Просмотр содержимого документа
«Келешекті? кемеліне ны? сеніммен»
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі» КММ
Күні: 16.03.2016 ж.
Сыныбы: 10
Психолог: Темірханова Шынар Темірханқызы
Психологиялық сабақ(тренинг элементтерімен)
Тақырыбы: Келешектің кемеліне нық сеніммен...
Мақсаты: Жасөспірімдердің кәсіби анықталуға психологиялық дайындығын қалыптастыру үдерісін белсендендіру.
Міндеттері:
Жасөспірімдерді мамандық таңдаудың негізгі принциптерімен таныстыру;
Жасөспірімдердің өз мүмкіндіктері және қызығушылықтарын зерттеуге, сезінуге жағдай жасау;
Жас ұрпақты саналы кәсіби таңдау жасауға деген ұмтылысқа тәрбиелеу.
Ресурстар: слайд, ақ парақтар, маркерлер, ватман, жаднамалар.
Барысы:
Танысу жаттығуы.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздермен жұмысымызды бастамас бұрын, әуелі танысып алайық. Қазір танысу үшін аттарыңызды атауды және атыңыздың бастапқы әрпінен тұратын бір мамандық атауын атауды сұраймын.
Жақсы, ендеше түсініп отырған шығарсыздар, сабағымыз кәсіптік бағдар беруге қатысты болмақ.
Сабақтың ережесі.
Сіздер білесіздер, әрбір психологиялық сабақ барысында ереже құрылады, қане атап шықсаңыздар, қандай ережелерді сақтауымыз керек деп ойлайсыздар:
Сенімді қарым – қатынас жасау стилі
Белсенді болу;
Тәртіп сақтау;
Басқалардың ойын тыңдау;
Бірін-бірі сынамау;
Рахмет!
Психолог: Өмірде біз таңдау жасай алмайтын көп заттар бар. Оларға біз өмір сүретін тарихи дәуір, біздің ата-аналарымыз, өткен шақта өтіп кеткен оқиғалар жатады. Сонымен қатар, көп нәрселерге таңдау жасай да аламыз. Соның бірі мамандық таңдау болып табылады. Яғни мамандық таңдауға біз өте салмақтылықпен, мұқият қарауымыз керек. Ендеше мамандық таңдауда біз қандай нәрселерге бет бұруымыз керек деп ойлайсыздар? Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын және жауаптарының «Нені қалаймын?», «Қолымнан келеді!», «Қажет» деген сөздерге топтастырып, мамандықты дұрыс таңдау үшін келесі үш нәрсеге назар аудару керектігі жайында қорытындылаймын.
Өздеріңіздің қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіздің қандай екенін анықтау. Біз оны қысқаша «Нені қалаймын?» деп атадық;
Өзіңіздің кәсіби маңыы қасиеттеріңізді бағалау: денсаулығыңыз, біліктілігіңіз, қабілетіңіз, сол мамандыққа деген жарпамдылығыңды анықтайтын сапалар, яғни «Қолымнан келеді!».
Еңбек нарығына қажетті мамандар жайлы білу, олардың ішінде қайсысының болашағы бар екендігіне назар аудару. «Қажет»
Егер де осы үш құрамдасты біріктірсе, онда кәсіби таңдау сәтті болады және мұндай адамның еңбектегі қайтарымы 100% құрайды, егер де мамандыққа деген қызығушылық жоқ болса, онда 85%, ал егер де қызығушылық та, қабілет те жоқ болса, онда мұндай адамның қайтарымы 35% ғана құрайды екен.
Бөтен туфлимен саяхат.
Мақсаты: Әр адамның өзіне тән манадықты таңдау қажеттілігін, мамандықтың өзіңе сай екендігін байқап көру керектігін түсіндіру.
Барысы: Қазір, барлығымыз мүмкіндігіміз болса, аяқ киімізді шешейік те, бір-бірімізбен алмасып киіп көрейік, қане әркім өзі біледі, кімнің аяқ киімін кигісі келсе де өз еріктеріңіз... киіп, өлшеп, жүріп көріңіз.
Жаттығу аяқталған соң, оқушылардан алған сезімдерін туралы сұраймын және бұл жаттығудың мамандыққа қалай қатыстылығы бар екенін түсінулеріне мүмкіндік жасаймын. Яғни кез келген адамның өзінің бір қабілеті болады, сол сияқты мамандық таңдау кезінде әр мамандықтың мәнін өзіңнің бойыңнан өткізу керек, қалайтын мамандығыңа сенің мүмкіндіктеріңнің келу немесе келмеуін бағалау керектігі туралы қорытынды жасаймын.
Автопортрет жаттығуы.
Мақсаты: Әзілді пайдалана отырып, қатысушылардың адамдардың сыртқы сипаттамаларына және бейнелерін түрлі мамандықтармен сәйкестендіру қабілетін дамыту.
Барысы: Оқушыларға ақ парақтар беріліп бір жағына өзінің портретін салу ұсынылады. Портреттерін салып болған соң жүргізуші парақтарды жинап алып, әбден араластырып, кездейсоқтық ретімен отырғандарға таратып беріп, келесідей нұсқау береді: Алдыңызға келген суреттегі адамның келбетіне қарап сол бейнеге сай мамандық түрін жазыңыз. Нұсқау орындалған соң беттер жиналып алып, артында жазылған аттары аталып, сол адамға белгіленген мамандықты оқып шығады. Қатысушылармен талдау жүргізіледі.
«Жарнама» жаттығуы
Мақсаты: Өз мүмкіндіктері және қызығушылықтарын зерттеуге, сезінуге жағдай жасау;
3 минуттың ішінде қатысушылар өзінің қызығушылықтарынан, қабілеттерінен тұратын жарнама жасайды. Аяқтаған соң өзінің жеке қасиеттері мен қабілеттерін біріктіре отырып, өзінің қандай қызмет көрсете алатынына хабарлама жасайды. Талдау жасалынады.
Жалпы қорытынды. Құрметті оқушылар, егер адам 63 жаста зейнеткерлікке шығады деп қарастырсақ, онда 17-18 жаста мектепті бітіреді, ары қарай әркімде әрқалай мамандықты меңгеру жолы өтеді, мысалмен алсақ, адам 22-23 жастан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін 30-40 жылдай еңбек етеді екен. Егер адам өз мамандығын сүйіп еңбек қылса, онда ешқашан бір күн де жұмысқа қиналып бармайсың. Сондықтан да, келешекке нық сеніммен аяқ басу үшін мамандықты дұрыс таңдау қажеттілігін шағын болса да, бүгінгі біздің кездесуімізден ала алдық деп ойлаймын.Сіздерге қосымша ақпарат ретінде мына жаднамаларды ұсынамын. Бүгінгі кездесу сәтті деп ойлаймын, қатысқандарыңызға рахмет!
Ақпарат көздері:
Агеева И.Д. Парад профессий: веселые познавательные игры для учащихся 5-10 классов/ И.Д. Агеева// Последний звонок. – 2007, №7 – с. 3-8
Пряжников Н.С. Профориентация в школе и колледже: игры, упражнения, опросники (8-11 классы). – М.: ВАКО, 2006.