kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қарым-қатынас мәдениеті»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тренинг для родителей колледжа "Культура общения". 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қарым-қатынас мәдениеті»»

Тақырыбы: «Қарым-қатынас мәдениеті»
Мақсаты:

  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты орната білу және оны жақсарту;

  • ата-ана мен бала арасында кикілжіңнің болмауын және оның алдын алу жолдарын анықтап, көрсету;

  • ата-ананың балаларына зейінін көбірек бөлу арқылы баланың бойында сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббат сезімдерін қалыптастыру арқылы отбасы мүшелері өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіну.

Сабақтың түрі: тренинг сабақ.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, жіп, түрлі – түсті қима қағаздар, шам, бейнетаспа.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: жағдаяттар, ой – қозғау әдісі, шеринг әдісі, аяқталмаған ой, релаксация әдісі, махаббатқа толы хат, тілек шамы әдісі.

Пәнаралық байланыс: музыка, педагогика, әлеуметтік психология, өзін – өзі тану.

Тренинг барысы:

1. «Өрмекші торы»
2. «Аяқталмаған ой» әдістемесі
3. «Қайықпен серуенге шығу» релаксация жаттығуы 
4. Бейнебаян
5. Жағдаяттар шешу
6. «Махаббатқа толы хат» .

7. «Мен өз баламды қаншалықты танимын» тесті
8. «Тілек шамы».

1. Шеринг. «Өрмекші торы».(2мин)

Мақсаты: ата-аналармен жақын танысу, жағымды қарым –қатынас қалыптастыру.

Психолог: қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланыстардың қалыптасуы мен дамуының көп қырлы күрделі процесі. Адам өмірде әр түрлі адамдармен қарым-қатынасқа түсуін тұлғааралық қарым-қатынас дейміз.

2.“Аяқталмаған ой ” әдістемесі. (4мин)

«Сиқырлы сандықты» ашып ішінен сұрақтарды алып жауап беруін ұсынамын:

Жаныңдағы адамдардың жақсы қасиеттері жайында ойлайсыз ба?

Баланыздың жағымды қасиеттерін қалай бағалайсың?

Баланыздың жан дүниесіне түсінуге тырысасыз бе?

Бос уақытыңызда балаңызбен не жайлы сойлесесіз?


3. Жағдаяттар шешу(10мин)

Мақсаты: Кез келген қиын жағдайдан шығуға үйрету, балаларының құқығының сақталуына, балаларына дұрыс көңіл бөлуге баулу

1 - жағдаят. Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.

Сұрақ: Шешесінің іс әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?

Қандай қателіктер бар?

Баланың қандай құқығы бұзылды?


2 - жағдаят. Баласының күнделігін де үнемі оның мектепте жанжал шығарғандығы туралы ескерту жазулы тұрады. Осы үшін балаға ата - ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.

Сұрақ: Баланың мектепте үнемі жанжал шығаруы неліктен?

Осы жағдайда ата - ана қандай жұмыстар істеу керек?


3 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.

Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?


4 - жағдаят. Он екі жасар Әсемге қонаққа келген Айгүл апасы жақсы кітап пен үлкен шоколад конфетін алып келіп берді. Әсем анасының үйреткеніндей рахметін айтып, ризашылығын білдірді де апасына «Менде мұндай кітап бар, ал шоколад мен жемеймін» деп жауап қайтарды.

Сұрақ: Мұндай жағдайда сіз балаңызға не айтар едіңіз?

Балаңызды сыйлықты қалай қабылда деп үйретесіз?


4.«Қайықпен серуенге шығу» релаксация жаттығуы (2мин)
Аяғынызды созып отырыныз, көзінізді жұмып, денеңізді бос ұстаңыз.
Таңертең, күн шуағын жер бетінде төгіп тұр.
Сіз қайықпен көл бетінде жүзіп келесіз.
Күн өз шуағын айналаға шашып, құстар сайрауда…
Сіз барлық денеңізбен күннің жылуын сезіп келесіз.
Иығыңызға, қолыңызға, денеңізге, аяғыңызға жылу сезіледі.
Сіз, жайлысыз, өзіңізге сенімдісіз.
Барлық жамандық атаулы сізден кетті.
Көңіл-күйіңіз өте тамаша.

Сіз өміріңізге ризасыз, өз күлкіңізді айналадағы адамдарға сыйлайсыз.
Сіз тіке, әдемі жүзіп келе жатырсыз.
Қайықты ескекпен есу сізге ұнайды.
Барлығы өте тамаша.


5. Бейнетаспа: «Дүниеге махаббат» фильмі. 20 минут.

Фильмді талдау: «Ой қозғау» әдісі. Ой қозғау сұрақтары:

  1. Баламен әкесінің арасындағы қарым-қатынасы.

  2. Бейнетаспадағы әкесі мен анасының іс – әрекеттерін қалай бағалайсыз?

  3. Дүниеге құмарлық дегенді қалай түсінесіз?

  4. «Бақытты отбасы» болу үшін ең алдымен не қажет?

6. «Махаббатқа толы хат» . Қатысушыларға психолог жүрекшелер таратады, ата-аналар баласына өзінің қаншалықты жақсы көретіндігін жүрекшелерге жазады.(4мин)


  7.  Ата – аналарға арналған тест. Берілген тұжырымдамалардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз. (2мин)
а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай). 
б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай). 
в) қолымнан келмейді (1 ұпай). 
         Тест сұрақтары: 
1.     Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын. 
2.     Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін. 
3.     Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын. 
4.     Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын. 
5.     Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім. 
6.     Баламның орнына өзімді қоя аламын. 
7.     Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын. 
8.     Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын. 
9.     Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын. 
10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын. 
11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін. 
12.  Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін. 
13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын. 
Тесттің кілті: 
     30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз. 
     16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет. 
     16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.

8. «Тілек шамы». Шеринг.(3мин)

Мақсаты: тренинг туралы пікірлеріңізді ортаға салу.

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя-жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Мына шамды жаға отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. 

Қорытынды: Баламен қарым-қатынас жасағанда шын қөңілмен ниет таныту керек. Қарым қатынаста баланыздың сыртқы жағдайлардан ғөрі баланың ішкі жан дүниесіне көнілінізді аударыныз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Қарым-қатынас мәдениеті»

Автор: Мусрепова Хадича КУльтасовна

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458380

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "«?арым – ?атынас м?дениеті»"
    ["seo_title"] => string(22) "karymkatynasmdieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "255560"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447948780"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«?арым- ?атынас  м?дениеті» атты сыныптан тыс шара"
    ["seo_title"] => string(42) "karymkatynasmdieniietiattysynyptantysshara"
    ["file_id"] => string(6) "315743"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459947885"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Қарым-қатынас мәдениеті"
    ["seo_title"] => string(29) "k_arym_k_atynas_m_dieniieti_1"
    ["file_id"] => string(6) "414792"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494582991"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?арым-?атынас м?дениеті "
    ["seo_title"] => string(27) "k-arym-k-atynas-m-dieniieti"
    ["file_id"] => string(6) "159997"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421992170"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Т?рбие са?аты: «Желідегі ?арым-?атынас этикеті»."
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-zhielidieghi-k-arym-k-atynas-etikieti"
    ["file_id"] => string(6) "323078"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461753899"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства