Құрметті ата-аналар, қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де, ұлағатты сөзі бар «Тәрбие – тал бесіктен» деген. Міне, отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз – ата-ана, ата-әже, балалар – ұл, қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Отбасы этикасы және психологиясы"»
«Отбасы этикасы және психологиясы» тренинг-жаттығулары
Мақсаты: Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру.
Ойын: «Танысу»
Ойын мақсаты: Ата-аналармен танысып, ашық түрде пікір алмасу.
Шарты. Ата-аналар кезекпен аты-жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да, балаларының аттарын айтады. Балаларының есіміндегі бірінші бас әрпіне байланысты мінездеме сөзбен айтады. Мысалы: Менің есімін Багда, ұлымның аты Нариман – намысшыл.
Мини-лекция: «Отбасы және оның міндеттері» - Құрметті ата-аналар, қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де, ұлағатты сөзі бар «Тәрбие – тал бесіктен» деген. Міне, отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз – ата-ана, ата-әже, балалар – ұл, қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір-бірімен тығыз байланыста болады. «Отбасының қайнар көзі – ол бақыттылығы». Егер отбасының іргесі нық болса, құрған қамалдары берік болса – аталған отбасындағы тәрбие де дұрыс болады. Бала тәрбиесі – ата-аналардың ықпалымен жүзеге асады. Ұрпақ – болашақ, адамзаттың болашағы, дұрыс тәрбие берілсе, қоғамға да, еліне де, жеріне де ол болашақтың берері де мол болады. Бұл деген аса маңызды міндеттердің бірі.
Тест «Киім және сіз» Адамның мәдениеті мен тәрбиесінің деңгей оның сырт бейнесімен бірге киіне білуінен де көрініп тұрады. Өзіңізді және басқаны байқап көріңіз. Өзіңіз жайлы біршама жайтты білу үшін слайдта берілген 13 сауалдарға жауап беріңіз, соңынан жалпы ұпайды шығарыңыз.
«Сіз кімсіз?» тесті Ата-аналарға 6 түсті қағаздарды көрсетемін. Осы түстердің ішінен өзіңізге ұнайтын түсті таңдаңыз. Таңдап болған соң, сол түске байланысты өзі жайлы мағлұматты айтып беремін.
Ақ түс – бұл түсті жақсы көретіндер ұстамды, адал, ақын ойлы қасиеттері бар болып келеді. Сіз ашық ойыңыздағыны бүкпей айтатын, бірақ бір өкініштісі көбінесе басқалармен келісімге келе алмайтын адамсыз. Сіздің осы қасиеттеріңіз кейбіреулерге өзін өте жоғары ұстайтындай көрінуі мүмкін.
Сары түс – бұл көптеген мағынаны білдіреді. Идиеалистердің, қиялшылдардың көңілді де өмірді сүйетін адамдардың түсі. Сіз осы түсті жақсы көрсеңіз, онда ешкімге қарсы келе алмайтын көнбіс адамсыз. Сізді көпшілігі көңілді мінезіңіз бен оптимист қасиетіңіз үшін сыйлайды. Сары түс парасаттылықты, бірыңғайлықты, тәртіптілікті білдіреді.
Жасыл түс – сіз тұрақтылықты ұнатасыз. Сырт көзге қатал көрінгеніңізбен өте мейірімді адамсыз. Сіз елдің алды болуға ұмтылмайсыз. Сіз қалыпты тыныш өмір сүруді ұнатасыз. Математика сияқты пәндерді ұнатасыз. Адамдармен жақсы қарым-қатынас құра білгенмен, кейде жалғыздықтыда ұнатасыз. Жұмыста көптеген жетістіктерге жете аласыз.
Қызыл түс- бұл түс батырлардың, ұлы көсемдердің, жеңіпаздардың түсі. Сіз өмір бойы елдің алдыға ұмтылып келесіз. Сондықтанда болар өте батыл, белсенді адамсыз.Атақ құмарлық көптеген жетістіктерге жеткізеді. Қиыншылыққа, сәтсіздікке шыдамсыз болып келеді. Тағы бір кемшілік айтқаныңыздан қайтпайтын бір беткей мінезің бен тәртіпке төзе бермейтін қасиетіңіз.
Көк түс.Сіз адал да қамқор жансыз. Қызметтес әріптестеріңіз сізді өте сыйлайды. Бірақ достасуға ешкім асықпайды. Сіздің ұстамдылығыңыз кісі таңқаларлықтай. Сіз сияқтылардан тамаша дәрігер не болмаса мұғалім шығуы мүмкін.
Қара түс. Сіздің жұртты тез тани білетін, олардың көптеген кемшіліктерін кешіре алатын қасиетіңіз бар. Сіз сабырлы, әр ісін ойланып істейтін жансыз. Мінезіңіз түйық. Қара түсті жақсы көретін себебіңіз де құпияны жақсы көретіндіктен болуы керек.
«Жүректен-жүрекке» рефлексия Алдарыңызда берілген жүрекшелерге өз отбасыларыңызға деген жылы тілектеріңізді жазып, тілек ағашына жабыстыруларыңызды сұраймын