Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақтың міндеттері: - Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухании – адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу; -Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету; -Өмірде сұлулық, жақсылықты , өнерді қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.
| Ресурстар (материалдар, дерек сөздер) Слайдтар Оқулық Дәптер Күнделік Қалам-қарындаш |
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу. (Бетховеннің шығармасы тыңдалады). Мұғалім: «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Көзіңізді жайлап ашыңыз. Рахмет. | Ескертулер: Үнтаспа |
ІІІ. Жағымды ой пікір (дәйексөз) «Өнер- адамның рухани азығы, ол-халықтың бүгіні мен келешегі» Б. Момышұлы. Сұрақтар: 1.Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2.Өнерді неге адамның рухани азығы дейміз? | Слайд |
ІХ. Тыныштық сәті. Балалар ,денелеріңді түзу бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде. | Үнтаспа |