kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдептілік - адамгершілік бастауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп  сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдептілік - адамгершілік бастауы»

«Өзін – өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: 37 Мерзiм: Мұғалiм: Нурмаханова С.Б.

Сынып: Оқушылар саны:

Тақырып: Әдептілік адамгершілік бастауы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: әділдік, жауапкершілік, парасаттылық

Сабақ мақсаты: 

Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп  сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушыларға әдеп, әдеп  сақтау туралы түсініктерін тереңдету;

-оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;

- әділдікке, жауапкершілікке, парасаттылықка тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Алдында оқушылар топқа бөлінген , үй тапсырмасын үш топ жеке –жеке айтып шығады:

1топ-«Қоғамдық орындарда,көшеде» өздерін қалай ұстау керектігі туралы

2топ –«Іс сапарда»қалай ұстау керек.

3 топ-«Театрда» қалай ұстау керек

Сабақ барысын талдау:

  1. 3. Дәйексөз.

 Инабат-ердің азығы,

Бақыт пенен дәулеттің

Ұстайтұғын қазығы.

                                          Қ.Әбубәкір

Ұлдар – 2 рет,

қыздар – 2 рет және барлығы – 2 рет оқиды.

 

  1. 4. Әңгімелеу.

Әдептілік әліппесі

                            Н.Шакузадаұлы

.. Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді.Сол

бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады.

Бірақ,көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады.

Бұл жол-әдептілік жолы.

   Ал , әдептілік адамның ішкі жан дүниесі,оның интеллектісі,парасаты мен

сезімі сыртқы келбетінен,көздерінен ,бет-әлпетінен ,сондай-ақ тұлға-

мүсіні мен мінез –құлқынан көрініс табады.

  Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі.Ол елге осылайша сыйлы болады.Мұндай әдепті адам істейтін ісіне ,сөйлейтін сөзіне ,қабылдайтын шешіміне  баса назар аударады.     Адам-өз өміріне өзі қожа.Өйткені ,ол өз тұрмыс тіршілігін өзі реттестіріп отыруға қабілетті .Ол өзінің  осы бір қабілетін дұрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне жете алады.Бұл да әдептілікке  байланысты.Себебі адамды әдептілік  басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады.    Олай болса, адам әдеп нормаларын аттап кетпей,өзінің барлық іс-әрекеттерін осы қағидалармен  бағамдай алғанда ,мінез-құлқын әдеп ережелеріне сай ұстай алғанда ,өзін-өзі әдептілік тұрғысынан қадағалай алғанда ғана бұл өмірдегі ,тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.

Ой толғаныс

Өз ортаңмен үйлесімді болудың мәні неде?

Әдепті әдетке қалай айналдыруға болады?

 

  1. 5. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

Төменде  берілген ұғымдардың өзіңе ұнағанын таңдап  алып , шағып әңгіме  жаз

                   Сергіу сәті

Бос орындық “    15 минут

 Қатысушылар  бірінші-екіншіге  бөлінеді, Бірінші нөмірлі қатысушылар шеңбер құрып отырады да , екінші  нөмірлері олардың орындықтарының артына тұрады.  Бір орындық бос болуы тиіс . Орындық артында тұрған қатысушының міндеті  отырғандардың  бірін көзімен өз орындығына шақыруы тиіс. Оны шақырғанын  байқаған  қатысушы бос орындыққа  жүгіруі  тиіс . Оның артында тұрған  серіктесінің   міндеті  оны  ұстап қалу.

Айтуға  тәуекел  байла»

Мақсаты : Әрбір  қатысушы  өзі туралы бір  нәрсе  айтуына

  жағдай жасау және  сабаққа оқушылардың  түгел

 араласуына көмектеседі .

Материалдары :

 Әдемі  себет  ішінде  қағаз  қиындылары. 

Ойды  аяқтай   отырып,  оқушылардың  

тәуекелге  баруын  талап  етеді.

………айналысқанды  жақсы  көремін.

……..жақсы  жасай  аламын.

……..мені алаңдатады.

……, мен өте  қуанамын.

………..,маған өте  көңілсіз.

………, мен қатты  ашуланамын.

Мен көңілсіз  болғанда,……….,мені  қорқыныш  билейді.

Мен ………..деп  түсінемін.

Қазірмен……..сезінемін.

Бәрінен де мен…………

Менің  ең  жақсы  қасиетім  — бұл……….

Менің ең  жаман  қасиетім – бұл………..

Жақсы дос……….. ерекшеленеді.

Басқа адамдар менің………..

Мен шын мәнінде………..болсам да, мен……….жалтарамын.

Мен………..көмегімен  назар  аудартамын.

…………….,,адамдар  мені  сыйлайтын  сияқты  көрінеді.

…………жасай  алғым  келеді.

Мен…………..қол  жеткіздім.


  1. 6. Топпен ән айту.

Бақыт құшағында»

Сөзін жазған Т. Молдағалиев 


Әнін жазған Ш .Қалдаяқов 
Көзіңнен бір ұшқан 
Ұшты ма, білмедім 
Әйтеуір нұр құштым, 
Әйтеуір гүлдедім 
Көктемнің бұлбұлы 
Кеудеме қонады 
Құшаққа қыр гүлі 
Толғандай болады 
Қайымасы 
Кел билейік, кетпе менің қасымнан, 
Қызғалдағым таң нұрымен ашылған. 
Сезім, шіркін, ақ жаңбырға ұқсайды, 
Алатыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған 
Әнбісің төгілген, 
Жырмысың армандай 
Бір бақыт көрінген, 
Жақындап қалғандай. 
Жанарың ұшқыныы 
Жүректе жанады 
Қолыңның ыстығы 
Қолымда қалады 
Қайырмасы 
Мен бүгін бұлақпын, 
Ілгері жүгірген 
Бір нәзік шуақпын, 
Жаныңа үңілген 
Сүйемін мен күнді 
Көңілді, жалынды. 
Сен биле еркімді, 
Әлдиле жанымды. 
Қайырмасы 

 

  1. 7. Үй тапсырмасы.

Әдептілікке байланысты тыйым сөздерді жинақтап,әдептілік тізімдемесін жаса . 

 

  1. 8. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздлар. Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін сіздерге көп рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Әдептілік - адамгершілік бастауы

Автор: Нурмаханова Салтанат Бекниязовна

Дата: 27.04.2017

Номер свидетельства: 411968

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "?дептілік-адамгершілік бастауы "
    ["seo_title"] => string(35) "dieptilik-adamghiershilik-bastauy-1"
    ["file_id"] => string(6) "199960"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428681327"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) ""?дептілік - адамгершілік бастауы""
    ["seo_title"] => string(31) "dieptilikadamghiershilikbastauy"
    ["file_id"] => string(6) "319420"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460824724"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "?дептілік – адамгершілік бастауы "
    ["seo_title"] => string(33) "dieptilik-adamghiershilik-bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "151518"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420717982"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "?деп ж?не ?дет (сынып са?аты)"
    ["seo_title"] => string(30) "diep-zh-nie-diet-synyp-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "255475"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1447940731"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Ізгілік-адамгершілік белгісі"
    ["seo_title"] => string(32) "izghilikadamghiershilikbielghisi"
    ["file_id"] => string(6) "316848"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460186305"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства