kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушылардың тілін дамытуға арналған психологиялық техникалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың тілін дамытуға арналған техникалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың тілін дамытуға арналған психологиялық техникалары»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...........................................................................................................2-6

I БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

    1. Оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық фактор.....................................................................................................7-17

    2. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері..................................................................................................17-23

    3. Оқушылардың тіл мәдениетінің қоғамдақ ортадағы маңызы....................................................................................................23-38

II БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ.

2.1 Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар...............................................................................................38-42

2.2 Бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары.......................................................................................................43-52

2.3 Жүргізілген іс- тәжірибесі .....................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

ҚОСЫМШАЛАР..........................................................................................

















1



КІРІСПЕ



Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Тіл дамытудың қайнар бұлағы – баланың өзін қоршаған ортасы, басынан өтіп жатқан оқиғалар.

Тіл – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден – бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірімен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. Тіл дамыту тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде мұғалімнің:

2

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек.

Зерттеудің мақсаты: Баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Қазақ сөзінің құдіреті, сөйлеудегі керемет тіршілігін сезіндіру, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге ұмтылу.

3

Тіл дамыту мақсаты:

  • дыбыстарды дұрыс айтуға, оларды бір – бірінен ажырата білуге үйрету;

  • өз ойын еркін жеткізуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру;

  • тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу.

Зерттеу міндеттері:

1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;

2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;

3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық

формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;

4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;

5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;

6. Көркем сөзге баулу;

7. Сауаттылыққа үйрету.

Зерттеу пәні: Оқушылардың тілін дамытудың педагогикалық- психологиялық негіздерінің үрдісі

Зерттеу әдістері: Бақылау әдісі,тест,сауалнама,анкета,эксперименттік әдіс.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын ғалымдар А.Әбілхасымова,Р.Омарова, С.Смаилов, Ж.Қараев,С.Бегалиева, М.Құдайқұлов, Т.Сабыров т.б. жүргізгені белгілі.

Зерттеу әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау. Педагогикалық жаңа технологиялар мен әдіс тәсілдер.

Ғылыми жаналығы: Психологтардың зерттеуі анықтағандай кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығуы ең алдымен, оқу әрекетімен тығыз байланыста туады. Яғни, оқуға деген қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша ғана емес, оқу әрекетінің түрлері бойынша да пайда болады. Ортаңғы буын кезеңі – оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушының оқу-әрекетінің тиімді

4

меңгеруі нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып,оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы ортақ тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп жұмыс істейді.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша психологтардың, педагогтардың және әдіскерлердің еңбектері;психологиялық журналдардағы мақалалар авторефераттар.

Практикалық мәнділігі: оқушылардың тілін дамытудағы оқыту үрдісінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушылардың тілін дамытуды оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді қолданудың педагогикалық және психологиялық негіздері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде ескеріліп отырса, оқытушы оқушының тіл байлығынын арттырудың нақты жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерін терең меңгереді.

Зерттеудің негізгі кезендері:

Бірінші кезеңде зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық,ғылыми – әдістемелік,әдебиеттер туралы материалдар жиналып талдау,қорытынды жасалып жүйеленеді,зерттеудің нысаны мен пәні,мақсаты мен міндеттері анықталып,болжамы жасалынады

Екінші кезеңде тіл дамытуға байланысты қатысты материалдар,теориялық және практикалық тұрғыда талқыланалды.

Үшінші кезеңде тәжірибиелік психологиялық-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері талдаңып, жүйеленіп, қорытындыланады және алынған нәтижелерге статистикалық өңдеулер жасалынады.Қолданылған әдебиеттер тізімі жүйеге келтірілді.

Зерттеудің тәжірибелік базасы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,№21 орта мектебі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеудің жұмысы кіріспеден,

екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен

тұрады.



5

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, білім берудің басты міндеттері көрсетілген.

Бірінші тарауда орта мектеп оқушыларының педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері, оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық факторлары жайлы мағұлматтар берілген. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері мен оқушылардың тіл мәдениетінің қоғамдағы маңызы жайлы айтылған.

Екінші тарауда орта мектеп сынып оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар көрсетілген. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары мен нәтижелері берілген.

Қорытындыда жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар мен ұсыныстар,зерттеуі келешегте көрсетіледі.

































6

I БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

    1. Оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық фактор





Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі. Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі – үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс

7

дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты – бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді. Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші деңгейі – сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады.

8

Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.

Екінші деңгейі – былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері – септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.

Үшінші деңгейі – балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді. Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі. Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:

1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.

2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.

3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.

4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.

5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған

9

зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады. Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы – тахилалия пайда болады.

Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) – сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.

Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.

Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады. Тұтығу – нң ауыр кесел. Оның себептері:

1. Қорқу;

2. Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;



3. Ата-анасының тұтығуы;

4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады.

10

Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді. Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін. Тұтығуды органикалық және функционалды деп 2-ге бөледі.

1. Органикалық тұтығу – тек орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан туады, кез-келген жаста көрінеді және сирек кездеседі.

2. Функциональді тұтығу – көбінде орталық және жүйке жүйесінің перифериялық сөйлеу механизмдерінің органикалық зақымдануынсыз кездеседі. Бұл жеңіл қоздырғыш балаларда аяқ-астынан психикалық жарақаттың әсерінен туады. Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.

Туа пайда болатын кемістікке жататындар:

• прогнатия -жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;



прогения – төменгі жақтың алға шығуы;

• тістердің дұрыс орналаспауы;

• еріннің түрлі кемістіктері;

• таңдай параличі;



11

Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.

Дұрыс тістеу – бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады. Органикалық дислалияға жататын кемістік бұл ринолалия.

Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі.

Ринолалияның түрлері:

1. Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.

2. Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін атағанда білінеді.

Ашық ринолалияның себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.

Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.

Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады. Мысалы, «хейлопластика» - бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын операция.

«Уранопластика» - жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық. Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса – оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса – оны күрделі дислалия деп атайды.

12

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың мүкістік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін дислалияның түрлері:

1. Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;

2. Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

3. Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

4. Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;

5. Каппацизм – «к» дыбысы;

6. Гаммацизм – «г» дыбысы;

7. Хитизм – «х» дыбысы;

8. Йотацизм – «й» дыбысы;

Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді.

Моторлы алалияда сөйлеу тілін қимылдатып қозғалысқа келтіріп тұратын анализатордың қызметі бұзылады. Моторлы алалик балаларда назар аудару, көңіл қою, зер салу, ықыласпен қарау немесе бір нәрсені елеу, ілтипатқа алу, ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Баланың психофизикалық жағдайының әлсіздігінен оның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді және болдырып тез шаршайды.

13

Сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т.б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды. Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.

Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.

  Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік қарау өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық. Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл –асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс

14

сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.

Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады:

1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т.б. себептер әсер етеді.

2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.

3. Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.

4. Босану кезінде және толғақ қысымынан болатын зақымның мидың оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінің салдарынан бас сүйегінің ішкі жағына қан құйылады.

5. Сөйлеу тілінің мүкістігіне тұқым қулайтын аурулар және нәресте кезінде жиі-жиі шалдыққан әртүрлі ауру-сырқаулардың зардаптарынан да зиян шегеді. Баланың сөз қорының баюына, дұрыс сөйлеуіне қоршаған орта, үлкендердің сөздік қоры жақсы стимул. Үлкендердің сөзі анық, асықпайтындай және дұрыс болуы керек. Кейбір ата-аналар баланың сөзімен сөйлеймін деп сөзін бұрып айтады, олар балаға ұғынықты деп ойлайды, ол дұрыс емес. Екі жасында баланың сөздік қоры 300-ге жуық болады. Фразалар ұзын және қиын бола бастайды, ал сөздің айтылуы жақсарады. Үш жасқа дейін бала сөйлей алмаса қобалжудың қажеті жоқ, онда мамандардан консультация алу қажет. Кейбір ата-аналар баласы өзі жай сөйлегісі келмей тұр деп өздерін басып, көп уақыт өткізіп алып көмек сұрайды. Негізінде төрт – бес жаста барлық сөйлеу қателіктері жоғалады, бірақ ол үлкендердің сөзді дұрыс айтуына байланысты. Сондықтан баланы кішкентай кезінен бастап әдемі, дұрыс, таза сөйлеуге үйрету керек. Балаға көп ертегілер оқытып, жаңылтпаштармен тілін жаттықтырып және баланың сөздері үнемі дамытуда болуы қажет. Баланы бала-бақшаға апара жатқанда, жолда бір нәрсе айтып жүріңіз. Мысалы: автобуспен, тролейбустың қандай айырмашылығы бар? деп, содан кейін кешке жақын баладан: «Білесің бе біз не көрдік?» деп сұраңыз. Сонда бала бәріне жолда не көргенін айта бастайды. Осылайша баланың сөйлеуімен зейінін дамыта

15

аламыз.Тіпті кішкентай сөзді бұзып айту баланың тәртібі мен қызметіне әсер етеді. Бұндай баланы мектепте қорқытуы мүмкін, сондықтан оның психикасына өте ауыр әсер етеді. Нашар сөйлейтін балалар өзінің кемшілігін өте тез ұға бастайды. Олар тұйықталып кетеді, ұялшақ, шешім қабылдай алмайтын, нәтижесінде толымсыздық комплекстері жетіле бастайды, үлгерімі төмендейді, өзіне деген сенімсіздігі пайда болады, коммуникациялық белсенділігі нашарлайды.

Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар көрінеді. Атап айтқанда бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны түзету өте қиынға соғады. Көру өте үлкен роль атқарады, себебі бала ықыласпен сөйлеушінің тілін және ерін қозғалысын бақылай отырып, оларды қайталайды, артикуляциялық қозғалысқа еліктеуге тырысады. Бұл процесте баланың дамуында үнемі дамып және қайталау байланыстарын қатайтып отыратын анализаторлар арасында есту, көрумен және басқалармен шартты байланыс жүйесі пайда болады. Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-қатынаста болуымен байланысты. Бала балабақшадан немесе серуеннен оралғаннан кейін, міндетті түрде балабақшада не істегені туралы, қандай тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды және дыбыстарды дифференциялауға үйрету аса қажет. Баланың дыбыс қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып, жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс.

М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн. Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн.

16

Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15 минут жүргізілуі қажет. Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл кемістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.

1.2 Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. Б

Дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.

Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тен түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы, латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.

Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса,

17

ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.

Дифтонгоид — дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекше түрі. Оған и, у, ие, уо, уө дыбыстары жатады

Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.

Бүгінде елімізде тілінің мүкістігі бар балалар жиі кездесетін болды. Көптеген дыбысты дұрыс айтпай, бұзып айтатындар көп.Елімізде тілінің мүкістігі бар балалар көбейді. Баяғыда "р" әрпін "ыл" немесе "ғы" деп оқитындарды ғана көруші едік, қазір "қ" мен "г" әрпін "т" қылып, "р"-ны "м"-ға ауыстырып, "л"-ны "у"-мен алмастырып, "с", "ш", "ж", "з" әріптерін "ч" қылып айтатындар бар­шылық. Яғни дыбысталу жағынан бір-бірімен бес қайнаса сорпасы қосылмайтын әріптермен алмастыру — үлкен проблема. Балабақшаға барсаңыз, дыбысты дұрыс айтатын баланы шам алып әрең табасың. Ата-аналардың алаңдайтыны да – сол. Былдырлап шыққан баланың тілі сол был­дырлаған күйі қала берсе, қай ата-ана уайымдамасын?! "Баламыздың тілі дұрыс шықпай жатыр" деп, үйіне логопед мамандарды шақырып жүр­гендер де бүгінде көбейді. Оны айтасыз, тіпті балабақшаларда логопед деген ма­мандық тапшы болып барады.

Логопедке сұраныс неліктен өсіп келеді? Баяғыда логопед дегенді қазақ көрмек түгіл, естімейтін де, оның не екенін де білмейтін. Ал бүгінде екінің бірі біледі. Тіпті логопедиялық балабақшалар да бар. Оған да кезекке тұрғандар жетерлік. Осы жерде "бүгінде неге тіл кемістігі бар балалар сонша көбейіп барады" деген сұрақ туады. Неге мұндай проблема қазақ балалары арасында белең алуда? Балабақшаларда логопед деген мамандық тапшы болып барады Бір ғана мысал. Мәселен, Астанадағы жекеменшік балабақшасына қыркүйекте естияр тобына (3,5-4,5 жас аралығындағы бала­лар) 20 бала келеді. Соның 12-сі жасына сай дұрыс сөйлей алмайды. Ал ересек тобына келген 18 баланың 10-ға жуы­ғы­ның сөйлеу тілінде кемшіліктері бар. Жалпы, тіл мүкістігі неден болады? Бұған мамандар бірнеше себеп айтады. Соның біріншісі – емізіктен. Емізікті көп ем­ген баланың таңдайы тереңдеп, икем­сізденіп, артикуляциялық қозғалысы нашар­лайды. Яғни дыбыстың дұрыс шығу-шықпауына

18

себептердің бірі – таңдай. Таңдайдан болған ақаудың әсерінен әріп­тер дұрыс дыбысталмай жатады. Ал бұ­рынғы қазақ балалары емізік дегенді білді дейсіз бе?! Бұрын мұндай проблеманың си­рек болуы сондықтан да болар.

Біріншісі – емізіктен, екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі

Екінші себеп – ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі. Мәселен, бала бір жаста 5-10 сөз айтуға тиіс екен. Екі жаста 200-300 сөз білетіндей қабілетке жетеді. Үш жаста күрделі сөйлемдерді ай­тып, дауысты дыбыстарды толық меңгереді екен. Осы жастан бастап баланың жалпы сөйлеу тілі дамиды және оған тікелей себеп­кер ата-анасы болады. Қазіргі күні көп ата-ана баласымен бір жасынан бастап сөйлесе бермейді. Сөйлесетіндері сирек. Оның өзінде баланы шектен тыс еркелетіп (гиперопека), кәдімгі түсінікті тілмен емес, баланың былдырлаған тілімен сөйлеседі (баламен бала болып). Бала уілдеп сөй­лесе, анасы да баламен қоса уілдейді. Бұл дұрыс емес. Керісінше, бұл жағдайда ана баласын түсінбесе де, онымен дұрыс сөйлесіп, сөз үйретуі керек. Бұл қызметті от­басы институтында негізінен әжелер атқар­ған. Бір топ немересін айналасына жи­нап, буыны қатпағанын алдына алып, ертегі айтатын. Ал енді бесіктен белі шық­пағанына келетін болсақ, онымен анасы айналысатын. Баланың санасын қа­лып­тастырып, тілін қазақша шығаруда бе­сік жыры – нағыз тамаша әдіс. Яғни балаға әлди айту, баламен әңгімелесу деген сөз. Бұл бала тілін қазақша шығаруға сеп болады дейтін себебіміз, "Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Көк­құтанның құйрығын жіпке тағып бе­рейін" деген бесік жырында, байқасаңыз, дауысты-дауыссызы, жуан-жіңішке қатаң-ұяңы бар дыбыстар түгелге жуық кездеседі.

Үшінші себеп – баланың топырақта ойнамауы. Бүгінгі күннің балалары баяғыдай топырақта ойнаудан қалды. Турасын айт­сақ, ата-ана балаларын топырақта ойнау­дан шектеп жатады. Ал ғалымдар тілдің дамуына бала қолының ұсақ мото­рика­лары, яғни қол бұлшықеттері мен саусақтарындағы нүктелер әсер етеді деп дәлелдеп берген екен. Ал қазақта мұның рөлін үйде отырып ойнайтын "Ханталапай", "Бес асық", түзде ойнайтын "Шеңбер", "Тигіз­бекіл", "Үш табан" секілді асық ойын­­дары жақсы атқарған. Бұлардың бар­лығы осы ұсақ моториканы дамытуға жақсы әсер етеді. Тіпті баланың қолына сүйек ұстатып, мұжытып қою да

19

тілдің дұрыс дамуына оң әсерін тигізбек Біріншіден, алақанның бұлшықеттері шираса, екіншіден, сүйек мұжу арқылы бала артикуляциялық жаттығулар жасайды. Артикуляциялық жаттығудың тағы бір тамаша қазақи тәсілі – ұртына құрт салып, сорып жүру. Қазір малта сорып жүрген қай қаланың баласын көрдіңіз? Өте сирек! Сондықтан да ауылдың балаларында ондай проблема жоқ. Тіпті тілінің мүкіс­тігінен құтылу үшін грек философы Демос­фен де екі ұртына тас салып жүрген. Көпшіліктің көзайымы, талайға танымал болған "Карнавал" фильмін көрсеңіз, онда да тілінің мүкістігі бар Нина Соломаина аузына жаңғақ салып алып, жат­ық­паушы ма еді?!

Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.

Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылартүсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді бөлімдерге бөліп, оқушыларды өздеріне мәтіннің тиісті бөлімін оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі

20

жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады. Бұл тапсырмалар жаңа буынды оқулықтарда жақсы қарастырылған.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор. Мысалы, әр сыныпқа арналған электрондық оқулықтар бар. Arta Learnung оқулығы бойынша қазақ тілінен тақырыптар модульдермен беріледі, оқу және үйрену, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды орындау, тыңдалым, сөйлесу, өзін-өзі тексеру деңгейлері белгіленген. Оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.

Оқушылардың көбі р, л, с, з, ж, ш дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Осындай оқушыларға тіл дамыту сабақтарында үнемі назар аударып, оларға сол дыбыстарды жаттату үшін шағын тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер айтқызу орынды. Әсіресе оқушыларды ауызша тіл дамыту жұмыстары кезінде үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп үйретудің пайдасы зор. Мұндағы ұтымды жағдай бола өзін ортаға, айналаға сын көзбен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, кішіпейілдікті байқайды. Олардың сөйлеткенде сөйлемдердің қысқа, түсінікті, жүйелі құрылуына, айтып отырған әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерді дұрыс айтуын, жазуын қадағалау керек. Оқушылар көрген, оқыған әңгімелеріне еліктеп, сөздерді ойдан құрап жазады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, ұйқасын топ ойындарының әсері мол.

Оқушылардың тілін дамыту, ақыл – ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытуда математикалық жаттығулардың да үлесі мол. Оқушылармен ұлттық ойындар арқылы тақырыпқа сәйкес ойын есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың ойына байсалдылық, тапқырлық, шындық қасиеттерін сіңіру. Көбіне сабақта қазақтық ұлттық ойындарын қолданамын. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек» тағы басқа да ойындар. Сөзжұмбақтар, ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол.

Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер жасауға қатысуы

Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар.

Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.

21

Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы - тамақтанудың нақты тәртібін орнату. Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға қатаң тиым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек.

Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.

Логопед кеңес береді

- жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;

- баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;

- балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;

- онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;

- сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;

- күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты - дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;

- балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;

- ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;

- кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді.

22



Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.



1.3 Оқушылардың тіл мәдениетінің қоғамдақ ортадағы маңызы



Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.

Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды — қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту — Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» — деп тұжырымдайды.

Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті

23

мәселелерінің бірі болып табылады» — дейді. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.

Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:

— тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру;

— оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының

себептерін саралау;

— тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды

айқындау;

— тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы

анықталатындығын көрсету;

— тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын

анықтау;

— оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық,

әдістемелік ұстанымдарды негіздеу;

— мектептің орта буынында тіл мәдениетін оқытуды саралу;

— жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне оқытуды

тұжырымдау. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан құралған.



24



Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы

Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған.

Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді.

Тіл — қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.

«Тіл — қоғамдық құбылыс» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лннгвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.

Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет — деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді, — деп М.И.Калинин атап көрсетеді. Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы, — дейді тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ, мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен. Материалдық және рухани мәдениет. Соның ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз болмақ. Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын

25

қальптастыруға тиіс.Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті дегеніміз — тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» .

«Тіл мәдениеті дегеніміз — сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», — деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.

Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз — сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», — дейді.

«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі — сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті деп бөлуге болады.

Сондықтан сөйлеу мәдениетіне байланысты өтілетін практикалық сабақтарда ауызша сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы зор.

Тіл байлығы — сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы

26

мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі — тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарланбауын талап етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды. Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру мақсатын көздейді.

Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалды. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», — деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.

Тіл мәдениті жөніндегі теориялық және практикалық пікірлерді дамытушылардың бірі — И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының ойлау дағдысымен тікелей байлансытыра отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі жаттығу жұмыстарына бейімдеу пайдалы дей келіп, «Важен для приучения отличать более важное от менее важного и неважного вникать в те основы слов и выражений которыми изображаются основные мысли … как безотносительно к форме, в которой та или другая мысль выражается так, и с объяснением самой форм выражении, чтобы заставить детский ум оценить форму»,- деп балалардың жұмыстарында, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді барынша кеңінен қолдану қажеттігін айтты.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны белгілі болды. Солардың ішінен педагогикалық сөздікте берілген мынадай анықтама көңілімізден шықты: «Оқушылардың тіл мәдениеті – оқыту үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән». Ал бұл мәселені жан-жақты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз.

Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі.

27

Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» — деп тұжырымдайды

Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті -кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.»

Ал педагогикалық энциклопедияда «Культура речи 1. В теоретическом плане — раздел филологии изучающий речевую жизнь общества в определенную эпоху и устанавливающий на научной основе правила пользования языком, как основным средством общения людей, орудием формирования и выражения мыслей. 2. В плане практическом — под культурой речи понимается прежде всего нормативность речи, ее правильность, соответствие требованиям, предъявляемым к языку в данном языковом коллективе в определенный исторический период.» деп анықтайды.

Оқушылардың тіл мәдениетіне педагогикалық сөздікте төмендегідей анықтама ұсынылады: «Оқушылардың тіл мәдениеті дегеніміз, ғылым негіздеріне оқыту үрдісі мен өзін қоршаған адамдармен тілдік қарым-қатынас негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ол жалпытілдік норманың сақталуымен, тілдің мазмұндылығымен, ойлылығымен, лексикалық байлылығымен, көркемдігімен әрі мәнерлілігімен сипатталады.» Жалпы анықтамаларды қарастыра келе, тіл мәдениеті дегеніміз сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі, — деген пікірге тоқталдық. Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді. Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың берген түрлі анықтамаларын саралай отырып, біз өз зерттеуімізде тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігін айтамыз. Әр полимәдениетті дамыған жеке тұлғаның ерекше маңызды қасиетінің бірі — тіл мәдениетін игеру.

Сондықтан бүгінде жас ұрпактың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше орын алып отыр.



28

Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар

«Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» — деп тұжырымдайды М.Балақаев Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік.

Зерделеудің келесі кезеңінде қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдім. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды… Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды… Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар», — десе, И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері;

2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);

3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» — деп көрсетеді.

Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, төмендегілерді сараладым:

1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;

2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;



29

3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі;

4. Тілдік ортаның әсері;

5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;

6. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең меңгермегендігін ескермей, орыс тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;

7. Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;

8. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;

9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б.

Жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптар қандай, әрбір мәдсниетті адам мәдениетті сөйлеу, қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеруі керек деген сұрақтар туындайды. Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшелігтерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл тазалығы, сөздерді дұрыс айтым, дұрыс жазу тіл мәдениетінің басты талаптары ретімде тұжырымдалады.

А. Жапбаров тіл мәдениетінің жоғары болуына мынадай талаптар кояды:

— сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;

— сөздің тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуы;

— сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы;

— сөздердің тыңдаушы немесе оқушының жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай болуы.

Осы сияқты көптеген зсрттеушілер, ғалымдар, педагогтардың

30

ой-тұжырымдары мен пікірлсрін қарастыра келе тіл мәдениетіне қойылатын талаптарды төмендегідей сараладық:

— сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;

— сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен кідірісті сақтау;

— екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;

— сауатты, қатесіз жазу;

— жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;

— әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;

— дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;

— сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс, өз орнында қолдану;

— сөздерді өз мағынасына қарай қолдану, мағыналарын анық біліп отыру;

— сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;

— керекті сөзді сөздік құүрамның ішінен іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп отыру;

— тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;

— сөйлеу әдебінің сақталуы;

— тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін пайдалану;

— сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;

— сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу

Өз алдыма тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы анықталатындығын айқындау міндетін қойғандықтан, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, тіл мәдениетінің мынадай көрсеткіштерін белгіледім: тілдің тазалығы, дәлдігі, анықтылығы,

31

ойлылығы, орындылығы, мәнерлілігі, байлығы, әсерлілігі, жүйелілігі, түсініктілігі, мазмұндылығы, нақтылылығы, дұрыстығы, тілдік нормаға сай болуы, мағыналылығы, әдебі. Егер осы айтылған көрсеткіштер адам бойында дамып, жетілсе, онда осы адамның тіл мәдениеті жоғары деп санауға болады. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға тілдік тәрбие бергенде тіл мәдениетінің көрсеткіштері мен талаптарын үнемі басшылыққа алып отырулары керек. Жұмыстың келесі кезеңінде тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын анықтауға тырыстым. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зсрттеу, бір жүйеге келтіріп, талдау төмендегідей қорытындыға әкелді.

Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту негізінде жүреді. Тілді оқыту — тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл білімінің толық саласынан оқушыға білім беру арқылы жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары осыны ескере отырып белгіленуі керек.

Жалпы тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта жүруінің кепілі — педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы. Сондықтан тәрбие үрдісінің басым бөлігін ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру керек. Бұл тіл мәдениетіне де қатысты. Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі. Оқушының мектептен алатын тіл сабақтары отбасы мен айналаның «тіл сабақтарымен» ұштасып жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады.

Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі дидактикалық ұстанымдар

Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға қойылуы — бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына қажетті алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар — қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру ана тілін сөз

32

мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.

Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген талаптарға: жаңартылған білім мазмұнына, оқушы мең-геруге тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға катысты міндеттер мен нәтиже межелері белгіленеді.

Қазіргі таңда тіл мәдениетін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда, оқушының өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауына мән беріледі. Яғни білім мен білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарды тіл жұмсауға төселуіне және оның лингвистикалық дүниетанымының кеңеюіне жол ашатындай тілді әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі.

Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу төмендегідей дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді:

1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни тілдік білік пен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып оқыту.

2. Білім мазмұны мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау, яғни тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен қатар, сол білімді тілдік білікпен сабақтастыруға басымдылық беру.

3. Білім мазмұнының қоғамдык-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни тіл мәдениетініңң оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту.

4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл мәдениетінің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.

5. Тіл мәдениетін лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мәселелерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.



Орта буын оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеу

Тіл мәдениетіне тәрбиелеу – қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие

33

берудің ең маңызды да салмақты мәселесі.Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.

Бүгін алдымызда тұрған келелі мәселе — өзіндік пікірі бай, ойлы, сезімді, мейірбан ұрпақ тәрбиелеу десек, бұл тікелей сөз өнерімен байланысты. Әр адамға ауадай қажет осы ғажайып өнерге тәрбиелеу – тіл мен әдебиет мұғалімінің қиын да құрметті міндеті.

Оқушының шығармашылық қабілетінің жоғары дәрежеде дамитын кезеңі орта буында екені белгілі. Осы орта буында қазақ тілі сабақтарында оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуге тоқталмақпын.

5 сыныпта осы тарауда ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін қамтитын жаттығулар мен тапсырмалар берілген. Оқушыларға тіл мәдениеті екі үлкен саланы — ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін қамтитындығы жайлы дәріс беріліп, ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетіне байланысты жұмыстар жүргізіледі. Тіл мәдениеті саласында оқушылардың өзіндік пікірі, ойлы көзқарасы, ауызша және жазбаша түйіндеулері көбірек талап етіледі, сөйтіп «өзіндік менін» қалыптастыруға алғаш рет қадам жасалады. Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай міндеттер қойылады:

— ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және

оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату;

— ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу

тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру;

— оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі

сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру;

— ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен де байланысты екендігін білгізу мақсатында ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды етіп айтқызу;

— дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру;

— күйтабақ немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді

тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;

34

— сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесіне сайжазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу;

— жазба жұмыстарында сөздердің бірге және бөлек жазылатын

түрлеріне, терминдердің жазылуына, аң-құс, жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атаулары, мамандық, кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу;

— жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар мен пайдаланылған оқу

материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндер құрату.

Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, тіршілігі, шаруашылығы. Өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, т.б.

Тіл мәдениеті бойынша 5 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Міндетті деңгей:

— сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға сай орынды қолдана алу;

— орфография, орфоэпия нормаларын сақтай білу;

— ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап қолдана білу;

— мәтіндерге өтілген тақырыптар бойынша талдау жасай алу;

— оқыған ертегі-әңгімелерге ұқсатып ертегі, әңгіме жаза білу.

Мүмкіндік деңгейі:

— ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктерін пайымдай білу;

— ауызекі сөйлеудегі қателерді тауып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін таныту;

— ауызша сөйлеу мәдениетіне жататын қағидаларды іс жүзінде қолданып көрсету;



35

— сөз қолдану мәдениетіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу, дағдыларын игеру;

— әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытындағы мәтіндерді ажырата білу, өзі құрастыра алу.

Ал, 6 сыныпта тіл мәдениеті тарауында оқушыларды жұрт алдында сөйлеу мәдениетіне тәрбиелейді. Мұнда жұрт алдында сөйлеудің түрлері, мұғалімдердің, оқушылардың, баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден айырмашылыктары айқындалады. Оқушыларға ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары (ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл-қозғалысы) тақырыптың мазмұнымен астарласып беріліп, соның мақсатын ашатындай қызмет атқаруын талдатады.

Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келетіндігі, қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жиі қолданылатындығы, жазба тілде қойылатын тыныс белгілері жайлы мағлұмат беріліп, соған орай жаттығулар жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ой айту, дауыс ырғағы дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін байқатады.

Бұл тарауда сонымен қатар, жазудың маңызы, сөзді дұрыс жазу мәдениеті, орфографиялық нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі түсіндіріледі. Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде талқыланып, олардың дағдыға айналуы қадағаланады.

Оқушылар жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндік жасайтындығын ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша мәтін үлгілерін салыстыра көз жеткізеді.

Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда сөз таптарының әрқайсысының тіл мәдениетімен қатысы, сөз таптарының ойды анық, дәл, нақты білдірудегі мәні, сөз таптарының ауызша және жазбаша тіл мәдениетімен байланыстары, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар және оқшау сөздердің ауызша және жазбаша тілдегі қолданылу ерекшеліктері қарастырылады.

Ұсынылатын тақырыптар: Қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрпы, өнері; ауыл-қала тұрмысындағы айырмашылық; табиғаттағы өзгерістер; от басындағы қызығушылық, береке; сынып мүддесі, ұлттың мақтанышы, көрнекті адамдардың өмірі жайлы сыр, т.б.

Тіл мәдениеті бойынша 6 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

36

Міндетті деңгей:

— жұрт алдында сөйлеудің түрлерін аңғару;

— сөздерді түрлендіріп қолдана алу;

— дұрыс жазу мен дұрыс сөйлеуге төселу;

— ауызекі сөзде оқшау сөздерді орнымен жұмсай алу.

7-сыныпта «Тіл мәдениеті» тарауында сөз мағынасы, сөйлеудің, диалогтің, монологтің түрлері, тіл мәдениеті және шығармашылық жазу жұмыстары, қосымшалардың тіл мәдениетіне қатысы оқытылады. Қосымшалардың сөзге жалғану шегі, сөзді таңдап, талғап барып жалғануы мен қосымшаларды қолданудағы нормадан ауытқулар қарастырылады.

Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай міндеттер қойылады:

— оқушылардың бойында қосымшаларды дұрыс жалғау

дағдысын жетілдіру;

— іс-қағаздары үлгілері мен публицистикалық сипаттағы

мәтіндерді талдату, өздеріне құрату;

-баспасөз бетінде қосымшаларды қолданудағы нормадан

ауытқыған жағдайларды тапқызып, қайта жазғызу;

— қазақ тіліндегі кейбір жұрнақтардың қызметі мен қолданылу

өpiciн танытатын мысалдарды талдату;

— кeйбip қосымшалардың термин жасаудағы рөлін анықтату;

— жаңа сөздердің қолданысын меңгерту;

— түрлі сипаттағы мәтіндерді талдату арқылы сөз таптарының

түрлену жүйесі жөніндегі түсініктерін кеңейту;

— мәтіндерге лингвистикалық талдау жүргізу;

— автордың ойды беруде сөздерді байланыстыру тәсілдерінің

қолдануын бағалату;

— көнерген сөздер мен жаңа сөздердің жасалымындағы

ерекшеліктерді, олардың сөз таптарымен, сөз тіркесімен байланысын анықтату;

37

— оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарын

ұйымдастыру арқылы өтілген тақырыптардан алған білімдерін өз сөз қолданысында пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.

Тіл мәдениеті бойынша 7 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Міндетті деңгей:

— қосымшаларды таңдап, талғап жалғай білу;

— іс қағаздары үлгілерін дайындай алу;

— термин сөздердегі қосымшалардың рөлін анықтай алу;

— сөйлем мүшелерін орнымен жұмсай алу 8-9 сынып оқушыларына тіл мәдениеті басқа тараулармен байланыстырыла оқытылады.

Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен

сапалар болады. Олардың бастылары мыналара: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық. Осыған орай, қазақ тілі сабақтарында оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, тіл мәдениетіне тәрбиелеуде тіл тазалығы, тіл дәлдігі, ойдың анықтылығы, мазмұн тереңдігі, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөйлемдерді дұрыс құру, ойды дәл жеткізе білу шеберлігі, сөйлеу, тыңдау әдептілігі деген мәселелер жатады. Оқушыларға орта буында тіл мәдениеті осы мақсаттарды көздей отырып оқытылады.





II БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ.

2.1 Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын техникалары

Тіл адамдардың бір –біріне пікір алысып, қарым- қатынас жасайтын құралы болғандықтан тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше. Ал, тілдіде, тіл мәдениетін игеру де баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін процесс. Сондықтан баланы бақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген сабақ уақытының көбі балалар тілінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалған. Бала бақшада өткізілетін оқу іс әрекеттердің барлығы осы салаға сабақтасып жатады.



38

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады атырап.

Балалар тақырыпты бейнелемес бұрын, көркем сөзбен өлең жолдарынан қандай сурет салатындарын да байқап қалады. Әрбір сабақта тақырыпқа сай алынған көркем сөздердің, өлең жолдардың, жұмбақтардың, мақал- мәтелдердің енгізілуі, оқу іс –әрекетінде тартымды да нәтижелі болуына маңызы ерекше. Біздің мектепалды даярлық тобында 24 бала тәрбиеленуде. Балалардың дендері сау, сана –сезімдері жастарына қарай жетілуіне балалардың ынтасы епті, айтқаныңды тез ұғады. Әңгіме, ертегілерді толық әңгімелемегенімен өз ойларымен қысқаша жауап бере алады. Осы топта Иман- Мәдиді алатын болсақ, ересек тобында болғанда сабақ кезінде, сабақтан тыс уақытында, серуен кезінде де сөйлемейтін еді, мерекелік ертеңгіліктерде тақпақтар айтпайтын, сұрақ қойсақ, өзіңе сыбырлап жауап беретін еді. Осы баланың ата –анасымен сөйлесіп, жеке жұмыс жүргіздім. Осы дайындық тобына келгеннен кейін балалармен араласып ойнап, сабаққа қатысып, қойған сұрақтарыма жауап беретін болды. Жаңадан келген Мөлдір деген қыз бала бар, онымен бірге жеке жұмыс жүргізудеміз, оған әлі де біраз көмек қажет. Сосын кіші топтан келген Дана, Жаннұр, Айдостарға да жеке жұмыс жасамаса оларда тез түсіне қоймайды. Топта оқу іс- әрекеттердің бәрі ойын түрінде өтіледі. Сабақтардың тақырыбы жоспарға сай ұйымдастырамыз. Мектепке дейінгі кезең, жас баланың жеке басының қалыптасуы кезеңі. Балабақша табалдырығын аттаған бала адамгершіліктің бастамасы «сәлемдесуден»- тәрбие басталады. «Имандылықтың белгісі иіліп сәлем бергенің» деп бекер айтылмаған. Біз ең алдымен балалардың сәлемдесуіне көп мән береміз. Балалардың бәрі «Сәлеметсіз бе?» деп ертеңгілік амандасады, балабақшадан кетерде «Сау болыңыз!» деп қоштасады.

Баланың тілдерін жаттықтырып, ой –өрісін кеңейту үшін көп жұмыстыр жүргіземіз. Ертеңгілік қабылдаудан кейін, балаларға жеке жұмыс жүргіземін. Балалардан өз отбасы туралы жайлы әңгімеге тартамын.

Әкем менің- қауыншы,

Апам менің- сауыншы,

Ағам менің- егінші,

Жеңгем менің- тігінші,



39

Атам болса ұсташы

Бәрі- бәрі жұмыста



Отырамын мен текке

Менде кеттім мектепке.

Өлең шумақтарын оқып беріп, балаларға қайталаптып жаттықтырамын. Ертеңгілік қабылдау, жуыну, тамақтану уақытында сабақтарда, серуенде жүргізілетін жұмыстардың бәрі, баланың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналады. Осы жұмыстарды жүргізе отырып, олардың әр сөзінің сауатты, салауатты болуын қадағалаймыз. Яғни дұрыс айта алмаған сөзін дұрыстап қайталап айтуын талап етеміз. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында балаларға тақпақтарды мәнерлеп жаттату, ертегілерді айтқызу. «Күз», «Күзгі жапырақтар» және жыл мезгіліне байланысты көптеген тақпақтарды жатқа айта алады.

«Алтын сақа», «Қарлығаш пен дәуіт», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Алдар көсе мен бай», Жеті лақ пен қасқыр» ертегілерін әңгімелеп бере алады. Топтағы балалардың бәрін елгезек, алғыр деп айта аламын. Әсіресе Нұрдәурен. Олжас, Ақерке; Дәурен, Мая, Мейрамгул сынды балалар ертегінің мазмұнын тыңдап рөлдерге бөліп ойнай алады. Мен жұмыс жасаған топтарда баланы ең алдымен өз ана тілінде еркін, сөйлеу, білуге баланың сөздік қорын байыту және сұрақ – жауап арқылы әңгімелесу, әдіс- тәсілдерді қолдануды басшылыққа алып отырдым. Мысалы: тіл дамыту оқу іс –әрекеті бойынша» Көктем құстары»тақырыбында, өткен осы сабақта сұрақ –жауап әдісін қолданған өте тиімді. Құстар жайлы қойылған сұрақтарға балалардан толық жауап беруін талап еттім. Сұрақтардың жауаптары құстар жайлы үлкен бір әңгіме құрайтындай қылып дайындадым. Жауап бере алмаған балаға дұрыс жауапты қайталаттым. Сонымен бірге құстар жайлы мына мақал- мәтелдерді қолдандым:

1. Құс жеткен жеріне қонады.

2. Қарақұс басып жейді,

Сұңқар шоқып жейді.

3. Құстың алғанынан салғаны көп.

Сергіту сәтіне:

Торғай , торғай, тоқылдақ

40

Жерден тары шұқып –ап

Бөтегесі бұлтиып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.- өлең шумағын пайдаландым. Балаларға бұл сабақта құстар өмірі жайлы ғана емес, туған жердің өте ыстық болатыны туралы патриоттық түсінік алды.

Балабақшадағы балаға берелетін бүгінгі тәрбиенің ең бір өзек алатын жері ол ата – бабадан қалған асыл мұра. Баланың сана сезімін, ата – бабадан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің маржан сөздерін құлағына құйып, көңіліне сендіре отырып бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, баулып, адамдық қасиеттерді қалыптастыру. Балаларды халық дәстүрімен таныстыра отырып, кемеңгер Абай ақынның нақыл сөздерін балаларға айтып естеріне түсіремін.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ.

Еріншек бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз,- деп атамыз жаманнан алшақ, жақсыға жақын бол, деп бізге өсиет қалдырған екен деп балаларға нақыл сөздерін айтып отырамын. Баланың ең алдымен өз ана тілінде еркін, жүйелі сөйлей білуге үйрету туралы ойлары әрқашан басшылыққа алынып отырып, баланың сөздік қорын байыту, «іс –әрекеттерді білдіретін сөз тіркестерін айтуға, сөз тіркестерін орынды қолдана білуге, сонымен қатар ойды жалғастыра байланыстыра сөйлеуге назар аударылады.

Сабақтарды жоспарлаудан бұрын сабақтың мақсатын, көрнекілігін, әдіс тәсілдерін шығармаларда кездесетін сөз тіркестерін балаға қойылатын сұрақтары алдын ала даярланып алуы керек. Мысалы: тіл дамыту сабағын қолданылатын негізгі әдістерді алатын болсақ:

1. Берілген шығармалар туралы әңгімелер.

2. Балаларға түсінікті мәнерлі дауыс ырғағына келтіріп оқып беру.

3. Сабаққа атрибуттар қолдану.

4. Берілген шығармалар бойынша рөлдерге бөліп орындау

5. Әңгіменің, ертегінің, өлеңнің мазмұнын талдау, әдістері.

39

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы мәліметтер

беру; туған жерге, елдің әдет- ғұрпына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

« Ертегілер елінде» топтамасының тақырыптарын өмірмен байланыстырып үйретеміз, баланың қиялына ерік береміз. Ертегі туралы өз ойын қиялдай отырып жеткізеді. Жаңылтпаштар кез- келген тақырыпта тіл ұстарту, сөздің дыбысталу нақышын дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтырады. Айта алмайтын дыбыстарын тез айтуға жаттығады.

Бүгінгі таңда тіл туралы аз айтылып жатқан жоқ. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, жұмыс жағдайын, тыныс- тіршілігін жақсы біледі. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалық та, басқа да өзгерістер біздің сана –сезімге өз деңгейінде келіп жетіп, жалғасын табады. Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Тіліміздің құндылығы бала жүрегінде сақталады.

ОТТШМ технологиясы бойынша Сәби тілін дамыту жолдары «Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі қызметте кеңінен тараған. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.

Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.

Мысалы: “Ой шабуылы”.

«Егерде ... , не болады?»

« ... жаңбыр толастамай жауады».

«... адамдар құстар сияқты ұшып үйренеді».

«... иттер адамдар сияқты сөйлей бастайды».

«... барлық ертегі кейіпкерлері тіріледі».

«... су құбырының шүмегінен апельсин шырыны ағады». Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді.

«Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне

байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз.

Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз. Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама – қайшы әдісті қолданамыз.

Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа қоямыз.

40

Бұл ауызша ойын.

Мысалы,«Жақсы–жаман». Мысалы, «жаңбыр – жақсы немесе - жаман»

Мақсаты: Қандай да болсын объектінің, жағдаяттың жақсы, жаман жақтарын табу, ненің зиян, ненің кедергі екендігін, ненің қажет екендігін білу

.Ойын:«Керісінше»(доппен ойнайды)

.Мұғалім балаға допты лақтырып, сөз айтады, ал бала мағынасына қарай қарама – қарсы сөзбен жетекшіге допты қайтарады (жақсы – жаман, құру – бұзу, кіру – шығу...,).

Мұғалім балалардан керісінше сөйлеуді сұрайды. Мен “кішкентай” деймін, балалар “жоқ, үлкен” – деп жауап қайтарады. (Жуан – жіңішке, қара – ақ, кәрі – жас, жеңіл – ауыр, жылы - ..., ұзын - ...).

Ойын: «Хайуанаттар үйі»

Үлкен ақ қағаз бетінде әр түрлі пішінді көп терезелері бар үйдің суреті бар. Балалар бұл үйде қандай аңдар тұратынын айтады, суретін салады. Оларға ат қояды. Содан кейін балалар бір күні осы үйде болған бір жағдай туралы әңгіме құрайды.

Сабағымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Қазіргі заман талабы – жаңа ақпараттық және оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол.

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

41

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат.

Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру.

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .

Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.

42

2.2 Бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары

Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді. Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.

Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.

Ауызша тіл дамыту әдістері мынадай жүйеде жүргізіледі:

1. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі

Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады.

2. Мәтін оқу әдісі

Мәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау оқушы тілін дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерінің бірінен саналады.

3. Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістері

Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады. Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады.

4. Жазбаша жұмыстарды:

1) Хабарлау

2) Баяндау

3) Әңгімелеу әдістері түрінде жүргізуге болады.

43

Оқушы тілін дамытуға еркін тақырыптар ұсынуға немесе сұраққа жауап бергізу арқылы да әңгіме жаздыруға болады. Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі – шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой - өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады.

5. Түрлі - түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі

Бұл әдістер арқылы ауызша және жазбаша баяндау негізінде сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға мүмкіндік туады. Өз ортасына байланысты «Менің досым», «Менің әкем», «Менің күшігім» т. б.

6. Мәнерлеп оқу әдісі

Тіл дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу. Мұның пайдалы жағы оқушылар сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді. Поэзияны сүюге, сөз байлығын еркінше пайдаланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. «Қай ертегіде кездесемін?», «Мені білесің бе?» деп алып кейіпкерлердің үлкейтіп салынған суреттерін көрсету арқылы кім екенін, қай ертегіде кездесетінін айтқызып, мінездеме бергізу арқылы білгендерін ауызша жеткізе білуге үйрету жұмысы да тіл дамытудың негізгі бір жолы. Мұның өзі оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі. Ең бастысы оқушылардың өзін сөйлету арқылы сөйлеу тілдері дамиды. Жаттау, мәнерлеп оқу, мазмұнын айта білу, сұрау - тапсырмаларға жауап жазу, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, салыстырмалы әдіске негізделіп жазылған үлеспелі кестелерді толтыру т. б. Әдістер үзбей ақтарылып отырса, жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Ойды көрікті, мағыналы етіп жеткізуде сөздікпен жұмыс жасаудың септігі мол. Түсінігі қиын сөз, сөз тіркестерін түсіндіру арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөздік жұмысын үзбей қолдану барысында көркемдегіш ерекшеліктерді танытудағы басты мақсат сөздік қорды жаңа бейнелі сөздермен, сөз тіркестерімен толықтыру негізінде дамыту.

Қорыта айтқанда, қандай пән, қандай сабақ түр болсын тіл дамыту, сөздік қорды байыту үнемі жүргізіліп отыратын жұмыс.

Өкінішке орай, кейде басқа пән мұғалімдері тіл дамытуды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне тән мәселе деп қарап, оқушы тілін дамытуға онша көңіл бөлмейді. Оқушының ой - өрісін кеңейту, тілін дамыту, сөз байлығын молайту барлық пән мұғалімдерінің айрықша көңіл бөлетін мәселесі болу керек. Сондықтан мектепте түрлі әдіс - тәсілдерді, мүмкіндіктерді пайдаланып, оқушының тілін дамытуға, тіл байлығын, тіл мәдениетін арттырып, тәрбиелеуге үлкен мән берген жөн.

44

Ана тілді жетік білу, қастерлеу, ардақ тұту да осыдан келіп шығады.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту жолдары Синоним сөздерді оқыту

Балаларды шебер сөйлеуге дағдыландырып, тәрбиелеу үшін оларды тіліміздегі синоним сөздерді дұрыс пайдалана білудің жолдарын әр сабақта іске асыруды міндеттеу керек. Ол үшін, ең алдымен, мектептерде оқушыларды білетін сөздердің мағыналарын дұрыс танып, дәл жұмсай білуге дағдыландыру қажет. Әсіресе, синоним сөздердің алуан түрлі мағыналарын қалай ажыратып, оны қалай түсініп қолданатындықтарына зер салып, қадағалау керек. Балаға сөзді қалай болса, солай қолдандырмай, орынды, дұрыс қолдана, білуінше мүмкіншілік жасап, жаттығу жұмыстарын түрлендіріп отырғаны жөн. Синоним сөздің не екенін балаларға түсіндіргені жөн. Ол үшін мына сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерді пайдалана отырып, бұл сөздердің бір-бірінен айырмашылығының неде екенін балаларды қатыстыра отырып талдау керек. Бірінші қатардағы үш сөйлемдегі баяндауыш формалардың бірнеше қайталанып, берілетін ойдың аса көрікті болмай тұрғанын баса айту қажет. Екінші қатардағы сөйлемдер біріншіге қарағанда әрі тартымды, әрі айтылатын ойдың мазмұнын ашыңқырап, әрі дәлелдеп беріп тұрғанын салыстыра түсіндіру қажет. Демек, бірінші сөйлемдерде өтеді деген сөз үш рет қолданылса, екінші қатардағы «үлкен» деген сөздің мағынасы «тұңғыш, бірінші» сөздері арқылы біріне-бірі жуық сөздермен беріліп тұрғанын, сондай-ақ «баласы» деген сөзді «қызы, ұлы» деген сөздер арқылы тьүрлендіріп, ойды дәл, ұғымды, көріктендіріп тұратынын салыстыра түсіндіру пайдалы. Бұдан кейін мұғалім бірінші, тұңғыш, үлкен деген сөздердің мағынасы бір-біріне жуық жақын екенін, бірақ олардың әртүрлі формада келетінін мұндай сөздерді синоним сөздер деп атайтынын қортындылап, жинақтағаны жөн. Енді мұғалім бірінші қатардағы сөйлемлердің өтеді деген баяндауыш формасының бірнеше рет қайталанып тұрғанын айтып, балаларды қатыстыра отырып, өтеді деген етістіктің синонимдерін таптырып, сөйлемдерді екінші қатардағыдай етіп құрастыруды талап етуі қажет. Сонда ол былай орындалуға тиіс: Станциядан күнде товар пойызы өтеді. Пассажир пойызы да тоқтайды. Күніне бір рет экспресс те келеді. Міне, осы сөйлемдерді бірінші қатардағы сөйлемдерменсалыстыра отырып, балаларға оқытып, қайсысының әрі құлаққа естілуге, әрі жазуға ыңғайлы екенін дәлелдеу қажет. Демек, бұл сөйлемдердегі өтеді, тоқтайды, келеді деген сөздердің сөйлемге көрік, ажар беріп тұрғанын таныту қажет. Тапсырманы балалар мынадай бағытта орындауға тиіс: дидар-бет,жүз, келбет,табиғат-жаратылыс, құбылыс, болмыс тағам-ас,құрмет-сый, ат-есім, мұғалім-оқытушы, дәреже-атақ, даңқ.

Бұл сөздерді балалар сөздік дәптерлеріне жазады.

45

Бұдан соң осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру тапсырылады. Олар бұл тапсырманы былай орындауға тиіс: Дидары аса жылы адам екен. Оны бет-әлпетінен тани кеттім. Әлімнің жүзі суық адам. Табиғаттың сырын зерттегелі көп ғасырлар өтті. Жаратылыс құбылысы өзгергіш, құбылғыш болып келеді. Адам жейтін тағамның түрі көп. Ас- адамның арқауы. Еңбек адамды құрметке бөлейді. Ерінбей еңбек еткен адам сыйлы болады. Бұл баланың аты –Айбек. Сенің есімің Болат қой, т.б. Бұл жұмыс түрі сыныпта оқылып, талдау жасалады. Балалардың әр сөзді қандай мағынада қолданғаны тексеріліп, кемшіліктері көрсетілуі қажет. Мұғалім уақыттың мүмкіндігіне қарай, балаларды стильдік қатерден сақтандыру мақсатында мынадай грамматикалық тапсырманы ұйымдастыруына болады. Тақтада мына сөйлемдер жазулы тұрады.Балалар орынсыз қолданған сөйлемді тауып, оның орнына керекті сөздерді жазуы тиіс.Мысалы: Кешке жақын ауылдан алыс жердегі өзенге түйемен бардық. Олар бізден алыс тұрады. Асқардың үйі қаладан алыс тұрады. Олар темір жол бойынан алыс тұрады. Балалар сөйлемдегі алыс деген сөздің бірнеше рет қайталанғанын біліп, олар мына сөздерді жазуы тиіс: қашық, алыс, шалғай, аулақ, т.б. Бұл сабақта балаларды ауызша сөйлетіп үйрету мақсатында синоним ойынын былайша ұйымдастыруға болады. Мұғалім негізгі сөзді өзі айтып тұрады да, оның синонимін балалар табады. Тақтада екі оқушы бұл ойынның нәтижесін жазып тұрады. Сонда: кедей-ештеңесі жоқ, нашар, жақын-таяу, келешек-болашақ, жылдам-тез, шапшаң. Синоним сөздерді оқытуға байланысты тіліміздегі қос сөз ретінде кездесетін сөздердің бір сыңары ерекшесіне синоним болатын түрлерімен таныстырып, ондай сөздердің этимологиясына түсінік беріп отырғаны жөн. Мысалы: жылау-еңіреу, сықтау деген сөздердің қос сөзбен келген түрі-жылап-сықтап; некен-жалғыз, жарым, саяқ, оның қос сөзбен келетін түрі –жора-жолас. Балалардың сөздік дәптеріне мынадай сөздердің этимологиясын жаздыруға болады: жылау-сықтау , сықтау-алтай тілінде жылау, еңіреу деген сөз. некен-саяқ- некен-қалмақ тілінде бір, жалғыз деген сөз- жора-жолдас жора-түркмен, өзбек, қырғыз, ұйғыр тілінде жолдас деген сөз.Сөйтіп, мұғалім синоним сөздер деп мағынасы жағынан бір-біріне жуық, өзара мәндес, бір ұғымды әртүрлі жақтан белгілейтін атауларды білдіретінін қортындылап айтады. Сондықтан балалардың синоним болатын сөздерді жете білу керектігін лексикасы синонимдерге бай адам сөз мағыналарының арасындағы айырмашылықтарды дұрыс түсініп, оның жазғаны немесе сөйлеген сөзі дәл, анық, тартымды, әрі келісті, мәнерлі болатынын баса айтып түсіндіреді. Сондықтан оқушыларға синоним сөздерді жазу және сөйлеу тілінде жиі, көп қолдануды міндеттеу қажет.

Омоним сөздерді оқыту

Синоним сөздер сияқты, омоним сөздерді үйретудің маңызы зор. Омоним сөздерді үйретудегі негізгі мақсат-баланың сөздік қорын дамыту,

46

тілімдегі түрі бірдей, мағынасы басқаша, бөлек болып келетін сөздерді таныту, үйрету. Ең алдымен, «омоним» деген терминнің не екенін түсіндіруі қажет.Яғни, омоним деген сөз грек тілінің «бірдей, біркелкі» деген мағынадағы homos деген сөзі мен «ат, атау» деген мағынаны білдіретін «onyma» деген сөздерінен жасалған термин екенін айту керек, сондай-ақ мұғалім қазақ тілінің омоним сөздерге бай екенін айтуы тиіс.Омоним болатын сөздердің сыртқы түрі (формасы) бір, ұқсас болғанымен, олардың беретін мағыгнасы басқа, бөлек болатынын түсіндіреді. Мысалы, ай деген сөздің бірнеше мағынада қолданылатынын балаларға ауызша түсіндіру қажет. Ай Жерді, Күнді айналып, түнде жерге жарық сәуле беретін аспандағы планета. Мысалы: Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп (Абай). Ай- бұл да заттың атауын білдіреді. Жылдың он екіден бір бөлігін көрсететін мезгіл (30 күн). Мысалы, қаңтар айы суық келеді. Мысалы:

жүз-сан есім. Ауылдың жүз жылқысы бар.

жүз-өң, әлпет, бет. Мысалы: Оның жүзі суықтан тотығыпты.

жүз-етістік-малты. Балық суда жүзеді.

Міне, мұғалім ай, жүз деген сөздердің осындай бес түрлі орында қолданылатынын түсіндіреді.

Оқушылардың омоним сөздерді қалай меңгеретінін байқау мақсатында келесі грамматикалық тапсырма береді. Оны балалар дәптерлеріне орындайды. Мысалы:, қол, бас, ер, ашық деген сөздер қандай мағынада қолданылады? Сөйлеммен мысал келтіріңдер. Балалар бұл тапсырманы былай орындауға тиіс: Асқар қол алысып амандасты. Батыстан қалың қол қаптап келеді. Айша басына жалаң орамал салыпты. Аяғыңды жайлап бас. Менің артымнан ер. Атқа ер сал. Ол батыр, ер адам. Оның қолы ашық болды. Дүкен ашық екен. Екі-үш баланың жұмысы сыныпта талданады. Үйге тапсырма ретінде «дәрі, сыр, сүз жирен» сөздерінің қандай мағынада қолданылатынын біліп, сөйлем құрап келуді тапсыруға болады. Антоним сөздерді оқыту

Антоним сөздерді оқыта отырып, балалардың тілін дамытудағы пайдасы зор. Тілімізде мағынасы қарама-қарсы сөздердің көп екенін айта келіп, мұндай сөздерді антоним сөздер деп айтатынын,антоним грек тілінен «анти» -«қарсы» және опута –«ат, атау» деген сөздерінен түсіндіру артық етпейді.Балаларға тіліміздегі антоним сөздерді түсіндірудегі, үйретудегі негізгі мақсат-нәрсенің, заттың нақты мағынасын, оның қарама-қарсы мағынасы арқылы түсіндіру, сондай-ақ балаларға антонимдердің стилистикалық қызметі жағынан алатын орнын, маңызын түсіндірген

47

жөн. «Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып, шеңдестіруде және оны тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады». Қазақ тіліндегі антоним сөздер есім, үстеу, етістіктерден де ұшырасады. Антоним сөздер мақал-мәтелдерде де жиі қолданылатынын да оқушыларға сабақ үстінде айту артық етпейді.Мұғалім мына сөздердің балалардың сөздік дәптерлеріне жаздырып, оның қарсы мағынасын таптырады. Мысалы: кәрі-жас, кең-тар, биік-аласа, жақсы-жаман, таза-лас, жылы-суық, жұмсақ-қатты, пайда-зиян, бай-кедей, шын-өтірік, дұрыс-бұрыс т.б. Антоним сөздерді балаларға көбірек үйрету,білдіру мақсатында мынадай сөздердің қарсы мағынасын сөйлем арқылы таптыру қажет. Мысалы, тату, бақ, тарлық, ерте, жоғары, қалың, шаш, қорқақ, түн, кещ т.б. Сонда балалар сөздердің қарсы мағынасын мынадай сөйлемдер арқылы беруі мүмкін: Ербол інісі Айбекпен тату ойнайды. Адамның бағы –оның білімі. Ол бұл кітапты білуге тарлық білдірді. Ерте тұрып мектепке бардым. Біздің үй мектептен жоғары тұрады. Хайуандардың ішіндегі ең қорқағы-қоян. Түн қараңғысы енді басталды. Иса бүгін үйге кеш оралды, т.б. Ауызша тіл дамыту мақсатында зат есімнен болатын антоним сөздерді балаларға ойдан таптыруына болады. Оны балалар дәптеріне жазады.Мысалы, мынадай зат есімді атауы мүмкін: өмір-өлім, алғыс-қарғыс, пайда-зиян, өтірік-шын, бақ-сор, оңтүстік-солтүстік, қосу-алу, т.б.

Тіліміздегі ескірген және жаңадан пайда болған сөздерді балалардың активті сөздігіне енгізіп, олардың тілін дамытуға болады. Мұғалім архаизм тақырыбын оқыта отырып, оны түсіндіруі қажет. Егер бала архаизмді дұрыс түсініп меңгерсе, келесі оқылатын грамматикалық жаттығуларда, мәтіндерде әдебиеттік оқу материалдарында кездесетін көнерген сөздердіжинап, оларды білуге ынтасы артады. Сондықтан бұл тақырыпты өту барысында тіліміздегі бірқатар архаизм сөздерді түсіндіріп, олардың мағынасына талдау жасаған жөн.

Мысалы:

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған. (Абай)

Бұдан кейін неологизм сөздерді түсіндіру қажет.Мұғалім неологизм сөздер деп жаңа ұғымдарға байланысты пайда болған тың сөздерді атьайтынын түсіндіруі қажет. Мысалы, кеңес, комсоиол, пионер, зауыт,, фабрика, Кеңес Одағының Батыры, Социолистік Еңбек Ері, ғарышкер, ғарыш айлағы, зымыран, жер серігі, айға ұшу, айға қону, т.б. Мұғалімнің балаларға осы сөздерді кірістіріп сөйлем құрастыруына болады.



48

Оқушының тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске асыруда төмендегідей қажеттіліктер туындайды:

- Сөйлемді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру;

- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру;

Сөздік жұмысының ең маңызды міндеті - оқушылардың ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер қорын толықтыратын сөздікті белсенді ету;

Жаңа сөздерді оқушылардың есіне сақтаудың тәсілдері мен тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар:

- Тақтаға жазып, оны буынға бөлу;

- Сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығулар (жаттығу жұмыстары);

- Жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, мағынасын ашу;

- Жаңадан үйренген сөздерге байланысты шығармашылық жұмыстар;

- Әңгіме, мазмұндама, шығарма жүргізу;

- Орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу;

- Сөздік жасату (түсіндірмелі, алфавиттік немесе тақырыптық сөздіктер, оқушы сөздігі).

Балалар сөздігін мынадай жолдармен байытуға болады:

- Қоршаған ортаны байқату, аңғарту (табиғат пен адамдардың қоғамдық және өндірістік еңбегімен таныстыру, танымжорықтар ұйымдастыру)

- Арнаулы тілдік жаттығулар жүргізу;

- Сыныпта және сыныптан тыс (әңгіме мазмұнын талқылау және талдау) барысында.

Халқымыздың тарихи асыл мұрасы - тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімін, дүние-танымын кеңейтіп, ой дәлелдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс. Сондықтан да тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден-бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдану.

49

Сөздік жұмысы –тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздерүйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөзердің мағынасын анықтауда мыңызы зор.Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.

Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты.Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» — дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

Сөздік жұмысының ерекшелігі :

тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі.Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады.Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның творчествалық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. «Сөз байлығы – қоғамның байлығы және сол сияқты әр адамның байлығы.Сондықтан мектепте оқушыларға сөздік жұмысын жүргізудің маңызы зор.

Сөз байлығының аздығы оқушылардың өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуіне қиындық келтіреді.Сондықтан сабақта сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мәні зор.

Біріншіден, ол оқушының сөз байлығын молайтып кеңітсе, екіншіден үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазуға бейімдейді де, ал үшіншіден сөзді үйрену арқылы бала тіл нормасымен сөйлеп үйренеді.

Сөздік жұмысын жүргізуге мынадай негізгі методикалық талаптар қойылады:

Мазмұнды сөйлеу

Жүйелі сөйлеу

Ойдыайқын,сендіре, оқушысына немесе таңдаушысына әсер етебілушеберлігі.Мұнда тиісті сөздер таңдау, фразалар құрастыру, жалпы әңгімедегі көңіл-күйді білдіре алушылық үлкен роль атқарады.

50

оқушы өз ойын белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндап беретін болуы шарт.Бала өзі жақсы білетін материалын алдын-ала талдап, жинақтап,әуелі не жөнінде т.б. жобалап алуға тиіс.Сөз, сөйлемді дұрыс құрмау, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан, бір ойдың қайталануынан сақ болған жөн, белгілі бір жүйемен баяндауға үйренген жөн.

Мәнерлі сөйлеу Дәл сөйлеу барысында әр сөздің стилистикасына, сөздің әсеріне, көркемдік жағына көңіл бөлу керек.Бастауыш сынып оқушылары сөзге мән, мағына беріп үйренсе, үлкен жетістік, өйткені сөз арқылы ғана ойды жеткізуге болады.Мәнерлі сөйлеу тілге деген талғамды, сөзге деген сезімді тәрбиелейді. Баланың сөйлеу тілінде дәлділік қажет.Әрбір сөз дұрыс айтылуы, дыбысталуды керек етеді.Онсыз сөз мағынасы, әсері болмақ емес.

Сөздік жұмысы оқу сабағында мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:

1.Балалардың сөздігін байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету.

2.Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контекске пайдалану.

3.Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету.

4.Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу.

5.Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау.

6.бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу.

7.Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.

Сөздікті байытудың негізгі көзі – оқулықтағы мәтін, жаттығулар, тапсырмалар және мұғалімнің сөзі.сондықтан оқулықтардағы ұлы классик сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілірінен мақал–мәтел, жұмбақ, жаңылпаштарды оқып, сусындап отырғандары жөн.Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының мұқият жүргізілуі қадағаланады, яғни балаға түсініксіз бірде-бір сөз болмауы керек.

51

Тіл дамыту қазіргі мектептің оқу – тәрбие ісіндегі басты проблема – оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, сөз байлығын арттыру, ойлауын дамыту т.б. қамтиды. Баланың ойлауын жетілдіріп, тілін байыту жолдарының бірі – сөздік жұмысын жүргізу.

Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдрды түсіндірумен ғана бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу т.с.с жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушының ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады.

Тіл дамыту жұмыстары мынадай принциптерге негізделе жүргізіледі:

1. Сөйлеумен ойлаудың бірлігі принципі

2. Ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық принципі.

3. Грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі.

Сөздік жұмысын үнемі бір қалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны мүмкін болғанынша, түрлендіріп отырған жөн. Осы мақсат тұрғысынан жүргізілген жаттығу жұмысының бірінде көркем мәтінде кездескен мағынасы түсініксіз сөздерді оқушыларға бірде олардың синонимдері арқылы түсіндірсек, енді бірде қарсы мәнді сөздерді ойластырамыз. Мұндай жаттығу жұмыстары түрленіп қана қоймайды, бұл тапсырманы орындау нәтижесінде тіліміздегі сөздердің жақын мағыналы және қарама-қарсы мәнді болып келетінін таниды. Сөйтіп, олар білімнің жаңа бір басқышына көтеріледі. Сондай-ақ затты табиғи жағдайда бақылау, экскурсия, суреттерді және анықтама беру арқылы, морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздердің мағынасын түсіндіруге болады.















52

Қорытынды

Қорыта келетін болсақ тіл – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі болып табылады. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден – бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Осы міндеттерді және қарастыралған әдіс -тәсілдерді мұғалім үнемі өз жұмысында жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады.Осы орайда бала тілін дамытудағы негізгі мақсатым – халқымның тіл байлығын ұрпақ бойына сіңіру.









53

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Жарықпаев Қ. «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы, «Қазақстан» 1996 жыл.

2. Әміров Р. Газет тілінде ҧ шырасатын кейбір сӛ з тіркестері жӛ нінде Тіл

мәдениеті және баспасӛ з. – 1972. – 114-124 б.

3. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп. – 1973. -622

4. Ладыженская Т.А. Анализ устной речи учащихся ІІ-III кла

5.Тәжібаев Т. – Жалпы психология. Алматы 1993ж\

6.Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1994

7. Уәлиханұлы Н., Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті. - Алматы: 2002

8. Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық. – Алматы: Зият Пресс, 2004. –

9. Алынған ресурс: http://www.izden.kz/diplomdyk-zhumys/psihologiya/69 Ғылыми жұмыстар жинағы. © izden.kz

10.Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.

11.Мүрсәлиева Ж.Т. «Қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» баяндама.

12.Жарықпаев Қ. «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы, «Қазақстан» 1996 жыл

13.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2008ж. Ж.Д. 14.Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000 ж.

15.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003, №5; №1, №2,№10, 2010жылы., №2 - 2004 ж

16.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориасы мен әдістемесі Алматы, 2000жыл

17.Облыстық ғылыми – практикалық конференция жинағы, Қарағанды қ.,

18. Қ.Жидебаев Бастауыш мектеп 1978ж, №11

19. Б.Кәтенбаева Қазақстан мектебі, 1976ж, №

20. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев.-

Алматы:Қазақстан,1965.-186 б.

21. Абалкова Б., Игібаева А.К. Интерактивті әдіс арқылы тіл

мәдениетін дамыту / Б. Абалкова, А.К. Игібаева // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен: 22.С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392 б.

23. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

24. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984

25. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті: Оқулық

/ М.Балақаев, М. Серғалиев.-Алматы:

26. Ә.Жаниязов Қазақстан мектебі, 1979ж, №1


27. Қ.Жидебаев Бастауыш мектеп 1978ж, №11


28. Б.Кәтенбаева. Қазақстан мектебі, 1976ж, №1

29.«Бастауыш сыныптарда қазақ Алматы «мектеп» 1987ж.

30.Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы,

«Жазушы» 1975ж. 135-1846.

31.Айдашаев А. «Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер.

«Жазушы» 1979ж. 112-1466.

32.Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж,221-2276.

33.Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж. 145-2016.

34.Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп. 1991ж. 35. Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы

«Мектеп» 1969ж. 77-796.

36.Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж.

143-2016.

37.«Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның

әдебиеті 2003ж. 34-536.

38.. Қазақ әдебиетінің тарихы Т.1, 2-ші кітап

39. Қазақ халық

40. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары»

41. Қазақ ертегілері: Аңыз,

42. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие

43. Қирабаев С. «Мектеп және қазақ әдебиеті» Алматы446. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Мектеп»

45. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж.

46. Сүйіншәлиев X. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу

47. Тойшыбаев С, Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т.

48. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.

49. Бастауыш мектеп // О. Бартаева «Бастауыш сыныпта

50. ¥лағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетініңҰлт тағылымы 2004//Р. Ерденова «Патриоттық тәрбие берудегі

















Қосымшалар

Сабақ №1

Оқушыларға арналған сауалнама.

ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР!

Біз сендерден оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейі туралы

1. Қалай ойлайсың тіл мәдениеті дегеніміз не ?

2. Өзіңнің тіл мәдениетіңді қандай деңгейге жатқызасың ?

а. Жоғары

ә. Орташа

3. Өзің оқитын мектепте тіл мәдениетін қалыптастыруға байланысты шаралар

а. Үнемі

ә. Жүргізіледі

4. Көркем әдебиет оқисың ба ?

а. Үнемі

ә. Оқимын

5. Өзіңнің тіл мәдениетіңді қалыптастыруда кім жиі көмектеседі ?

а. Ата-анам

ә. Мұғалімдер

6. Қалай ойлайсың, тіл мәдениеті жоғары болу үшін не

7. Ойыңды айтқанда мақал-мәтелдерді қолданасың ба ?

а. Үнемі

ә. Қолданамын

8. Мұғалімдердің тіл мәдениеті жоғары дегенге келісесің бе ?

а. Міндетті түрде

ә. Келісемін

9. «Өнер алды-қызыл тіл» деген мақалды қалай түсінесің ?

10. Қалай ойлайсың, қазіргі кезде тіл мәдениетінің деңгейі

а. Өте маңызды

ә. Маңызды

11. Театр, мұражайға барасың ба ?

а. Үнемі

ә. Барамын

12. Ұғынықты тілмен кез-келген ойыңды жеткізе аласың ба

а. Міндетті түрде

ә. Жеткізе аламын

13. Өз көзқарасыңды, ойыңды білдірерде сөз таба алмай қиналатын

а. Үнемі

ә. Жиі

14. 3-4 сөйлеммен көктемді қалай суреттер едің ?

15. Мектепте тіл мәдениетін қалыптастыруда қай пәннің рөлі ерекше

а. Әдебиет

ә. Қазақ тілі

16. Сыныптарыңда тіл мәдениеті жоғары бала бар ма

54

Сабақ №2

Сөздік қорларын байыту.

Түрі: Сайыс.

Сайыс екі кезеңнен, әр кезең үш тосқауылдан тұрады:

I Парасат сыны.

1. Мақал-мәтел сайысы.

2.Пәндік сұрақтар

3.Кездейсоқ жағдайдан шығу

II Көненің көзі

1.Сөз сыры (көне сөздердің мәнін ашу)

2.Қазақ халқының ырым-тыйымдарының мағынасы.

3.Орнын тап (мақалды жалғастыру)

1-тосқауыл “Мақал-мәтел сайысы”. Екі топтың оқушылары келесі тақырыптарды таңдап,

2– тосқауыл. “Оқу - білім қазығы, білім - өмір

3-тосқауыл. Кездейсоқ жағдайдан шығу. Төмендегідей тапсырмалар берілді:

1 – жағдай. Сенің досың сабақтан екі алды. Дайындықта

2 –жағдай. Сенің досың сабаққа дайындықсыз келді. Ал сен

4-тосқауыл. “Сөз сыры” кезеңі. “Алтын қақпа” лингвистикалық ойыныны үлгісімен

5-тосқауыл. “Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары”. Әр топ бір

1.Жас балаға неге құлақ береді. (Ел ішіндегі жақсы хабарларға

2.Үйдегі жан басын санама. (Көп балалы қазақ халқы жан

3.Нанды бір қолыңмен үзбе. (Нанды бір қолмен үзу киелі

4.Тізеңді құшақтама. (Жалғыз немесе жетім қаласың дегенді білдірген).

5.Үйге қарай жүгірме. (Суыт хабар алып келуші ғана үйге

6.Тілі шықпаған балаға неге тіл бермейді. (Кішкентай балаларға тіл

6-тосқауыл. “Орнын тап”. Берілген мақал-мәтелдердің түсіп қалған сөзін тауып,

- Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз... айтады.

- Шешен ... бастайды, батыр қол бастайды. (сөз)

- Қыран бүркіт көтерер ердің парқын, Қыран жігіт асырар

- Құтты ... келсе, қой егіз табады. (қонақ)

- Жақсы жігіт аспандағы - ..., жақсы қыз –









55

Сабақ №3

Тіл мәдениеті” бағдарламасы бойынша өткізілген ойын мазмұны.

Тақырыбы: “Өнер алды –қызыл тіл”.

Мақсаты: Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің

Түрі: Ойын (“Алтын қақпа”).

Ойынға 10 оқушы қатысады. Ойын 5 турдан тұрады.

I-тур: “Кім жүйрік” деп аталады. Қатысушылардың әрқайсысына бір-бір сұрақтан

II-тур: “Бәйге”. Төмендегі ұлттық дәстүрлерге байланысты сөздердің мағынасы түсіндірілуі

Кебеже. (Ас, тағам салуға арналған, ағаштан жасалған үлкен сандық)

Туырлық. (Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз)

Бишік. (Арбакештің ат айдайтын ұзын қамшысы)

Көбе. (Батырлар киетін сауыт)

Сабау. (Жүннің ұйысқанын жазып, тазарту үшін қолданылатын жіңішке таяқ)

Мес. (Сұйық тамақ құю үшін, бітеу сойылған ешкі терісінен

Долан. (Айналасы шарбақпен қоршалған мал тұратын орын)

Бастырма. ( Төбесі жабық, жан-жағы ашық етіп жасалған жай

Қазықбау. (Жіпті бір нәрсеге екі рет орап барып, ұштарын

Абдыра. (Киім-кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық)

Бұл турда бір адам ғана қалуы керек, сондықтан екі-үш

III-тур: “Күміс қақпа”. Күміс қақпа ашылу үшін төмендегі тізбек

Үй мүлкі

Төсеніш

Ауру түрі

К Е Б Е Ж Е Н Т Е

Тағам түрі

Жылқыға арналған

құрал

IV- тур. “Алтын қақпа”. Қатысушы “күлдіреуіш” сөзінің мағынасын түсіндіруі

V- тур. “Алтын сандық”. Сандық ішін ашу үшін мына

Қорыту: қазылар алқасына беріледі.










56

40



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқушылардың тілін дамытуға арналған психологиялық техникалары

Автор: Ргебаева Жадыра Дидаровна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 355083

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "Оқушылардың тілін дамытуға арналған психологиялық технология"
    ["seo_title"] => string(71) "ok_ushylardyn_tilin_damytug_a_arnalg_an_psikhologhiialyk_tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "355082"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478191228"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "О?ушыларды ?БТ – ке психологиялы? жа?ынан дайындау "
    ["seo_title"] => string(57) "ok-ushylardy-u-bt-kie-psikhologhiialyk-zhag-ynan-daiyndau"
    ["file_id"] => string(6) "195213"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427884423"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства