Просмотр содержимого документа
«"Мүшел жас - мерейлі жас" ашық тәрбие сағаты»
Сабақтың тақырыбы: Мүшел жас – мерейлі жас!
Сабақтың мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру.
-Олардың дүниеге әкеліп тәрбиелеген ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға қазақ халқының салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Оқушының қабылдауын, танымын, белсенділігін арттыру, мәнерлеп,сезініп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың нәтижесі: Адам өміріндегі өмір кезеңдерін ұғынады. Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білім мен іскерлік дағдысын қалыптастыру.
Мұғалім: - Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен аты шулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Содан қаған өзінің қауымына былай депті, - «Біз тарихымызды анықтаудан көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман шатасады. Біз жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын». Сөйтіп, Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп, әр қайсысы бір – бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты. ІІІ. Түсіну
Мұғалім: - Бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымызды ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Бүгінгі сабағымыздың аты « Мүшел жас – мерейлі жас!»
Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанаттың атымен аталады. Әр жылғы бір хайуанаттың аты берілген. Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғандаы бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады. Балалар, мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады. Бұл жыл қайыру халықтың тапқырлық есебінің бірі. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын, неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өзінің жылын 12-ге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе - мешін, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан, бесеу болса – сиыр, алтау болса – барыс т. с. с болып кете береді.
ІV.Қолдану
Мұғалім: 13 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін. Қуандық: 25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез. Бекжан: 37 жас - адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.
С.Нұрдәулет: 49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап - күліп қалайыншы» дейтін кезеңі. Ақжол: 61 жас - адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман - жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
Мұстафа: 73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім - ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез. Гүлнұр:85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.
Алғашқы мүшел 13 жаста толады. Ал оған он екі жастан қосып отырсаңыз, келесі мүшел жасыңызды да айқындай аласыз. Мүшел реті - 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97т. с Кесте арқылы әркім ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын және қанша мүшелге толғанын біле алады. 1 Тышқан 1900 1912 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996 2 Сиыр 1901 1913 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997 3 Барыс 1902 1914 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998 4 Қоян 1903 1915 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999 5 Ұлу 1904 1916 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000 6 Жылан 1905 1917 1929 1941 1953 1965 1977 1989 2001 7 Жылқы 1906 1918 1930 1942 1954 1966 1978 1990 2002 8 Қой 1907 1919 1931 1943 1955 1967 1979 1991 2003 9 Мешін 1908 1920 1932 1944 1956 1968 1980 1992 2004 10 Тауық 1909 1921 1933 1945 1957 1969 1981 1993 2005 11 Ит 1910 1922 1934 1946 1958 1970 1982 1994 2006 12 Доңыз 1911 1923 1935 1947 1959 1971 1983 1995 2007
Шұғыла: Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған. Кейбір деректерде«мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен. Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ сүру үшін. бақытты болу үшін істелетін ырым екен. М.Нұрдәулет: Қазақтар жыл қайырудың адамның жасын есептеуге, не ауа - райын болжауға пайдаланып, соңғы кезде адамдардың туған жылы, күні, айына байланысты мінез - қасиеттердің қалыптастыру айтылып жүр. Бұны зерттейтін адамдар астрологтар дейміз, ол ғылымды астрология деп атайды. V.Талдау
Медет: Он үш жасқа толғанда,
Бірінші мүшел болғанда.
Жастықты жарқын сезім көп,
Жас адам «білем өзім» деп.
Шыңына жетер бала шақ,
Шыңдайды жасты болашақ.
Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың дауысы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыздың осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды қолға алған.
Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді жырау:
Жасым жетіп он беске, Кірер ме екем кең есікке, Бұғана қатып, бел бекіп! Ерегіскен дұшпанмен Шығар күн туса күреске! – деп талпынса, 2.Алмажан Азаматқызы:
Он төртіме келгенде, Салиқалы қыз болдым Жібектей шашын талдаған, - деп , бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады. Қаракөз: Көңіл аудар даналардың сөзіне. Адал жанды өнеге тұт өзіңе. Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік. Ақжол: Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды. Дәурен: 13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды. Берекет: Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған. М.Нұрдәулет: Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған. Ақжол: Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді. Осы кезде Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14 жаста еді. Гүлжанат: Қазбек би 13 жасынан рулы елге билік айта білген. Мен сіздерге ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз – әңгіменің бірін айтып берейін. «Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 – 14 жасар Қазыбектің аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға; Бірақ қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпанды басынбаған елміз. ... Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз,- деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабалардың сендердей кезінде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп, қалмақ ханын састырып, дұшпанын қазақтың алдына жығып беріпті» Мен бұл аңызды айтқаным сіздер осы Қазыбек би аталарымыздай сөзге шешен, батыл ел басқаратын азамат болыңдар. VI. Жинақтау
Мұғалім: Бір жылда он екі ай бар болса, олардың әрқайсы көктем, жаз, күз, қыс мезгілін білдіреді. Соған сәйкес ол кездегі ауа - райы қалай әр - түрлі болса, сол айларда туылғандардың да мінез - құлқы әрқилы. Біз енді сол жөніндегі болжамдарға назар аударалық. 1.С.Нұрдәулет:Қаңтар айында туылғандар Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған - туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады. 2.Ақжол:Ақпан айында туылғандар Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады. Жан - дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды білмеу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмытып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілдік, мейірімділік таныта қоймайды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білме - ген сыңай танытады. Өзі сый - ластық танытқан адамы сыйластықпен жауап қайтармаса, ол туысы ма, досы ма, бәрі бір, кейде онымен қарым - қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, тазалықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді. 3.Гүлнұр:Наурыз айында туылғандар Олар – өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мойығыш, бұл қызметтегі өсуіне басты кедергі. Егерде мойығыш, уайымшылдығын қойып, бірбеткейлік, табандылық танытатын болса, алмайтын асуы жоқ болады екен. 4.Шұғыла: Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жарық дүние есігін ашқандардың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қабылдайды, өзіне - өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды. 5.Мұстафа: Мамырда дүниеге келген әйелдер кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды. 6.Берекет:Маусым айында туылғандар Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қарайтындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез-құлқына, бойына тән қасиеттер. Жақындары мінез - құлқын көп тани бермеуі, оларды тұйық санауы мүмкін. Олар туыстарының олай ойлауына жол бергенімен, сырт адамдармен ашық - жарқын қарым - қатынаста болады, шешіліп сөйлеседі. Дау - дамайды ұнатпайды, одан бойын аулақ ұстайды. 7.М.Нұрдәулет:Шілде айында туылғандар Олар - өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс. 8.Гүлжанат:Тамыз айында туылғандар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан ерлер – сезімтал, айналасындағылардан мақтау күтетін, өзін сынағандарды жек көретін, көбінесе алғашқы отбасысы ұзаққа бармайтын жандар. 9.Қаракөз: Қыркүйек айында туылғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін - өзі жақсы көретін, есепке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді. 10.С.Нұрдәулет: Қазан айында туылғандар Олар – қарапайым. Бұл олардың басты ерекшелігі. Қазанда туылған ерлер өтірікке жақын, оның сөзінің қайсы шын, қайсы жалған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары бағалайтын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдармен сөйлесіп алатын, алайда көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар. Қазанда туылған әйелдер – принципшіл. Сатқындық пен екіжүзділікті кешірмейтін, есте сақтау қабілеті жоғары, өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күресетін жандар. Үй шаруасына пысық. Өзін сынағандарды жек көреді. 11.Медет: Қараша айында туылғандар Бұлар – есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де баратын, қасындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақшасына қыдыруға әзір адам - дар. Содан қаржы тапшылығын жиі көреді, бірақта одан қорытынды шығармайды.
12.Қуандық: Желтоқсан айында ту - ылғандар Олар – сезімтал және көңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін - өзі ұстап тұра алмайды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай - шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағым - сыз жайларға жиі себеп - кер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қызуқанды, өте нәпсіқұмар, дос - жолдастарының көп болғанын қалайды. Мұғалім: Астрологтар, жұлдызшылар адамның бойындағы мінез қасиетіне Күн мен Айдың, шоқ жұлдыздардың әсер ықпалы сенімді жоққа шығармайды. Сол себепті адамның туған жылын мүшел жылдарымен байланыстырып туған айын шоқжұлдыздарына қарап топтастырып белгілі бір жүйеге түсірген. Есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық. 1 Қаракөз: : 21 наурыз бен 2 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды. 2 Медет: 21сәуір мен 21 мамыр. Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер. 3 С.Нұрдәулет: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау. 4 Мұстафа: 22 маусым мен 22 шілде. Шаян: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек. 5 Гүлжанат: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді. 6 Дәурен : 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: Алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр. 7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу. 8 Қуандық: 24 қазан мен 22 қараша. Сары шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ. 9 Қуандық: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді. 10 Гүлнұр: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар. 11 Ақжол: 21 қаңтар мен 20 ақпан. Су құйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар. 12. Бекжан: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.
VIІ.Бағалау:
Оқушылар кесте толтырып, ол туралы өз ойларын айтады. Мінезімнің жақсы жақтары --------------------- Мінезімнің міндері -----------------------
Мұғалім: Денің сауда жетерсің арманыңа Жоспарлап алға қойған мақсатыңа, Денің сауда көрерсің бұл дүниенің. Бар қызық, рахатын, жарығында, - өзге халықтар сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде ата заманнан бері жиып терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізгілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін, жерін, Отан сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Бүгінгі кешімізден осы қасиеттерді бойларыңа сіңіре біліңдер.