Ма?саттары:Ала?даушылы?ты т?мендету, ішкі топты? ж?мылдыру?а ?ол жеткізу, жалпы «Біз» деген пікірді? ?зіні? дербес «Мен» деген т?сінігін т?сіну.
Міндеттері:Топта ?зара ?рекеттесу бойынша ал?ан т?жірибені жалпыландыру, ?рбір ?атысушы?а топтан кері байланысты ?амтамасыз ету; ?зін топты? м?шесі ретінде сезіну.
К?рнекіліктер:Ашы? т?сті ?а?аз беттері (к?гілдір, ?ыз?ылт, сары), ?рбір ?а?азды? ортасында «Мен» деген жазуы бар (?атысушыларды? саны бойынша), т?рлі ?арындаштарды? немесе фломастерлерді? жиынты?ы; одан ?рі кішкентай жапсырмалар желімденетін ватман пара?ы; фотоаппарат; саба?ты? кезе?іні? тиімділігін ба?алау ?шін сауалнама бланкілері.
Саба?ты? барысы:
Жатты?у « ?жымды? есеп». Балалар жазбаша тапсырма тапсырады
Та?ырып бойынша ж?мыс:
Жатты?у «Сыныпты? коллажы»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Біз ж?не бізді? сынып" »
«Біз және біздің сынып»
Мақсаттары:Алаңдаушылықты төмендету, ішкі топтық жұмылдыруға қол жеткізу, жалпы «Біз» деген пікірдің өзінің дербес «Мен» деген түсінігін түсіну.
Міндеттері:Топта өзара әрекеттесу бойынша алған тәжірибені жалпыландыру, әрбір қатысушыға топтан кері байланысты қамтамасыз ету; өзін топтың мүшесі ретінде сезіну.
Көрнекіліктер:Ашық түсті қағаз беттері (көгілдір, қызғылт, сары), әрбір қағаздың ортасында «Мен» деген жазуы бар (қатысушылардың саны бойынша), түрлі қарындаштардың немесе фломастерлердің жиынтығы; одан әрі кішкентай жапсырмалар желімденетін ватман парағы; фотоаппарат; сабақтың кезеңінің тиімділігін бағалау үшін сауалнама бланкілері.
Сабақтың барысы:
Жаттығу « Ұжымдық есеп». Балалар жазбаша тапсырма тапсырады
Тақырып бойынша жұмыс:
Жаттығу «Сыныптың коллажы»
Оқушыларға өздерінің кеуде белгілерін жасау ұсынылады – онда қатысушының есімі және оның қандай да бір жағымды қасиеті, оның үлгісін әркім өзі таңдайды.
Балалар жұмыс істеп жатқанда тақтада олардың алдында «Біз және біздің сынып» атты плакат ілініп тұрады. Тапсырманы орындап, әр қайсысы плакатқа өзінің кеуде белгісін желімдейді.
Жүргізуші әрбір оқушыға олардың әрқайсысының сыныптың жеке бөлігі екендігін түсіндіруі қажет. «Мен» жалпы «Бізді» құрайды. Қорытындысында жалпы ортақ «Біз» «Мен» деген пікірсіз бола ала ма? Соны тақылау қажет.
Жаттығу «Біз қандаймыз ?»
Барлығы бір дауыспен «Біз барлығымыз» деп айтады, ал жекелеген қатысушылар жекелеген таңбалардағы қасиеттерді оқиды, бірақ көпше түрінде. Мысалға: «Біз барлығымыз күштіміз, ақылдымыз, әдеміміз, мейірімдіміз..»
Сабақтың талдауы (сабақтың бірінші кезеңіндегідей:)
Кері байланысты ауызша айту нұсқасы.
Шеңберде тұрған қатысушылар, бір-біріне ойыншық немесе допты бере отыра, сабақта не естерінде сақталғандығын айтады.
Топтың жалпы фотосуреті жасалынады. Жүргізуші оның ортақ таңбаға желімденетіндігін хабарлайды.
Жобалық әдістеме «Ағаш»
Сабақтың тиімділігін бағалау
Әрбір қатысушы сабақтың кезеңдерінің тиімділігін бағалау үшін сауалнаманы толтырады. Сауалнаманы толтырғаннан кейін әрқайсысына болашаққа тілек, жол сілтеп диплом беріледі.
Сауалнама
Құрметті бесінші сынып оқушысы !
Сен көптеген мәселелер талқыланған сегіз сабаққа қатыстың. Біздің осы бірлескен жұмысымыз туралы сенің ойынды білу бізге қызықты. Бірнеше сұраққа жауап беруіңді сұраймыз, ол бізге келесі оқу жылында осындай сабақтарды оданда қызықты және пайдалы өткізуге көмектеседі.
Рахмет !
1. Біздің сабақтарда талқыланған тақырыптардың немесе сұрақтардың қайсысы сенің есіңде қалды?
2. Саған не ұнады: қандай жаттығулар, ойындар, сабақ тақырыптар?
3. Саған не мүлдем ұнамады?
4. Біздің сабақта білгендеріңнен саған не болашақта көмектеседі деп ойлайсың?
5. Келесі сабақтарда не туралы білгің келеді?
1 Қосымша
«Тыңдау» және «Есту» түсініктерін салыстыру
- Адамға неліктен екі құлақ, екі көз және бір ғана тіл берілген соны ойлаңдар?
- Не маңызды: сені тыңдаған ба әлде естіген бе?
- Өмірде сен үшін не ең құнды және ең маңызды? (Нұсқалары тақтаға жазылсын)
- Адамға қашан жақсы болады? (Оны жақсы көргенде, оның дені сау болғанда, оны түсінген кезде).
- Адамды түсінген кезде? (оны тыңдаған кезде).
2 Қосымша
Тест «Сіз тыңдай аласыз ба?»
Әрбір оқушы сұрақтар жазылған бланкіні алады:
1. Біреумен сөйлесіп отырғанда көңіліңді жиі бөлесің бе?
2. Сен тыңдап тұрған болып, басқа нәрсені ойлап тұрасың ба?
3. Әңгіме айтып тұрғанның сөздеріне сезіммен берілесің бе?
4. Өзіңмен сөйлесіп тұрған адамды жиі бөлесің бе?
5. Сен тыңдайсың ба немесе тыңдап тұрған болып көрінесің бе?
6. Басқаларды тыңдап тұрғанда, өзің басқа нәрсені армандап тұрасың б?
7. Әңгімелесушіні тыңдап тұрғанда, не жауап беретіндігіңді ойласың ба?
Енді нәтижесін есептейміз: сенде «иә» деген жауап неғұрлым көп болса, соншалықты сіз басқа адамдарды тыңдай алмайсыз. Сіздің басқаларды тыңдауыңызға не бөгет болатындығын ойлап көрейік.