Просмотр содержимого документа
«Психолог- жеке басты? ?лгісі (Эссе)»
Психолог- жеке бастың үлгісі
(Эссе)
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады»,-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айт-қандай егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдер қатарында иық тірестіру. Бұл жолда болашақтың тұтқасын ұстайтын жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны тәрбиелеу маңызды орын алатыны айқын.
Мектептегі пәндерді оқытумен қатар, қазіргі таңда тұлғаға психологиялық жағынан білім алуға дайындау негізгі фактордың бірі болып табылады. Сондықтан біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда психолог маманы өте маңызды орынға ие.
Өйткені, психолог – жеке бастың үлгісі, ол өз шәкірттерін білімге ғана баурап қоймай, оларға өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киінуі, қарым-қатынас жасауы,сөйлеуі жағынан да ықпал етеді.
Психолог қиын да қызықты, жауапты жұмысты атқарып жүргендіктен, көп ізденуі, білімін жан-жақты толықтырып отыруы артықтық етпейді. Әсіресе, психологиялық біліктілік өз жұмысының жемісті болуына жетелейді.
Психолог психологиялық іс-әрекет түрлерін атқара отырып, адамға білім ғана емес, сондай-ақ ішкі адамгершілік қасиет қажет екенін, ақыл-ой өрісі ғана емес, сонымен қатар мәдени қазыналарға құлшыныс, салт-дәстүрді сыйлау мен құрметтеуге ұмтылыс қажет екенін әр балаға түсіндірсе, осы бағытта жұмыс жасаса нұр үстіне нұр болар еді. Бір сөзбен айтқанда, психолог өзінің қызметін бүге-шүгесіне дейін жетік білумен бірге, жаңашыл болуы қажет. Қазіргі уақыт жан-жақты білімділікті талап етеді.
Психологтың қызметі- адам жанына нәр беріп, жеке тұлғаға әр түрлі ортада қарым-қатынас жасай алуға, кез-келген ортаға тез бейімделуіне, заман талаптарына сай әрекет етуге бағыт беріп, жол көрсету.
Мен өзім адамның жан дүниесіне нәр беретін ғажайып мамандығым арқылы жабырқаған көңілге қуаныш сыйлауға, мазасызданып, қорқынышқа тап болса, болашағына сеніммен қарауға жетелеуге тырысамын. Баланың ақыл-ойы,ерік-жігері сабырлылық пен еңбекқорлықтың арқасында жетілетіні әрқайсысымызға аян. Кез келген бала тәрбиешісін болашақтың бейнесіндей көріп, үлгі тұтатынын біз есте ұстауға тиіспіз. Өзім танысқан әдебиеттердің ішінен Абай атамыз психологиялық арнайы кітап жазбаса да, көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен психология ғылымының сан алуан мәсе-лелеріне байланысты түрлі ой-пікірлерді табуға болады. Абай еңбектеріндегі ең басты қасиет- Адамға көңіл бөлу, Адамды дәріптеу. Бір еңбегінде «Атымды Адам қойған соң, қайтіп надан болайын?»- деп адамның бұл ғаламда ерекше екенін айтады. Абай түсінігінде, Адамның құдіреті- оның рухани азаттығында, ар тазалығы мен сезім еркіндігінде, ойдың тәуелсіздігінде, сөз бостандығы мен мінездің тәуекелінде... Тек рухы еркін, санасы ерікті Адам ғана құлдыққа түспейді. Біздің мақтанышымыз ұлы Абайдың шығармаларында адамның жеке басы мен жасына байланысты ерекшеліктері, өз-өзімізді тәрбиелеу туралы және ұлттық мінез-құлықтар көрініс тапқан. Өз өмір жолымда мен Абайдың психологиялық көзқарастарын басшылыққа алып, оқушыларға жеткізе отырып, қиналғанда көмек қолын созуға тырысамын. Адамды бүкіл тіршілік әлемінен ерекше-лейтін- оның ерекше жетілген психикасы болса, сол психиканың дұрыс жетілуіне өз дәрежесінде ықпал ету- біздің, психологтардың міндеті.
Мен үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психо-логиялық ерекшеліктері үнемі басты орында. Менің негізгі жұмысым оқушы- ата-ана- психолог, оқушы-мұғалім- психолог, мұғалім- ата-ана, психолог одақтарымен байланысты болғандықтан, осы үш бірлескен одақтың бақылауы мен қамқорлығы өз мәнінде болуға тиісті. Тәрбие бір қалыпты беріліп, балаға, оның өз болашағына сенуі аса маңызды. Ал қатыгездік пен жазалау баланың тұлғалық дара қасиетін жоятыны мәлім. Бала дұрыс дамуы үшін оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенімділік керек. Әр бала үлкендер үшін өзінің керек екенін, бағалы екенін сезінуі маңызды. Бір ғана жақсы сөз үшін баланың бойындағы қобалжу мен мазасыздықтың азаятынын бала тәрбиелеп отырған әрбір адам білу керек.
Менің түйгенім, «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік, Білікке сенер заманда-қапы қалып жүрмелік»,- деп Абылай хан айтқандай, шындық өмірде кездесетін қандай да болмасын жағдаяттардан шығудың жолын өзі іздеп тауып, алған білімін, білігін, дағдысын нағыз қайнаған өмірмен тез ұштастырып кете алатын мүмкіндігі мол, өзіне өзі сенімді жанды тәрбиелеу бүгінгі психологтардың жұмысының нәтижесін көрсетері анық.
Қорыта келгенде, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Рухы биік халықтың ірге-сі де берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы жарасымды болады деп есептеймін, өйткені, ұлт тәрбиесі ұлттық рухпен тікелей байланысты екені хақ»,-десе, ата-бабамыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондық-тан оқушының бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгер-шілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру бүгінгі күнгі барлық бала тәрбиесіне жауапты мамандардың есінен шықпауы тиіс.