kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өзін - өзі тану" пәнінен сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары.»

Өзін-өзі тану пәні сабағының жоспары



Мектеп:Ханарық ЖОМ

Мұғалім: Рахмеджанов Азимжан Махамедович

Күні: 13.10.2016 19

Тақырып:Адалдық пен әділдік

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу,шыншылдық,жақсыдан жаманды ажырата білу.

Сыныбы: 5« А» Оқушылар саны 25


Сабақтын мақсаты: оқушылардың бойындағы адалдық пен әділдік қасиеттерін ақиқат құндылығы арқылы ашу.

Сабақтын міндеттері:

1.Білімділік: оқушыларды өз-өзіне адал болуға үйрету.

2.Дамытушылық:оқушылардың бойында шыншылдық қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық»кітабі,

материалдар,

дерексөздер,

фотосуреттер,

үнтаспа,маркер,

ватман,видеобейне,

оқулық,үлестірме қағаздар,құндылықтар ағашы суреті.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты жағымды күйге келтіру.

(Жай,баяу жағымды музыка қойылады).

Тыныштық сәті:

«Нұрға бөлену»

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарап бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрекіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз де жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан –жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»

Осындай Нұр, Махаббат, Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


Ескерту: Балалар ережені еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтайық.


«5»-Т

Тәртіп


Тазалық


Татулық


Талап


Тыныштық








Әуенді


бейне жазба

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге оқулықта берілген «Адал бала» ертегісін оқып келу тапсырылған болатын.( -бет)

1.Бала орманға не үшін барды?

2.Бала неліктен алтын,күміс балталардан бас тартты?

3.Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?

4.Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?

5.Сіз баланың әрекетін қалай бағалайсыз?

6.Сіздің өміріңізде осындай жағдаяттар,оқиғалар болды ма?

7.Әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

8.Сіздің достарыңызды әділ деп ойлайсыздар ма?



Стикерлер

3.Дәйексөз.Оқушыларға үш рет айтқызып,дәптерге жаздыру.

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»

Ш.Уәлиханов. (1835-1865)

Шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы,этнограф,

географ,ағартушы.

Адалдықтың таза ниет,ақ көңіл,имандылық қасиеттен туындаған адам екендігін айтады.Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап,оны адал ниетпен орындай алуы мәдениттілікті көрсетеді.Әрқашан әділ сойлеп,шынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алады.

1.Дәйексөзден қандай ой түйдің?

2. Әділдік пен адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Сіздің достарыңыз ақиқатты айтама?

4.Ақиқат туралы қандай мақалдар білесіз?

5. Өзгелерге деген тілеуің қандай?


4.Әңгімелеу.(мұғалім сыйы)

«Ақиқат»

Бұрында бір кісі көп қиыншылықтарды кездестіреді. Ол өз өміріне ренжіп, бір пайғамбарға келеді. Ол кісі пайғамбарға қарап: О Алланың елшісі, Бұл дүниеде әділдік,шындық бар ма? деп сұрақ қойыпты.

Пайғамбар – әрине бар деді.

Мен өмір бойы ақиқатты таппадым, маған ақиқатты көрсет деп айтыпты. Мақұл, сен ертең бұлақ бойына барып, бекініп отырсаң ақиқатты табасың, бірақ не көрсең де қозғалма депті пайғамбар. Айтылған күні бұлақ бойына барып, бір жерге тығылып отырады.Не керемет болар екен деп ойлап тұрғанда, бір шабандоз келіп,бұлақтан су ішіпті. Сол кезде шабандоздың бір дорба алтыны суға түсіп қалды.Шабандоз алтының түскенін білмей,атына мініп кетіп қалды. Бір бала қой бағып жүріп,судағы алтынды тауып алады да, кімдікі, кімдікі, кімдікі деп үш мәрте сұрайды да үйіне алып кетеді.

Сол кезде бір шал судың бойына келіп, дем алуға отырады. Алтынын жоғалтқан шабандоз келіп,шалға алтынды қайтар дейді. Мен алтын көрмедім деген сөзіне сенбеген шабандоз, шалды өлтіріп, атына мініп кетеді. Бұндай әділдікке таң қалған кісі пайғамбарға барады да, О Алланың елшісі бұл қандай әділдік алтынды біреу тапса,ал басқа адам зардап шексе дейді.

Сонда пайғамбар Алтын жоғалтқан шабандоз ,баланың әкесіне жұмыс істетіп ақысын төлемеді.Сол үшін құдай баласына әкесінің ақысын алып берді.

Ал шал болса, ол атақты қарақшы еді. Бұрын шабандоздың әкесін бейкүнә өлтірген. Ал енді баласы әкесінің құнын алды, деп жауап береді.

Оқушылар сабақтағы ақиқат туралы алған білімдерін толықтыра түсү үшін, төмендегі сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

1.Кісі пайғамбарға не үшін барды?

2.Ол кісі дүниеден нені іздеді?

3.Кісі бұлақ бойында нені көрді?

4.Бала не деп үш рет айтты,не үшін?

5.Ақиқат жүзеге асты деп ойлайсыздарма?






Суреттер


Стикерлер

5.Шығармашылық жұмыс

«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел.

Дөңгелек үстелде оқушылар өз бойындағы білімдері,ойы мен бөліседі.


Үлестірмелі

қағаздар


Стикерлер



6.Төппен ән айту.

Асан Пердешовтың «Достық» әнін орындаймыз.

Достықты сыйлаған,достарын қимаған,

Қуанған сәттерде достарын жинаған.

Іс туссе басыңа досыңнан жасырма,

Адал дос қалады қол беріп қасыңдааа.

Қайырмасы

Зырғып өмір өзен,

Орнында тұрмайды.

Жастық шақ өтеді,

Бір күн қол бұлғайды.

Сыйластық қалады,

Достар әлемінде.

Достық пен ынтымақ,

Болсын бар еліңде.

Достықтың нышашы сіз бізден басталған,

Ыстық дос құшағы сезілер ашқаннан.

Досың барда қайға қардай еріген,

Әнді достық жайлы шырқа менімен.

Қайырмасы

Сен адал досымсың берік сенімге,

Тек достар қосылсын өмір төрінде.

Кел досым жаныма өткенді еске алайық,

Балалық шағына кел бірге барайық.




Үнтаспа

7.Үй тапсырмасы

1.Ақиқат туралы дәйексөз құрастыру және дәптерге жазу.

2.Келесі сабақ: №20. (56 бетт) «Қызғаншақ»

ертегісін оқып келу.


8.Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


Әуенді


бейне жазба

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Өзін – өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы «Бөбек» Алматы, 2010.

2.«Өзін – өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Бөбек» Алматы, 2010.

3. «Өзін – өзі тану» Оқулық. 5- сынып. «Бөбек» Алматы, 2010.

4.«Өзін – өзі тану» Оқушы дәптері. 5- сынып. «Бөбек» Алматы, 2010.

5. Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық». «Атамұра». Алматы-2006ж.. 6.«Самопознание.kz» журналы №1,( 61) 2015жыл.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сабақ жоспары.

Автор: Рахмеджанов Азимжан Махамедович

Дата: 17.10.2016

Номер свидетельства: 349800

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Саба? жоспары "Зат есім""
    ["seo_title"] => string(24) "sabak-zhospary-zat-iesim"
    ["file_id"] => string(6) "307565"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458368743"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(163) "Биология п?нінен 8 сынып?а арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: "Витаминдер ж?не оларды? ма?ызы" "
    ["seo_title"] => string(100) "biologhiia-p-ninien-8-synypk-a-arnalg-an-sabak-zhospary-tak-yryby-vitamindier-zh-nie-olardyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "198037"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428340123"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Ұзындыққа секіру сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(35) "u_zyndyk_k_a_siekiru_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "409905"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492497004"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "?дебиеттік о?удан ?ыс?а мерзімді саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(44) "diebiiettikokudankyskamierzimdisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "278079"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453033785"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Қысқа мерзімді сабақ жоспары тақырыбы: "Бейнелеу өнері мен жанрлары""
    ["seo_title"] => string(67) "kyska_merzimdi_sabak_zhospary_takyryby_beineleu_oneri_men_zhanrlary"
    ["file_id"] => string(6) "533774"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1577422209"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства