kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жақсы көңіл- күй жан тыныштығы» педагогтармен тренинг.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагогтардың өзара қарым- қатынастарын қалыптастыру, жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру. Көңіл- күйлерін көтеру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жақсы көңіл- күй жан тыныштығы» педагогтармен тренинг.»

«Жақсы көңіл- күй жан тыныштығы»

педагогтармен тренинг.

Педагог- психолог:Каирбаева А.К.

Мақсаты: Педагогтардың өзара қарым- қатынастарын қалыптастыру, жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру. Көңіл- күйлерін көтеру.


І. «Сәлемдесу»

Қатысушыларға карточкалар таратылады:

  1. Қорқынышпен.

  2. Қуанышпен.

  3. Беделді сәлемдесу.

  4. Таңғалып сәлемдесу.

  5. Ренішпен сәлемдесу.

  6. Ашуланып сәлемдесу

ІІ. «Көңіліңді көтере біл»

Ойыншыларға орындықта отырып билеуді ұсыну:

А) Тек аяқпен

Ә) Тек қолмен

Б) Тек баспен

В) Тек көзбен


ІІІ. «Қимыл- қозғалыс арқылы жауап беру»

Қойылатын сұрақтар.

Кім көңілді? (күлу, смайлик)

Кімнің шашы қара? (қолмен шашын серпіту)

Кімге ақша керек? (үш рет қол соғу)

Кім өзін бақытты деп санайды? (аяқпен дыбыс шығару)

Кімге үй керек? (қолмен үй көрсету)

Кім ақылды? (бас ұстау)

Кім сұлу? (екі қолымен беттерін ұстау)

Кім мейірімді? (қос қолдап жүрек тұсын ұстау)

Кім өзінің мамандығын ұнатады? (екі қолмен тізесін соғады)

ІY. Өлең жолдарын әртүрлі эмоцияда дауыс ырғағымен айтып көріңіз.

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

Апай сабақ сұраса

Ұйықтап қапты масқара

  1. Сыбырмен

  2. Қатты дауыспен

  3. Тоңып тұрған тәрізді

  4. Сіздің ауызыңызда ас тұрғандай

  5. Ұялып тұрған кішкентай қыз бала сияқты.

  6. Ашулы дауыспен

  7. Қорқып тұрған дауыспен

V. Қатысушыларға қағаз бен қалам таратылады. Әр қатысушы өздеріңізге ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыздар. Саны алтау. Осыдан кейін берілген сөйлем арасындағы көп нүктенің орнына өздері жазған сөздерді рет- ретімен оқиды.

1. Мені жұрт ...... деп ойлайды.

2. Мені ....... деп ойласа екен деймін

3. Дәл өзім.....

4. Мен жұмыста.......

5. Жарымның алдында.....

6. Негізі.......

VI. «Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Педагогтармен сұхбаттасу жолы». Олай болса назарларыңызды экранға аударайық. Мінекей сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.

  1. Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?

  2. Сіздің қызығушылығыңыз қандай?

  3. Сіз қандай тәрбиеленушіні ұнатпайсыз?

  4. Ең сүйікті мейрамыңыз қандай?

  5. Өз мамандығыңыз сізге ұнай ма?

  6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

  7. Педагогтан басқа қандай мамандыққа барар едіңіз?

  8. Баланың бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді?

  9. Сізге ұнамайтын үйірмелер бар ма?

  10. Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз?

Тренер сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және саусақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек.

VII. Қорытындылау.

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

Жарамды әнді тыңдасаң жаным еріп,

«Жабырқаған көңілің көтерілер», - деп барлығымыз қосылып ән орындасақ.

Әрдайым ән тыңдап көңіл- күйімізді түсірмей көтеріп жүрейік.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Жақсы көңіл- күй жан тыныштығы» педагогтармен тренинг.

Автор: Каирбаева Айнур Каржаубаевна

Дата: 22.10.2018

Номер свидетельства: 481569

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(163) "Педагогтар?а арнал?ан психологиялы? тренинг.  «?зімізді тану, бір-бірімізге ?уаныш сыйлау»"
    ["seo_title"] => string(87) "piedaghoghtargaarnalganpsikhologhiialyktrieninghozimizditanubirbirimizghiekuanyshsyilau"
    ["file_id"] => string(6) "309937"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458896389"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства