kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қиын» балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Доклад  девиантный поведение.Семинар для учителя.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қиын» балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері»















«Қиын» балалардың

мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері

































«Қиын» балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері

Қоғамның моарльдық нормалары мен талаптарына сәйкес келмейтін мінез-құлықты әдетте «жат» деген терминмен белгілеу қабылданған. Ми потологиясына байланысты болатын балалардың аномал (кеміст) мінез-құлқынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез-құлық әлеуметтік жағынан негізделген, жағымсыз шағын ортаның теріс ықпалымен, жанұядағы дұрыс емес, өзара қарым-қатынастарымен, жанұя мен мектеп тәрбиесінің олқылықтарымен, қателіктерімен сабақтас.

Психология ғылымы жеке адамның адамгершілік өрісін қалыптастырудың ерекшеліктерін терең зерттеу негіздерінде әлеуметтік жат мінез-құлықтың құрамы да, өзіне тән ерекше қасиетінің фактісі де «туа біткен механизмдермен» анықталмайтынын нанымды көрсетіп берді. «Қиын» аталатын балалар – педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Олардың жеке басының адамгершілікі жағынан өзгеруі – педагогикалық қателіктердің салдары. (әңгіме жүйке жүйелері қажыған ақыл-ойы жағынан артта қалған балалар жайлы емес психикалық және дене жағынан сау балалар жайлы болып отыр).

«Қиын» баланың типтік ерекшеліктері жеткіншектік шақта неғұрлым айқын көрінеді, психологиялық дамудың бұл кезеңіндегі күрделілік мынада: бірінші жағынан, жеткіншектік шақ балалық шақтың типтік кезеңі. Екінші жағынан, біз ересектер өмір талабындағы тұрғын, дербестікке, өзін-өзі бекітуге ересек адамдардың оның құқын, потенциалдық мүмкіндіктерін, мүмкіншіліктерін мойындауға ұмытлған өсу үстіндегі адаммен істес боламыз. «Қиын» жеткіншектің жеке басы құрылымының күрделілігі өмірдің ықпалдарына, қарым-қатынастар сипатына байланысты деп Л.С.Выготскийдің өзі атап көрсеткен болаты.

«Қиын» деген термин қазіргі практикада жеке басын тәртіпке салу қажет балалардың кең ортасын білдіреді.

Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, ерке, қыңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс-әрекеттің ұжымдық формасын енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар аудару – еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен жеңудің негізгі жолы.

Балалардың белгілі бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен ерекшеленеді. Мұндай оқушыларға жеке жол табу әсіресе қажет, алдымен олардың тәртіпсіздігінің түп тамырын анықтау керек. Бұл балалармен жұмыс істеу олардың белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін құрметтеуді көздейді.

«Қиын» балалардың ерекше тобын мінез-құлқында еңбекке құштар ықыласы мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға мұндай баланың ұмтылысын, күш-жігер көрсетуін аңғарту және мадақтау, оның бойында еңбекке деген қажетсінуін ояту, сан алуан іс-әрекеттен қуаныш табуды үйрету өте қажет.

Ең теріс қасиеті – жалған айту болып табылатын балалар да бар. Мұндай кемшілікпен күресе отырып, қиялдау (мектепке дейнгі кіші шәкірттік шақтағыларға тән) мен шындықты әдейі бұрмалауды ажырату қажет. Жалған айту жаза алудан қорқудың да, жағымсыз қылықтарын жасыруға ұмтылудың да, өзін таныту, айналасындағылардың назарын өзіне аудару тілегінің де саладры болуы мүмкін. Балалардың жолдастықты өзінше бір түсінуі, жолдасының теріс қылығын жасыру амалы ретінде де өтірік айту жиі кездеседі. Біріншіден, бала өтірігінің нақты себебін анықтау, екіншіден өтіріктің барлық жағымсыз көріністерін, оның қорқақтықпен, екіжүзділікпен өзара байланысын сыпайы көрсете отырып, шыншылдық сенім, өзара құрмет және талап қоюшылық жағдайын туғызу үшін тәрбиешілерге яғни ұстаздарға көп тер төгу керек.

Балалардың кейбір бөлігінде, қандай да елеулі қажеттілігінің ұзақ уақыт орындалмауынан мінез-құлықтың аффективтік (жан күйзелісі) формасы дамиды оларды не шадырлық, агресивтік, құр көкіректік не көп өкпелеу, тез жәбірлену сипаттайды. Нәтижесінде талаптану деңгейі (негізінде өзін асыра бағалау немесе керісінше өзіне сенбеушілік туғызатын) мен баланың ұжымдағы нақтылы жағдайы арасында пайда болады.

Аффективтік толғаныстар мен мінез-құлықтың аффективтік формаларының ұзақ уақыт сақталуы балалардың басқа адамдарға, өзіне іске тиісті қарым-қатынастарының қалыптасуына әкеліп соқтырады. Балалардың ішкі тартыстарын шешу және мінез-құлқындағы аффективтік формалардың дамуын болдырмау үшін дер кезінде ұстаздың араласуын талап етеді.

«Қиын» балалармен жұмыс істеу:

  1. балаларға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

  2. оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

  3. оның адамгершілік күшіне, потенциалдық мүмкіндіктеріне сену сияқты өте биязылықпен жеке дара қатынастарды қажет етеді.

Педагогикалық жағынан алғанда, бетімен жіберілген балалармен - тәртіп бұзушы жеткіншектермен тәрбие жұмысын жүргізу мейлінше күрделі. Бұл жеткіншектерге көбіне ырықсыз мінез-құлық, жеке бас құрылымының бұзылуы, айқын көрінген әлеуметтік жат, оның ішінде жасына лайық емес қажеттіліктердің болуы, иемденуге бағдарланған қалыптан тыс, «тікелей» тілектердің болуы, достық, жолдастық, парыз, ар-намыс туралы теріс түсінікке алып келетін қарым-қатынастағы қажеттіліктің бұрмаланған бағыттылығы тән. Тәртіп бұзушы жеткіншектерді рухани, танымдық, эстетикалық қажеттіліктері дефермацияланған. Атап айтқанда, оқуға деген ынта жойылған. Сонымен бірге тәртіп бұзушы жеткіншектер, зерттеулер көрсеткендей, қалыпты интеллектуалыдық мүмкіндіктерді игеріп, сондықтан көп салалы іс-әрекеттің берілген жүйесінде оларды мақсатты түрде тартып отыру интеллектуалдық жүгенсіздік пен енжарлық жоюға көмектеседі.

«Қиын» балалардың көпшілігінде теріс қылықтар ересекке бой ұрудан, өзінің құқын жете түсінбеуден, ересектердің оларды мойындауына жетуге ұмтылуының салдары болып табылады. Жеке адамды адамгершілік жағынан бұзылуға әкеліп соқытратын қақтығысты ситуацияның түп тамыры жанұя тәрбиесінің кемшіліктерінде жатыр.

Жанұя тәрбиесіндегі кемшіліктер мектептің бағыттауын, түзеуін, үйлестіруін қажет ететін тек қана белгілі бір ағымды тудырады. Өкінішке орай, мектепте мұғалімдер жүгіруге болмайды және т.б. деген сияқты тиым салу педагогикасына жүгінген кезде бұл кемшіліктер күшейе түседі. Қарадүрсін түсінілген тәртіп балалрды еркін де белсенді іс-әрекет жүргізу мүмкіндігінен айырады. Тәртіп бұзушы мектеп оқушыларының, әдетте сыныптағы жолдастарымен, әсіресе екінші жылға қалып қою салдарынан жаңа ұжымға келуіне байланысты, достаса алмауымен педагогтарымен де қақтығысты қарым-қатынастар тереңдей түседі. Балалалрға тән жолдастық қарым-қатынасқа, дербестікке, ересектер тарапынан сыйластыққа ұмтылысына қарамастан «қиын» балалар 3-4 сыныптарға қарай құрбылар ұжымынан тыс қалады.

Сыныпта белгілі орын алуға ұмтыла отырып, бұл балалр дөрекілікке, күшіне сүйенген жалған беделдікке жүгінеді. Мектептен тыс уақытта өздеріне ұқсас жеткіншектермен байланыс жасай отырып, олар кейбір «көше» топтарында қабылданған мінез-құлықтың қоғамға жат формаларын мектепке әкелуге тырысады.

Мұндай бірлестікте баланың жағдайы өте ауыр болып, ол жас жағынан көбінесе ересек және өзінің «беделдігімен» (әдетте қорқытуымен) ықпал, балаларды топқа біріктіретін «аула балаларының» ықпалына ереді. Бірақ бұл топта балалар жалған жолдастықтан туатын қарым-қатынастан қандай да бір қорғанышты сезінеді. Мұның бәрі өзіндік санада, өзін-өзі көрсетуде, өсіп келе жатқан адамның қарым-қатынасында табиғи қабілеттерінің аномалды бағыттылығын тудырады. Қалыпты қарым-қатынастардың яғни мүмкіншіліктер, мағыналық, баланың қоғамға оның мүшелерінің қызметіне, алдымен қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қарсы қарым-қатынас туғызады. Сондықтан «қиын» мектеп оқушысының жеке басының қалыпты адагершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін тәрбие ықпалдарының жүйесін құрудың алғашқы кезеңінің бірі – тиісті жағдай және сөзсіз талаптылықты сақтай отырып, ересектердің ойластырылған, айқын көрінген тілектестік қатынасын құру болып табылады. Бірақ, бастысы – балалардың өздерінің тек қана көп салалы іс-әрекеттерінде етек жая алатын, қарым-қатынастарын қалыптастыру болып табылады және де барлық балаларды іс-әрекеттің мақсаттылықпен ұйымдастырылған көп жақты түрлерінің жүйесіне енгізу аса маңызды орын алады. Оның үстіне қоғамдық пайдалы іс-әрекетті ұйымдастыруға сүйену керек, тек сонда ғана балалармен ересектердің қарым-қатынастары, балалардың бір-біріне қатынастары, еңбекке көзқарастары неғұрлым жетекші түрге иеленеді.

«Қиын» жеткіншектердің көпшілігі ұжымда дербестік көрсетіп, белгілі орын алатын еңбектің түріне дұрыс көзбен қарайтындарын зерттеулер көрсетіп берді.

Әр түрлі балалардың жолдастарымен және педагогтарымен қарым-қатынасы түрліше құрылады, тәрбиеге «қарсылығы» да өзіне тән байқалады. Сондықтан да «қиын» мектеп оқушыларын, әсіресе жеткіншектерді типтерге бөлу маңызды, мұның өзі тәрбие жұмысы тәсілдерін типтерге бөлуі де белгілеуге мүмкіндік береді. Кеңес психологиясында «қиын» балаларды жеткіншекті дәрежеде талдап жасалған бірқатар бағдар беруші жіктеулер бар. Олардың бірі, мінез-құлық типіне, балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекет жүйесіне ену тпіне сәйкес, олардың жеке басының адамгершілік өрісі туралы мәліметтердің бүкіл комплексін ескере отырып, жүргізілген.

Бірінші топқа қоғамдық жағымсыз, аномалды, моральға жат, қарадүрсін қажеттіліктердің тұрақты комплексі, ашықтан-ашық қоғамға қарсы көзқарастар жүйесі, қарым-қатынастардың, баға берудің деформациялануы тән. Бұл топтың балаларында жолдастық, батылдық туралы теріс түсінік қалыптасқан, ұялу сезімі нашар дамыған олар арсыз, дөрекі, төбелесқор болып келеді. Эгоизм, басқалардың күйініш-сүйініштеріне селқостық, жасалған тәртіп бұзушылықтарды жете түсінбеушілік, еңбек сүйгіштіктің болмауы, пайдакүнемдікпен уақыт өткізуге ұмтылыс, керенаулық пен ашкөздік – бұл топтың типтік ерекшеліктер, міне осы.

Екінші топқа деформацияланған қажеттіліктерді, ұждансыз ұмтылыстары бар мектеп оқушылары құрайды. Балалар моральға жат қажеттіліктердің тұрақты комплексі және қарым-қатынастардың, көзқарастардың ашықтан-ашық қоғамға қарсы бағытталғандығы байқалатын жасы кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларға еліктеуге ұмтылады. Асқынған индивуализммен сыйымсыздғымен ерекшелене отырып, бұл топтың өкілдері артықшылық жағдайға ұмтылып, әлсіздреді кішілерді қыспаққа алады. Олар тәртіпті оқтын-оқтын бұзып отырады.

Үшінші топқа деформацияланған және жағымды қажеттіліктердің, қарым-қатынастардың, мүдделердің, көзқарастардың арасындағы қақтығыс тән. Бұл топтың балалары өздері жасаған тәртіп бұзушылықтардың лайықсыздығын түсінеді. Алайда балалардың бойындағы дұрыс адамгершілік көзқарастар нанымға айналмаған, сондықтан қанағат алуға деген эгоистік ұмтылыстар немесе тап болған жағдайға қарсы тұра білмеу, қоғамға қарсы теріс қылықтар туғызып, моральға жат тәжірибенің жинақталуына алып келеді.

Төртінші топқа нашар деформацияланған қажеттіліктері бар оқушылар құрайды. Балалар өз күштеріне сенбеуімен, жігерлі жолдастарының алдында жағынумен сипатталады.

Бесінші топқа тәртіп бұзу жолына кездойсоқ түскен мектеп оқушылары кіреді. Олар жігерсіз және ықпалға ергіш келеді.

Қорыта айтқанда «қиын» балаларды осылай типке бөлу тәрбие ықпалы жүйесін тұтасымен түзетуге мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге, қиын қақтығыс жағдайында тұрған әр бір балаға жеке дара қатынас жасауды жүзеге асыруға жол ашады. Мұнда қиын мектеп оқушыларын жан-жақты қоғамдық пайдалы іске тарту жұмысының жүйесі өте маңызды. Бұл қымзметті ұйымдастырғанда олардың ерекшеліктерін ескереді, оны көп салалы ұжымның тарам-тарам жүйесі арқылы іске аысрады. Дәл осындай мақсатқа сәйкес құрылған жүйе балалардың әлеуметтік жат мінез-құлықтарын бірте-бірте жойып, «қиын» мектеп оқушыларына тән жеке адамның тұрақты моральдык жігер сапасын қалыптастыруды қамтамамыз етеді. «Қиын» балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің жүйесін ұйымдастыру мәні, негізгі мағынасы, принцптері мен тәсілдері «қалыпты» балалармен бірдей. Соынмен қатар қазіргі заманға педагог бала тәрбиелеу жолында әр түрлі үйірмелер, жиындар ұйымдастыра білуі қажет. Тіпті ата-аналарымен де үйірме сабақтарын жүргізуге (тағам әзірлеу, бақшада жұмыс істеу, техникалық жұмыстар және т.б.) болады. Ата-ана, ұстаз және баланың бірігіп жұмыс істеуі ата-анаға үлкен талап ретінде, яғни олардың педагогикаға деген қызығушылықтарын оятуы мүмкін. Оны өздерінің балаларының тәрбиесіне арнау сияқты көзқарастар қалыптасады. Мұндай бірігіп жұұмыс істейтін ұжымның ұраны: «Өзің білетін және істей алатын бар жақсы нәрсені балаға үйрет». Бірігіп тәрбиелеудегі басты міндет – тұлғаға дұрыс бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беру.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмабаев Ә. Мектептің қиын оқушыларымен жұмыс жүргізу жүйесі. Алматы, 1971

  2. Мадин И.Б., керімов Л.К. Қиын оқушыларды тәрбиелеу мәселелері, Алматы, 1976

  3. Оспанбаева М.Т. Мектептегі психологиялық қызмет. Тараз, 2001

  4. Қонбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі. Алматы, 1990

  5. Түрікпен Ұлы Ж. Оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар, Алматы, 2004

  6. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы А.В.Петровскийдің басшылығымен. Алматы, 1987

  7. Жарықбаев Қ. Ұзтаздық еткен жалықпас. Алматы, 1986

  8. Выготский Л.С. Развитие высшых психичесикх функций. М., 1960

  9. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968

  10. Кон И.С. Психология старшеклассника.. М., 1980.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Қиын» балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері

Автор: Джапбасбаева Жулдыз Аязбековна

Дата: 16.05.2017

Номер свидетельства: 415728

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ"
    ["seo_title"] => string(80) "bala_miniez_k_u_lk_ynyn_bu_zylu_siebieptierinin_lieumiettik_psikhologiialyk_aspi"
    ["file_id"] => string(6) "362716"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480159242"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства