Просмотр содержимого документа
«Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?»
Эсее
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп. Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі – мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.
Бүгінгі мұғалімнің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген мұғалім қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Кейде, "мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз" сөздерін өз құлағымен естігенде, көңілім түсіп, мынадай мұғалімнен не болады, деп ойлап жатасын. Ал мен үшін осыны бәрін женуде, өз мақсаттарыма жетудің ең бірініші төзімділігімнің арқасында. Шынында да, төзімділік бар болса, көптеген биік жетістіктерге жеттіп, өз жұмысын нақты және бапты да ойластырып, атқарасың. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады.