kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: « Біз орта буын оқушыларымыз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты.балалардың өз-өздерін тануға, педагогикалық-психологиялық көмек көрсету. Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл-күйін

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: « Біз орта буын оқушыларымыз!»»

Тақырыбы: « Біз орта буын оқушыларымыз!»


Мақсаты: балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.

Сабақтың түрі : талқылау, ойын сабақ

Өткен күні: 22.12.2017жыл

Сыныбы: 5«а»

Керекті құралдар : түрлі – түсті қағаздар , маркер , суреттер , ватман .

Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

Тренинг «Жүректен - жүрекке»

II . Психологтың кіріспе сөзі.

III. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек».

IV. «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу.

V. «Менің жұлдызым».

VI.«Алма тілектері»


I Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

Тренинг «Жүректен - жүрекке»


II . Психологтың кіріспе сөзі.

5- сынып дегеніміз не ?

Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектесу керек.

4 сынып – бір мұғалім, бір кабинет, санаулы пәндер

5 сынып - сынып жетекші, әртүрлі кабинет, әртүрлі пәндер











Оқушыларға сұрақтар:


- 5 сынып дегеніміз не ?

- 5 сыныпта қандай пәндер оқытылады ?

- 5 сыныпта оқыған ұнадыма?

- Мен орта буын оқушысы болғандықтан ...

- 5 сыныптың қиндығы ...


III. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек».


Барысы : әр оқушы орта буында оқып жүргенде қандай ерекше жағдайдың болғанын арманын қағаздан қиылған көбелекке жазып, тақта алдындағы гүлге апарып қондырады.


IV. «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу.


Мақсаты: оқушылардың сынып туралы ойларын білу, қарым – қатынасын анықтау. Топтық суреттер арқылы оқушының ойын білу.

Оқушылар топ болып отырады. Топқа жұмыс беріледі. Оқушылар өздерінің ойларын білдіріп , презентация жасайды.

1 топқа - «Менің бесінші сыныбым»,

2 топқа - «Менің сынып жетекшім»,

3 топқа - «5 сынып оқушысы қандай болу керек ?»

Оқушылар салған суреттері бойынша түсінік жүргізеді.


V. «Менің жұлдызым».

Нұсқау: Енді көз алдыңызға жұлдызды аспанды елесетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және әлсіз жарық. Біреулер үшін бұл бірнеше жұлдыз, біреулер үшін сансыз ұсақ, небір жарық, жымыңдаған нүктелер болуы мүмкін. Қол созғанда жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі мүмкін. Жұлдыздарға көңіл қойып қарап, ішінен өзіңізге ұнаған тамаша жұлдызды таңдаңыз. Өз жұлдызыңызға қарап, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізбен ұмтылыңыз, сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жете аласыз. Оны аспаннан алыңыз да, алдыңызға жайлап қойыңыз. Жақынырақ қараңыз, оның қандай екенін есте сақтаңыз. Тізеңізді сипап, қолыңызды екі жанға созыңыз да, көзіңізіді ашыңыз. Жұлдызыңыз сізге достық, қайырымдылық , шұғыласын шашады. Білім жолында, өмір жолында қолдау көрсетеді. Түнгі жұлдыздарды қарасаңыз олардың әртүрлі екенін көресіз. Олар әртүрлі біз бен сіз сияқты.


VI.«Алма тілектері»

Мақсаты: Оқушылардың ойларын жинақтату, сыныбына, сынып жетекшісіне тілектерін білдіру.


Рефлексия (ой қорытындылау).

«Аяқталмаған сөйлемдер».

Бүгінгі сабақта менің түсінгенім...

Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…

Бүгінгі сабақта маған ұнағаны және ұнамағаны...

Оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтай отырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Қорытынды:

5 сынып оқушыларының дамуы , одан әрі қалыптасуы, үнемі дамып отырады. Оқушылардың орта буынға көшкендегі психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуының , ұстаздарға жеңіл бейімделуге , оңай тіл табысуға үйрете білуіміз керек. Сондықтанда оқушыларды дамыта түсуіміз керек. Ерекшеліктерін ескере білуіміз керек.


Өміршеңдік ережесі


Басымызға қиындық түскенде немесе алдымызға қойған мақсатқа жету үшін өміршеңдік ережесін есіңе ала отырып , өз өміріңіз қолыңызда екеніне сеніңіз. Оны білеміз және солай жасаймыз. Орнымыздан тұрып шеңбер жасап, иығымызды тіктеп, жарқын көңіл – күймен, табысқа жетуге талпынайық :

Жігер деген – Мен,

Күш деген - Мен,

Махаббат деген – Мен,

Кешірім деген – Мен,

Құдірет деген – Мен,

Жасөспірім деген – Мен,

Жастық деген – Мен,

Денсаулық деген – Мен,

Даналық деген – Мен,

Жарқындық деген – Мен,

Бар ғажайып деген – Мен,

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда!











А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы: « Біз орта буын оқушыларымыз!»







































Педагог-психолог: Токжанова Аймгуль Бактыгалиевна

2017-2018 оқу жылы

А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің 2017-2018 оқу жылында 21.12.2017- 22.12.17 жж. Жас мамандар арасында «Бірлескен оқу-нәтижеге жетудің басты жолы» ашық сабақтар шеруіне қатысқан жас маман Токжанова Аймгульдің мәтіндік есебі



Тақырыбы: « Біз орта буын оқушыларымыз!» Ойын,сабақ түрінде өткіздім.

Мақсаты: балалардың өз – өздерін тануға , психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін , көңіл – күйін , сыныптың ұжымдастығын, психикалық ерекшеліктерінің дұрыс қалыптасуына ықпалын тигізу.


Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу.

Тренинг «Жүректен - жүрекке»

II . Психологтың кіріспе сөзі.

III. Топтық жұмыс. «Гүлге қонған көбелек».

IV. «Біздің 5 сынып» суретті жаттығу.

V. «Менің жұлдызым».

VI.«Алма тілектері»


Бесінші сынып дегеніміз – бастауыш буыннан орта буынға көшудің алғашқы кезеңі болып табылады. Бесінші сыныпта оқушылардың бейімделу кезеңі жүреді. Балада кіші мектеп жасынан өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сынып оқушысы бір ғана мұғалімге, бір кабинетке , яғни тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа көшкен кезде оларға бірнеше мұғалім сабақ береді. Сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастарымен, жаңа ұстаздарымен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады. Бастауышпен салыстырғанда сабақ үлгерімі нашарлайды. Баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятумен қатар, жаңа сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасына көмектестім деп ойлаймын.

Оқушылар барлық тренинг,ойынға белсене қатысты. Көңіл-күйілері көтеріңкі болды. «Менің жұлдызым» атты релаксацияда барлық оқушы өз жұлдыздарын ұстап, армандарына қол жеткізді. Сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын.

Ерекше жағдай: «Менің жұлдызым» релаксацияда Мусагалиев Алтынбек өз жұлдызын қолынан ұшырып алды.

Ұсыныс: Мусагалиев Алтынбекпен жұмыстануым керек.



Мектеп педагог-психологі: Токжанова .А.Б


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Тақырыбы: « Біз орта буын оқушыларымыз!»

Автор: Токжанова Аймгуль Бактыгалиевна

Дата: 16.01.2018

Номер свидетельства: 450311

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) ""Г?лденерсі? ?лі де т?рленерсі?,?аза? тілі м??гісі?,осыны б?рі білсін"."
    ["seo_title"] => string(75) "guldieniersin-li-die-turlieniersin-k-azak-tili-m-n-ghisin-osyny-b-ri-bilsin"
    ["file_id"] => string(6) "311329"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459182505"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства