ой қорытқан, байламдар мен болжамдар жасаған. Сол күнделікті түйсінген ұғым-түсініктері негізінде әлем тіршілігі жайлы, болмыс туралы дүниетанымы қалыптасқан. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйымдары, үрдістері пайда болған.

Түп бабаларымыздың бізден артықшылығы – олардың табиғаттан бөлінбегендігінде. Адам мен жаратылыс арасындағы көзге көрінетін-көрінбейтін тығыз байланысты бұзбаған.

Табиғатқа зорлық жасап, «бермесін тартып аламыз» деп қатыгездік көрсетпеген.Табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтарын сақтауды бізден артық білгеніне күмәнім жоқ деп айта аламын.


Өзін-өзі тану журналы

5.Шығармашылық жұмыс:

1 тапсырма: Өнер туындыларын қарап, ондағы адам мен табиғат үндестігін салыстырыңдар. Адам мен табиғаттың өзара үндестігін өз шығармашылықтарымен көрсетіп беріңдер. Мұнда сурет салуға, өлең шығаруға, эссе жазуға, жоба жасауға, сахналауға т.б. шығармашылық еркіндік беріледі.

1.Ә.Қастеев. «Жайлаудағы кілемшілер». 1950 жыл.

2.Ә.Қастеев. «Пейзаж» (этюдте). 1950 жыл.

3.А.Дүзелханов. «Қорқыт ата туралы аңыз». 2004 жыл.

4.А.Дүзелханов. «Көктем». 1998 жыл.

«Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады.

Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады.

Адамның табиғатпен етене жақындасуы сұлулықты сезіндіріп, бойыңа күш-қуат қосып, шығармашылыққа жетелейді. Осылайша адам табиғаттың ғажайып күшін түсініп, оны аялап, әлпештеуге үйренеді».

Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттердің бірі. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, жас ұрпақ – сендер де, барлығцымызда көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет.

Табиғат обырлықты, озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр-сипатын түсіне білуге әрекет жасап көрші, не ұғынар екенсің?

Адам – табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында армай-талмай, жалықпай еңбек ету – барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Бұл ұлы іске сен қандай үлесіңді қосасың, жас дос?

«Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «табиғат тазалығы – адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.

«Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып-біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасы мен ойлау деңгейін кеңейтеді».


2 тапсырма: оқушыларға әлем, табиғат құбылыстары мен адам өмірінің өзара байланысын ұғындыру. Тапсырма ретінде

Алты арқар, жеті қаз, төрт бөдене,

Кейде толы, кейде орта – бір тегене,

Тұнық пенен лайдың арасынан

Бір аққу шыға келді құсқа төре, - деген халықтық жұмбақ ұсынылған.

Шешуі: алты арқар дегені – үркер, жеті қаз дегені – жетіқарақшы, төрт бөденесі – қос-қостан көкжиекте тұратын босаға жұлдыздар. Кейде орта, кейде толы тегене деп отырғаны – кейде жарты, кейде толы болып көрінетін ай. Тұнық пен лай дегені – күндіз бен түн. Ал құсқа төре аққуы – аспандағы ай-жұлдыздың төресі күн ғой.

Аспан әлемінің құпиясын танып-білу өздеріңді қызықтырмай ма?

Аспан жұлдыздары туралы аңызды естідіңдер ме?

Өлеңде табиғат пен адамзат өмірінің байланысы қалай көрсетілген?

Өз жұлдыздарың туралы айтыңдар.

а) Ғаламды тану адамға қандай мүмкіндіктер береді?

ә) Адам мен әлем тұтастығын неден байқауға болады?

б) Өз өмірін және айнала қоршаған дүниені жақсарту үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет?


Оқулық 97 бет

6. Топпен ән айту:

Дүние керуен

М.Мақатаев

Т. Шапай

7.Үй тапсырмасы:

Бұлақ сылдыры

Оқулық 100 бет

8.Соңғы тыныштық сәті:

Ал балалар бүгінгі сабағым аяқталды. Өмірде бақытты болу өз қолыңда.


























Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлеммен үндестік 26 сабақ

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік,сүйіспеншілік.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні 14.03.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «қоршаған орта», «үндестік», ұғымдарын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Жетістік критерийі:

-оқушыларға өзімен, өзгемен, қоршаған әлеммен үйлесімділік туралы ұғындыру.

-қоршаған ортаға қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Даналық (Аңыз) оқу.

  • Ауыл жігіттерінің бір-бірімен келіспей қалуының себебі неде?

  • Жас жігіттің бірінші жігіттің әкесін қарсы алуынан қандай тәлім алуға болады?

  • Таласып келгендердің төренің шешімімен келісуінің себебі неде?

  • Өзің ол аңыздан қандай тәлім алдың? Ой түйдің?

  • Жасы үлкен жігіттің бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?

  • Жасы үлкен жігіттің әрекеттерін даналық деуге бола ма?

  • Мәтіндегі «Біз қашан дана болады екенбіз?..» деген сұрақты өзіңе қойып көрдің бе?

  • Өмірде дана болу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Байыт Қабанұлы

Оқулық 102 бет

Дәйексөз

Тіршілікте табиғат пен адамнан ғажап, олардан құпия не бар?!


Ш.Уәлиханов

4.Әңгімелеу Мұғалімнің сыйы

Табиғат ана

Табиғат ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат-ана бір күн ұлдарын шақырып алып:

  • Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый сыйлаймын деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:

  • Апатай сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – дегенде Табиғат ана:

  • Аяулы ұлдарым менің, сұлу болуымның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер,Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.

А.Мырзағұлова


5.Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма Цицеронның «Табиғаттан үйлесімді ештеңе жоқ, табиғаттан ретті ештеңе жоқ» деген ойын басшылыққа алып эссе жазыңдар.

Оқулық 102 бет

6. Топпен ән айту.

Ертегілер

М.Мақатаев

Т. Шапай

7.Үй тапсырмасы.

Досым Омаровтың «Адам өмірінің үш бастауы» (Үзінді) оқу.

Оқулық 100 бет

8.Соңғы тыныштық сәті.

Адамның түпкі мақсаты – табиғатпен келісімде өмір сүру, ол – ізгілікпен келісімде өмір сүру деген сөз: табиғаттың өзі бізді ізгілікпен келісімде өмір сүруге үндейді. бүгінгі сабағым аяқталды. Қоршаған әлеммен үндестік табу өз қолыңда. бүгінгі сабағым аяқталды. Қоршаған әлеммен үндестік табу өз қолыңда.




































Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Адамның рухани әлемі 27 сабақ

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, адалдық.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні 04.04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты:Оқушыларға адамның рухани әлемін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

  • Адамның рухани дүниесі туралы түсінік беру;

  • Адамның жан дүниесінің ерекшеліктері арқылы руханилыққа құштарлық, ізгілікке ұмтылушылық қасиеттерін дамыту;

  • Мейірімділік, адалдық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Адам өмірінің үш бастауы» (Үзінді) оқу.

  • Мәтінде адам өмірі қандай жағдайлармен тығыз байланыстырылады?

  • Адам өмірінің бақыты үш бастаудың сапаларының үйлесімділігіне байланысты болуы мүмкін бе?

  • Аталған бастаулар келешек ұрпақ тағдыры үшін неліктен маңызды болған?

  • Адамның рухани баюына қандай қасиеттер себеп болады?

  • Өздерің Шәкәрім бойындағы қандай қасиеттерді үлгі тұтасыңдар?

Досым Омаров

3. Дәйексөз :

«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме»

Абай

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы Тамыр туралы

Бір орманның жанындағы өзеннің жиегінде ағаштар өсетін еді,

олар күшті және биік өсуге және әдемі гүлдері мен қалың

жапырақты болулары үшін бар күштерін жұмсайтын.Әлбетте,

олардың тамырды дамытуға күштері қалмады, олар үшін биіктік

пен сұлулық маңыздырақ болып көрінді…
Сол өздерінің биіктігімен және үлкен гүлдерімен тамсандырған

ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы өсетін-ді.
Ол бар күшін тамырға жұмсады.Барлығы оның үлкен әрі әдемі

гүлдері, алып бойы болмағандықтан, мазақ етіп күлетін.
«Лавр! Сен бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге

қарасаңшы. Бізді бәрі үлкен жапырақтарымыз, хош иісті гүлдеріміз, биіктігіміз үшін мақтайды».
Ал лавр болса былай жауап беретін:
«Мен одан да өз күшімді тамырыма жұмсаймын: өсемін және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін».
Бірақ бәрібір де басқалары оған күлуден жалықпады.
Бірде қатты жел соғып, сол ағаштар тамырлары әлсіз болғандықтан кұлап қалды. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалқаны болмаса, аман қалды.
Сол кезде ғана, басқалары қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы, жүрегіміздегі, жан-дүниеміздегі күшіміз сақтап қалатынын түсінді.




5.Шығармашылық жұмыс: 1-тапсырма.

  • Ар – ұждан дегеніміз не?

  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Ең жақсы адам кім?

  • Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?

  • Адамның адами қасиеті жаңара ма әлде туа біте ме?


6. Топпен ән айту:

«Өмір өзен»


7.Үй тапсырмасы:

«Менің әкем, халық ұлы - Шәкерім» (Үзінді) оқу.


8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

Әуелі – адам, содан кейін – қоғам. Әуелі – ізгілік, содан кейін – үйлесімділік. Әуелі – руханият, содан кейін – өркениет. Бастапқылары түзелмей, кейінгілері еш уақытта түзелмейді.












































Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Адамның рухани әлемі 28 сабақ

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, адалдық.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні .04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты:Оқушыларға адамның рухани әлемін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

  • Адамның рухани дүниесі туралы түсінік беру;

  • Адамның жан дүниесінің ерекшеліктері арқылы руханилыққа құштарлық, ізгілікке ұмтылушылық қасиеттерін дамыту;

  • Мейірімділік, адалдық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Менің әкем, халық ұлы - Шәкерім» (Үзінді) оқу.

  • Ұлының әкесі жайлы естігенде Шәкәрімнің қандай жақсы, жаңа қырларын таныдыңдар?

  • Ойшыл-ақын Шәкәрімге қолөнердің қандай пайдасы немесе қажеті болды деп ойлайсыңдар?

  • Шәкәрімнің қарапайым кездік соғудың өзінде де сонша ыждахаттық пен ұқыптылық танытуынан нені аңғаруға болады?

  • Мәтіннен Абай мен Шәкәрімнің қандай рухани жақындығын байқадыңдар?

  • Өздеріңнің Абай сияқты қандай рухани жақын адамдарың бар?

Досым Омаров

3. Дәйексөз :

«Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме»

Абай

4 Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1924 жылы Лев Толстойдан «Алты әңгіме» аударған.

Бір патша: «Үш түрлі нәрсені күні бұрын білген адам бақытты болар еді, - деп, - соны тауып берген кісіге көп сый беремін», - деп жариялапты. Ол үшеуі: бірінші - «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы?» Екінші - «Ең керекті кісі кім?» Үшіншісі «Ең керекті іс не?».

Бұл хабармен неше түрлі халық, көп жандар жиылып, әрқайсысы бір сөз айтты. Мысалы, кейбірі: «Күн сайын, жұма, ай сайын қылатын істі күні бұрын реттеп жазып қою керек», - деді. Кейбірі: «Онан түк пайда жоқ. Немене кез боларын қайдан білуге болады? Өйтіп орынсызға әуре болмай, ең керекті іс кез болғанда алды-артын байқап, әбден ойланып іс қылу керек», - деді. Кейбіреулері: «Жалғыз патша қанша ойлағанмен, қате қылуы мүмкін. Ондай іс кез болғанда білімділерді жиып кеңесу керек», - деді.

Патшаның «Ең керекті кісі кім?! дегеніне де әркім әр түрлі сөз айтты. Мысалы, біреулер «уәзір» деді. Біреулер «молдалар», біреулер «доктор», кейбіреуі «солдаттар» деп, әр қайсысы әр түрлі сөйледі. «Ең керекті іс қай іс?» дегеніне де әртүрлі айтылып, кейбірі «оқу» деді, кейбірі «соғыс үйрету», кейбірі «Құдайға құлшылық қылу» деді. Сөз әртүрлі болып, патша ешкімге сый да бере алмады, ойын да шештіре алмады.

Сол қалаға жақын маңайда бір асқан ақылды тақуа адам бар еді, тастың үңгірін үй қылып, уақытымен ғибадатын етіп, ағаш егіп жатушы еді. Біреу ақыл сұраса, дұрыс айтып беруші еді. Бірақ аса сәнді киімділерді жолатпаушы еді. Патша сонан ақыл сұрамақ болып, құба-төбел киініп, жаяу барса, ағаш егетін шұқыр қазып жатыр екен. Ақыл сұрай келген үш сөзін айтып еді, тақуа ханның ол сөзіне жауап қайырмай, алақанына бір түкіріп күрекпен топырағын лақтыра берді. Аздан соң тақуаның шаршағанын біліп:

Күректі маған беріңіз, мен біраз болысайын, - деген соң:

- Рахмет, шырағым! - деп күректі берді де, демін алып отырды. Патша екі шұқыр қазып шаршаған соң, сұрай келген сөзіне жауап сұрап еді, тақуа:

- Сен шаршаған шығарсың, енді мен болысайын, - деп күректі сұраса да бермей, патша тағы екі сағатқа шейін жер қазады. Күн батуға таянып, әбден шаршағанда қолындағы күректі тастады да:

- Ақсақал! Менің сөзіме жауап берілмейтін болса, мен қайтайын, күн кешкіріп қалды, - дегенде, тақуа:

- Ана бір кісі жүгіріп келеді. Соның кім екенін білейік, - деді. Патша қараса  бір қолымен бүйірін басқан бір жаяу. Патшаның алдына келді де, жығылып, өлерше болып жатты. Қараса, бүйірінен қан саулап тұр. Патша жарасын сумен жуып, белбеуімен таңып, азар дегенде қан тыйылды. Аздан соң патша мен тақуа көтеріп үңгірге кіргізіп, төсекке жатқызды. Жаралы тынымдап ұйықтай бастаған соң, патша әрі төтел қазып, әрі қан жуып шаршағандықтан, босағаға сүйеніп тіпті қатты ұйқыға кетті, жаздың қысқа түнінің өткенін де білмей қалды. Күн шыққанда оянып, жаралыға қарап еді, ол да патшаға қарап тұрды да, нашар ғана дауыспен:

- Ей, патша, кешіңіз, - деді.

- Мен сені танымаймын, нені кешейін?

- Сіз менің әкемді өлтіртіп, бар малымды алғансыз. Сол кегімді алуға сіздің қайтқаныңызды тосып жүргенімде, солдаттарыңыз жолығып жаралап кетті. Егер сіз жарамды таңбасаңыз, мен өлі кісі едім. Осыдан жаным қалса, осы жақсылығыңыз үшін сізге өмірімше құл боламын, әм балаларыма да солай бол деп тапсырамын. Бірақ менің өлтірмек болғанымды кешіңіз! - деп жалынды.

Патша өзін өлтірмек болған дұспанымен арыздасқанына қатты қуанып:

- Сен де кеш! Не нәрсеңді алған болсам, бәрін қайырам. Және саған қазір доктор-күтуші жіберіп, қалаға алғызамын, - деді де, тақуаға:

- Менің үш сөзіме не айтасыз? - деп еді, тақуа:

- Үш сөзіңізге де жауап берілді, - деді.

- Ол қалайша? - дегенде, тақуа айтты:

- Егер сен менің шаршағанымды біліп, маған болыспасаң, ерте қайтар едің де, мынау сені өлтіретін еді. Сондықтан ең жақсы мезгілін тауып істеген ісің - маған болысқан кезің. Онда саған ең керек кісі мен болдым. Онан соңғы ең керекті уақыт, ең керекті іс - мына жаралының жарасын байлап, қанын тыйған уақытың болды. Неге десең, сен үйтіп жәрдем қылмасаң, тірі қалса сенен кек алмай қоймайтын еді. Сондықтан ол кездегі ең жақсы іс - жарасын байлаған болып, ең керекті кісі - осы жаралы болды. Және ең керекті уақыт - осы уақыт. Неге десең, бәріміздің де қолымыз бос, ерік өзімізде. Қазір ең керек кісі - осы дұспаның болды. Неге десең, мұның жазылар, жазылмасы әзір неғайбіл. Егер жазылса, бұл-дағы біреуге жақсылық қылғанды жанындай жақсы көрер еді. Ең керек іс - қазір осыған қылған жақсылығың, неге десең, адамның мойнындағы шын міндеті - біреуге жәрдем ету еді...

Адамшылық іздесең, бұл жолға түс.

Алдау қылма біреуге, қиянат-күш!

Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа,

Ар-ынсаптың сүйгені - таза жұмыс!




5.Шығармашылық жұмыс: 4-тапсырма.

«Менің рухани бейнем» тақырыбында шағын жазбаша ой қорытынды жасаңдар.


6. Топпен ән айту:

«Өмір өзен»


7.Үй тапсырмасы:

«Бірден – бір сұлулық» Аңыз оқу.


8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

Әуелі – адам, содан кейін – қоғам. Әуелі – ізгілік, содан кейін – үйлесімділік. Әуелі – руханият, содан кейін – өркениет. Бастапқылары түзелмей, кейінгілері еш уақытта түзелмейді.








Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Адам жасампаздығы 29 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат, мейірімділік.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні .04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «жасампаз», «жасампаздық» ұғымын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыға «шабыт», «сұлулық», «үйлесімділік» ұғымдарын тіршіліктің біртұтастығы арқылыжасампаздықпен байланыстыра отырып түсіндіру;

  • Өзара және айналамен мейірімді қарым-қатынас жасау қасиеттерін дамыту;

  • Сыйластыққа, мейірімділікке, ішкі үйлесімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексер:

«Бірден-бір сұлулық» аңызын оқу.

  • Баланың ешкімге, ешнәрсеге ұқсамайтын сыйлық жасағысы келуінің себебі неде?

  • Данышпанның балаға берген ақылынан қандай жасампаздықты көріп тұрсыңдар?

  • Егер бала данышпанның ақылын тыңдап, соны орындаса

жасампаз бола ала ма?

  • Адамның жасампаздығы ізгілікке бағытталғанда әлем қандай болады деп ойлайсыңдар?

  • Өзің әлемді өзгерту үшін қандай жасампаздықтар жасайтын едің?


3. Дәйексөз :

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

Абай

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Тәрбие туралы

Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады. Сонсоң «мен өзім бірсыпыра елді билеп тұрмын, білімім артық, маған не кемшілік бар» дейді. Сүйтіп отырғанда көшеден айқай шығады.
Бір уәзір келеді де: «Бір нәрсе көрдім не екенін білмеймін, соны, патшам, сізге көрсетуге келе жатырмын»,— деді. Патша далаға шығып қараса, заулап жанып бір от бара жатқанын көреді. Уәзірге: «Менің дүлдүлімді әкел»,— дейді. Уәзір дүлдүлді әкелді. Оған мінеді де тұра қуады. Қуады да шаһардан екі шақырым шыққаннан кейін жетеді. Жетіп келіп қараса, жүні сусылдаған алтын киік. Әлгі жарқыраған сол киік болып шыққан.
Киік бір батпаққа қабырғасынан батып жатқан. Патша «енді бұған барсам ат жығылады, киімім былғанады» деп, барша киімін сыпырып тастап жаяу, жалаңаш киікті ұстауға қасына келеді. Патша қасына келгенде санынан батпаққа батады. Киік сілкініп-сілкініп қойып еді, айдары беліне түскен ақ жігіт болды. Сонсоң патшаның киімін киіп атын (дүлдүлін) мініп, «қош, патша» деп, шаһарға қарай жүріп кетеді. Хан (патша) батпақтан бір мезгілде шығып шаһарға келіп еді, балалар тас лақтырып қуып шаһарға жуытпай тастады, «жалаңаш жүрген жынды кісісің» деп, сонан кейін «бүйтіп тірі жүргенше суға ағып өлейін» деп өзен шетіне келсе, судың жағасында бір кемпір-шал отырады. Патша келісімен «суға түсіп өлем» дейді. Шал «өлме» дейді. «Өлмей қайтем, киімім жоқ, тамақ жоқ». Сонсоң кемпір-шал бір ескі көйлегі мен кішкене нан береді. Шал: «Сен бүйтіп жүрме, қалаға барып қайыр тіле»,— дейді. Мойнына бір дорба салып алады да шаһарға келеді. Садақа сұрап төрт-бес күндік тамақ тауып алады. Патша бір мезгілде «үйіме барып көрейін, шын бар ма екен, қатын-балаларымды, уәзірлерді көрейін, мені таныр ма екен» деп келеді. Келіп ханға «Ассалаумағалейкүм!» деп, «қайыр-садақа» деп, уәзірлерді қағып тастап, тура ентелеп ханның алдына барады. «Сен кімсің, кай жердің кісісісің»,— дейді хан. Сонда «осы шаһардікімін» дейді. Шаһардікі болсаң қай рудан таралдың, атың-жөнің бәрін шапшаң айт»,— деп сұрады. Көрген-білгенін тегіс баян етеді. Сонсоң бір уәзірін шақырады да: «Мынаны жеті қайта боз биенің сүтіне шомылдырып алып келіп бер»,— дейді. Жеті қайта шомылдырып, ханның алдына әкеліп бергеннен кейін, мүсәпірдің қолынан ұстайды. «Кітаптың бетін ашқаның рас па?»— деді. Ол «рас» деп жауап қайырады. «Бұдан былай көңіліңе астамшылық ойлама!»— дейді де: «Міне тағың, міне жұртың, міне уәзірің, міне елің, мен Жәбірейіл періштемін»,— деп, тағын өзіне беріп жоқ болады.


5.Шығармашылық жұмыс:

3-тапсырма. Өнер туындысын қарап, жан мен тән сұлулығының үйлесімі туралы әңгімелеп беріңдер.

116-бет

6. Топпен ән айту: «Жақсы адамдар»


7.Үй тапсырмасы:

«Брюссель трамвайында»

Джон Максвелл Кутзее

8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

«Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы, немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан немесе ғарышқа ұшумен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат, әйтпесе бәрі де апат болар еді... Тіпті, егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.» демекші бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Ілияс Есенберлин




Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Адам жасампаздығы 30 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат, мейірімділік.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні .04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «жасампаз», «жасампаздық» ұғымын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыға «шабыт», «сұлулық», «үйлесімділік» ұғымдарын тіршіліктің біртұтастығы арқылыжасампаздықпен байланыстыра отырып түсіндіру;

  • Өзара және айналамен мейірімді қарым-қатынас жасау қасиеттерін дамыту;

  • Сыйластыққа, мейірімділікке, ішкі үйлесімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет..


2. Үй тапсырмасын тексер:

«Брюссель трамвайында» оқу.

  • Мәтінді оқығанда қандай сезімде, ойда болдың?

  • Трамвай кондукторының жұмысына осындай қатынасының себебі неде деп ойлайсың?

  • Трамвай кондукторының айнала қоршаған ортаға деген қатынасын адам жасампаздығы деуге бола ма?

  • Трамвай кондукторын жасампаз етіп тұрған не деп ойлайсыңдар?

  • Мәтіндегі автордың «Қалай ғана бір адам көп нәрсе жасай алады» деген ойын қалай түсінесіңдер?


3. Дәйексөз :

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

Абай

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

«Білу және түсіну» өсиет әңгіме

Үкі бәрін, тіпті одан да көп білетін. Оны ешнәрсемен таң қалдыруға болмайтын. Кез-келген жаңалықты ол құлықсыз тыңдап, үнемі былай дейтін:
— Мұның бәрін мен осыдан жиырма жыл бұрын білгем.
— Сен білесің бе?.. деп біреулер сұрайтын.
— Баяғыдан білемін, басқа жаңа бір нәрсе айтпайсың ба, — деп жауап қатушы еді.
Тіпті керемет оқымыстылардың өзі, Үкі оларға сұрақ қойғанда өздерін ақымақ сезінетін.
— Сен білесің бе, -деп сұрайтын олардан үкі.
— Нені?
— Ештеңені де білмейсің, біле де алмайсың, тіпті сенімен сөйлесудің қажеті де жоқ, — деп жауап беретін-ді.
Содан бір күні Үкі орманда ештеңе білмейтін тышқанның баласы өмір сүретінін естіпті.
— Мынау не деген жаңалық – деп Үкі алғаш рет таң қалыпты. – Мұны тіпті мен де білмедім.
Үкі сол ерекше тышқанды көрмекші болады. Оны ұзақ іздейді. Көптеген тышқанның балаларын аулап жүріп, әрең дегенде өз інінің жанынан дым білмес тышқанды кездестіреді. Ол тышқанның баласын ұстап алмақшы болады, бірақ ол зып беріп ініне кіріп кетеді.
— Бұл әлемде не бар не жоғынан хабарсыз дым білмес сенбісің? – деп сұрайды Үкі.
— Білмеймін! – деп жауап береді тышқанның баласы.
— Бірақ сен Үкілердің тышқандарды жейтінін білесің ғой?
— Білген жоқпын! – дейді тышқанның баласы.
— Онда менен неге жасырындың?
— Сен мені жеп қоймас үшін, — дейді тышқан баласы.
— Яғни, сен бірдеңе болса да, білесің! – дейді көңілі қалған Үкі. – Алдама мені.
— Мен тек бірнәрсені түсінемін! – дейді тышқан баласы.
— Олай болуы мүмкін бе?! – деп таң қалды Үкі.
— Бәрін білуің, бірақ ештеңе түсінбеуің мүмкін! – деп жауап қатады Тышқан баласы. Солай дейді де, ініне кіріп кетеді.
— Мен бәрібір сені ұстаймын! – деді Үкі. – Сен маған бәрін түсіндіресің, көкми.
Содан бері Үкі ағаштың қуысына отырып алып күн ұзағына ойға шоматын көрінеді. Әрі ойланады, бері ойланады, бірақ Тышқан баласының сөздерін түсіне алмайды. Сәл қараңғы түссе болды, Үкі тышқанды аулауға шығады, ал ол болса, жет қат жердің астына кіріп кеткендей жоғалады.
Осылайша оның аулаған тышқандарына сан жептейді, бірақ одан еш пайда болмады. Олардың шиқылынан басқа ештеңе ести алмады. Содан бері Үкі қараңғы түссе болды, «Ух-ух-ух!» деп терең күрсінетін көрінеді.


5.Шығармашылық жұмыс:

6-тапсырма. «Адам жасампаздығы - ізгілігінде» тақырыбында эссе жазамыз.

116-бет

6. Топпен ән айту: «Жақсы адамдар»


7.Үй тапсырмасы:

«Жас дәурен хикаялары» (Үзінді) оқу.

Джон Максвелл Кутзее

8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

«Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы, немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан немесе ғарышқа ұшумен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат, әйтпесе бәрі де апат болар еді... Тіпті, егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.» демекші бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Ілияс Есенберлин
















Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік жолындағы өмір 31 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат, мейірімділік.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні .04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

  • Сүйіспеншіліктің адам өмініндегі қажеттілігін ұғындыру;

  • Ойы, сөзі, әрекеттерін ізгіліке бағыттай алу білігін дамыту;

  • Ризашылықпен риясыз қызмет етуге тәрбиелеу;

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексер:

«Жас дәурен хикаялары» оқу.

  • Мәтінде ана махаббатын қалай суреттеген?

  • Бала анасына махаббатын қалай білдірді?

  • Өздерің аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

  • Ата-ананың алдындағы перзенттік парызды қалай өтеуге болады?

122-бет

3. Дәйексөз : «...Махаббатсыз дүние бос.»

Абай

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы «Жер ана»

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімдіәрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді. Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азап пен ойнастықтан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды. Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін. 


5.Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма.Жаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

116-бет

6. Топпен ән айту: «Анашым»


7.Үй тапсырмасы:

3-тапсырма. Өнер туындысын қарап, бесік жыры мен әлемнің үйлесімділігі туралы ой толғау жазыңдар .

Джон Максвелл Кутзее

8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

Сүйіспеншілік дегеніміз – ол қарапайым эмоция, тілек немесе құштарлық емес. Сүйіспеншілік – ол айналаны өзгертуге қабілетті, күшті қуат, бұл қуат – жасампаз және өмірдің тірегі.

Көптеген физик, биолог, дәрігер, психолог ғалымдарының пікірі бойынша, сүйіспеншілік қуатты – адам өмірінің барлық сферасына ғажайып ықпал етеді.

Ілияс Есенберлин







Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік жолындағы өмір 32 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат, мейірімділік.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні .04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау.

Міндеттері:

  • Сүйіспеншіліктің адам өмініндегі қажеттілігін ұғындыру;

  • Ойы, сөзі, әрекеттерін ізгіліке бағыттай алу білігін дамыту;

  • Ризашылықпен риясыз қызмет етуге тәрбиелеу;


Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осынұрбүкіләлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексер:

3-тапсырма. Өнер туындысын қарап, бесік жыры мен әлемнің үйлесімділігі туралы ой толғау жазыңдар

116-бет

3. Дәйексөз :

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

Абай

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы Домалақ ана, Шайхы Мизамбекқызы Нұрила (1378, Түркістан - 28.05.1456, қазіргі Бәйдібек ауданы аумағы, Балабөген өзені) – есімі ел ұранына айналған абызаналардың бірі. 6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек бидің үшінші әйелі, АлбанСуанДулаттың анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі.Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлыЖетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйісхан қайтысболып,әкетағынаұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады.Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана»«Домалақ ене» деп атап кетіпті. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.


5.Шығармашылық жұмыс:

6-тапсырма. Сөйлемдерді өз ойларыңмен аяқтап жазыңдар.

127-бет

6. Топпен ән айту: «Жақсы адамдар»


7.Үй тапсырмасы:

«Мейірімді және ілтипатты бол!» (Аңыз) оқу.

Джон Максвелл Кутзее

8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

Сүйіспеншілік дегеніміз – ол қарапайым эмоция, тілек немесе құштарлық емес. Сүйіспеншілік – ол айналаны өзгертуге қабілетті, күшті қуат, бұл қуат – жасампаз және өмірдің тірегі.

Көптеген физик, биолог, дәрігер, психолог ғалымдарының пікірі бойынша, сүйіспеншілік қуатты – адам өмірінің барлық сферасына ғажайып ықпал етеді.

Ілияс Есенберлин




Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Әсемдік әлемінде 33 сабақ

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: жақсы ой, сыйласттық , құрметтеу.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні .04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірлік бағдар ретінде ұғындыра отырып, оның өмірдегі үйлесімділіктің, әсемдіктің, бақыттың негізі екенін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Өмірдегі үйлесімділік пен бақыттың мәнін жалпы адамзаттық құндылықтармен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Жақсы ой, жақсы сөз, жақсы іс жасауға дағдыландыру;

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтеуге, сыйласттыққа, ақкөңілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осынұрбүкіләлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексер:

«Мейірімді және ілтипатты бол!» оқу.

  • Мәтіндегі ұстаздың «Айналаңа мейірімді, кішпейіл және ілтипатты бол» деген ойымен келісесің бе?

  • Осы ұстаз айтқан қасиеттердің сендерді жеңіске жеткіз-етініне көздерің жетте ме?

  • Жігітке ұстаздың ақылын ұғуға кім (не) сабақ болды деп ойлайсың?

  • Өздеріңе таңдау берсе, ұстазға нені үйрет деп өтінер едіңдер?


3. Дәйексөз :

«Мен өз өмірім мен ойымды бүкіл әлем біріншісін көріп, екіншісін естіп тұрғандай басқарамын.»

Сенека

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.  Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға  бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. 2011 жылы Алматы қаласындағы №1 мектеп-гимназияға қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.  Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде. Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген. Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Ұстаз болу - мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның асылдығы. Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек. Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.


5.Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма. «Дұрыс әрекет жасаймыз» тақырыбында сахналау.

129-бет

6. Топпен ән айту: «Жақсы адамдар»


7.Үй тапсырмасы:

«Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінен»

Ел аузынан

8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

Адамның таза ақылы, ақ жүрегі, мейірімі, ынтасы басын қосса, адам баласы дұрыс өмір сүрмек. Бұл қасиеттер біріксе, өзімшілдік, мансапқорлық, мақтаншақ, өтірік, зорлық, мейірімсіздік, қара ниеттілік деген қылықтарға орын қалмайды. Бұл қашан болады дегенде, адамзат баласының санасы өсіп, дамып келеді. Аң заман, ағаш заман, тас заманнан өтіп, бүгінгі қоғам қандай өскен болса, ертеңгі болашақ бүгінгіден де жарқын болады. Адам санасы өскен сайын таза адамдар көбейеді, жаман әдет қала береді, әділет үстемдік алады.

Шәкәрім











































Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Әсемдік әлемінде 34 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат, мейірімділік.

Мұғалім: Джамбулова Б.А күні .04.18ж 7 «А» сынып

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «жасампаз», «жасампаздық» ұғымын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыға «шабыт», «сұлулық», «үйлесімділік» ұғымдарын тіршіліктің біртұтастығы арқылыжасампаздықпен байланыстыра отырып түсіндіру;

  • Өзара және айналамен мейірімді қарым-қатынас жасау қасиеттерін дамыту;

  • Сыйластыққа, мейірімділікке, ішкі үйлесімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа ,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,5 Т ережесін еске салу

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзуұстаңыздар.Аяқ-қолыңыздыайқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осынұрбүкіл әлемге:барлықадамдарға,жанжануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2. Үй тапсырмасын тексер:

«Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінен » оқу.

  • Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінен өзіңе қайсысы ұнады?

  • Мәтіндегі «Кімге ақыл-насихат айтсаң, алдымен өзің жүзеге асыр» деген ойды қалай түсінесің?

  • Ұстаз неліктен «Істеген жақсылығыңды міндет қылмай естен шығар!» деп өсиет еткен?

Ел аузынан

3. Дәйексөз :

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.

4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Бір әйел ана атанады. Егіз ұл-қыз табады. Сол екі баласына сүйсініп қарап, көңілі толып отырған сәтте, кенет үйге күннің сәулесі өтпес бір қара көлеңке кіреді. Жүрегі дір ете қалған ана алдында Ажалдың тұрғанын көріпті. - Иә, мейірбан ана, сіз үшін келдім бұл үйге. Әйелдік борышыңды өтедің, бұл дүниеге екі жанды әкелдің, - дейді ажал. Ана бұл сөзге көнбеді. - Ажал, маған әлі ерте. Сен күте тұр. Ұлымның ержеткенін, қызымның бойжеткенін білейін. Олардың өзім секілді бала сүйгенін өз көзіммен көрейін. Соның бәрін көрген соң, немеремді сүйген соң, ала бер мені, - дейді. - Жоқ, мейірімді ана, сенің жаның дәл қазір керек маған. Неғұрлым тез алсаң, адам жаны сонша тәтті болады, – деп айтқанынан қайтпапты Ажал. Әлі де көндіруге тырысайын деп ойлаған ана: - Онда біз келісейік, ажал. Менің осы көремін деп отырған нәрселерімнен айнытып көр. Тек солар үшін өмір сүрудің еш қажеті жоғын дәлелдеп көрсет маған. Сосын барып мен бұл өмірден қажыған кезімде, өзім сенен өлімді сұрағанда мені алып кет, - депті. Ажал көп ойланып, ақыры тәуекелге бел буып, келісімін беріпті: - Болсын! Мейірімді ана, қабыл алдым тілегіңді. Тірі қалғанына, сонау ажалды көндіргеніне мәз болған ана балалардың бетінен мейірлене сүйіп қояды. Ал Ажал алда болар Анамен болған уәдесін ойлап, көтеріңкі көңілмен өз ауылына қайтыпты. Сөйтіп, байқұс ананың қайғы мен қасіретке толы өмірі басталады. Баласының істеген бірінші опасыздығына, жарының арақ ішіп мас болғанынан, айналасындағы адамдардың надандығына, көршінің қызғанышына, бәрі-бәріне де шыдады. Мұқалмады, майыспады. Бұл өмірден шаршаса да, жығылмады. Балаларым жетім болмасын, жұрт алдында асқақ жүрсін, қайда жүрсе де, қандай азапқа жолықса да артымда мені күткен анам бар деп жүрсін деді...

Абай

5.Шығармашылық жұмыс:

4-тапсырма. «Лұқман хакімнің ұлына айтқан өсиеттерінен » басшылыққа алып, жыл бойы үйренгендеріңді естеріңе түсіріп жазыңдар.

116-бе

6. Топпен ән айту: «Жақсы адамдар»


7.Үй тапсырмасы:

Аңыз әңгімелер оқу.


8.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәті:

«Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы, немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан немесе ғарышқа ұшумен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін – махаббат, әйтпесе бәрі де апат болар еді... Тіпті, егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да – бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса – ол тез арада жойылар еді.» демекші бүгінгі сабағымыз аяқталды.














































Қырық қыз" туралы аңыз...       Оңтүстiк Қазақстан облысының таулы аймақтарындағы бұрынғы орман шаруашылықтарының жерлерi бұл күнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына ауыстырылып, Сайрам – Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi болып құрылған. Саябақ аумағы Қаратау жоталарының Боралдай шоқыларынан басталып, Құлан, Шақпақ, Иiрсу, Дәубаба, Өгем, Қаржантау сияқты табиғатымыздың әсем аймақтарымен ұласады. Өгем – Тәңiртаудың iрi сiлемдерiнiң бiрi. Оның бөктерiнде сарқырап өзен ағып жатыр. Екпiнi сондай қатты. Кей тұстарда тiптi аттылы кiсiнiң өзiн аунатып, ағызып әкетердей буырқанады. Алайда, бұл сыртқы көрiнiсi ғана. Ал, шындығына келгенде, ол сонау мұзарт шыңдардан бастау алып, мыңдаған бұлақтың суынан құралып, алуан-түрлi минералдар мен дәрiлiк шөптердi шайқап есiп, шымырлап ағып жатқан шипалы, дәру, емдiк қасиетi мол өзен.       Өгем шатқалына  түсетiн жол қиын. Бiр жағы  – жар, бiр жағы – құз. Осы шатқалдан төмен түссеңіз, бiр топ адамға ұқсап көрiнген ұзын-ұзын тастарға қарап таңғаласыз. Расында да, ғажап көрініс! Алыстан қарағанда, бүрме көйлегiнiң етегi желбiреп тауға қарай келе жатқан қайсар қыздарға ұқсайтын үлкен тас ескерткiштердi ұлы табиғат шебердiң өзi ғасырлар бойы сомдап, қылта-қылтадағы жартастардан қашап жасаған сияқты. Бiрiнен бiрi ұзақ емес екi-үш қылтадан бойын созып, топ-топ болып көрiнген «Қырық қыз» – таңқаларлық құбылыс.         Ел аузында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан көне аңыз ол туралы былай деп сыр шертедi: «Ерте, ерте, ертеде, бәлкiм, Ер Төстiктiң заманында болар, осы өңiрде бiр байдың қызы бойжетiп, бесiкте жатқанда атастырылып қойған жiгiтiне ұзатылатын күн де келiп жетедi. Құда-құдағилар той жабдығын дайындап, мәре-сәре боп қуанып жатады. Сұлу қыз, серi жiгiттер қосылып ән шырқап, балуандар белдесiп, шабандоздар көкпар тартып, ұлан-асыр жиынның көрiгiн қыздырады. Әне, күйеу жiгiт те келiп қалды деген қуанышты хабар жетедi бiр кезде. Мұны естiген ауыл қыздары топ-топ болып, бөркiне таққан үкiлерi желбiреп, етегi жер сызған бүрме көйлектерiн жел толқытып, болашақ жездесiнiң алдынан шықпай ма, керiлiп…      Кенет бiр қиырдан шаң көтерiлiп, жантүршiгерлiк айқай естiледi. «Жау... Жау шаптыы...». Қалың ел аяқ астынан дүрлiгiп, қолына қару ұстауға жарайтын ер-азаматтың барлығы атқа қонып жатады. Бiрақ, тұтқиылдан тап берген жау олардың басын бiрiктiрмей, тоз-тоз етiп, қанға бөктiрiп, қынадай қырып салады…        Әне, сол кезде күйеу жiгiттi күтiп аламыз деп топ-топ болып шыққан сұлу қыздар шың басында жылап, еңiреп тұрып: «О, Жаратқан ием, жерiмiз отқа оранды, елiмiз күлге айналды. Ендi бiздi жау қорлығынан құтқарып, тасқа айналдырып жiбере гөр...» деп зарлап, құдайға жалбарынған екен…     Ежелгi аңыз осылай деп егiледi. Осылай деп күңiренедi.Қалай болғанда да, «Қырық қыз» аңызында сонау бiр зұлмат заманның өкiнiшi, мұңы, қайғысы күзгi жауыннан кейiнгi қақ суындай мөлтiлдеп, тұнып жатқан секiлдi.        Бұл аңызда «Ер төстіктің» заманында болса керек, деген пікір аңыздың ертегімен араласып кеткендігінен хабар береді. Осы сияқты фантастикаға құрылған «Тас бол» деп аталатын кинотуынды  барлығымызға таныс, онда Тасбол деген қатігездің Ерназар шалдың тоғыз ұлын өзіне бағындырып, қарсы шыққандарды тасқа айналдырып отырған қаскөйді соңында ең кенже баласы Ертөстіктің жеңіп, Тасболдың өзін тасқа айналдырғаны, қазақша ертегінің озық экрандатылған туындысы деп білеміз. Мұнда тасқа айналу оқиғасы ұшырасады.         Аталмыш оқиғаға байланысы жер-жерде өзіндік аңыз әңгімелер бар. «Қырық қыз» -  Ұлытау ауданы, Егінді аулының оңтүстік шығысында орналасқан күмбез. Қара тастан киюластырып қаланған. Есігі күншығысқа қаратылған. Оның айналасында көптеген мүрде жатыр. Жергілікті тұрғындар мұны тек күмбезбен бірге қосып, «Қырык қыз қорымы» деп атайды. Күмбез бен оның айналасындағы мүрделердің қай заманда тұрғызылғаны жайында дерек жок. Тек «Қырық қызға» байланысты ел аузында қалған аңыз әңгіме ғана бар. Соның бірінде: «Қалмақтардың кезекті бір шабуылында қолға түскен қазақ қызын калмақ қонтайшысының әйелдікке алғаны, арада көп жыл өтсе де ел-жұртын, ата-анасын ұмыта алмай зарыққан қазақ қызының ел-жұртына көмектесуді ойлағаны, ойын қызына айтып, нағашы жұртына барып, қонтайшының қашан, кай жерден шабуыл жасайтынын ескертіп тұруын өтінуі. Қыз анасының өтінішін бірнеше рет орындағаны, артынан аңдушы жіберген қонтайшы өз қызының «жауға» хабар беріп жүргенін біліп, қайтып келе жатқан жолында алдынан әскер жіберіп, қырғызып тастағаны» жайында айтылады.         Менің  «Қырық қыз» аңызына байланысты өз көзіммен көрген тағы бір білетінім: бұл аңыздың бір ұшы Оңтүстік өңіріндегі Қасқасу елді мекенінде жатыр. Мұндағы  ақ бураның алып өркешіндей қатар-қатар  тау боп үйілген тастарына қарап, есіңіз шығып тамсанасыз-ау келіп. Қолыңызға сол таудың үгіндісін алсаңыз, оның басқа тастардан мүлдем бөлекше екенін байқайсыз,  құдды ақ құмды ақ сүтке илеп қатырғандай. Енді басқа арнаға назар салсаңыз, мүйізі қайырылған  қошқардай жерге жайғасқан тасты тамашалай тұрып, анықтап зер салсаңыз сол қошқар итке де ұқсап кететіндей бір күй кешесіз. Жиектерінде теңіз түбіндегі сандықтан шыққан түрлі-түсті реңкі бар әр түрлі  тастар кездеседі. Сонымен қатар, қап-қара боп сумен ағып жатқан майға ұқсас зат бар, мүмкін, бұл жерде мұнай бар шығар деген ойға қаласың. Бұл әулиелі жердің шырақшы «Қырық қыз» оқиғасының екі нұсқасын біледі екен, оның айтуынша: «Өткен заманда бір байдың жалғыз қызы ұзатылып, қасына қырық нөкерімен қоса қырық қыз қосылып, жігіт аулына жолға шыққан екен. Қыздың жүктері өркеш-өркеш түйелерге тиеліп, жолаушылар жол бойы ән айтып керемет көңіл күймен келе жатса керек. Кенет, олардың алдынан қалмақтың қанішер қоңтайшысы шығып, қыз нөкерлерін тас талқан қылып жауыздықпен қырып салып, қыздарды күңдікке алмақ болғанда, қырық қыз құдайдан:  «Е құдай бар болсаң, бізді мына итке қор қылғанша тас қып қатыр»,- деп жалынған екен. Сол кезде құдай олардың тілегін қабыл етіп, қырық қызды түйелерімен бірге тас мүсін етіп,  қаһарлы қоңтайшыны ит кейпіндегі тасқа, жау әскерін  қарқылдаған қарғаларға айналдырып жіберген екен. Сондықтан, бұл әулиелі жерде ауа райы бұзылған шақтарда қара қарғалар «Қырық қыздың»  басында айналшықтап ұшып жүреді екен.         Осы ауылдың қарттарының  айтуынша, бұдан жарты ғасыр бұрын, яғни олардың бала шағында «Қырық қыз» мүсіні айқын, киіз үйлердің ішіндегідей түрлі түсті тас  кәмпиттер, бауырсақтарды көруге болатын екен. Қазірдің өзінде бұл жердегі түрлі көлемдегі адам дене мүшелеріне ұқсас тастарды кездестіруге болады. Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс! 

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/5210/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз



Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.  Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға  бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. 2011 жылы Алматы қаласындағы №1 мектеп-гимназияға қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.  Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде. Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген. Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Ұстаз болу - мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның асылдығы. Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек. Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22253/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз



Домалақ ана, Шайхы Мизамбекқызы Нұрила (1378, Түркістан - 28.05.1456, қазіргі Бәйдібек ауданы аумағы, Балабөген өзені) – есімі ел ұранына айналған абызаналардың бірі. 6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек бидің үшінші әйелі, АлбанСуанДулаттың анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі.

Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлыЖетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады.

Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана»«Домалақ ене» деп атап кетіпті.

Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.



«Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ.

Жер ана туралы мысал

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады. 

 

Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.
Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

 

Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.


Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді. 


 Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азап пен ойнастықтан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.


 Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін. 

 

 

 



Бір әйел ана атанады. Егіз ұл-қыз табады. Сол екі баласына сүйсініп қарап, көңілі толып отырған сәтте, кенет үйге күннің сәулесі өтпес бір қара көлеңке кіреді. Жүрегі дір ете қалған ана алдында Ажалдың тұрғанын көріпті. - Иә, мейірбан ана, сіз үшін келдім бұл үйге. Әйелдік борышыңды өтедің, бұл дүниеге екі жанды әкелдің, - дейді ажал. Ана бұл сөзге көнбеді. - Ажал, маған әлі ерте. Сен күте тұр. Ұлымның ержеткенін, қызымның бойжеткенін білейін. Олардың өзім секілді бала сүйгенін өз көзіммен көрейін. Соның бәрін көрген соң, немеремді сүйген соң, ала бер мені, - дейді. - Жоқ, мейірімді ана, сенің жаның дәл қазір керек маған. Неғұрлым тез алсаң, адам жаны сонша тәтті болады, – деп айтқанынан қайтпапты Ажал. Әлі де көндіруге тырысайын деп ойлаған ана: - Онда біз келісейік, ажал. Менің осы көремін деп отырған нәрселерімнен айнытып көр. Тек солар үшін өмір сүрудің еш қажеті жоғын дәлелдеп көрсет маған. Сосын барып мен бұл өмірден қажыған кезімде, өзім сенен өлімді сұрағанда мені алып кет, - депті. Ажал көп ойланып, ақыры тәуекелге бел буып, келісімін беріпті: - Болсын! Мейірімді ана, қабыл алдым тілегіңді. Тірі қалғанына, сонау ажалды көндіргеніне мәз болған ана балалардың бетінен мейірлене сүйіп қояды. Ал Ажал алда болар Анамен болған уәдесін ойлап, көтеріңкі көңілмен өз ауылына қайтыпты. Сөйтіп, байқұс ананың қайғы мен қасіретке толы өмірі басталады. Баласының істеген бірінші опасыздығына, жарының арақ ішіп мас болғанынан, айналасындағы адамдардың надандығына, көршінің қызғанышына, бәрі-бәріне де шыдады. Мұқалмады, майыспады. Бұл өмірден шаршаса да, жығылмады. Балаларым жетім болмасын, жұрт алдында асқақ жүрсін, қайда жүрсе де, қандай азапқа жолықса да артымда мені күткен анам бар деп жүрсін деді...

Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/10572/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз









«Білу және түсіну» өсиет әңгіме

Үкі бәрін, тіпті одан да көп білетін. Оны ешнәрсемен таң қалдыруға болмайтын. Кез-келген жаңалықты ол құлықсыз тыңдап, үнемі былай дейтін:
— Мұның бәрін мен осыдан жиырма жыл бұрын білгем.
— Сен білесің бе?.. деп біреулер сұрайтын.
— Баяғыдан білемін, басқа жаңа бір нәрсе айтпайсың ба, — деп жауап қатушы еді.
Тіпті керемет оқымыстылардың өзі, Үкі оларға сұрақ қойғанда өздерін ақымақ сезінетін.
— Сен білесің бе, -деп сұрайтын олардан үкі.
— Нені?
— Ештеңені де білмейсің, біле де алмайсың, тіпті сенімен сөйлесудің қажеті де жоқ, — деп жауап беретін-ді.
Содан бір күні Үкі орманда ештеңе білмейтін тышқанның баласы өмір сүретінін естіпті.
— Мынау не деген жаңалық – деп Үкі алғаш рет таң қалыпты. – Мұны тіпті мен де білмедім.
Үкі сол ерекше тышқанды көрмекші болады. Оны ұзақ іздейді. Көптеген тышқанның балаларын аулап жүріп, әрең дегенде өз інінің жанынан дым білмес тышқанды кездестіреді. Ол тышқанның баласын ұстап алмақшы болады, бірақ ол зып беріп ініне кіріп кетеді.
— Бұл әлемде не бар не жоғынан хабарсыз дым білмес сенбісің? – деп сұрайды Үкі.
— Білмеймін! – деп жауап береді тышқанның баласы.
— Бірақ сен Үкілердің тышқандарды жейтінін білесің ғой?
— Білген жоқпын! – дейді тышқанның баласы.
— Онда менен неге жасырындың?
— Сен мені жеп қоймас үшін, — дейді тышқан баласы.
— Яғни, сен бірдеңе болса да, білесің! – дейді көңілі қалған Үкі. – Алдама мені.
— Мен тек бірнәрсені түсінемін! – дейді тышқан баласы.
— Олай болуы мүмкін бе?! – деп таң қалды Үкі.
— Бәрін білуің, бірақ ештеңе түсінбеуің мүмкін! – деп жауап қатады Тышқан баласы. Солай дейді де, ініне кіріп кетеді.
— Мен бәрібір сені ұстаймын! – деді Үкі. – Сен маған бәрін түсіндіресің, көкми.
Содан бері Үкі ағаштың қуысына отырып алып күн ұзағына ойға шоматын көрінеді. Әрі ойланады, бері ойланады, бірақ Тышқан баласының сөздерін түсіне алмайды. Сәл қараңғы түссе болды, Үкі тышқанды аулауға шығады, ал ол болса, жет қат жердің астына кіріп кеткендей жоғалады.
Осылайша оның аулаған тышқандарына сан жептейді, бірақ одан еш пайда болмады. Олардың шиқылынан басқа ештеңе ести алмады. Содан бері Үкі қараңғы түссе болды, «Ух-ух-ух!» деп терең күрсінетін көрінеді.



Құрт қойдың құлағында

Ерте заманда Сырлыбек дейтін кісінің ауылына кешқұрым қонақ келіп түседі. Ол ит-құстың тілін біледі екен. Дастархан басында отырғанда сырттан ұлыған қасқырдың даусын естиді. Оған ит үріп жауап беріпті. Қасқыр:
– Әй, ит екеш, інім. Әлімсақтан екеуміз туыс едік. Алла менің жеті несібемді желден, бір несібемді үйден жаратқанын білесің. Бүгін көзім осы ауылға түсіп тұр. Маған бір қой бер, – дейді. Ит:
– Қасеке, менің тоқтығым осы қойлардың амандығы емес пе? Қойды алдырсам, қожайынның алдында ұятты болмаймын ба? – деп көнбейді. Қасқыр:
– Ендеше, қонағыңның атын бер, – дейді қасқыр.
– Қазір босағадан сығалаймын. Қонақ маған сүйек берсе, атты бере алмаймын. Егер сараң болса, ала бер, – дейді. Қонақ мұның бәрін естіп отырады.
Бір уақытта, қонаққа ет тартылды-ау дегенде, ит жайлап келіп, босағаны сығалайды. Ол итті көріп, қолындағы жамбас сүйегін сыртқа лақтырып жібереді. Үй иелері түсінбейді. Кәде етіп, сыйлап берген асымызды далаға тепкені несі деп іштей ренжиді.
Тамақ желініп болған соң, бәрі ұйқыға кетеді. Таңертең қонақ абыр-сабыр айқайдан оянып кетеді. Түнде қасқыр шауып, қорадағы қойларды айдап кетіпті. Үй иесі қонаққа:
– «Қонақ жақсы болса, қой егіз табады, жаман болса, қораға қасқыр шабады» деген. Пиғылың лас адам екенсің, – деп ренжиді. Қонақ сыртқа шықса, батысқа қарай кеткен екі ізді, шығысқа жүрген төрт ізді байқайды. Қожайынға:
– Қам жеме, қойың аман. Шығыста жайылып жүр. Ал, итің қасқырмен жан алысып, жан берісіп жатыр. Батысқа кеткен із соны меңзейді. Итіңнің артынан барма. Ол ием келді деп саған алаңдап, қасқырға алдыруы мүмкін. Қасқырдың артынан барсаң, ол қорыққаннан артына қарайды. Итің бас салып талайды, – дейді. Сырлыбек қонақты ертіп, қасқырдың ізімен барады. Айтқандай, иті мен қасқыр бір-бірін ала алмай, көзбен арбасып тұр екен. Қасқыр арт жағынан келе жатқан адамды иісінен танып, жалт қарағанда ит тамағынан шап береді. Қасқыр мерт болады.
Сырлыбек қонағын ертіп шығысқа барса, сайдың ішінде қойлары жайылып жүреді. Буаз қойы егіз қоздап, қозыларын емізіп тұр екен. Сырлыбек қуанып:
– Аңдамай, ашумен айтқан сөзімді кешіріңіз. Жақсы қонақ келсе қой егіз табады екен. Сіз тегін адам емес екенсіз. Көңілімді қалдырмай, тағы бір күн қонақ болыңыз, – деп үйіне түсіреді.
Қонақ тағы бір күн қонақтайды. Ертесіне үй иесі одан:
– Не бұйымтайыңыз бар? – деп сұрайды.
– Итке қатты қызығушы едім. Көңілім бөрібасарыңызға ауып тұр. Қарғысын берсеңіз, жетектеп кетер едім, – дейді. Сырлыбек:
– Итіңіз не, марқа қой берейін, жылқы жетектетейін, – дейді.
– Жоқ, ниетіңізге рахмет. Итіңізді бұйымтай еттім, – деп, итін жетектейді. Ит кетіп бара жатып, киіз үйдің іргесінде жатқан шиге дәрет сындырады. Қонақ:
– Қожайын, мен ойландым. Иттен гөрі мына жаман шиді алсам, қалай қарайсыз. Кемпірім: «Ши әкеп бер», – деп қақсай беруші еді. Соның тілегін орындайын. Итіңізді қоя берейін, – дейді. Сырлыбек түсінбей, келіседі.
Қонақ шиді ала бергенде әлгі қойдан туған егіз қозының бірі шидегі иттің дәретін жалайды. Қонақ қайтадан Сырлыбекке бұрылып:
– Қожайын, шиді басқа жерден табармын. Көңілім жаңа туған қозыңызға түсті. Жас қозының етіне аңсарым ауып жүр еді. «Іздегенге сұраған» деген. Маған қозыны сойып беріңіз, – деп қозыға бата жасайды. Сырлыбек қонағының көңілін қимай, әлгі қозыны бауыздайды. Қонақ:
– Қозының басына ешкімнің қолын тигізбей алдыма тартсаңыз. Құмарым қанып, бір тояйын, – деп өтініш қылады.
Ас піскен кезде Сырлыбек қозының басын тартады. Қозының бір құлағы жоқ екен. Қонақ:
– Қожайын, қозының басына ешкім қолы тимесін деп өтініш етіп едім, құлағы қайда? – деп сұрайды.
– Жолаушы, айып етпеңіз. Жаңа ғана қозының басын қазаннан түсіріп, суытып қойғанбыз. Біздің көзді ала бере, үйдегі жүгірмектің бірі қозының құлағын кесіп алып, жеп қойыпты. Ат-шапан айыбымды өтейін, қаласаңыз, марқа қой сояйын. Тек бізге ренжімеңізші, – деп жалынады. Қонақ мырс етіп күліп:
– Шаңырағыңа тепкілесе де, кетпейтін бақ орнапты, – дейді де, естіп-білген оқиғасын бастан-аяқ айтып береді.
– Сенің ырысың итіңде екенін білгенмін. Алып кетейін дегенімде, итің айла жасап, дәрет сындырып, ырысыңды қалдырып кетті. Дәрет тиген шиді алмақ болғанымда, қозы келіп жалап, құт қозыға қонды. Қозының басын жеп, берекеңді аламын ба дегенімде, оны кенже ұлың жеп, маған бұйырмады. Құдай сүйген қылығың бар екен. Қонақжайлығыңды жоғалтпа, – деп батасын беріп, аттанып кетіпті.
Осыдан бастап ел аузында «ырыстың бірі қойдың құлағында» деген түсінік қалыптасыпты. Қонаққа бас тартқанда оның оң құлағын кесіп алып, үйдің бір мүшесіне береді екен. «Құт-берекеміз өзімізде қалсын» деп ырымдапты.
Жомарт қонақты ит те жақсы көреді екен. «Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал» деген мақал осыдан қалған екен деседі.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1924 жылы Лев Толстойдан «Алты әңгіме» аударған.

Бір патша: «Үш түрлі нәрсені күні бұрын білген адам бақытты болар еді, - деп, - соны тауып берген кісіге көп сый беремін», - деп жариялапты. Ол үшеуі: бірінші - «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы?» Екінші - «Ең керекті кісі кім?» Үшіншісі «Ең керекті іс не?».

Бұл хабармен неше түрлі халық, көп жандар жиылып, әрқайсысы бір сөз айтты. Мысалы, кейбірі: «Күн сайын, жұма, ай сайын қылатын істі күні бұрын реттеп жазып қою керек», - деді. Кейбірі: «Онан түк пайда жоқ. Немене кез боларын қайдан білуге болады? Өйтіп орынсызға әуре болмай, ең керекті іс кез болғанда алды-артын байқап, әбден ойланып іс қылу керек», - деді. Кейбіреулері: «Жалғыз патша қанша ойлағанмен, қате қылуы мүмкін. Ондай іс кез болғанда білімділерді жиып кеңесу керек», - деді.

Патшаның «Ең керекті кісі кім?! дегеніне де әркім әр түрлі сөз айтты. Мысалы, біреулер «уәзір» деді. Біреулер «молдалар», біреулер «доктор», кейбіреуі «солдаттар» деп, әр қайсысы әр түрлі сөйледі. «Ең керекті іс қай іс?» дегеніне де әртүрлі айтылып, кейбірі «оқу» деді, кейбірі «соғыс үйрету», кейбірі «Құдайға құлшылық қылу» деді. Сөз әртүрлі болып, патша ешкімге сый да бере алмады, ойын да шештіре алмады.

Сол қалаға жақын маңайда бір асқан ақылды тақуа адам бар еді, тастың үңгірін үй қылып, уақытымен ғибадатын етіп, ағаш егіп жатушы еді. Біреу ақыл сұраса, дұрыс айтып беруші еді. Бірақ аса сәнді киімділерді жолатпаушы еді. Патша сонан ақыл сұрамақ болып, құба-төбел киініп, жаяу барса, ағаш егетін шұқыр қазып жатыр екен. Ақыл сұрай келген үш сөзін айтып еді, тақуа ханның ол сөзіне жауап қайырмай, алақанына бір түкіріп күрекпен топырағын лақтыра берді. Аздан соң тақуаның шаршағанын біліп:

Күректі маған беріңіз, мен біраз болысайын, - деген соң:

- Рахмет, шырағым! - деп күректі берді де, демін алып отырды. Патша екі шұқыр қазып шаршаған соң, сұрай келген сөзіне жауап сұрап еді, тақуа:

- Сен шаршаған шығарсың, енді мен болысайын, - деп күректі сұраса да бермей, патша тағы екі сағатқа шейін жер қазады. Күн батуға таянып, әбден шаршағанда қолындағы күректі тастады да:

- Ақсақал! Менің сөзіме жауап берілмейтін болса, мен қайтайын, күн кешкіріп қалды, - дегенде, тақуа:

- Ана бір кісі жүгіріп келеді. Соның кім екенін білейік, - деді. Патша қараса  бір қолымен бүйірін басқан бір жаяу. Патшаның алдына келді де, жығылып, өлерше болып жатты. Қараса, бүйірінен қан саулап тұр. Патша жарасын сумен жуып, белбеуімен таңып, азар дегенде қан тыйылды. Аздан соң патша мен тақуа көтеріп үңгірге кіргізіп, төсекке жатқызды. Жаралы тынымдап ұйықтай бастаған соң, патша әрі төтел қазып, әрі қан жуып шаршағандықтан, босағаға сүйеніп тіпті қатты ұйқыға кетті, жаздың қысқа түнінің өткенін де білмей қалды. Күн шыққанда оянып, жаралыға қарап еді, ол да патшаға қарап тұрды да, нашар ғана дауыспен:

- Ей, патша, кешіңіз, - деді.

- Мен сені танымаймын, нені кешейін?

- Сіз менің әкемді өлтіртіп, бар малымды алғансыз. Сол кегімді алуға сіздің қайтқаныңызды тосып жүргенімде, солдаттарыңыз жолығып жаралап кетті. Егер сіз жарамды таңбасаңыз, мен өлі кісі едім. Осыдан жаным қалса, осы жақсылығыңыз үшін сізге өмірімше құл боламын, әм балаларыма да солай бол деп тапсырамын. Бірақ менің өлтірмек болғанымды кешіңіз! - деп жалынды.

Патша өзін өлтірмек болған дұспанымен арыздасқанына қатты қуанып:

- Сен де кеш! Не нәрсеңді алған болсам, бәрін қайырам. Және саған қазір доктор-күтуші жіберіп, қалаға алғызамын, - деді де, тақуаға:

- Менің үш сөзіме не айтасыз? - деп еді, тақуа:

- Үш сөзіңізге де жауап берілді, - деді.

- Ол қалайша? - дегенде, тақуа айтты:

- Егер сен менің шаршағанымды біліп, маған болыспасаң, ерте қайтар едің де, мынау сені өлтіретін еді. Сондықтан ең жақсы мезгілін тауып істеген ісің - маған болысқан кезің. Онда саған ең керек кісі мен болдым. Онан соңғы ең керекті уақыт, ең керекті іс - мына жаралының жарасын байлап, қанын тыйған уақытың болды. Неге десең, сен үйтіп жәрдем қылмасаң, тірі қалса сенен кек алмай қоймайтын еді. Сондықтан ол кездегі ең жақсы іс - жарасын байлаған болып, ең керекті кісі - осы жаралы болды. Және ең керекті уақыт - осы уақыт. Неге десең, бәріміздің де қолымыз бос, ерік өзімізде. Қазір ең керек кісі - осы дұспаның болды. Неге десең, мұның жазылар, жазылмасы әзір неғайбіл. Егер жазылса, бұл-дағы біреуге жақсылық қылғанды жанындай жақсы көрер еді. Ең керек іс - қазір осыған қылған жақсылығың, неге десең, адамның мойнындағы шын міндеті - біреуге жәрдем ету еді...

Адамшылық іздесең, бұл жолға түс.

Алдау қылма біреуге, қиянат-күш!

Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа,

Ар-ынсаптың сүйгені - таза жұмыс!

















Ерте заманда Сырлыбек дейтін кісінің ауылына кешқұрым қонақ келіп түседі. Ол ит-құстың тілін біледі екен. Дастархан басында отырғанда сырттан ұлыған қасқырдың даусын естиді. Оған ит үріп жауап беріпті. Қасқыр:
– Әй, ит екеш, інім. Әлімсақтан екеуміз туыс едік. Алла менің жеті несібемді желден, бір несібемді үйден жаратқанын білесің. Бүгін көзім осы ауылға түсіп тұр. Маған бір қой бер, – дейді. Ит:
– Қасеке, менің тоқтығым осы қойлардың амандығы емес пе? Қойды алдырсам, қожайынның алдында ұятты болмаймын ба? – деп көнбейді. Қасқыр:
– Ендеше, қонағыңның атын бер, – дейді қасқыр.
– Қазір босағадан сығалаймын. Қонақ маған сүйек берсе, атты бере алмаймын. Егер сараң болса, ала бер, – дейді. Қонақ мұның бәрін естіп отырады.
Бір уақытта, қонаққа ет тартылды-ау дегенде, ит жайлап келіп, босағаны сығалайды. Ол итті көріп, қолындағы жамбас сүйегін сыртқа лақтырып жібереді. Үй иелері түсінбейді. Кәде етіп, сыйлап берген асымызды далаға тепкені несі деп іштей ренжиді.
Тамақ желініп болған соң, бәрі ұйқыға кетеді. Таңертең қонақ абыр-сабыр айқайдан оянып кетеді. Түнде қасқыр шауып, қорадағы қойларды айдап кетіпті. Үй иесі қонаққа:
– «Қонақ жақсы болса, қой егіз табады, жаман болса, қораға қасқыр шабады» деген. Пиғылың лас адам екенсің, – деп ренжиді. Қонақ сыртқа шықса, батысқа қарай кеткен екі ізді, шығысқа жүрген төрт ізді байқайды. Қожайынға:
– Қам жеме, қойың аман. Шығыста жайылып жүр. Ал, итің қасқырмен жан алысып, жан берісіп жатыр. Батысқа кеткен із соны меңзейді. Итіңнің артынан барма. Ол ием келді деп саған алаңдап, қасқырға алдыруы мүмкін. Қасқырдың артынан барсаң, ол қорыққаннан артына қарайды. Итің бас салып талайды, – дейді. Сырлыбек қонақты ертіп, қасқырдың ізімен барады. Айтқандай, иті мен қасқыр бір-бірін ала алмай, көзбен арбасып тұр екен. Қасқыр арт жағынан келе жатқан адамды иісінен танып, жалт қарағанда ит тамағынан шап береді. Қасқыр мерт болады.
Сырлыбек қонағын ертіп шығысқа барса, сайдың ішінде қойлары жайылып жүреді. Буаз қойы егіз қоздап, қозыларын емізіп тұр екен. Сырлыбек қуанып:
– Аңдамай, ашумен айтқан сөзімді кешіріңіз. Жақсы қонақ келсе қой егіз табады екен. Сіз тегін адам емес екенсіз. Көңілімді қалдырмай, тағы бір күн қонақ болыңыз, – деп үйіне түсіреді.
Қонақ тағы бір күн қонақтайды. Ертесіне үй иесі одан:
– Не бұйымтайыңыз бар? – деп сұрайды.
– Итке қатты қызығушы едім. Көңілім бөрібасарыңызға ауып тұр. Қарғысын берсеңіз, жетектеп кетер едім, – дейді. Сырлыбек:
– Итіңіз не, марқа қой берейін, жылқы жетектетейін, – дейді.
– Жоқ, ниетіңізге рахмет. Итіңізді бұйымтай еттім, – деп, итін жетектейді. Ит кетіп бара жатып, киіз үйдің іргесінде жатқан шиге дәрет сындырады. Қонақ:
– Қожайын, мен ойландым. Иттен гөрі мына жаман шиді алсам, қалай қарайсыз. Кемпірім: «Ши әкеп бер», – деп қақсай беруші еді. Соның тілегін орындайын. Итіңізді қоя берейін, – дейді. Сырлыбек түсінбей, келіседі.
Қонақ шиді ала бергенде әлгі қойдан туған егіз қозының бірі шидегі иттің дәретін жалайды. Қонақ қайтадан Сырлыбекке бұрылып:
– Қожайын, шиді басқа жерден табармын. Көңілім жаңа туған қозыңызға түсті. Жас қозының етіне аңсарым ауып жүр еді. «Іздегенге сұраған» деген. Маған қозыны сойып беріңіз, – деп қозыға бата жасайды. Сырлыбек қонағының көңілін қимай, әлгі қозыны бауыздайды. Қонақ:
– Қозының басына ешкімнің қолын тигізбей алдыма тартсаңыз. Құмарым қанып, бір тояйын, – деп өтініш қылады.
Ас піскен кезде Сырлыбек қозының басын тартады. Қозының бір құлағы жоқ екен. Қонақ:
– Қожайын, қозының басына ешкім қолы тимесін деп өтініш етіп едім, құлағы қайда? – деп сұрайды.
– Жолаушы, айып етпеңіз. Жаңа ғана қозының басын қазаннан түсіріп, суытып қойғанбыз. Біздің көзді ала бере, үйдегі жүгірмектің бірі қозының құлағын кесіп алып, жеп қойыпты. Ат-шапан айыбымды өтейін, қаласаңыз, марқа қой сояйын. Тек бізге ренжімеңізші, – деп жалынады. Қонақ мырс етіп күліп:
– Шаңырағыңа тепкілесе де, кетпейтін бақ орнапты, – дейді де, естіп-білген оқиғасын бастан-аяқ айтып береді.
– Сенің ырысың итіңде екенін білгенмін. Алып кетейін дегенімде, итің айла жасап, дәрет сындырып, ырысыңды қалдырып кетті. Дәрет тиген шиді алмақ болғанымда, қозы келіп жалап, құт қозыға қонды. Қозының басын жеп, берекеңді аламын ба дегенімде, оны кенже ұлың жеп, маған бұйырмады. Құдай сүйген қылығың бар екен. Қонақжайлығыңды жоғалтпа, – деп батасын беріп, аттанып кетіпті.
Осыдан бастап ел аузында «ырыстың бірі қойдың құлағында» деген түсінік қалыптасыпты. Қонаққа бас тартқанда оның оң құлағын кесіп алып, үйдің бір мүшесіне береді екен. «Құт-берекеміз өзімізде қалсын» деп ырымдапты.
Жомарт қонақты ит те жақсы көреді екен. «Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал» деген мақал осыдан қалған екен деседі.












































Тамыр туралы

Бір орманның жанындағы өзеннің жиегінде ағаштар өсетін еді,

олар күшті және биік өсуге және әдемі гүлдері мен қалың

жапырақты болулары үшін бар күштерін жұмсайтын.Әлбетте,

олардың тамырды дамытуға күштері қалмады, олар үшін биіктік

пен сұлулық маңыздырақ болып көрінді…
Сол өздерінің биіктігімен және үлкен гүлдерімен тамсандырған

ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы өсетін-ді.
Ол бар күшін тамырға жұмсады.Барлығы оның үлкен әрі әдемі

гүлдері, алып бойы болмағандықтан, мазақ етіп күлетін.
«Лавр! Сен бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге

қарасаңшы. Бізді бәрі үлкен жапырақтарымыз, хош иісті гүлдеріміз, биіктігіміз үшін мақтайды».
Ал лавр болса былай жауап беретін:
«Мен одан да өз күшімді тамырыма жұмсаймын: өсемін және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін».
Бірақ бәрібір де басқалары оған күлуден жалықпады.
Бірде қатты жел соғып, сол ағаштар тамырлары әлсіз болғандықтан кұлап қалды. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалқаны болмаса, аман қалды.
Сол кезде ғана, басқалары қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы, жүрегіміздегі, жан-дүниеміздегі күшіміз сақтап қалатынын түсінді.


























Тәрбие туралы

Ертеде бір патша болыпты. Сол патша қанша кітап сөзін, құран сөзін білетін білімі терең кісі болыпты. Бір күні ескіше қазақ кітабын ашып отырған кезінде «адам баласы қандай жүйрік болса да, кемшілік келейін десе, оңай екен» деген сөзді тауып алады. Сонсоң «мен өзім бірсыпыра елді билеп тұрмын, білімім артық, маған не кемшілік бар» дейді. Сүйтіп отырғанда көшеден айқай шығады.
Бір уәзір келеді де: «Бір нәрсе көрдім не екенін білмеймін, соны, патшам, сізге көрсетуге келе жатырмын»,— деді. Патша далаға шығып қараса, заулап жанып бір от бара жатқанын көреді. Уәзірге: «Менің дүлдүлімді әкел»,— дейді. Уәзір дүлдүлді әкелді. Оған мінеді де тұра қуады. Қуады да шаһардан екі шақырым шыққаннан кейін жетеді. Жетіп келіп қараса, жүні сусылдаған алтын киік. Әлгі жарқыраған сол киік болып шыққан.
Киік бір батпаққа қабырғасынан батып жатқан. Патша «енді бұған барсам ат жығылады, киімім былғанады» деп, барша киімін сыпырып тастап жаяу, жалаңаш киікті ұстауға қасына келеді. Патша қасына келгенде санынан батпаққа батады. Киік сілкініп-сілкініп қойып еді, айдары беліне түскен ақ жігіт болды. Сонсоң патшаның киімін киіп атын (дүлдүлін) мініп, «қош, патша» деп, шаһарға қарай жүріп кетеді. Хан (патша) батпақтан бір мезгілде шығып шаһарға келіп еді, балалар тас лақтырып қуып шаһарға жуытпай тастады, «жалаңаш жүрген жынды кісісің» деп, сонан кейін «бүйтіп тірі жүргенше суға ағып өлейін» деп өзен шетіне келсе, судың жағасында бір кемпір-шал отырады. Патша келісімен «суға түсіп өлем» дейді. Шал «өлме» дейді. «Өлмей қайтем, киімім жоқ, тамақ жоқ». Сонсоң кемпір-шал бір ескі көйлегі мен кішкене нан береді. Шал: «Сен бүйтіп жүрме, қалаға барып қайыр тіле»,— дейді. Мойнына бір дорба салып алады да шаһарға келеді. Садақа сұрап төрт-бес күндік тамақ тауып алады. Патша бір мезгілде «үйіме барып көрейін, шын бар ма екен, қатын-балаларымды, уәзірлерді көрейін, мені таныр ма екен» деп келеді. Келіп ханға «Ассалаумағалейкүм!» деп, «қайыр-садақа» деп, уәзірлерді қағып тастап, тура ентелеп ханның алдына барады. «Сен кімсің, кай жердің кісісісің»,— дейді хан. Сонда «осы шаһардікімін» дейді. Шаһардікі болсаң қай рудан таралдың, атың-жөнің бәрін шапшаң айт»,— деп сұрады. Көрген-білгенін тегіс баян етеді. Сонсоң бір уәзірін шақырады да: «Мынаны жеті қайта боз биенің сүтіне шомылдырып алып келіп бер»,— дейді. Жеті қайта шомылдырып, ханның алдына әкеліп бергеннен кейін, мүсәпірдің қолынан ұстайды. «Кітаптың бетін ашқаның рас па?»— деді. Ол «рас» деп жауап қайырады. «Бұдан былай көңіліңе астамшылық ойлама!»— дейді де: «Міне тағың, міне жұртың, міне уәзірің, міне елің, мен Жәбірейіл періштемін»,— деп, тағын өзіне беріп жоқ болады.




































Асығыс үкім

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.

Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.
Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:
Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!
Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді.
Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім… Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»

Жүрегіңнің отын сөндірме

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.
Сонда ол ашуланып:
Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.
Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді:
Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады.
Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді:
Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын — дейді.
Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:
Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой — дейді.
Сонда көршісі:
— Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар – деген екен.
Бұл әңгімеде не жөнінде айтылған?
Әңгімедегі жігіттің іс – әрекетіне қандай баға бересіңдер?
Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді?
Аңыз әңгімедегі жарық пен жылу нені сипаттайды?
Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
Бірінші болып қадам жасау үшін адамның бойында қандай ізгі қасиеттер болуы қажет?

Өзгенің киімі

Бір адам жария түрде Омар Хайямды балағаттайды.
— Сен, опасыз! Ұрлықшы! Мұндай сөздерге жауабына Омар Хайам тек күлімсіреп кетті.Мұндай көріністі байқаған бхыт киген белгісіз адам одан сұрады: Мұндай дөрекілікті қалайша көтересіз? Сіз мұндай қорлыққа қалайша төзісіз?
Омар Хайам жауапқа тек күлді. Жүр менімен, — деп жауап қатты.
Белгісіз оның шаң басқан үйіне еріп барды. Хайам шамды жағып, сндықты ақтара бастады, оның ішінен түкке тұрғысыз жыртық халат алып шықты. Оны жаңағы бақыт киген белгісізге киюді ұсынды.
Белгісіз халатты алып, оны қарап, таңданды: — Маған мұндай кір киілген киім неге қажет? Мен тәуір киінгенмін, сіздің мұныңыз не? – деп, киімді өзіне лақтырып жіберді.
— Көрдің бе, деді Хайам, — сен алба-жұлба киімді кимедің. Дәл солай мен, әлгі адамның лас сөздерін кимедім.
Мораль: Біреуге ренжу, әрекетін сөгу – ол дәл осындай киімді киюмен тең.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сүйіспеншілік жолындағы өмір

Автор: Джамбулова Ботагөз Амангалиевна

Дата: 03.04.2018

Номер свидетельства: 464815

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?мір жолында" шы?армашылы? кеш"
    ["seo_title"] => string(31) "omirzholyndashygarmashylykkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "260893"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449045831"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Т?уелсіздік жолында?ы к?рес "
    ["seo_title"] => string(31) "t-uielsizdik-zholyndag-y-kuries"
    ["file_id"] => string(6) "195821"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427968836"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Жаңғырту жолындағы жас маман рөлі"
    ["seo_title"] => string(39) "zhan_g_yrtu_zholyndag_y_zhas_maman_roli"
    ["file_id"] => string(6) "469376"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1526217345"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Сүйіспеншілік жолындағы өмір."
    ["seo_title"] => string(30) "suiispenshilik_zholyndagy_omir"
    ["file_id"] => string(6) "539291"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1581480509"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?зін- ?зі п?нінен саба? жоспары "Елім деп со?ар ж?регім" "
    ["seo_title"] => string(61) "ozin-ozi-p-ninien-sabak-zhospary-ielim-diep-sog-ar-zhurieghim"
    ["file_id"] => string(6) "177043"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424539821"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства