kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Как вести себя во время сдачи экзаменов?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Как вести себя во время сдачи экзаменов ПАМЯТКА ДЛЯ ВЫПУСКНИКОВ Одежда должна быть спокойных тонов. Постарайтесь избегать чересчур ярких, кричащих цветовых сочетаний в одежде, слишком вызывающих деталей костюма, чтобы не спровоцировать отрицательных эмоций у людей, с которыми предстоит вступить в контакт во время экзамена. Всегда помните о чувстве меры. Ничего лишнего! А вот после экзамена — все что хотите. Рекомендации по поведению до и в момент экзамена  1. За день до начала экзамена постарайся ничего не делать. Если ты чего-то не доучил, лучше не пытайся. "Перед смертью не надышишься". Отдыхай, развлекайся и постарайся забыть о предстоящем экзамене. 2. Перед экзаменом обязательно хорошо выспись. 3. Приведи в порядок свои эмоции, соберись с мыслями.  4. Смело входи в класс с уверенностью, что все получится.  5. Сядь удобно, выпрями спину. Подумай о том, что ты выше всех, умнее и у тебя все получится. Сосредоточься на словах "Я спокоен, я совершенно спокоен". Повтори их не спеша несколько раз. Мысли отгонять не стоит, так как это вызовет дополнительное напряжение. В завершение сожми кисти в кулаки.  6. Выполни дыхательные упражнения для снятия напряжения: — сядь удобно, — глубокий вдох через нос (4–6 секунд), — задержка дыхания (2–3 секунды). 7. Слушай внимательно, чтобы не отвлекаться в дальнейшем и не задавать лишних вопросов об оформлении тестирования. Тебе все объяснят: как заполнить бланк, какими буквами писать, как кодировать номер школы и т.д.  8. Постарайся сосредоточиться и забыть об окружающих. Для тебя существуют только часы, регламентирующие время выполнения теста, и бланк с заданием. Торопись не спеша. Читай задания до конца. Спешка не должна приводить к тому, что ты поймешь задание по первым словам, а концовку придумаешь сам. 9. Просмотри все вопросы и начни с тех, в ответах на которые ты не сомневаешься. Тогда ты успокоишься и войдешь в рабочий ритм. В любом тесте есть вопросы, ответы на которые ты прекрасно знаешь, только соберись с мыслями.  10. Когда приступаешь к новому заданию, забудь все, что было в предыдущем, — как правило, задания в тестах не связаны друг с другом. 11. Действуй методом исключения! Последовательно исключай те ответы, которые явно не подходят.  12. Если ты сомневаешься в правильности ответа, тебе сложно сделать выбор. Доверься своей интуиции! 13. Оставь время для проверки своей работы хотя бы для того, чтобы успеть пробежать глазами и заметить явные ошибки. 14. Стремись выполнить все задания, но помни, что на практике это нереально. Ведь тестовые задания рассчитаны на максимальный уровень трудности, а для хорошей оценки достаточно одолеть 70% заданий.   Поведение во время ответа.  Если экзаменатор — человек энергичный, то твой вялый, тихий ответ с большим количеством пауз может его разочаровать. Если же экзаменатор — человек спокойный, уравновешенный, ты рискуешь вызвать у него неосознанное неудовольствие слишком оживленной мимикой, жестикуляцией и громким голосом. Никогда не забывай о необходимости соблюдения чувства меры. Ничего лишнего! 

© Ссылка на источник: http://sch1106uz.mskobr.ru/obrazovanie/psihologicheskaya_podderzhka/kak_vesti_sebya_vo_vremya_sdachi_e_kzamenov_v_forme_eg/

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Как вести себя во время сдачи экзаменов? »

ІІ  ОҚУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА

АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Қашықтықтықтан оқыту (ҚОТ) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты                                    сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

Дидактикалық жүйе;

Технологиялық жүйе;

Қамтамасыз ету жүйелері. 

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Әвристикалық;

5. Зерттеу.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашыкқтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

1.     Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені  (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

2.     Жұмыс дәптері.

3.     Анықтама.

4.     Оқу, аудио, бейне материалдары.

5.     Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

-         курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің  бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

-         Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

-         Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

-         Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

-         Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

-         Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

-         Интернет желісін пайдалану;

-         Әлектрондық поштаны пайдалану;

-         Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

-         Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары

1.     Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын  білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша  әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.

2.     Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды  үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген,  бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша  курсты әзірлеуші  жүзеге асырады.

3.     Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені  міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.

Міндетті комплект мыналардан:

a)     үлгілік оқу бағдарламасынан;

  оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі,  қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);

b)    лекциялардың  әлектрондық курсынан;

c)     практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;

  зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);

d)    студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

  рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан  (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);

  қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.

Электрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.

Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік  бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.

4.     Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялық) пайдалана отырып,  өзіндік зерделеуді ұсынады.

Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен  ұжыммен  немесе жеке қолданатын  бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.

Оқытудың компьютерлік құралдарына  әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.

Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ  виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.

5.     Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.

6.     Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды,  еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.

7.     Барлық оқыту қызметінің түрлері:

        әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен)  педагогикалық қарым-қатынасы;

        студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Байланыс уақытына кеңестермен  қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.

8.     Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін  қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе  бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.

9.     Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.

10.                 Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.

11.                 Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын,               басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді  жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.

12.                 Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында электронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.

Қашықтықтан оқыту технологиясы – тіл үйренушілердің мүмкіндіктеріне, ерекшеліктеріне бейімделген ақпарат көздерін қамтитын, анықтамалық, машықтандырушы қызметтерін атқаратын, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, тексеру міндеттеріне құрылған оқыту. Деңгейлік тапсырмаларға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы тіл үйренушінің ерекше танымдық белсенділігі мен қызығушылығына құрылған қатысымдық құзыреттілікке жетелейтін тұлғалық, нәтижеге бағдарланған оқыту ортасы болады. Қашықтықтан  оқыту жүйесі арқылы жүзеге асырылатын қайтарымды байланыстың тіл үйренушіге оқу материалдарының бір ізділігін өзгертуге не оған бейімделуге мүмкіндік беретін әсері болады. Бүгінгі қоғам сұранысын ескере отырып тіл үйренушілердің қатысымдық құзыреттілігін дамытуда қазіргі ақпараттық технологияларды және деңгейлік тапсырмаларды кіріктірген қашықтықтан оқыту технологиясының қажеттілігі дау тудырмайды.

Қашықтықтан оқыту технологиясындатіл үйренушілердің білімін өз таңдаулары бойынша көтеруіне мүмкіндік беретін оқыту үдерісі жүзеге асырылады. Бұл өздігінен білім алу формаларының бірі ретінде оқытудың “жеке траекториясын” жасақтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі білімнің негізгі шарты үйренушінің жаңаны, өзіне қызықтыны, өз оқу траекториясын іздеу қажеттілігін қалыптастыру екенін ескерсек, қашықтықтан оқыту технологиясынжоспарлауда басты шарт тіл үйренушінің өз бетімен қатысымдық, танымдық, ізденушілік әрекетке ұмтылысын қамтамасыз ету болуы қажет.

Қашықтықтан оқыту технологиясында электронды білім ресурстарын қолдану тіл үйренушілердің өздігінен жұмысын белсендіру факторы болып табылады. Тіл үйренуші өз бетімен ақпарат көздерін таңдай алады, уақыт үнемдеу дағдысы мен халықаралық қарым-қатынас этикасын меңгереді, өз әлеуетін, өзінің іскери, тұлғалық сапаларын объективті және мақсатты бағалауды үйренеді. Адам ақпараттың 10%-ын оқығанда, 20%-ын тыңдағанда, 30%-ын көргенде, 50%-ын көріп, естігенде, 70%-ын талқылағанда, және 90%-ын өзі орындаған кезде меңгеретінін ескерсек, компьютердің көмегімен аудио-бейне әсерлермен берілген, өз еріктерімен, өз күштерімен қол жеткізген білімдік ақпараттың тіл үйренуші үшін маңыздылығы да жоғары болады, тұрақты жадында ұзақ сақталады. Бұл жөнінде зерттеуші ғалымдар өз бетімен, өз күшімен қол жеткізген ақиқаттың танымдық құндылығы ерекше болатындығын атап көрсетеді. Соған байланысты оқушылардың үнемі жауап беруін, қайтарымды байланыста болуларын талап етіп отыратын интерактивті оқу құралдарын оқу үдерісіне енгізу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Қазақ тілін қашықтықтан оқыту технологиясын құруда ескерілетін дидактикалық талаптар:

- Ғылыми-әдістемелік берік тұғырнамасының болуы;

- Технология талаптарына сай болуы;

- Деңгейлерге сәйкес лайықталып, іріктелген тілдік материалдарды қамтуы;

- Тұтынушының сөздік қорын молайтуға, тілдік қатынасқа түсуіне ықпал жасайтын жасанды тілдік орта құрылуы;

- Тілдік материалдың деңгейлік оқытудың қазақстандық жүйесіне негізделуі;

- Қашықтықтан басқару арқылы оқыту үдерісіне қажетті лингводидактикалық базаны жаңартып-жаңғыртып отыру мүмкіндігінің болуы;

- Тексеру модулінің тіл үйренушінің қатысымдық құзыреттілік деңгейін анықтауға негізделуі;

- Тест тапсырмаларының сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) тексеруге бағытталуы;

- Тұлғаның ақпаратты барынша көп жинақтауы ғана емес, сонымен бірге оны шынайы өмірлік жағдаяттарда қолдана алу мүмкіндігіне ие болуына барынша жағдай жасау арқылы қашықтықтан тіркелу, ақпарат алмасу, курс соңында тиісті деңгейге сәйкес сынақ тапсырып, сертификат алуын жүзеге асыру мүмкіндігі.

Қазақ тілін қашықтықтан оқыту технологиясын құруда ескерілетін техникалық талаптар:

- Тұтынушыларды орталықтан басқару, бақылау мүмкіндігі;

- Желілік ресурстарға тиімді қол жеткізу мүмкіндігі;

- Бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамтамасыз етудің дидактикалық ұстанымдарға негізделген жоғары сапасы;

- Кең көп функционалдылық пен технологиялық ұтқырлық;

- Тұтынушылардың түрлі талаптарына жылдам жауап бере алатын бейімділігі;

- Тұтынушылардың өздеріне ыңғайлы, рационалды уақытта ұйымдастырылатын үдеріс;

- Тікелей тұлға аралық қарым-қатынас, мықты қайтарымды байланыс;

- Тіл үйренушілердің білім деңгейін анықтауды компьютерлік жолмен автоматтандыру;

- Объективті бағалау жүйесі, статистикалық талдау.

Адамзат өркениетінің іргелі сипаты ақпаратты алу, жинақтау өңдеу және тұтыну болып табылады. Ал тілдік білім беруді қашықтықтан ұйымдастыру тіл үйренушілерді әлемдік мәдени құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдениаралық коммуникацияға жағдай жасайды. Қашықтықтан оқытудың тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандар толық дайын. Қазақстандық ЖОО-ының бірқатарында бұл тәжірибе іске асырылып, алғашқы табыстардың көкжиегі де көрінуде. Сонымен бірлікте тіл үйренуші электронды білімдік ресурстардан, жаңашыл оқу-әдістемелік құралдардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, көркем әдебиеттен қазақ тілінде өзіне керекті ақпаратты өз ниетімен, жүрек қалауымен іздеп, тауып, оқып, қажетіне жарату мүмкіндігіне қол жеткізген кезде ғана нағыз қатысымдық құзыреттілік иесі, толық тілдік тұлға дәрежесіне жете алатынын есте сақтауымыз қажет.

 

БАҒДАРЛАМАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Қазақ тілін оқыту технологияларының ішінде бағдарламалап оқыту технологиясы ерекше тоқталуды қажет етеді. Себебі компьютер оқытуды жоспарлауда, басқаруда, бақылауда басты құрал болғандықтан, осы әрекеттер көбінесе  бағдарламалау тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар бағдарламалап оқыту технологиясы компьютерді оқу үдерісінде қолданудың дидактикалық негізі болып саналады. Бұл жөнінде ғалымдар былай дейді: «Дидактической основой компьютерного моделирования в рамках алгоритмической лингвистики является программированное обучение (уже накопившее достаточный теоретико-прагматический опыт), которое реализует принцип непрерывного усвоения знаний и последовательно-индивидуального закрепления созданных навыков и умений на основе разделения сложного учебно-познавательного процесса обучения на последовательные этапы, уточняя цели и задачи каждого из этих этапов с организацией обратной связи и контроля усвоения».

Бағдарламалап оқыту технологиясының шығу тарихына тоқталар болсақ, ол өткен ғасырдың ортасынан бастап батыс және кеңес зерттеушілерінің зор қызығушылығын тудырғанын байқаймыз.  Бағдарламалап оқыту технологиясын АҚШ-та профессор Б.Ф. Скиннер  1954 жылы психология мен техника саласы жетістіктерін білім беруді басқару тиімділігін арттыру мақсатында қолдану үшін енгізген. Оқытудың бұл түрі кейін педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылды.

Шетел әдіскерінің жаңалықтары ресей зерттеушілер Н.Ф. Талызина, П.Я. Гальперин, Л.Н. Ланда, И.И. Тихонов, А.Г. Молибог, А.М. Матюшкин, Т.А Ильина ғалымдардың зерттеу еңбектерінде жалғасын табады [92-99]. Бағдарламалап оқытудың элементтері көне ойшылдар Сократ, Платон және И.Ф. Гербарт, Дж.Дьюи сынды ғалымдар еңбектерінде де айтылады деген пікірлер бар.

Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту үдерісін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалап оқыту теориясы  оқыту материалдарын меңгеру үдерісін машиналарға қолданылатын бағдарламалар әрекетіне негіздеуден туындаған. Оқытудағы бұл бағыт танымдық мәліметтерді толық қабылдауға жеңіл болатындай, логикалық тұрғыда аяқталған бөлшектермен беруді ұсынады.

Білім беру саласында бағдарламалап оқытуды қолдану ғылым мен практиканың тығыз байланысына құрылады. Оқыту тиімділігіне қол жеткізу үшін оған қатысты барлық ғылым салаларының жетістіктерін қолдана білу қазіргі таңда тіл үйретуде компьютерлік технологиялардың арқасында мүмкін болып отыр. Бағдарламалап оқыту  кибернетиканың, яғни басқарудың жалпы заңдылықтарын оқыту үдерістерінде енгізумен ерекшеленеді және оқытуды басқарудың жалпы талаптарын айқындап береді.

Оқыту бағдарламаларына қойылатын талаптарды орындау жалпы оқу үдерісінің ерекшеліктерін айқындайтын психологиялық-педагогикалық ғылым салаларының зерттеулеріне негізделетіні белгілі. Дегенмен бағдарламалап оқытуда бір мамандар тек психологиялық бағытты таңдаса, біреулері таза кибернетикалық тәжірибені негізге алады. Ал дәстүрлі оқу бағдарламалары көбінесе тәжірибеге сүйеніп жасалады да, кибернетика мен психологиядан қажетті мәліметтер қолданылады. Бұл кибернетикалық талаптарға сәйкес кері байланыстың, ал психологияда оқудағы даралықты ескеру қажеттілігімен шектелді де меңгеру үрдісінің белгілі қадамдармен жүзеге асырылу үлгісі ескерілмейді.

Өткен ғасырдың ортасында ақпарат, байланыс, басқару туралы ғылым кибернетика (kybernetike — грек тілінен басқару өнері) пайда болды (Н.Виннер, 1948 ж). Электронды есептеуіш техникасының дамуымен кибернетика саласы да дами түсті. Бихевиоризмнің педагогикада қолданысында кибернетиканың үйретуді басқару тұжырымдамасымен толықтырылады.  Осындай ғылым салаларының тоғысында бағдарламалық оқыту идеясы туындайды. 

АҚШ-та жасалған бағдарламалап оқытуға үйретудің механикалық бағытын көздейтін бихевиористикалық теория негіз болады. Оның авторлары Скиннер, Кроудер сынды психологтар білім беруде адамды ынталандыру тетігін ойластыру керек деген идеяға сүйенеді. Яғни материалды шағын бөлшектерге бөліп меңгертуде дұрыс жауап берілгенде білім алушыға сый ретінде келесі қадам ұсынылады деген пайымдаулар осы әдіске негіз болады. Бұл идеялар кибернетиканың алгоритмдеу ұғымыммен астасып жатты. Электронды есептеуіш машиналардың дамуымен бағдарламалап оқыту әдісі де кең өріс ала бастайды.

Бихевиористикалық негізде жасалған оқыту бағдарламалары:

а) сызықтық, (Скиннер әзірлеген),

ә) тармақталған (Н.Кроудер әзірлеген),

в) аралас (Шеффилд британ университетінің психологтары әзірлеген) болып бөлінеді.

Бағдарламалап оқытудың сызықтық жүйесіне Б.Скиннер төмендегідей талаптарды қойған: 

-         оқушының алдын-ала дайындалған, құрастырылған «қадамдарды» кезең-кезеңмен өтуі,

-         оқытуды тек оқу материалын қабылдатумен шектелмей, оқушының белсенділігін, қызығушылығын ашатындай етіп жасалуы,

-         жаңа материалды меңгермес бұрын оқушы алдыңғы материалды толық

меңгеруі тиіс,

-         оқушыға материалды аздаған бөліктерге бөлу және үнемі еске салу,

ойландыру арқылы қиындықты жеңуге көмектесу.

Бұл жүйеге сәйкес білімгер бағдарламада көрсетілген барлық қадамдарды кезең-кезеңімен өтіп шығады. Б.Скиннердің бұл тәсілі берілген тапсырмаларға студенттің дұрыс жауап бергенінше қайта-қайта  орындауларын талап ете отырып, дұрыс жауапты есте сақтауын жаттықтырады. Сызықтық бағдарламалап оқыту білімі әлсіз студенттің өздігінен білім алуына тиімді тәсіл болып табылады. Дұрыс жауапты табуға деген құлшыныс оған келесі тапсырманың берілуімен көтермеленеді.  Сызықтық бағдарламалар барлық студенттердің жасалатын қадамдарының қатесіз жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да білім алушылардың барлығы бір сызықтың бойымен бірдей қадам жасай отырып, материалды кезең-кезеңмен орындайды.

Тармақталған бағдарламалап оқыту тәсілін американ педагогы Н. Кроудер ұсынған. Бұл бағдарламалар студенттің қиналған кездерінде көмекке келетін қосымша тармақтарының болуымен ерекшеленеді. Бағдарламалар білім алушылардың деңгейіне қарай оқытуды даралауға мүмкіндік береді және танымдық әрекеттерді жүзеге асырудың тиімді жолдарын қалыптастырады. Білім алушы жауаптарды таңдауда қиналған тұста, көмекке келетін қосымша бағдарламаларды қарастыра алады. Тапсырмаларды құрастыруда студент қызығушылығын тудыратын танымдық сипаттағы материалдар белсенділікті арттырып, өздігінен ізденуге түрткі болады.

Сызықтық бағдарламалау мен тармақты бағдарламалап оқытуды біріктіргенде пайда болған әдісті аралас әдіс немесе аралас бағдарламалау деп танимыз. Бұл әдісте оқу материалы көлемі жағынан бірнеше бөліктерге бөлінеді. Олардың мазмұндық және логикалық тұрғыда байланысуына қарай сызықтық немесе тармақтық бағыттағы бағдараламалар қолданылады. Яғни материалды меңгерту мақсатына қарай әртүрлі бағдарламалардың тоғысуы аралас бағдарламалап оқытуды тудырған.

         Бұл бағдарлама қолданыста бар бағдарламалап оқыту түрлерінің ең бір ұтымды тұстарын пайдалана отырып, оқытудың нәтижелілігін арттыруды көздеді. Бұл Скиннер мен Кроудер тұжырымдамасындағы классикалық бағдарламалап оқытудың білім деңгейі әлсіз студенттерге дұрыс жауапты жаттату арқылы оқытудағы және білімді бекіту, бағалаудағы қолданылу ерекшелігіне, студенттердің үлгере алмай жатқан тұстарын толықтыруға  қатысты тұстары болды. Ал жоғарыда айтылған бағдарламалап оқытудың бір кемшін тұсы, ол студенттің сыни ойлауын, шығармашылығын дамытуда әлсіз түсіп жататын тұстарын толықтыру үшін бағдарламалап оқытудың блокты түрі қолданылды.

Аралас оқытудың бұл түрін «варшавалық» деп атаған. Жоғары мектепте студенттердің өздігінен білім алуын дамыту мақсатында классикалық бағдарламаларға балама ретінде білім алушыларға әртүрлі интеллектуалдық операцияларды жасауға және өзінде бар білімді нақты мәселелерді шешуде қолдануға жетелейтін, жан-жақты әрекетке негізделген оқыту бағдарламасы ұсынылады.

            Бұндай бағдарлама құрылымы блоктардан тұрады және блоктардың орналасуы белгілі бір тәртіппен орналастырылады. Оны төмендегідей сипаттаға болады:

   Ақпараттық блок;

   Ақпараттық-тестік блок (білімді тексеру);

   Ақпараттық-түзету блогы (дұрыс жауап болмаған жағдайда, қосымша оқыту);

   Түзету және тексеру блогы.

Бағдарламалап оқыту мен блокты оқыту идеясы бағдарламалап-блокты оқыту технологиясына біріктірілді.

Жоғарыда көрсетілген бағдарламалар оқу әрекетін қадаммен ұйымдастыруды ұсынып, олардың өзара байланысты бірақ жеке-жеке тапсырмалардан тұруы білім мен іскерлікті нәтижелі игеруге жағдай жасайды. Қадам – келесі әрекетке көшу ережесіне сәйкес ақпараттарды алу мен өңдеу, бағалау үлестері. Қадам өзара байланыстағы үш тізбектен тұрады: ақпарат, кері байланыс әрекеттері, бақылау.

Оқу материалдарын қадамдарға бөлу тек қиынды жеңілдету ғана емес, сонымен қатар материалдарды тақырып бойынша жіктей отырып, нақты әрекеттерді жоспарланау, оны меңгеруді бақылау.

Бағдарламалап оқытудың басты ұстанымдарын төмендегідей саралауға болады:

1.     Материалды өзара байланысты шағын бөліктерге бөліну ұстанымы.

2.     Бағдарламаланған материалды меңгеруде студенттердің әрекет белсенділігі ұстанымы.

3.     Студенттің әр жауабының сол мезетте бағалану ұстанымы.

4.     Оқытудың мазмұны мен қарқынының даралануы ұстанымы.

5.     Бағдарламаланған материалды эмприкалық тексеру ұстанымы.

Бірінші ұстанымға сәйкес бағдарламалап оқытуды әзірлеуде материалды мазмұндық, логикалық тұрғыда өзара байланыста құрылған бөліктерге, қадамдарға жүйелеуден басталады.

Екінші ұстаным берілген материалды меңгеруде студенттің әрекет белсенділігін арттыру мақсатында әр қадамның беретін ақпаратына сараптама жүргізуді талап етеді.

Үшінші ұстаным бойынша студенттің әр жауабына дереу баға берілу талап етіліп, келесі қадамға өту-өтпеу мүмкіншілігі шешілуі тиіс.

Төртінші ұстанымға байланысты әр студенттің қарқыны, білім деңгейіне қарай оқу материалдарын саралау, соған сәйкес оқытуды дараландыру болып табылады. Бесінші ұстаным тексеру мен бағалауда да әр студенттің мүмкіншілігін мейілінше ескеру, материалды меңгерту қиындығын соған сәйкестендіру болып табылады.

Бағдарламалап оқытудың ұстанымдарын жіктеуде В.П. Беспалько ұсынған ұстанымдарды да ұсынуды жөн көрдік. В.П. Беспалько да бес  ұстанымды басты деп таниды:

Бірінші ұстаным бойынша бағдарламалап оқытудағы берілетін материал сатылы түрде бір жүйені құрауы тиіс. Яғни материалды меңгерту сатылы түрде бір-біріне бағынышты ақпараттардан тұрады.

Екінші ұстанымға сәйкес бағдарламалап оқытуда «кері байланыс» болуы тиіс. Бұл ақпаратты өзгертуге қатысты кибернетикалық теориядан туындайды. Студент өз жауабын өзгерту немесе түзету үшін кері байланысты қолданады.

Үшінші ұстаным оқу материалдарының қадамдарға бөлініп берілуі. Оқу материалдарының қадамдармен берілуі тапсырмалар жеке тұрғанымен өзара байланысқа құрылуын қамтамасыз етеді. Бұл және де кері байланысты орнатуды да жүзеге асырады. Қадамдар өзара байланыстағы үш тізбектен құрылады. Бұлар: мәлімет, кері байланыс операциясы және бақылау.

         Төртінші ұстаным бойынша бағдарламалап оқыту дараланған оқыту түрі болғандықтан, студенттің өз қабілетіне қарай материалды меңгеру қарқыны мен қиындығын ескеру талап етіледі.

          Бесінші ұстаным бағдарламалап оқыту арнайы техникалық құралдарды, яғни компьютердің болуын талап етеді.

Жоғарыда айтылған бағдарламалап оқыту әдісінің ұстанымдары кәсіби қазақ тілін меңгертуге арналған мультимедиалық бағдарламаларын құрастыруының басты ұстанымдары болады. Оларды саралай келе мультимедиалық бағдарламалар көмегімен кәсіби қазақ тілін сәтті жүзеге асыруға болады деген ойды ұсынамыз. Өз тәжірибемізде  осы әдісті қолданып, әзірленген мультимедиалық бағдарламалары тіл меңгертудегі оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыруда тиімді болатынына көз жеткіздік.

Бұл әдіс дайын мәліметтерді жаттаумен, немесе дайын жауаптарды таңдаумен шектелмейді. Әдістің ерекшелігі білім алушы өз оқу әрекетін басқара алады және оған бағдарламалап оқыту әдісімен дайындалған оқу құралдары көмекке келеді.

         Бағдарламалап оқыту технологиясы теориясы келесі талаптарға жауап беруі қажет:

а) танымдық әрекетті игеруде: нені басқаратындарын және оны қалай басқаратынын  білім алушыларға  нақты анықтап көрсету қажет,

ә) білім алушыға берілетін ақпараттың мазмұнын толық сипаттау,

б) білім алудағы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуін қамтамасыз ететін әрекеттерді көрсету.

Бағдарламалап оқытудың дидактикалық жүйе ретіндегі өзіндік  артықшылығы мен кемшілігі де бар. Оның білімгерлердің оқу әрекетін белсендіруі жетістік деп танылады. Бағдарламаның әр қадамын міндетті түрде орындалуының талап етілуі білім алуды тыңғылықты жүргізуді қамтамасыз етеді. Әр білімгердің әрекеті орындалу жылдамдығы мен сипатына қарай әртүрлі, егер білім дайындығы жақсы студент белгіленген межеге барлық қадамдарды орындай отырып жылдам жетсе, білім деңгейі әлсіз студент өз шамасына қарай, қадамдарды біртіндеп игеру арқылы материалды асықпай меңгереді.          Бағдарламалап оқытудың бір артықшылығы  білім алуда «әлсіздер» жылдам жұмыс істейтіндерді тежемей, өз бетімен материалдарды меңгере алады.

Сонымен қатар, бағдарламалап оқытудың кемшін тұстарын да атап өтуіміз орынды. Біріншіден, білім берудегі кез-келген материал алгоритмдене бермейді. Мысалы, көркем әдебиет, поэзия, музыкалық шығармалар, яғни білім алушыға эмоциялық тұрғыда әсер етуге бағытталған материалдар бұл әдіске көне бермейді. Сондықтан де бағдарламалап оқыту практикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда, әсіресе өзге тілді үйренуде тиімді әдіс болып табылады. Кері байланысқа құрылған оқулықтар негізінде білім алушылардың практикалық дағдысы мен іскерлігі шыңдалады.

Бағдарламалап оқытуда ұжымдық жұмыс болмайды және оқытушының қызметінен студенттің әрекеті белсенді болады. Оқытушыдан осы бағдарламалап оқыту әдісіне сүйенген оқулықтарды әзірлеудегі шығармашылық жұмысы әр білімгерлердің өз бетімен еңбектенулеріне жағдай жасайды.

Ақпаратты алу кезеңінде берілетін білім мәліметтері адамның танымдық әрекетіне бағытталып, студентке қажетті ақпаратты ұсынады. «Кері байланыс» әрекеттері студенттердің кәсіби тілдесімге қажетті дағды мен іскерлікті қалыптастыруға қажет тапсырмалар беріледі. Бұл кезеңде студент өз әрекетін кері байланыс арқылы бақылай алады. Оқытушы бақылау кезеңінде бағдарламаның қолдану нәтижелілігін тексеріп, студент жұмысының сәттілігін бағалай алады (сыртқы кері байланыс).   

Бағдарламалап оқыту технологиясы білім беруде электронды оқулықтарды әзірлеуге өте тиімді және өздігінен білім алуға жағдай тудырады. Электрондық оқулықтардың сәтті әзірленуіне қарай, білімгер өзі білмейтін, немесе ұмытып қалған материалды кез-келген уақытта қайталап, білімін толықтыра алады.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында студенттің жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін қалыптастыруда жоғары оқу орындарында ақпараттық-қатынастықтехнологияларды, соның ішінде Интернет-ресурстарды пайдаланудың маңызы зор.

Қоғамның күрделі тіршілік әрекеті компьютерлік ақпараттық технологияның пайда болуына ықпал етіп, «Интернет» ұғымын өмірге енгізді. Интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Қазіргі кезде қазақ тілін Интернет арқылы, қашықтан оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар аз емес. Соңғы бағдарламалардың бірі - http://www.kaztube.kz/ Интернет сайтында орналасқан «Қазақша үйренейік» бейнесабақтары [112]. Бұл бағдарламаны Интернет жүйесі арқылы көпшілік қауым қолдана алады.

http://www.tilashar.kz парағында онлайн режимінде жұмыс істеуге өте қолайлы. Сайт қазақ тілінде көптеген сабақтарды ұсынады. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін, кестелер арқылы грамматикасын қамтиды. Тілдесуге арналған әр түрлі тапсырмалар бейне жазба көмегімен жүзеге асырылады.

http://kazahanderi.samal.kz/. сайтында қазақ тілінде өлеңдерді тыңдап, үйренуге болады.

Қазақ тілі сабақтарында Интернеттегі сайттарды Абай шығармашылығымен таныстыру мақсатында тиімді қолдануға болады. Мәселен, www.abai.kz. сайтында ұлы ақынның өмірбаяны мен қара сөздері, өлең, поэмалары берілген. Студенттерге оқытып, аудартуға болады, сондай-ақ кейбір жеке сөздермен, сөз тіркестермен әр түрлі жұмыс жасауға болады.

«Kazakh Soft» компаниясы http://www.ks.kz/kazaktili.htm сайтында «Қазақ тілі» қашықтан оқыту жүйесі арқылы жедел түрде тіл үйренуді ұсынған. Ұсынылған бағдарламалық өнім – әртүрлі интерактивті жаттығулар, бақылау тестері, оқытушымен кері байланыс құралдары мен сөздіктен құралған қазақ тілінің электрондық курсы. Бұл бағдарлама ұжым мүшелерінің корпоративтік желіде тіл үйренулеріне бағытталған. Қызметкерлер өздеріне ыңғайлы уақытта өзбеттерімен тіл үйреніп, интерактивті жаттығулар арқылы білімдерін бекіте алады. Жүйе қазақ тілін деңгейлеп оқытуда қарапайым деңгейге арналған 30 модульдан, қазақ тіліндегі жағдаяттық сұхбаттар 20 модульдан, қазақ тілін жалғастырып оқуға 20 модульдан, интерактивті жаттығулар мен дыбысталынған сөздерден құралған. Бұл жүйені ірі ұлттық компаниялар, мысалы «Самұрық холдингі», ҚР Ұлттық банкі қолдануда.

http://til.gov.kz/ сайтында ҚР Мәдениет министрлігінің Тілдер комитетінің мемлекеттік тіл порталында ересектерге қазақ тілін оқытудың қашықтықтық мультимедиалық кешені on-line тәртібінде оқытушының басшылығымен және де өзбетімен тіл үйренуге арналған.  Бұл курс оқылым, қазақ мәтінін түсіну, тыңдалым, үлгі бойынша сөйлесім дағдыларын дамытуға басты назар аударады. Интернет курсы қарапайым, жалғастырушы, жетілдірілген деңгейде тіл үйрену үшін дайындалған материалдардан тұрады. Кешен 90 сағаттан тұрады да келесі бөлімдерді қамтиды:

-         тақырып көлемінде диктордың айтуымен берілетін сөздік,

-         оқу мәтініне қосымша ретінде суреттер,

-         мәтіннің дыбыстық қосымшасы,

-         дыбыстық сұхбатқа тапсырмалар,

-         тақырып аясын кеңейтуге сұхбаттардың үлгісі,

-         қазақша дыбыстық сұхбаттардың бейне көріністері,

-         бейне сұхбатқа тапсырмалар,

-         стандартқа сай тестер және т.б.

Осы кешеннің құрылымы бағдарламалап оқыту талаптарына біршама сай келеді және компьютерлік мүмкіншіліктерді толығымен пайдалануға тырысқан бағдарламалардың бірі болып табылады.

Осындай бағдарламалар тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналып, тілді жеделдетіп меңгеруге бағытталған. Дегенмен де бұл бағдарламалар бастауыш, қарапайым деңгейде білім алушыларға арналғандықтан, жоғары білім талаптарына сай келмейді.

Бірақ, http://www.techkz.kz/?page=full сайтында техникалық сала мамандарына арналған мемлекеттік тілді қашықтан үйрету курсы ұйымдастырылған.  Курстың мақсаты – мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде қатысымдық бағытта өндірістен қол үзбей үйренуге мүмкіндік беру болып табылады. Курс техникалық бағыттағы мамандарға мемлекеттік тілді үйретудің қашықтан оқытудың мультимедиалық кешені ретінде беріледі. Бұл жобаға тапсырма берген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, жобаның ғылыми жетекшілері: ақпараттық қатынас технологиялар орталығының директоры, доцент А.К. Мустафина және п.ғ.д, профессор К.Б.  Жақсылыкова. Жобаны Қ. Сәтпаев ат. ҚазҰТУ әзірлеген.

Мұнай-газ, геологиялық барлау, ақпараттық технологиялар салалары бойынша қызмет істейтін мамандарға арналған қашықтан оқыту курсы үш деңгей бойынша әзірленген. Олар: бастауыш, жалғастырушы және ісқағаздарын жүргізуге үйрету деңгейлері. Әр деңгей бойынша 15 сабақ әзірлемесі дайындалған. Сабақ құрылымы мәтіндерден, сұхбаттардан, жаттығулар мен суреттерден, сөздіктер мен глоссарийлерден және анимациялық материалдардан тұрады. Техникалық сөздікке енетін барлық техникалық терминдер және лексикалық минимум тыңдалымға арналып, дыбыстық өңделген.

Қашықтан оқыту курсы техникалық сала мамандарына мемлекеттік тіл бойынша тілдік және тілдесім дағдыларын қалыптастыруға, қатысымдық біліктілігін дамытуға, сондай-ақ оны іс-тәжірибеде еркін қолдануына мүмкіндік береді. Осы қашықтан оқыту курсы материалдарын кәсіби қазақ тілінің оқыту үдерісіне енгізіп, қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Осы ұсынылған қашықтан оқыту курстарының кемшін тұстарын да атап өтуді жөн көрдік:

1. Техникалық кемшіліктері: әлсіз дизайн, ыңғайлы бағыттауыштың болмауы, сервер жұмысының тұрақсыздығы мен сенімсіздігі;

2. Интерактивтіліктің болмауы және оны дамытудың әлсіздігі, ресурстардың өз материалдарымен ғана шектелуі,

3. Интернет-материалдарын пайдаланушылардың жұмыс ерекшеліктерін әлсіз есепке алу, басылған материалдарға бағыттауы;

4. Материалдарды Интернетте қолдануға дайындығының болмауы (басу нұсқасының немесе РDF-файлдарының болмауы) ;

5. Тапсырмалардың түрлерінің бір типтілігі (көбінесе жаттықтыру сипатында болуы) және бақылау түрінде жеңіл тест тапсырмаларының берілуі.

www.kaztest.kz сайтында ҚР азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін бағалауавтоматтандырылған ҚАЗТЕСТ жүйесі орналасқан. Тестілеу интерактивті режимде ұйымдастырылған. Оның негізгі бағыты – бағаланушының коммуникативтік біліктілігін тексеру. ҚАЗТЕСТ-тің мазмұндық құрылымына оқылым, жазылым, тыңдалымға арналған және лексика-грамматикалық тапсырмалар енеді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағаланушының негізгі тіл деңгейі анықталады.

ҚАЗТЕСТ жүйесін қалыптастыру мақсатында халықаралық тіл білу деңгейін бағалаудың TOEFL – (Test of English as a Foreign Language), IELTS – (International English Language Tests System) жүйелері зерттелді.

Біздің ойымызша, Интернетте қазақ тілін қашықтан оқыту курстары  мен тестілеу жүйелері көбейе бермек. Сондықтан осы бағыттағы бағдарламалар басылған оқулықтармен қамтамасыз етіліп, шығармашылық, проблемалық тапсырмалар енгізіліп, автоматтандырылған тестілеу жүйесін дамыту және басқа жақтарынан да алға жылжуы тиіс.

         Сонымен қатар техникалық білім саласындағы мәліметтер мөлшері, кез-келген басқа саладағы мағлұматтар секілді күннен күнге көбейіп жатыр. Бүгінгі таңда әлемдік ғаламтор желінің көмегімен мәліметтерді іздеу, өңдеу, сақтау және таратуды жүзеге асыруымыз ыңғайлы, сенімді және тез болып табылады. Жаңа ғасырдағы техникалық маманға өзінің кәсіби білігімен қатар жалпы әлемдік ақпараттық ағымда қажет мәліметтерді тауып, өңдей білу, олардың негізінде дұрыс шешім қабылдай білу қажет.  Сонымен қатар, «Интернеттегі материалдар, электронды оқулықтар студенттің шығармашылықпен жұмыс жасауына және оқытудың сарамандық ұстанымының жүзеге асуына мүмкіндік береді». Аталған мәселелерді басты назарға ала отырып, техникалық жоғары оқу орындарында қазақ тілі сабақтарында студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру мен арттыруда дүниежүзілік Интернет желінің мүмкіндіктерін пайдалану тіл үйретудің практикалық бағытын күшейте түседі. Дүниежүлік өрмек арқылы оқыту – бұл оқытудың жаңа виртуалды жолы деген тұжырымға келдік.

Ұсынылған электронды өнімдерді саралай келе, қазақ тілі бойынша мультимедиалық бағдарламаларда  жиі кездесетін тапсырмалар: диалогтар (кейбір жағдайларда дыбысталған, суреттелген), бейнеүзіктер, кірістірілген автоматтандырылған сөздік, грамматикалық түсіндірме, жаттығулары бар жаттықтырушы модульдар, сөйлесімді жазу мен қайта тыңдауға арналған модуль, мәтіндердің мәлімет қоры, әдістемелік нұсқаулар және т.б. Оқыту материалдарының көрсетілімі дыбысталған диалог түрінде (мультипликация, бейнежазба, статикалық суреттермен сүйемелденген) және оқылымға арналған дыбысталған мәтіндермен беріледі.

Жауаптары алдын-ала әзірленген әртүрлі жаттықтыру тапсырмалары (орнына қою, көп нұсқалар арасынан таңдау жасау, сәйкестікті табу, аударма) белсенді қолданылады. Қолданушының сөйлесімі жазылып, талданып, қайта тыңдалады. Бүкіл ақпараттық мағлұматтар, соның ішінде анықтамалық материал гипермәтіндік түрде ұйымдастырылған. Бұл бір ақпараттан басқа ақпарат түріне, бір бөлімнен екінші бөлімге жеңіл көшуге және іздестіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасайды.

Осындай артықшылықтарымен қоса, қазақ тілінен мультимедиалық өнімдердің кемшін тұстары да назарға ілікті:

- тапсырмалардың бір типте құрылуы (үйренушілердің

қызығушылықтарын кемітеді),

- сабақтың лексикасы мен грамматикасында байланыс жоқ,

- көптеген өнімдерде бейне үзіктер жоқ,

- білім алушының білім деңгейін бағалайтын диагностиканың болмауы,

- техника саласында қазақ тілін оқытуға бағытталған бағдарламалардың

аздығы.

http://kazcenter.kz адресі бойынша ғаламтордан орын алған мемлекеттік тілді оқыту орталығының сайты – бүгінгі заман талабына сай, қоғамдық қажеттіліктен туындап отырған дүние.

«О сайте» айдарында, «ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығы» айдарларынада сайт пен орталық туралы ақпараттар берілген.

«Обучение казахскому языку» айдарында оқытудың «виртуалды, жеке, топтық, жеделдете, корпоративтік» деген түрлері ұсынылған, олар жөнінде орыс тіліндегі жазбаша ақпараттар мен фотосуреттер берілген.

«Мультимедийный кабинет» бөлігінің ішіндегі қазақ тілін қашықтықтан оқыту жүйесінде 14 модульден тұратын 42 сабақ ұсынылған. Сабақтар қарапайым деңгейге арналған, лексика-грамматикалық минимум, жаттығулар мен коммуникативті қамтиды. Болашақта мемлекеттік тілді оқытудың барлық деңгейлері қамтылса, ұсынылған грамматикалық минимумдар деңгейлік, жүйелілік ұстанымдарына сай берілсе, дискурстық, аутентивті мәтіндер ұсынылса, сәйкесінше жаттығулар да түрлендіріліп берілсе, сабақтардың да, жалпы сайттың да сапасы арта түсер еді деген тілек бар.

Онлайн тестілеу қызметі – осы сайттың ең бір жүйелі жұмыс атқаратын, қажетті бөлігі болып табылады. Тест тапсырмалары берілген сабақтарға сәйкес, қарапайым деңгейге арналған, 14 модульдан тұрады. Оқыту және тексеру режимдері сайттың негізгі алдына қойып отырған мақсат-міндеттерін толық атқаруына мүмкіндік беретіні сөзсіз. Оқыту  режиміндегі дұрыс жауаптың көрініп тұруы, тексеру режиміндегі жинаған ұпай сандарының көрініп тұруы – барлығы дидактикалық талаптарға сай жасалған.

Сайтта берілген «Онлайн аудио-переводчик» қажеттілігі дау тудырмайтын, осы сайтта орналасуы аса бір орынды болып табылатын қызмет түрі болып саналады.  «Аударма қызметтері», «Әдістемелік бірлестік»,  «Сабақтар үлгісі» айдарларында жазбаша түрдегі ақпараттар орналасқан. Болашақта толықтырыла беретінін ескерсек, бұлардың барлығы да қажетті қызмет түрлері. «Қазақша ән айтамыз» бөлігі - тұтынушыларды аса қызықтыратын қызмет түрі.

Қорытындылай келгенде, қолданыстағы бағдарламалар мемлекеттік тілді меңгерушілердің сұранысын толық қанағаттандыра алмаса да, болашақта жасалынатын бағдарламаларға жол ашты. Жоғары оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқытуда осы дайын өнімдердің жетістіктерін есепке ала отырып, мультимедиалық бағдарламаларды әзірлеудің теориялық, әдістемелік мәселелерін терең саралау арқылы оны жетілдіре түсу біздің басты мақсатымыз деп ойлаймыз.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Шет тілдерді оқытуды деңгейлерге бөліп қарастыру дидактикада ертеден қалыптасқан ұғым. Әйгілі педагог Я.А.Коменский тілді толық меңгеріп шығуды төрт деңгейге бөліп қарастырған:

“1) балалық, былдырлаған тіл - қалай болса солай сөйлеп үйрену.

2) жас өспірімдік тіл - дұрыс сөйлеу.

3) жастық, өркендеу шағы -   әдемі сөйлеу.

4) ересек, өркендеу шағы - мәнерлеп, көркем сөйлеу”. “Деңгейлік оқыту дегеніміз – үйренушілердің тілді білу деңгейіне қарай топтастырылуы. ...Әрбір деңгейдің өз әдістемелік мақсаты, тілдік, әлеуметтік-лингвистикалық және дискурсивтік қызметі болады”, - деп атап көрсетті. «Деңгей шекарасын ажырату – субъективті процесс. Бір деңгейді бірнеше деңгейшелерге бөлуді әр оқу орны өзі шешеді. Бірақ олар негізгі деңгейдің көлемінде орындалады».

Тілді деңгейлер бойынша оқыту әлемдік тәжірибеде өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап оқу үдерісіне енгізіле бастады. Еуропа елдерінің арасындағы тығыз қарым-қатынас Еуропалық кеңес жанындағы мәдени ынтымақтастықтар жөніндегі кеңес шеңберінде шет тілдерді меңгерудің деңгейлерін жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыс 1996 жылы “Қазіргі тілдер: Үйрену, оқыту, бағалау. Жалпыеуропалық компетенция” атты құжаттың қабылдануымен қорытындыланды. ХХІ ғасырдың басында шет тілдерді оқытудың халықаралық стандартының қабылдануына байланысты тілдерді өзге тілді ұлт өкілдеріне оқытып-үйрету үдерісінде түбегейлі өзгерістер орын алып отыр. ЮНЕСКО шет тілдері жылы деп жариялаған 2001 жылдан бастап Европалық Ынтымақтастық елдері біріге отырып, шет тілдерді деңгейлерге сай оқытудың жаңа бағытын қалыптастырды, оларда шет тілдері негізгі алты деңгей бойынша оқытылады.

Соңғы жылдарда қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқытудың әр деңгейіне лайықталып, іріктелген тілдік материалдарды қамтыған, деңгейлерге сәйкес оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдар шығарудың тәжірибесі кеңінен тарап келеді. Ғалым Ә.Жүнісбек қазақ тілін игерудің төрт деңгейіне сәйкес өзінің авторлық технологиясын ұсынды:

“1) Ауызекі-тұрмыс тілі (отбасында, ауыл арасында күнделікті тұрмыс мұқтажын өтей алатындай сөйлей алады).

2) Ауызекі-кәсіби тіл (ересектер өздерінің кәсіби мамандығы төңірегінде еркін сөйлей алады).

3) Ауызекі іскери тіл (басқару-ұйымдастыру ісін қазақша жүргізе алады).

4) Ауызекі әдеби  тіл (көркем шығармаларды түсініп, әдеби сөйлей алады)”.

Педагогикалық үдерісте әрбір жаңашылдықтың алдымен бірнеше жылдық тәжірибесі болады, сол тәжірибенің көрсеткіштері нәтижесінде нағыз тиімді жолы айқындалады. Қазақ тілін оқыту үдерісіне деңгейлік оқыту тәжірибесі біртіндеп енгізіле бастағанымен, алғашқыда көптеген қиыншылықтар алдан шықты. Ол мәселелерді төмендегідей топтап көрсетуге болады:

-   тіл үйренуші топтарды деңгейлерге сай жіктеудің нақты критерийлері болмауы;

-     деңгей алды, деңгей аралық бақылау формаларының жетілдірілмеуі;

- ұсынылған оқу материалының деңгейлерге сәйкес іріктелмеуі нәтижесінде қайталау факторының орын алуы т.б.

Осының нәтижесінде деңгейлік оқытудың дидактикалық талаптары сақталмай, мазмұны мен формасы өзара сәйкес келмей бірнеше жылдар қатарынан шартты түрде, жалаң сөз түрінде айтылып келді. Сол кез жайында мемлекеттік тілді оқыту мәселесін ұйымдастыру ісінің басында жүрген мамандар: “Қазіргі кезде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту екі деңгей бойынша ғана жүргізіліп отыр. Бұл қазақ тілін үйренушілерді топтастыруда схематизмге алып келеді. Біздің ойымызша, кем дегенде бес деңгей болуы қажет. (Қарапайым деңгей, бастапқы іскери деңгей, аралық іскери деңгей, жоғары іскери деңгей, кәсіби деңгей). Осы деңгейлерге сай бағдарлама, оқулық, көмекші оқу құралдары мен сөздіктер жасалу тиіс”, - деп жазды. Ғалым А.Алдашева: “Үйренушілерді деңгейге бөлудің технологиясы, деңгейлік оқытудың әр сатысында лексикалық тақырыптар мен грамматикалық, коммуникативтік минимумның шоғырлануы, деңгей бойынша тілді үйретудің әдіс-тәсілдері қандайлық болмақ – бұл да әр әдіскер-оқытушының өз тәжірибесінің шеңберінен шыға алмай отыр”, - деп, бұл мәселенің әлі шешілмей жатқан жақтары өте көп екендігін атап көрсетті.

Қазақ тілін оқытуға арналған деңгейлер оқытудың қатысымдық құзыретін анықтайды. Деңгейлік оқытудың басты сипаттамасы – тіл үйретудің әрбір деңгейіне сай тілдік қарым-қатынастың үздіксіз жетіліп, дамып, нығайып отыруы. Сондықтан деңгейлік оқыту сөйлесім әрекетінің барлық түрін қатар қалыптастыру арқылы тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігіне қол жеткізуді көздейді. Тілді деңгейлік оқыту жүйесінің талаптарын, қатысымдық құзыреттіліктің дамуының күрделілігін есепке ала отырып, қазақ тілін оқытудың төмендегідей үш құрылымдық кезеңін ұсынамыз:

І.  Дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру кезеңі.

ІІ. Сөйлесім әрекетін дамыту кезеңі.

ІІІ. Тілдік қатынасты жетілдіру кезеңі. Оқытудың бұл үш кезеңі тіл үйретудің біз қарастырып отырған үш деңгейіне сәйкес келеді (1-сурет).

Қазақ тілін оқытуда оқу материалы мен оқу үдерісін ұйымдастыру қазақша тілдік қатынасты ауызша және жазбаша меңгерудің үш кезеңіне сәйкес шоғырландырылады. Соған сәйкес  оқытудың әрбір кезеңі оқытудың мақсаты мен көлеміне сәйкес арнайы оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Деңгейлік оқыту үдерісінде лексика-грамматикалық материалдың әр түрлі қабаты өз қозғалысының түрлі кезеңдерінен өтеді. Бұл үдерістердің динамикасы мен әсерлілігі сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін белсенді түрде қалыптастыруға тікелей тәуелді.

Қазақ тілінің сөйлесім әрекетін меңгеруді осы тұрғыдан қарастыру тұлғаның сөйлеу қабілетін қалыптастыру мәселесімен байланысты. Сөйлеу қабілеті дегенді барлық деңгейде сөйлеуді тудыруға қабілеттілік, тілді өз қызметінде пайдалануға дайындық ретінде түсінуге болады. Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін меңгеру моделін сипаттай отырып,  оқыту үдерісін үш кезеңге бөлу шартты түрде болады, өйткені кезеңнен-кезеңге ауысу түзу бойымен емес, спираль тәрізді жүзеге асады. Егер бірінші кезең уақытпен шектеулі болса, келесі кезеңдер материалдың деңгейлік өңделуінен тұрады, яғни сөйлесім әрекетінің жіктелуін, тілдік құбылыс жүйесінің санадан өтуін, қорытындылануын, содан кейін бұл қызметтің сөйлесім әрекетінің құрамына кіруін қамтамасыз етеді. Білім беру, дағды мен біліктілікті қалыптастыру дәстүрлі әдістің негізі болса,  оқытуда керісінше, алдымен дағды мен біліктілікті жетілдіру, соңынан білімін жинақтау жүзеге асады.

Қарым-қатынастың түрлі жақтарының байланысы, олардың динамикасы қарым-қатынастың деңгейлік жүйесінде неғұрлым айқын байқалады. Бірінші деңгейде коммуникация  өз тарапынан ақпарат беру мен қабылдауды, қатынасқа түскен индивидтердің бастапқы ақпараттылығында болатын айырмашылықтарды түзететін оның кодталуы мен декодталуын  білдіреді. Алайда, осы деңгейдің өзінде тілдік қатынас тек ақпарат алу мен беруге ғана теңеспейді, жасырын түрде ол қатысушылардың өзара қатынастарын да қамтиды. Сөйлеушінің бастапқы ниеті, оның тәжірибесі, білімдері және т.б. осы деңгейде бірлескен іс-әрекетпен тікелей байланысы болмайды. Тілдік қатынас екінші деңгейде нақ өзара сипатқа ие болады, мұнда ол қатысушылардың өзара мағыналарды беруі мен қабылдауын көрсетеді. Осы деңгейде тілдік қатынас олардың ортақ міндеттерді орындаудағы бірлескен іс-әрекеттерімен тікелей байланысты. Соңғысы бұл жағдайда ақпараттау, сұрастыру, оқыту, нұсқау беру, бұйыру және т.б. сипатқа ие бола отырып, бірлескен жұмыстың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Үшінші деңгейде  алдыңғы шепке тілдік қатынас үшін неғұрлым мәнді нәрсе шығады, соның ішінде: бір бірінің ұстанымдары мен көзқарастарын түсінуге ұмтылу, басқалардың пікіріне құлақ асу, тіпті олармен келіспесе де және т.б. осы жағдайда тілдік қатынас  жекеленген қатысушылардың қосқан үлестерін, жеткен табыстарын жалпы бағалаудың қалыптасуына бағытталады. Жалпы бағалауға ұмтылу кедергілерге ұрынуы мүмкін, бұл кедергілер тілдік қатынасқа түсуші жекелеген қатысушылардың негізгі мақсаттарының әр түрлілігінде болады. Тілдік қатынастың осы үшінші деңгейі өзара қатынастардың ұжымдық сипатымен байланысты.

І. Дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру кезеңі

Бірінші дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру кезеңі деңгейлік оқытудың қарапайым деңгейіне сәйкес келе отырып, тілдік материалдың біртіндеп жинақталу жағдайында өтеді. Бұл кезеңде тіл үйренушілер лексика-грамматикалық материалдармен танысып, бастапқы тілдік және қатысымдық жаттығуларды орындайды. Олар әдетте қайталап айту, көшіру, имитация түріндегі жаттығулар болып келеді. Оқытудағы негiзгi мақсат тiлдiк материалдарды тіл үйренушілерге жай таныстырып қана қою емес, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдардың қолданылу заңдылықтары мен амалдарын үйрету, оларды сөйлеу кезеңінде дұрыс жұмсауға дағдыландыру. Қарапайым деңгейде тіл үйренушілердің дұрыс айту, фонетикалық, лексикалық және грамматикалық дағдыларын қалыптастыру қажет. Тіл үйренудің бастауыш сатысында тілдік тапсырмаларды жиі орындау арқылы жаңа тілді меңгерудің алғашқы дағдылары игеріледі.

Тіл үйренушілердің қатысымдық деңгейде білім алуы дегеніміз – сөйлесім әрекетінде анализ бен синтезді, дедукция мен индукцияны, модельдеуді, қатысымдық актілердің орындалу жолдарын еркін меңгеруі, соған мүмкіндік беретін дағдылардың қалыптастырылуы. Дағды - белгілі бір әрекеттің адам бойында орнығуы десек, екінші тілді үйретуде оқытушы тіл үйренушінің берілген тілдік үлгілерді бірнеше рет ой елегінен өткізіп, саналы түрде дағдыға айналдыруына ықпал жасауы қажет. Оқытудың бірінші кезеңі тіл үйренушілердің бойында сөйлесім әрекетінің түрлерін тәжірибелік тұрғыдан қамтамасыз етуді, қажетті қатысымдық ядроны қалыптастыруды көздейді. Оқыту курсының алғашқы 7-10 сабағында шоғырландырылып ұсынылған оқу материалының үлкен көлемі тіл үйренушілердің жинақтаған сөйлеу тәжірибесін ары қарай санадан өткізіп, меңгеруі үшін тілдік құбылыстарды жүйелеп, келесі кезеңге өту үшін қажет. Бұл кезеңде меңгерілген материалдардың үлкен көлемі тіл үйренушілердің бұдан кейінгі өз бетімен жүзеге асырылатын сөйлесім әрекетіне базалық негіз болады және оның салыстырмалы түрде жеңіл өтуіне ықпал жасайды. Осы бірінші кезеңге тән мол тыңдалым әрекеті тіл үйренушілердің фонемалық есту дағдысын дамытады, түрлі қолданыстағы құрылымдар ішінен тілдік формаларды ажыратып, тануына мүмкіндік береді. Сол арқылы оқытудың алғашқы сабақтарынан бастап оқу нәтижесінің алыс емес екендігіне көздерін жеткізе отырып, тіл үйренушілердің оқу уәждемелерін жоғары көтеруге мүмкіндік береді.

ІІ. Сөйлесім әрекетін дамыту кезеңі

Ал  оқытудың екінші сөйлесім әрекетін дамыту кезеңі жаңа тілдік қатынас саласына тікелей ену арқылы жүзеге асады. Тілдік нұсқаның біркелкі жағдаяттарда бірнеше рет қайталап қолданылуы арқылы тіл үйренушіде дайындықсыз қолданыс дағдысы дами бастайды. Жаңа оқу материалы алғашқы кезеңге қарағанда біршама аз мөлшерде ұсынылады. Алайда, дәстүрлік оқытумен салыстырғанда, бұл кезеңде де берілетін ақпарат көлемі қалыпты мөлшерден әлдеқайда көп болады. Оқу материалы  оқытудың әр сабағында жағдаяттық-тақырыптық ұстанымға сәйкес көп-көптен шоғырландырылған түрде ұсынылады. Бұл жағдайда тілдік міндеттердің орнына сөйлеу міндеттері қойылады. Қазақ тілін оқыту моделін жетілдіруде негізгі міндет – сөйлеудің функционалдық жүйесін қалыптастыру. Сол кезде тілді меңгеру ең алдымен оны қолданудан басталады. Бұл кезеңде тілдік материалдарды қолдану үдерісі тілдің қалыптасқан қолданбалы жүйесіне сүйене алмайды, ол жүйенің қалыптасуы тілді меңгерудің жоғарғы, екінші деңгейіне ауысу кезінде басталады, онда қолданбалы жүйелердің әсерінен тілдік тәсілдер қозғалысқа келе бастайды.

Шындығына келгенде, сөйлеу механизмін ең әуелде іске қосып жіберу, сөйлесім әрекетін бастап кету аса маңызды, сол кезде сөйлеу қабілеті қозғалысқа түсіп, оның іске асуына мүмкіншілік туады. Кез келген оқыту курсында сөйлеу механизмін іске қосу өте жауапты, маңызды іс, алайда әртүрлі жағдайда бұл үшін әр түрлі уақыт аралығы талап етіледі және тіл үйренушілердің контингентіне, сабақтардың саны мен жиілігіне байланысты жүзеге асады. Оқытудың екінші сатысында біршама қатысымдық деңгейге жету нәтижесі тіл үйренушілердің қызығушылығы пайда болып, қарым-қатынаста өзінің ойын бағыттап айта білуіне, қатысымдық ынтасы мен реакциясының арта түсуіне әсер етеді. Минимальды қатысымдық деңгейге жеткізуге әсер ететін факторлар: сөйлеу тұтастығын қалыптастыру, сөйлесім әрекетінің дәлелді эмоционалды-экспрессивті бояуын жандандыру. Бұл факторлар  оқытудың бастапқы сатысының аяғына қарай қамтамасыз етіліп, бекітіліп қоюы тиіс.

«Сөйлеуді меңгерту дегеніміз – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау; сол ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игерту». Оқытудың екінші кезеңі сөйлесім әрекетін дамыту кезеңі деп аталып, тіл үйретудің базалық деңгейіне сай келеді. Бұл аралық кезең айтылымдардың репродукциялық сипатынан белсенді өнімділігіне және жағдаяттың көп нұсқалығына өту үшін қажет. Сабақ барысындағы тіл үйренушілердің кез келген практикалық әрекеттері оқытуда тиімділікке қол жеткізе бермейді. Ол әрекеттер логикалық байланыстан айырылған, көбінесе мағынасын түсінбей,  мұғалімнің сөздерін құр қайталау түріндегі  әрекет болып келеді. Біздің дәстүрлі тіл үйрету әдістемемізде жиі қолданылатын жаттығуда берілген сөйлемдерді оқыту, мұғалімнің соңынан сөздер немесе сөйлемдерді қайталап айтқызу, жаттығу мәтіні бойынша берілген сұрақтарға мәтіннің ішінен жауаптар тапқызу, берілген үлгі бойынша ауызша сөйлемдер құрату тәрізді тапсырмалардың барлығы тіл үйренушінің тек қана айтылым әрекетін орындауына себепші болады. Ал сөйлеу жаттығулары нағыз сөйлесім әрекетіне жетелейтін тапсырмаларға құрылуы қажет. Сөйлеу тапсырмаларын орындауда сөйлеу уәждемелік-ойлау деңгейінде іске асса, айтылым әрекеті механикалық тұрғыда ғана жүзеге асады. Айтылым әрекетін қалыптастыру арқылы белгілі бір сөздік қор қалыптасады, тіл үйренуші жекелеген сөздерді, кейде бірнеше толық сөйлемдерді түсінетін жағдайға жете алады. Алайда, базалық деңгейден бастап қатысымдық бағыттағы сөйлеу тапсырмалары қосымша беріле бастамаса, тіл үйретуде нақты нәтиже болмайды. Сондықтан тіл үйренушінің алдында міндетті түрде уәждемелі сөйлеудің қажеттілігін туғызу керек.

ІІІ. Тілдік қатынасты жетілдіру кезеңі

Екінші аралық деңгейден өтіп, үшінші тілдік қатынасты жетілдіру кезеңіне жеткен кезде, тіл үйренушілер табиғи сөйлеу қатынасына көшеді. Бұл кезеңде жаңа грамматикалық материал берілмейді, оның орнына өте көп мөлшерде лексикалық ақпарат ұсынылады. Оқу материалын ұсынудағы шоғырланым оқу үдерісін  жүргізуге мүмкіндік береді. Оқытуда танымдық материалдың әрбір бөлігі қол жеткізілген және болашақта меңгерілетін білім, білік, құзыреттілік деңгейіне, іс-әрекет тәсіліне байланысты ұсынылады. Оқыту мәтіндерінде ұсынылған жағдаяттар басқа көптеген осыған ұқсас, әрбір грамматикалық бірлікті дағдыландыруға бағытталған қатысымдық жаттығулар түріндегі жағдаяттарды ұйымдастыруға негіз болады. Интерактивті оқыту технологиясы арқылы орындалатын көпнұсқалы қатысымдық жаттығулар сабақ үстінде тығыз қарым-қатынас жүргізуге мүмкіндік бере отырып, оқу тобының барлық мүшелерінің үздіксіз қатысымдық белсенділігін қамтамасыз етеді. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерінің автоматты түрде жүзеге асуы нығаяды, ол тіл үйренушінің өмірлік жетістігіне айнала отырып, шексіз дамытыла береді.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Қазақ тілін жеделдете оқытуда қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ тілін жеделдете үйретудің мақсаты – тіл үйренушінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жоғары көтеріп, оның қолданылу аясы мен қарым-қатынас деңгейін арттыру. Қазақ тілін жеделдете үйретудің қатысымдық бағдары тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға қабілетті, түрлі жағдаяттарда тілдік қатынасқа түсуге әлеуетті, үнемі ізденіс үстінде жүретін, өзін-өзі жан-жақты жетілдіретін, білімді, білікті, құзыретті тұлға қалыптастыруды көздейді. Қатысымдық бағытта оқыту ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алу үшін қажетті қатысымдық дағдыны жетілдіруді көздей отырып, оқу жұмысының алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізеді. Қазақ тілін қатысымдық бағытта оқыту әртүрлі сөйлеу жағдаяттарында қарым-қатынасқа түсуді, яғни қатысымдық құзыреттілікке ие болуды мақсат етеді. Осы мақсатқа сәйкес сөйлесім әрекетінің барлық түрі өзара байланыста қарастырыла келіп, үйренушінің тілді сапалы меңгеруіне бағытталады.

 

1 – кесте - Жеделдете оқыту технологиясының сипаты мен жүзеге асыру тәсілдері

 

Жеделдете оқыту технологиясының сипаты

Жүзеге асыру тәсілдері

Сабақ өткізуге қолайлы, сабақтың түрі мен тақырыбына сәйкес келетін орын сайлап алынады

аудитория ішінде немесе кез келген басқа жерде тіл үйренушілер мен мұғалімнің  қарым-қатынасы ешқандай кедергісіз, толық жүзеге асатындай, бір-бірлерінің жүздеріне қарап, еркін сұхбаттасатындай жағдайда орналастыру

Оқытушы тіл үйренушілер-де психологиялық кедергі қалыптаспауын қадағалайды

тіл үйренушілердің бір-бірімен еркін пікір алмасуына жағдай (аудитория ішіндегі еркіндік)  жасау; тіл өте күрделі, оны үйренбей қаламын деген қорқыныш, үрейдің тууына жол бермеу

Антисуггестивтік кедергі тудырмау үшін авторитет арқылы психологиялық тұрғыдан әсер етіледі.

сабақ материалын жеткізуші адамның, яғни, оқытушы авторитетінің басты әсер етуі;

ұсынылатын тілдік материалдың авторитетін көтеру

Инфантилизация (балалық-қа қайта оралту) арқылы табиғи жолмен есте сақтату жүзеге асырылады

рөлдік ойындар ойнату;

әндер айтқызу;

тілдік материалдарды беруде интонация мен ырғақтың рөлін көтеру

 

«Бұл жүйе ұйымдастырылуы жағынан толығымен сүңгу әдісіне ұқсайды, алайда оқытушының орнын алмастыра алатын техникалық құралдарды енгізу мүмкіндігі оның қолданылу аясын кеңейте түседі» [67, 37 б.]. В.В.Петрусинскийдің әдісі суггестопедиялық негіздерге сүйене отырып ұйымдастырылған жеделдете оқыту жүйесі оқу үдерісіне жекелеген автоматтандырылған кезеңдерді енгізуімен ерекшеленді. Бұл аудио-визуалдық әдістің заңды жалғасы бола отырып, тіл үйрету әдістемесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің болашағына жол ашты.

Тіл үйренушілердің сабақтағы белсенділігін арттырып, соның нәтижесінде қатысымға қол жеткізудің бірден-бір жолы - сабақ үстінде тұлғалық қарым-қатынас белсенділігін тудыру екендігі анық. Ғалымдардың пайымдауынша, мақсатты әрекетке құрылған оқу ғана тұлға белсенділігінің жан-жақты дамуына толық мүмкіндік береді, сондықтан да ең алдымен әрекетті ұйымдастырудың негіздерін жаңаша қарау қажеттігі туындайды. Аталған әдістердің барлығының қысқаша мәні тұлға мен ұжымның қатысымдық белсенділігін арттыруға бағытталады. Тіл үйрету әдістемесіндегі әдістер өзіне дейін әдістеме тарихында болған әдістерді саралап, солардың тиімді жақтарын қабылдап, одан әрі дамытып отырады. Жеделдете оқыту әдісі де дидактиканың жаңашылдық ұстанымына сәйкес

әлемдік әдістеме іліміндегі ғылыми-әдіснамалық, практикалық жаңалықтарға әрдайым назар салып, дер кезінде оқу үдерісіне қосып отырады. Жеделдете оқыту технологиясының ғылыми негіздері болған әдістер жүйесін саралау мақсатында 1- сурет ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

натуралдық


 


Суггестопедиялық  әдіс


саналы-практикалық


аудио-лингвалдық


тұлға мен ұжымның мүмкіндіктерін жетілдіру


толығымен сүңгу


циклдік


цикларалық жүйе


суггестокибернетикалық


интегралдық


эмоционалдық-мәндік


ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒДАРЛЫ ӘДІСТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет – Жеделдете оқыту технологиясының ғылыми негіздері болған әдістер жүйесі

 

2-кесте - Жеделдете оқыту технологиясының тиімді тәсілдері

 

Жеделдете оқыту технологиясының негізін құрайтын әдістер

Қазақ тілін жеделдете оқыту технологиясында қолдануға болатын тиімді тәсілдері

Натуралдық әдіс

ережелерді жаттатпай оқыту; үлгі көрсету және тәжірибе жасау арқылы үйрету; дайын сөйлем үлгілеріне еліктеу арқылы сөйлеуге үйрету.

Аудио визуалдық әдіс

лексиканы беруде грамматикалық модельдер мен көрнекіліктерді қолдану; оқу үдерісіне аудиовизуалды техниканы қосу

Аудио лингвалдық әдіс

ауызша сөйлеуді меңгерту; практикалық дағдыларды қалыптастыру; модельдер бойынша жұмыс істеу.

Саналы практикалық әдіс

жағдаяттарға сәйкес сөйлеуді үйрету;

тілді «әрекет» негізінде оқыту

Суггестопедиялық әдіс

тұлғаның психикалық резервтерін ашу; релаксациялық күй тудыру; антисуггестивтік кедергі болдырмау; инфантилизация арқылы табиғи жолмен есте сақтату; рөлдік ойындар ойнату; әндер айтқызу

Эмоциялық мәндік әдіс

рөлдік ойындар ұйымдастыру; жаңа тілдік құбылыстардың мәнін түсіндіру; өз ана тілімен салыстыру, салғастыру әрекеттерін қадағалап, бағыт беру; жағымды эмоциялық көңіл-күйді арттыру;

тіл үйренушінің саналы әрекет етуіне жағдай жасау

Циклдік, цикларалық жүйе, интегралдық әдістер

рөлдер бойынша ойындар ұйымдастыру;

жайлы әлеуметтік - психологиялық эмоциялық «микроклимат» тудыру; тұлға аралық қарым-қатынастарды ескеру; оқу тобының өз ішінде жеке микротоптардың қалыптасуын ескеру

Толығымен сүңгу әдісі

неғұрлым аз уақыт аралығында тілдік қатынасқа түсе алу мүмкіндігіне жеткізу

Суггестокибернетика-лық әдіс

техникалық құралдарды қолдану арқылы ұсынылған ауқымды ақпараттар көлемін тұтастай сақтау үшін жағдай мен түйсікті суггестивтік басқару; ұжымның сөйлесім әрекетін белсендіру

Тұлға мен ұжымның мүмкіндіктерін жетілдіру әдісі

тұлғалық қарым-қатынас; рөлдік ойындар; ұжымдық өзара әрекет; жаттығулардың полифункционалдығы; оқу материалын шоғырландырып ұсыну

 

Қазақ тілін оқыту әдістемесінде жеделдете оқыту мәселесін алғаш көтергендердің бірі ғалым Ф.Оразбаева қазақ тілін жеделдете оқытудың мазмұнын ашатын белгілері ретінде: «Жеделдете оқытуда ерекше орын алатын - оның мерзімі, қысқартылған уақыт мөлшері; мөлшерлі уақытта сөйлеу үдерісіне қажеті оқытылатын тілдік материалдардың көлемінің молдығы; оқытушы мен оқушының бір-біріне деген еркінділігін қамтамасыз ететін психологиялық «микроклиматтың» болуы; адамдардың сабақтағы белсенділігі, тілді үйрету үшін үйренушінің бойындағы барлық қабілеттің шексіз жұмсалуы;  әр түрлі әдістемелік тәсілдердің ұтымды пайдаланылуы”, - деп, жеделдете оқытудың басты ерекшеліктерін нақты атап береді.

Ғалым Қ.Қадашева: “Оқу процесін жеделдету дегеніміз – осы оқу пәніне берілген сағат санын көбейтпестен оның әсерлілігі мен өндірімділігін арттыруға қол жеткізу. Бұл тереңдетілген жеделдету мәні жағынан рационалды оқыту әдісімен тең болып келеді”, - дей келіп, - “Қазақстанда қазір интенсивті оқыту мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, арналған формада, кейбір оқытушылардың өз инициативасымен, өз әдістемесімен жүргізіліп жүр. Қазақстанның білім беру жүйесінде интенсивті оқыту білім беру жүйесіне міндетті түрде енетін мемлекеттік стандартқа енгізілмеген. Шын мәнінде егер дұрыс әдісі анықталып, оқулықтар мен аудиовизуалды құралдармен жабдықталған болса, интенсивті оқыту тілді үйретуде жақсы нәтиже беретін әдістің бірі”, - деп, бұл әдістің болашағы үлкен екендігін көрегендікпен болжайды. Тілді жеделдете оқыту ұғымы қазақ тілін оқыту әдістемесіне осыдан бірнеше жылдар бұрын термин ретінде енсе де, оның ғылыми-теориялық, әдістемелік негізі қаланбады, сол себепті басты ерекшеліктері, нақты әдіс-тәсілдері, технологиясы айқындалмады. «Интенсивті оқытудың негізгі принципі  активизация  активтендіру ұмыт қалды». Қазақ тілін шет тіл ретінде оқытудың әдістемесі енді қалыптасып келе жатқан өтпелі кезеңде қазақ тілінің жеделдете оқыту курстарын жүргізу міндеттелген жекелеген оқытушылар мен әдіскерлер ана тілі үшін жанкешті ұлтжандылықпен жұмыс істеп, көкейкөзімен сезініп, әркім өз әдістемелік жүйесін құрып, жеделдете оқыту әдістемесінің тірек тұғырнамасының болмауы нәтижесінде басы ашылмай жатқан бұл істің мәнін түсінбестен, барлық ауыртпалығын бастан кешіруге мәжбүр болды.

«Жеделдету» сөзінің тіл үйрету термині ретіндегі мағынасына тіліміздегі “жедел - тез, жылдам, асығыс, тығыз” ұғымдарынан гөрі орыс тілінде қолданылып жүген «интенсивный» сөзінің латын тіліндегі түпнұсқасының мәні көбірек сәйкес келеді. Латын тілінде «intensio» - қысым (напряжение) сөзінен алынған, ширату, қатайту, қарқындату, бар күшті салу деген мағынаны береді. Осындай мағыналық жіктелуіне сәйкес жеделдету ұғымы екі түрлі мәнде қолданылады:

1. Әрекетті аз уақыттың ішінде, жылдам, тығыз орындау күйі (қалпы).

2. Әрекетті қарқынды күшпен, жоғары қабілетпен орындау күйі.

Жеделдету әрекетінің басты ерекшелігі – тек қана аз уақыт мөлшері деген қате түсінік жеделдете оқытуды ересектерді оқыту тәжірибесінде өзіндік орны бар қысқа мерзімді курстармен байланыста қарауға әкеліп соқтырды. Оның жеделдете оқытуда ұсынылатын мол ақпарат көлемін жоғары қабілетпен меңгеру сипаты назардан тыс қалып қойды. Жалпы, жеделдете оқытуды қысқа мерзімді оқытумен шатастырмаған жөн. Жеделдете оқытуды айқындайтын тек қана аз уақыт мөлшері емес, сонымен қатар басқа да көптеген маңызды белгілері бар екені назарға ілінбей келді.

Бұл жөнінде ғалымдар: «Интенсив терминінің өзі қате түсініле бастады. Әдісті қате түсіну оқытушы үшін «жеңілдетілген, қысқартылған, толық емес бір дүние», ал тіл үйренуші үшін «еш қиналусыз өсірілген, жылдам піскен жеміс» ұғымын берді. Интенсив сөзінің латынша мағынасына сәйкес белгілі бір уақыт көлеміндегі еңбек энергиясының көлемі ғана емес, уақыт тығыздығы да ескеріледі. Шындығында жеделдете оқыту қатал уақыт шегіндегі динамикалы, тығыз, мол тілдік материал арқылы жүргізіледі», - деп жазды. Жеделдете оқытудың мәні аз уақыт аралығында, шоғырландырылып ұсынылған мол тілдік материалды барлық психикалық резервтерді іске қоса отырып, толық меңгеру және оларды белсенді сөйлесім әрекетінде қолдану мүмкіндігіне ие болу үшін оқу үдерісіне қарқынды, пәрменді тәсілдерді енгізу ұғымдары арқылы ашыла түседі.

Адамзат баласы шет тілдерді үйренуге бүкіл өмірін арнайтыны белгілі. Тілді меңгеру, оны сөйлесім әрекетінде қолдану - әрбір адамның күрделі жан қуатын талап ететін, жеке дара өзі ғана атқаратын әрекет. Сондықтан қазақ тілін нақты бір қысқа мерзім ішінде толық үйретіп жіберу мүмкіндігі адамдардың жеке бас ерекшеліктеріне, тағы басқа объективті, субъективті факторларға байланысты шектеулі болады. Қазақ тілін жеделдете оқытудың уақыт мөлшері жайлы айтқан кезде, біз ғылыми-теориялық зерттеулер мен нақты іс-тәжірибелерге сүйене отырып, ең оңтайлы деген орташа көлемін айқындаймыз.

Сонымен, қазақ тілін жеделдете оқыту технологиясы дегеніміз – деңгейлік оқыту жүйесінде, мол ақпараттық білімдік ортада тіл үйренушінің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы оқу-танымдық уәждемелерін арттыра отырып, тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған, жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті оқыту технологияларына негізделген қатысымдық бағдарлы оқыту.

Оқу үдерісінің жылдам, қарқынды жүзеге асуының маңыздылығын кезінде Ян Амос Коменский былай деп атап көрсеткен: «Нужно приложить усилие к тому, чтобы все, чему обучают и чему ученики учатся, протекало быстро, что касается обучения и усвоения, быстро, так как вначале, как правило, сильнее всего проявляется усердие. Нужно, чтобы еще раньше, чем минует воодушевление, мысль осознала, что она достигла своей цели и что пользуется своими выгодами, чтобы не поддавалась скуке, не достигнув цели, и не продолжала двигаться со скукой, поскольку бы видела, что к цели она движется вяло». «Затем: человеческая природа не выносит бесконечности; ее радует, если она может обозревать границы вещей. Поэтому все долгое, запутанное, неясное нас или отпугивает, или хотя бы отбивает у нас охоту; наоборот, все краткое, упорядоченное, ясное нас радует. Поэтому дух человека, движущегося к какому-либо отдаленному месту, наполняется радостью, если его желанная цель становится видимой».

Ғылыми қызметкерлерге шет тілді жеделдете оқыту мерзімі жайлы Л.М.Войтюк былай дейді: «...важной особенностью интенсивного обучения является ориентация на достижение максимального эффекта за минимальный срок. Следует, однако, заметить, что в среднем общее количество часов не очень заметно отличается от того, которое отводится на усвоение аналогичного объема учебного материала при традиционных формах обучения». Қысқа мерзімді курстарда тіл оқыту мәселесін арнайы зерттеген А.Н.Щукин ондай курстарда орыс тілін шет тілі ретінде жеделдете үйретуге 2-3 аптадан 10 айға дейінгі мерзім аралығында уақыт жұмсалатынын айтады. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі ғалым Ә.Жүнісбек қазақ тілінің 365 сабағын “...бір жылға арналған, созуға да, қысқартуға да болады. ...Қызығушылық білдірген ұжымдарда 2-2,5 айда, сүңги оқу әдісімен 7-10 күнде үйреніп шығуға болады”, - деген пікір білдіреді. Адам мүмкіндіктерінің шексіздігін, қазіргі жеделдету әдістерінің әсерлілігін ескере келе, ғалымның пікіріне қосылмауға болмайды. Тілді меңгеру әрбір адамның жағдайында ерекше, қайталанбайтын, жеке дара құбылыс болғандықтан, әрқилы уақыт аралығында өтуі мүмкін екендігіне өмірдегі көптеген мысалдар дәлел бола алады.

 

В.МОНАХОВТЫҢ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Ғылыми тұрғыдан негізделген В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы мұғалім қызметін екі кезеңге бөледі: 1.Оқу процесін жобалау кезеңі; 2.Осы жобаны іске асыру кезеңі.

Бірінші кезеңде мұғалім оқу материалын шағын мақсаттар жүйесі ретінде көрсетеді. Бұл шағын мақсаттарға жету-жетпеуін жазбаша жұмыстар арқылы тексереді, яғни болжам жоспарланады. Болжамнан оқушылар жақсы өтуі үшін, мұғалім оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге алдын-ала тапсырыстар береді. Екінші, яғни жобаны іске асыру кезеңінде мұғалім оқу процесінің нақтылы жағдайларын ескере отырып, жобаны жүзеге асырады. Оқу процесін жобалаудағы негізгі объекті – оқу тақырыбы. Бұл оқу тақырыбының көлемі, тақырыптың күрделілігіне байланысты 6-7 сабақтан, 22-24 сабаққа дейін болуы мүмкін. Технологияда оқу процесін жобалаудың толық және бөлшектелген көрінісін технологиялық картадан көруге болады.

В.М.МОНАХОВТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ 5 бөліктен тұрады: мақсат қою, болжам, үй жұмысын мөлшерлеу, логикалық құрылым, түзету.

1.Мақсат қою. Берілген тақырыпқа қойылатын білім стандарттарының талабын жүзеге асырып жүрген бағдарлама мазмұнын талдай отырып, шағын мақсаттар қарастырылады. Тақырыптар көлеміне және оның күрделілігіне байланысты шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке бейін болуы мүмкін. Арнайы технологиялық ұйғарым бойынша әр шағын мақсатқа сәйкес өзіндік жұмыс құрастырылады.

2.Болжам. Бұл өзіндік жұмыстардың, яғни болжамның, ерекшелігі мынада: тексерудің және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың қарапайымдылығы. Болжам екі түрлі тапсырмадан тұрады: білім беру стандарты деңгейіндегі тапсырма және тереңдетілген тапсырма. Болжамның 1-ші және 2-ші тапсырмалары стандарт деңгейімен сәйкес қарастырылады, ал 3-ші тапсырмада «жақсы» деген бағаға сәйкес, 4-ші тапсырмада «өте жақсы» деген бағаға сәйкес тапсырмалар беріледі.

3.Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім сәйкес түзету жүргізу керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.

1-ші деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.

2-ші деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.

3-ші деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сәйкес болуы керек.

4.Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, болжамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжырымдарына сүйене отырып, оқу процесін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.

5.Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:

1)Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.

2)Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.

3)Оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық әдістер жүйесі.

Технологиялық карта нәтижесі әр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.

Оқу үрдісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтері:

1.Технологиялық негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.

Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу үрдісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.

Ілгеріде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек дегенбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғашқыларының мәні жойыла бастайды.

Мақсат қою технологиясы және педагогтың әдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы әрбір сабақтың мәнділігін арттырады, сабақтың нәтижелігіне және мазмұндылығына мұғалімнің сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы сабақтың берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.

2.Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.

Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:

1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандарты (программа) деңгейіндегі тапсырма, көтеріңкі деңгейдегі тапсырма.

2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі көтеріңкі деңгейде.

3-аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:

1)білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;

2)білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;

3) «Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;

4) «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.

4-аксиома. Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті әрі қарапайым болу керек.

5-аксиома. Білім беру Заңына (әрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан әрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па әлде әрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тәртіп бойынша және екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.

6-аксиома. «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжанатын мақсаттың мазмұнына байланысты.

7-аксиома. «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.

Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғанда, болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді. Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік. 3-аксиомада болжамдағы тапсырмалар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі «мемлекеттік талаптарына» сай келеді және ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.

Келесі кезекте «бестік» деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. «Бестік» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3тапсырманың («төрттік» баға деңгейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады. В.М.Монахов эксперименттік зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай мынадай мөлшерін ұсынады: егер гимназия немесе лицей болса, онда «төрттік» бағаның деңгейі «бестік» бағаның деңгейіне, ал жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі стандарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.

3.Оқушылардың сабақтан тыс бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты – оқушылардың болжау тапсырмаларына дайындығы.

Адамгершілік мақсаты – оқушыға бірінші рет «білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.

Негізгі мақсат – артық тапсырмадан арылу.

Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, әрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы – сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үрдісі кезінде де әдеттегі үйге берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсысының деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланыста, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықтырып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.

Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Әдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үрдісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кәсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі және көмекші құралдарын қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін және жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушылардың жекеше ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.

Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады. Бірінші – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар. Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер. Үшінші – оқушы білімін стандарт деңгейіне көтеру үшін педагогикалық және әдістемелік түрдегі іс-шаралар. Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмысы болады, яғни осы аталған үш жағдай әр мақсат үшін жеке-жеке жазылады. Осы айтылғандарды қорыта келіп, технологиялық картаның жалпы құрылымын төмендегі сызбадан көруге болады. Сызбада технологиялық картаны толтыру реті рим цифрымен көрсетілген. Технология негізінде жобалаудың келесі кезеңін, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау.САК- технологиялық картадағы көрсетілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған.САК-те оқу материалының толық мазмұны, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нәтижесі оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады. 

 

КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Ғылым, білім саласындағы заманауи өзгерістер Қазақстанға батыл түрде дүниежүзілік білім кеңістігіне ену талабын қойып отыр. Ол үшін отандық жоғары оқу орындарымыз әлемдік ең озық білім беру технологиясы мен жүйесін басшылыққа алып, оқытудың сапасын көтеруді басты мақсат етіп қоюы керек.Уақыт отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім үдері­сі­не интеграциялануын талап ете­ді. Бұл - тек біздің қалауы­мыз емес, бүгінгі күннің шын­дығы. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім жүйесінің даму тәжірибесін зерттей отырып, ұлт­тық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.

Осы ретте елімізде Болон ұстанымымен оқытуды көздеген кредиттік технологияға түбегейлі көшу арқылы білім беру мазмұны мен сапасын жетілдіру, білімді де білікті маман даярлау ісі жолға қойылуда. 2010 жылдың 11-наурызында Будапешт пен Венада Еуропа елдері білім министрлерінің II Форумы барысында Қазақстан Болон үдерісіне қосылды. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы туралы шешімді 46 қатысушы елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету жылы аясында бұл бастама жаһандық білім беру кеңістігіне қарай жасалған үлкен ұмтылыс болды.

Қазақстанның туы Болон үдерісіне қатысушы-елдердің тулар галереясына енгізіліп орнатылды. Қазақстандағы 145 жоғары оқу орнының 30-ы Болон Декларациясының негізі болып саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Қазақстанның Болон келісіміне қосылуы туралы шешімді Болонүдерісіне қатысушы-елдердің білім министрлерінің Комитеті қабылдады. Аталмыш қадам Қазақстан Республикасының жоғары білім саласында жасалып жатқан реформаларға берілген жоғары баға болып саналады.

Бұдан былай Қазақстан - Орта Азия мемлекеттері арасында еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесі болу құрметіне ие болған алғашқы мемлекет. Бұл отандық жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейде орнығуында ерекше маңызды болып табылады.
Болон үдерісіне қосылу нәтижесінде қазақстандық жоғары оқу орындары мен студенттер үшін көптеген артықшылықтар мен мүмкіндіктер болмақ. Олар:

1. Отандық білім бағдарламалары мен оқу жоспарларының еуропалық стандарттарға сәйкестендірілуі;

2. Отандық мамандықтар мен академиялық дәрежелердің мойындалуы;

3. Студенттер мен оқытушылардың академиялық жинақтылығының(мобильділігінің) қамтамасыз етілуі;

4. Қазақстандық жоғары оқу орнындағы студенттердің білім несиелерінің шетелдік университеттерде қайта есептелінуі;

5. Екідипломдық білім бағдарламасының жүзеге асуы;

6. Жоғары білім туралы қазақстандық дипломдардың еуроодақта мойындалуы және түлектердің осы үдеріске қатысушы-елдерде жұмысқа орналаса алу құқығының болуы.

Аталмыш үдерістің негізін келесі қағидалар құрайды:

а) еуропа азаматтарының аталмыш материктің кез келген елінде жұмысқа ешбір қиындықсыз орналасуына мүмкіндік бере алатын  білімнің бірегей қолжетімдік жүйесін құру;

ә) еуропа жоғары білімінің бәсекелестікке қабілетін көтеру;

б) кадрлар даярлауда үш сатылық бакалавриат-магистратура-PhD докторантура білім беру бағдарламаларын қолдану;

в) студенттердің бір елдің  университетінен екіншісі бір мемлекеттің ЖОО-рына  ауысуына мүмкіндік беретін оқытудың кредиттік жүйесін және білім деңгейін бағалаудың бірізділенген  тәртібін енгізу;

г) теориялық оқытудың және  практикалық машықтанудың ортақ бағдарламаларын дайындап, өзара оқытушылармен алмасу;

д) бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Еуропаның жоғары білім беру аймағына енудегі басты мақсат - қазақстандық жоғары білімді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Беделді еуропалық ұйымдармен байланыстар, ЕҚЫҰ-на төрағалық, Еуроодақпен сыртқыэкономикалық тауарайналым байланыстары, т.б. ең алдымен, жоғары білімі бар адамдар тарапынан жүзеге асырылады. Сондықтан жастардың білімдерінің соған сәйкес халықаралық деңгейде болуы талап етіледі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек», - деген болатын. Жоғары оқу орындарының қазіргі кездегі негізгі мақсаты -  студенттерге сапалы білім беріп, оларды бәсекеге қабілетті мамандар етіп шығару. Осыған орай еліміздің білім жүйесінде Болон  декларациясының талаптарына сай реформалар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда:

- мамандар даярлаудың үшсатылы бакалавриат-магистратура-PhD докторантура моделі заңдастырылды.

- 2008 жылдан бастап еліміздегі барлық 132 азаматтық жоғарғы оқу орнындарында білім беру кредиттік технология бойынша жүргізілуде.  

- шетел университеттерімен халықаралық байланысты дамыту мен кеңейту негізінде бүгінгі таңда 37 отандық жоғары оқу орны екі дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруда, ЖОО-дары халықаралық аккредитациялаудан өтуде.

Декларацияның басыңқы мақсаттарының бірі -  көп деңгейлі білім беру жүйесін қалыптастыра отыра, білім беру ісін жалпыдан жалқыға бағыттау. Бұл дегеніміз адамға алдымен белгілі бір ғылым бойынша жалпылай жоғары білім беру, ал кейіннен оған, керек болған жағдайда, нақты бір мамандық бойынша білімін жалғастыруға мүмкіндік туғызу. Соған байланысты Болон үдерісіне енуіміздің басты артықшылықтарының бірі - егер біздің дәстүрлі білім беру жүйемізде 17-18  жастағы мектеп түлектері нақты бір мамандықты таңдауға міндетті болса, көпдеңгейлік жүйеде мұндай жауапкершілік кейінге ысырылып, бакалавриатты тәмәмдаған   21-22 жастағы, яғни  оң-солын таныған жастарға жүктеледі.   

Қазақстанның Болон Декларациясына қол қоюы жоғары білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, жоғары оқу орындары түлектерінің әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы тарихи маңызы ерекше шара болып саналады. Атап айтсақ, шетелде біліктілік арттыру үшін былтырғы оқу жылынан бері тілдік дайындығы жоқ адамдарға да зор мүмкіндіктер туып отырғанын АҚШ-та, Жапонияда біліктіліктерін арттырып жүрген өз әріптестеріміздің мысалынан да көріп отырмыз.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде Ұлы хартияда көрсетілген міндеттемелердің бірі – кредиттік технология қолданылуда. Кредит жүйесіне көшу біздіңелде 2002 жылдан бері бакалавриат бағдарламасында экономика мамандығы бойынша жүзеге асырыла бастады. Біздің С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кредиттік оқыту жүйесін республикада алғашқылардың бірі болып 2002 жылы магистратураға енгізді. 2006 жылы кредиттік оқыту жүйесі жоғары білімнің барлық мамандықтарына енгізілді. 2008 жылдан бастап барлық жоғары оқу орындары оқытудың кредиттік жүйесіне ауысты.  2009 жылдан Кредиттерді ауыстырудың (қайта есептеудің) Европалық ECTS жүйесі негізінде сынақ ұпайларының қазақстандық жүйесін құру басталды.

Кредиттік оқыту жүйесі – кредиттер түрінде білім көлемін есепке алу аясында білім траекториясын таңдау  негізінде өзіндік білім алу және білімді шығармашылық игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім жүйесі. Кредит (Credit, Credit'hour) – білім алушының/оқытушының оқу жоспарының көлемін өлшеудің бірыңғайланған бірлігі. Кредиттер (сынақ бірліктері) - жоғары білім саласындағы өзіндік «евро», «ортақ валюта». Сынақ бірліктерінің жүйесі екі негізгі қызмет атқарады. Бірінші - басқа жоо-да алынған курстарды қайта есептеу; басқаша айтқанда, қажетті бірлік санын студент ішінара басқа жоо-нда да ала алады, оны «өз» жоо-ны есепке алады. Екінші қызметі - жинақтық. Студент түрлі себептермен білімді «бөлшектеп», уақыттан тыс, жоо-нын өзгерте отырып т.с.с. алуы мүмкін. 

Алайда бүгінгі күндегі осы мәселеге қатысты шынайы көрініс - біздің ЖОО-дағы білім беру жүйеміз кредиттік технологияның талаптарына икемделмей, керісінше, оны өзіне қарай икемдеп алған сияқты. Білім берудің жаңа бір будан үлгісі пайда болды. Кредиттік технология жаппай енгізілді дегенімізбен, оны әлі нақты классикалық үлгісіндегі тура мағынасында қолдана алмай келеміз. Бұған бір ғана мысал келтірсек, кредиттік технологияның ең үлкен ерекшелігі – студенттің элективтік пәндерді талқылау, тұсаукесерлеріне қатыса жүріп, таңдау, таңдап алынған пәндерден бас тарта алу мүмкіндіктері толық қамтамасыз етіле алмауда. Оның басты себебі – жоғарыда айтқанымыздай, елімізде ЖОО-рының кредиттік технологияға толық көшкеніне екі-ақ жыл болды. Болонья үдерісіне ену арқылы осы кредиттік жүйенің көптеген олқылықтары орнына келіп, әлемдік стандарттарға сай орнығады деп күтілуде. Атап айтқанда, университеттердің академиялық бостандығы және автономиялығы ұстанымына сәйкес, пәндерді таңдаған кезде студенттер еңбек нарығының сұранысын, өзінің болашақ кәсібінің немесе жұмыс берушінің талаптарын, жеке басының әртүрлі ғылымдарға бейімділігін ескереді. Пәндер тізімдемесін анықтағаннан соң, студенттерге әр пән бойынша сабақ беретін оқытушыларды да таңдау мүмкіндігі беріледі.

Қазіргі кезде міндетті және таңдамалы пәндердің ара салмағы тең деуге болады, ал 2010 жылға қарай (бұл мерзімге дейін Болонья үдерісі шеңберінде жалпыеуропалық кеңістік құру аяқталмақшы) бұл көрсеткіш сәйкесінше 30 және 70 пайыз шамасында болады деп күтілуде. Демек, оқу жоспары заман талабына сай болып, мамандардың еңбек нарығынан өз орнын табуға жағдай туғызбақ. Бұл академиялық бостандық жоғары мектепті өндірістің сұраныстарына икемдеп, түлектердің бәсекеге қабілеттігін арттырады деп сенуге болады.

Кредиттік технология кредит деген оқу өлшемін қолдана отыра, студентті міндетті пәндер мен өзі іріктеп алған таңдамалы пәндерден жасалған оқу жоспарына сәйкес білімді өздігінен алуға үйретеді. Жаңа тәсіл оқытушылардың аудиториялық оқу жүктемелерін қысқартып, студенттерді өз бетімен білім алуға дағдыландырады. Демек, бұдан былай оқытушының рөлі білім беру емес, студенттерге білімді қалай алуды үйрету болмақ.

Негізінен «кредит» сөзі сенім деген мағынаны білдіреді, яғни білім мекемесі оқытушы мен оқушының кәсіби білім аясында бірлесе атқаратын жұмысына сенім артады. Жаңа технологияны оқу үдерісіне енгізу студенттерді әр пән бойынша негізгі және қосымша әдебиеттермен, ғылыми басылымдармен, басқа да ақпарат көздерімен, ғаламтор деректерімен, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерімен, электронды білім ресурстарымен, материалдық-техникалық базамен және ең бастысы жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етуді талап етеді. Монологтық оқытуға негізделген дәстүрлі білім парадигмасындағы дәріс оқыған оқытушының бірсарынды дауысы, сарғайған дәріс дәптерлері бүгінде келмеске кеткен. Интерактивті тақта мен мультимедиалық кабинетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жұмыс істеу үшін ең алдымен оқытушының өзінің ақпараттық құзыреттілігі жоғары  деңгейде болуы қажет. Демек, кредиттік оқыту жүйесі профессорлық-оқытушылық құрамға да өз сабақтарына үлкен жауапкершілікпен қарап, оқу үдерісінде мультимедиалық және виртуалды технологияларды, бейне, үн таспаларын кеңінен қолданып, уақыт тезінен қалып қоймас үшін өздерінің педагогикалық шеберліктері мен біліктіліктерін үнемі жетілдіріп тұру талабын қояды. 

Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан елеулі өзгерістер Республикамыздың білім беру жүйесінің алдына көптеген жаңа міндеттер жүктеп отыр. Олар: білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы азаматтық рухани құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасай отырып, олардың әлемдік білім кеңістігінде лайықты орын алуына ықпал ету. Осы тұрғыда ғылыми-техникалық прогреспен әлемдік өркениеттің даму деңгейіне сәйкес ұлттық, әлемдік рухани және мәдени құндылықтар тұтастығы негізінде білім мазмұнымен қатар оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдерін түбегейлі түрде қайта қарастыру керектігі айқындалуда.

Әр елдің білім беру жүйесі - өз халқының нағыз патриоттарын қалыптастыруға негізделуі тиіс. Сондықтан Болон декларациясына қол қойған кез келген еуропалық елдің білім беру жүйесіне төл халқының тарихына, мәдениетіне және рухани өміріне, ана тіліне сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыратын ұлттық ерекшелік тән. Оған айғақ ретінде Болон үдерісінің «...ұлттық дәстүрлердің әртүрлігіне негізделген еуропаның мәдени байлығын сақтау» ұстанымын келтіруге болады.

Болон үдерісіне ену ұлттық білім беру саласында тың өзгерістерді талап етеді. Соған сәйкес білім стандарттары мен жаңа типтік, кәсіби-бейімдік бағдарламаларды жаңарту кезінде, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер дайындау кезінде ұлттық ұстанымды басты назарға алып отыру шарт. Қорыта айтқанда, білім мен ғылымның әлемдік кеңістігіне ену Қазақстан үшін уақыт күттірмейтін заман талабы. Алайда,   біз дүниежүзілік  сахнаға білім жүйесінде қалыптасқан өміршең дәстүрлерімізбен, уақыт дәлелдеген артықшылықтарымызбен, сонымен қатар әлемдік өркениетті байытып,  ұлттық білім беру моделін жетілдіруге жаңа көкжиек аша алатын, өзімізге ғана тән мәдени және рухани құндылықтармен енуіміз қажет.   

 

  • ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

  • ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

    • І Оқушы әрекетін белсендіруге негізделген технологиялар

    • ІІ Оқу үдерісін басқару мен ұйымдастыруға арналған технологиялар

    • ІІІ Оқу материалдарын дидактикалық тұрғыдан жетілдіруге бағытталған технологиялар

  • ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

  • ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАҚАЛАЛАР

  • ТІЛ ДАМЫТУ

  • КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

  • ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

  • ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

  • ЖАҢАЛЫҚТАР

  • ХАБАРЛАНДЫРУЛАР

  • 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Менің отбасымның Ұлы жеңіске қосқан үлесі» атты патриоттық акция

  • Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы: тарих, әдіснама, заманға сай ой елегінен өткізу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

  • Қазақ хандығы – 550 жыл: тарих, әдіснама және заманға сай ой елегінен өткізу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

  • Құрмет орденінің иегері, ҚазССР-іне еңбек сіңірген мұғалім Қ.О.Бітібаеваның мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция

  • ОНЛАЙН-ТЕСТІІЛЕУ

  • ФОТОГАЛЕРЕЯ

  • ЭЛЕКТРОНДЫ ВИЗИТКА

  • ҚАЙТАРЫМДЫ БАЙЛАНЫС

Рассылка новостей

Начало формы

Конец формы

О компании | Защита данных | Карта сайта
Қазақ тілі Әдістеме





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Как вести себя во время сдачи экзаменов?

Автор: Тагибергенова Айгуль Куанышкереевна

Дата: 16.09.2015

Номер свидетельства: 231114

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Презентация на тему "Как вести себя во время сдачи экзамена" "
    ["seo_title"] => string(70) "priezientatsiia-na-tiemu-kak-viesti-siebia-vo-vriemia-sdachi-ekzamiena"
    ["file_id"] => string(6) "139835"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1417799824"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "Презентация к родительскому собранию по теме "Как помочь ребёнку стать успешным""
    ["seo_title"] => string(89) "priezientatsiia-k-roditiel-skomu-sobraniiu-po-tiemie-kak-pomoch-riebionku-stat-uspieshnym"
    ["file_id"] => string(6) "261644"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449162025"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "Презентация к родительскому собранию по теме "Как помочь ребёнку стать успешным""
    ["seo_title"] => string(91) "priezientatsiia-k-roditiel-skomu-sobraniiu-po-tiemie-kak-pomoch-riebionku-stat-uspieshnym-1"
    ["file_id"] => string(6) "261645"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449162036"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "РЕКОМЕНДАЦИИ  ПСИХОЛОГА  ПЕДАГОГАМ ПРИ ПОДГОТОВКЕ К ЕНТ "
    ["seo_title"] => string(60) "riekomiendatsii-psikhologa-piedagogam-pri-podgotovkie-k-ient"
    ["file_id"] => string(6) "196278"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428041641"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "конспект родительского собрания "
    ["seo_title"] => string(35) "konspiekt-roditiel-skogho-sobraniia"
    ["file_id"] => string(6) "215837"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432807027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства