kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз бақытты баламыз. Ерекше балаларға арналған психологиялық көмек беру жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол - балалық шағы. ¥йқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі - бақытты балалық шақ. дей келе, « Біз бақытты баламыз» атты іс -шарамызды ашык деп жариялаймыз! Ак көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,

Үлгі тұту әркашан ойымыз бар,

Қырандай канат какқан ұл-кыздарға

 Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар!

Олай болса, балалар, қонақтармен амандасын алайық

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз бақытты баламыз. Ерекше балаларға арналған психологиялық көмек беру жолдары»

Тақырыбы: Біз бақытты баламыз !

Мақсаты:   Оқушыларға «Бақыт», қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру;

Адами касиеттерін дамыту; Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Слайд, шарлармен безендіру;

Армысыздар,мүғалімдер,әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,                      Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біздің бүгінгі «Біз бақытты баламыз»
еыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол - балалық шағы. ¥йқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі - бақытты балалық шақ. дей келе, « Біз бақытты баламыз» атты іс -шарамызды ашык деп жариялаймыз! Ак көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,

Үлгі тұту әркашан ойымыз бар,

Қырандай канат какқан ұл-кыздарға

 Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар!

Олай болса, балалар, қонақтармен амандасын алайық.

  • Біз әдепті баламыз,

  • Біз ерекше боламыз. Үлкендерді көргенде, Сәлемдесіп аламыз. Жүргізуші:

  • Балалар, бүгін мен сиқыршымын. Қазір біз ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Мен сиқырлы таяқшаммен белгі берген кезде сапарымыз басталады.

-  Қане, олай болса көзімізді жұмайық! 1,2,3
(баяу музыка)

Сендер ғажайып «Бақыт» әлеміне келдіңдер. Жан-жақтарыңа қараңдаршы, кандай керемет! Айнала жұпар иісі аңқыған әсем гүлдерге толы. Сендердің көңіл-күйлерің өте жақсы, жүздерің күліп, тамаша сезімге бөленіп жатырсыңдар. Алдарыңнан   

   _. Бақыт періштесі шығып:

-    Менің әлеміме қош келдіңдер, балақайлар! Сендер өте ерекше балаларсыңдар.
Қане, алакандарыңды жайыңдар, мен сендерге бақыт сәулесін сыйлаймын.

 

 

Бұл сәулені мәңгілік жүректеріңе сақтаңдар. Өйткені ол сендерге қуаныш пен бақыт әкеледі. Бақытты болыңдар!- дейді.

-    Бақыт періштесі сыйлаған сәулені жүректерімізге сақтап, өз іс-шарамызға оралайык!

-    Енді көзімізді ашайық.

Диктафоннан тыңдату.

Сейфолда Оспановтың «Бакыт деген не өзі?»

 Қызы:Айтшы білсең егер де,

Әке бақыт деген не?

Әкесі:Бақыт деген, шырағым

Мынау әсем тұрағың.

Ну ормандар, гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны

БАҚЫТ- дәні далаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің.

Қызы: Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

 Әкесі: Адал еңбек етесің

Сонда ғана жетесің.

Қызы: Көрінбейтін көзіңе,

Сонда оның өзі не?

 Әкесі:Бақыт деген. сөзім шын

Айналайын, өзіңсің!

Тәрбиеші түсіндірмесі:

Сонымен, бақыт дегеніміз біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз,мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді.Егерде біз үлгілі, тәртіпті, білімді, еңбекшіл болып өсетін болсақ нағыз бақыт сонда болады.

Жүргізуші:

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берер ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсемде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Құдай деген кім десе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?                                                                   Ойланбай-ак кел дағы от ал менен,-

 

 

Енді кезекті біздің кішкентай бақытгы балаларымыздың сүйкімді сыңғырлаған дауыстарымен айтылатын тақпақтарын тыңдайық. 1-оқушы.

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп,

Балаларға сол бақыт.

2-оқушы.

Балаларға сол бақыт,

Болса Отаным аман сау,

Басын бұлтқа байлатып,

Тұрса биік Алатау.

3-оқушы.

Күлім қағып көкте күн,

Тал шыбықтай көктедім.

Әлдилейді апамдай,

Мейірімді мектебім.

4-оқушы.

Балалық шақ-балғын шақ,

Өмірдің өзі болашақ.

Балалық шақ шектеулі,

Ойнайтын кезде асыр сап.

 

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

 Бақытты елде тұрған соң,

Бақытты өмір сүреміз,- дей келе алдарыңызға балаларымыздың «Біз -өмірдің гүліміз» әнін хормен тарту етеміз.

 

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің қызымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін,-деп алдарыңызда «       » биін қабыл алыңыздар.

 

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан - ортақ үйіміз ,

Көңілді ән мен күйіміз,-   «Ертегілер» әнін кабыл алыңыздар.

Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де, күрделі де мәселелердің бірі - табиғат ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа қалдыру. Халкымыз ата заманнан бері жерін, суын қадірлеп, қасиет тұтқан. Кейінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбиелік

   мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық.

 

 

Сұраусыз суын бұзғызбай - суын қорғаған.

Жөнсіз жерін жыртқызбай - жерін қорғаған.

Көк майса шөбін таптатпай - шөбін қорғаған.

Ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін

кетірмей - жануарларын қорғаған.

 

Ал, біз болашақ ұрпақ табиғатты калай қорғап, сақтап қаламыз?

-«Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысамыз,

-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз.

- Орман, тоғайды, бақтарды кұл - қоқыстан тазалап, өрттен корғаймыз.

- Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

 

Біз әдепті баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатқа қамқор боп,

Сүйіспеншілікпен караймыз.

Енді біз қатысушы балаларымызбен «Не жаксы, не жаман» ойынын ойнаймыз.

-Табиғатка қамқорлық жасаған...

-Суды ластаған...

-Ағаш отырғызу...

-Құстарды өлтіру...

-Ауланы таза ұстау...

-Құстарға ұя жасау...

-Ағашты сындыру...

-Ауаны ластамау...

 

Табиғат - адам баласының дүниеге келтірген аяулы - ана, бүкіл тіршілік атауының  алтын үясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп - өсер мекені.

Табиғатты сүйіндер

Сүю үшін біліңдер.

Қамкорлық жасау жолында

Жанды салып күйіңдер.

Апаттан оны сактандар

Ебін тауып баптаңдар.

 

Үлкендерді сыйлаймыз біз,

Үй тазалап жинаймыз біз,                                                                                    Біз қолканат баламыз!

Домбыра да тарта аламыз,

Өленді де айта аламыз

Біз өнерпаз баламыз!

 

 

Ал, енді көрермендермен «Иә» және «Жоқ» ойынын ойнаймыз.

-Мектеп ережесін сақтаймыз ба?

-Әдепсіз бала боламыз ба?

-Тәрбиешілерді тындап, тәртіпті боламыз ба?

-Дастархан басында көп сөйлеуге бола ма?

-Сабақта тыныш отырамыз ба?

-Үлкенді құрметтейміз бе?

-Кішіге ізет көрсетеміз бе?

-Ауланы таза ұстаймыз ба?

-Талды сындыруға бола ма?

-Ата-анаға сөз қайтарамыз ба?

-Отанымызды қорғауға үлесімізіді қосамыз ба?

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақшалова Манат Мешітбайқызына сөз беріледі.

 

Қорытындылай келе Арайдың орындауында «Анажаным» әнін карсы алыңыздар.

- Сонымен бақыт деғеніміз - ой арманның орындалуы, қуанышты сәттердің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы балалык шағымыз екен.

- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар осымен бүгінгі  «Біз- бақытты баламыз» атты іс-шарамыз өз мәресіне де келіп жетті. Қош сау болыңыздар!

Жас болсаңда ойларың терең,

Жүзіп жүр бар әлемді қиял кемең.

Болашакқа бүгіннен бастау алған,

Елімізде көбейсін сендердей өрен!!!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Біз бақытты баламыз. Ерекше балаларға арналған психологиялық көмек беру жолдары

Автор: Уалихан Марзия Сейтжаппарқызы

Дата: 20.10.2018

Номер свидетельства: 481276

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?ке мен бала т?рбиесі" "
    ["seo_title"] => string(23) "kie-mien-bala-t-rbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "205118"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429799171"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства