kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?шел жас-мерейлі жас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: М?шел жас - мерейлі жас.
Ма?саты:
М?шел туралы ?ызы?ты пікірлермен балаларды таныстыру.
М?шелде ?андай сыр бар, ол ?андай с?зден шы??анына т?сінік беру.
Балаларды? ал?аш?ы м?шел жасына сипаттама беру. Оларды ата-аналарын сыйлау?а, мейрімділікке, ?айырымдылы??а, ?дептілікке, сыйласты??а, достарын сыйлау?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: слайд

М??алімні? кіріспе с?зі «13 жас – ал?аш?ы м?шел»:
С?леметсіздер ме, ??рметті ?она?тар,м?шелі жас иелері, ?ымбатты балалар! Бізді? б?гінгі к?рсеткелі отыр?ан бастамамыз ата-бабамыздан ?ал?ан, бізге жеткен ?ызы?ты дерек м?шел жас туралы болма?. М?шелді? таралу ше?бері ?те ?лкен. М?шел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 т?рлі хайуанны? атымен аталады. ?р жыл?а бір хайуанны? аты берілген.
М?шел жасты аны?та?анда бір ерекшелікті есте ?ста?ан ж?н. Бала 13 жас?а тол?ана бір м?шел деп ?айырады да, кейінгілерге 12 жылды ?осып отырады. Сонда бір м?шел – 13 жас, екі м?шел – 25, ?ш м?шел – 37, т?рт м?шел – 49, бес м?шел – 61, алты м?шел – 73, жеті м?шел – 85, сегіз м?шел – 97 деп ?айырып, адам жасын о?ай шы?арады.
13 жас-жа?сы мен жаманды?ты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезе?. ?аза? хал?ы жас жеткіншектерді? т?рбиесіне к?п к??іл б?лген, оларды? бойына мейірімдік, ?айырымдылы?, ?дептілік, сыпайылы? сия?ты жа?сы ?асиеттерді сі?іре білген. Міне осындай ?асиет сендерді? бойлары?нан да табылса деймін.

1-о?ушы: Жо?арыда?ы м?шел жылдарды? ?р?айсысыны? адам ?міріне тигізер ?сері, ы?палы болады. Ал?аш?ы м?шел он ?ш жаста баланы? ересектік ша??а ?ту кезе?і ай?ындалады. Б?л кезе?де ер балаларды? дауысы ?згеріп, с?йегі іріленіп, ?ыз балаларды? дене бітімі с?йкімді бола бастайды. Хал?ымызды? осындай ес то?татып, етек жаба баста?ан жасты «Он ?ште отау иесі» деп д?ріптеген. Балаларын отбасылы? ?мірге баулуды. ?ол?а ал?ан. Осындай жеткіншек ша?ын А?тамберді жырау: Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем ке? есікке,
Б??ана ?атып, бел бекіп!
Ерегіскен д?шпанмен
Шы?ар к?н туса к?реске! – деп талпынса,
Алмажан Азамат?ызы: Он т?ртіме келгенде,
Сали?алы ?ыз болдым
Жібектей шашын талда?ан, - деп,
бойын к?тіп, бойжеткендік ша??а жеткенін а??артады.
2 - о?ушы:
Ал жиырма бес на?ыз жігіттік жас деп есептеледі. Б?л кезде бойда?ы к?ш-?уат кемеліне келеді. Тасы?ан к?ш-?айратты ?айда ж?мсарын білмей жалындап т?ратын кез. Б?л д?уірдегі Ж?сіп Баласа??н:
Е? т?тті кез жігіттікті? ша?ы да,
Игілікті? о да берген, - деп д?ріптесе,
Абай: Жасты?ты? аты арындап
Тас ?ия?а ?рледі?, - дейді.
Шал а?ын:
Жиырма бес – енді келмес албырт жассы?,
?айраты? ?ират?андай тауды? тасын, - деп тамсана жырына ?ос?ан.

3 - о?ушы:
Отыз жеті жас - ?мірді? жа?сы-жаманын, о?-солын танып, а?ыл то?татып, ?ыры??а жа?ында?ан кез. Б?л уа?ытты Ж. Баласа??н:
Жаста келіп ?ыры?пенен астасар,
Ерттеп ?ой?ан ??р аттай, - деп бедерлесе, Шал а?ын:
?ыры? та бір жас екен, ?ырдан астым,
К??ілді тасып ж?рген ?ре? бастым, - деп сабасына келеді.

4 - о?ушы:
?ыры? то?ыз жас-бойда?ы к?ш ?айта баста?анымен к?рілікті мойындама?ан, а?ыл-ойы на?ыз кемеліне келген на?ыз ерді? жасы.
Б??ар жырау Елу деген жасы?ыз,
Ода бір к?шкен ел екен, - деп тол?анса, б?л кезе?ді:
Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елді? ж?нін білсек дейді.
Кешегі жиырма бес жас ?айтып келіп,
К??ілім б?рын?ыдай ж?рсек дейді, - деп кейіптейді.

5 - о?ушы:
Алпыс бір жас – даналы?ы артып, ?ткеніне сын к?збен ?арайтын, т?убеге келетін кез.
Б?л мезгілді Б?хар жырау: Алпыс деген жасы?ыз
?ай?ылы – м??лы к?н екен, - деп мойындаса,
Шал а?ын: Алпыста?ы жасы?ыз
?о?ыр сал?ын к?н екен.
Алпыс жас – б?л бір ?ткен ?мір с?ні,
Алпыста бойда ?уат т?рмас б?рі, - деп то?там?а келеді.

6 - о?ушы:
Жетпіс ?ш жас. Б?л м?шелдегі к?рілікті мойындап, бойы е?кіш тартады, ая?ы т?салып, ж?ріп-т?руы ?иындайды.
Б?л кезе?ді Ж. Баласа??н:
Б?л д?ние к?зді? жауын, н?рын алар,
Жасарып ап жас келіндей ыр?алар.
?уантар да, жал?ан салар с?ргінге,
Теріс ?арар м?з ?ып ?ойып бір к?нге, - деп суреттесе,
Шал а?ын:
Жетпіс те жер таянбай тура алмайсы?,
Мойыны?ды жан-жа?ы?а б?ра алмайсы?, - деп к?рсінеді.

7 - о?ушы:
Келесі м?шел жас – 85 жас. Б?л тіпті ?ызы?. Б?л жаста адам ж?ріп-т?рудан, ?й?ыдан ?алады. Бала сия?ты ?кпелегіш болып, к?йбе? тірлікке т?седі. Б?хар жырау б?л уа?ытты:
Сексен деген жасы?ыз
?ара??ы т?ман т?н екен, - деп т??ыртса, Шал а?ын:
Сексенде тая?ы?ды серіппейсі?,
Селт етіп еш н?рсеге елікпейсі?, - деп сынап мінейді.
 


8 - о?ушы:
То?сан жеті жас. Б?л м?шелге жеткен адамдарды? кейбірі алжып, жас баладай жаута?дап, ?ау?арсыз болып ?алады.
Осы мезгілді Шал а?ын:
То?сан, сен таман жасты? зоры екенсі?,
С?йегі? ?артай?ан со? бор екенсі?.
То?тыны? баласына ?лі? келмей,
Бала?ны? баласына ?ор екенсі?, - деп тол?аса,
Меделі Ж?сіп ?ожа?лы

То?сан бес то?айласып ж?з келеді,
К?ктем, жаз, кезегімен к?з келеді.
К?зден со? ?а?арлы ?ыс сия?ты,
Дене?е ?ызу емес, м?з келеді, - деп т?йіндейді. И?, б?л жас?а жеткенде бар, жетпеген де бар. Алладан сол жас?а жеткізсін деп тілейік.

Месебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 т?рлі хайуанатты? атымен аталатынын білдік. Осы сия?ты 12 айды? ?зіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Ж?лдыз жорамал» ты?дайы?.

1 о?ушы: 21 наурыз бен 20 с?уір. То?ты: ?ызу ?анды, ал?ыр, а?ылды.
2 о?ушы: 21 с?уір мен 21 мамыр, Торпа?: ?зімшіл, шынды?ты с?йетіндер.
3 о?ушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жал?ау,
4 о?ушы: 22 маусым мен 22 шілде. Б?йі: Кекшіл, ?зімшіл, ?рк?кірек.
5 о?ушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ерж?рек, тік мінезді.
6 о?ушы: 23 тамыз бен 23 ?ырк?йек. Бикеш: алдамшы, алая?, біра? ал?ыр.
7 о?ушы: 24 ?ырк?йек пен 23 ?азан. Таразы: Адамгершілігі мол, біра? ?у.
8 о?ушы: 24 ?азан мен 22 ?араша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жа?сылы?ы жо?.
9 о?ушы: 23 ?араша мен 23 желто?сан. Мерген: Батыр, ерж?рек, мейірімді.
10 о?ушы: 22 желто?сан мен 20 ?а?тар. Тауешкі: Білімді, ?айырымды, біра? ала??асар.
11 о?ушы. 21 ?а?тар мен 20 а?пан Су??й?ыш: ?мытша?, адал, ала??асар.
12 о?ушы: 21 а?пан мен 20 наурыз. Балы?: ?те ?у, дарыны аз, біра? жолы ?те же?іл болады.

М?шелі жас иелеріне с?з беріледі:

Монтаж

?н: «?стазым»
Орындайтындар: ?діл Сара, То?атова М?лдір

Би: «К?ркем»
Орындайтындар: М??амет?анова Г,То?атова М, ?діл С

?н: «?з елім»
Орындайтын: Серікбеков Данияр

М??алім: М?шел жасы? ??тты болсын,
Орындалсын ойда ж?рген бар арман
Таусылмайтын ба?ыт беріп басы?а
Отбасы?мен аман болшы ?р?ашан.

??рметті ?она?тар мен о?ушылар «М?шел жас-мерейлі жас» атты т?рбиелік шарамызды жабы? деп жариялаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?шел жас-мерейлі жас»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мүшел жас - мерейлі жас.
Мақсаты:
Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру.
Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру.
Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата-аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд

Мұғалімнің кіріспе сөзі «13 жас – алғашқы мүшел»:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,мүшелі жас иелері, қымбатты балалар! Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамыз ата-бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылға бір хайуанның аты берілген.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел – 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.
13 жас-жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.

1-оқушы: Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың дауысы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыздың осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды. Қолға алған. Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді жырау: Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кең есікке,
Бұғана қатып, бел бекіп!
Ерегіскен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске! – деп талпынса,
Алмажан Азаматқызы: Он төртіме келгенде,
Салиқалы қыз болдым
Жібектей шашын талдаған, - деп ,
бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.
2 - оқушы:
Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез. Бұл дәуірдегі Жүсіп Баласағұн:
Ең тәтті кез жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген, - деп дәріптесе ,
Абай: Жастықтың аты арындап
Тас қияға өрледің, - дейді.
Шал ақын:
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын, - деп тамсана жырына қосқан.

3 - оқушы:
Отыз жеті жас - өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез. Бұл уақытты Ж. Баласағұн:
Жаста келіп қырықпенен астасар,
Ерттеп қойған құр аттай, - деп бедерлесе, Шал ақын:
Қырық та бір жас екен, қырдан астым,
Көңілді тасып жүрген әрең бастым, - деп сабасына келеді.

4 - оқушы:
Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы.
Бұқар жырау Елу деген жасыңыз,
Ода бір көшкен ел екен, - деп толғанса, бұл кезеңді:
Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді.
Кешегі жиырма бес жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейді.

5 - оқушы:
Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез.
Бұл мезгілді Бұхар жырау: Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы – мұңлы кұн екен, - деп мойындаса,
Шал ақын: Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен...
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деп тоқтамға келеді.

6 - оқушы:
Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды.
Бұл кезеңді Ж. Баласағұн:
Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар,
Жасарып ап жас келіндей ырғалар.
Қуантар да, жалған салар сүргінге,
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе,
Шал ақын:
Жетпіс те жер таянбай тура алмайсың,
Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.

7 - оқушы:
Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұхар жырау бұл уақытты:
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса, Шал ақын:
Сексенде таяғыңды серіппейсің,
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап мінейді.


8 - оқушы:
Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады.
Осы мезгілді Шал ақын:
Тоқсан, сен таман жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің .
Тоқтының баласына әлің келмей,
Балаңның баласына қор екенсің, - деп толғаса ,
Меделі Жүсіп Қожаұлы

Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді.
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,
Денеңе қызу емес, мұз келеді, - деп түйіндейді. Иә, бұл жасқа жеткенде бар, жетпеген де бар. Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.

Месебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар екенін білеміз. «Жұлдыз жорамал» тыңдайық.

1 оқушы: 21 наурыз бен 20 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.
2 оқушы: 21 сәуір мен 21 мамыр, Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.
3 оқушы: 22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, жалқау,
4 оқушы: 22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
5 оқушы: 23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
6 оқушы: 23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
7 оқушы: 24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
8 оқушы: 24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
9 оқушы: 23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
10 оқушы: 22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
11 оқушы. 21 қаңтар мен 20 ақпан Суқұйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
12 оқушы: 21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.

Мүшелі жас иелеріне сөз беріледі:


Монтаж

Ән: «Ұстазым»
Орындайтындар: Әділ Сара, Тоқатова Мөлдір


Би: «Көркем»
Орындайтындар: Мұқаметқанова Г,Тоқатова М, Әділ С


Ән: «Өз елім»
Орындайтын: Серікбеков Данияр


Мұғалім: Мүшел жасың құтты болсын,
Орындалсын ойда жүрген бар арман
Таусылмайтын бақыт беріп басыңа
Отбасыңмен аман болшы әрқашан.

Құрметті қонақтар мен оқушылар «Мүшел жас-мерейлі жас» атты тәрбиелік шарамызды жабық деп жариялаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М?шел жас-мерейлі жас

Автор: Баталова Айнур Ермухамбет?ызы

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315862


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства