Сабақтың мақсаты: Адам боп өмір сүру шынайылықты қажет ететіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға түсініктерін қалыптастыру; Дамытушылық: - өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау; Тәрбиелік: - уәдеде тұра білугетәрбиелеу. | Сәлемдесу,түгелдеу. |
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену». 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Өмір жыры» өлең жолдарын жатқа айту. Сөзі: Т.Молдағалиев Өмір деген ойын да емес,той да емес, Басқалардан биік тұрар бой да емес. Өмір деген шахмат емес шатасқан, Өмір деген ұта қояр дойбы емес. Өмір –қатаң емтихан, Өмір оны келе жатыр дәлелдеп, Өтпейтіндер құлайды. Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек. Қадіріне жетпейтіндер Өмір деген бақыттың да құсы емес, Өмір бойы жылайды. Қарап жатсаң, қона қалар саған кеп. Өлең шумақтарынан не түйдіңіз? Өміріңді қадірлей аламын деп ойлайсың ба? | Музыка қойылады |
3.Дәйексөз «... Махаббатсыз дүние бос» Абай. | Дәйексөз мағынасын түсіндіру. |
4. Әңгімелеу: Жас дәурен хикаялары Әзілхан Нұршайықов Мәтінде ана махаббаты қалай суреттелген? Бала анасына махаббатын қалай білдірді? Өздерің аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер? Ата-ананың алдындағы перзенттік парызды қалай өтеуге болады? | |
5.Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер: Атасы немересіне: Балам, әрдайым бізді басқалар жақсы болғанымыз үшін жақсы көретіндей көрінеді. Бірақ та олай емес, бізді жақсы көрген адамдар өздері жақсы болғандықтан сүйіспеншілік танытады, - деді. Алайда немересі атасының сөзіне түсінбей, ойланып қалды... Сендер қалай түсіндірер едіңдер? Атайдың ойымен келісесіңдер ме? Неліктен? 2-тапсырма: «Бесік жыры» туындысына қарап ойтолғау жазыңдар. | |
6. Топпен ән айту Өміріңе немқұрайлы қарама Тыңда, досым, мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң - дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан кисең де жақұттан, Өміріңе немқұрайлы қарама , Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы: Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, ( Қанша азап көрсеңдағы бауырым ) Өміріңе немқұрайлы қарама. 2-рет: Тұсау салып, бастатқызбай көш дара, Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба. Өміріңе немқұрайлы қарама. Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да. Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың, Өміріңе немқұрайлы қарама. Айдын көлге айналса да көз жасың. | |
7.Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: «Өміріме ризамын» тақырыбында эссе жазу. | Тапсырманы белгілеп ал |
8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде. | Сабаққа белсе не қатысып, сыр бөліскен дері үшін алғыс айту. |