kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тренинг ҰБТ-ға жүйелі дайындалу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқытушыларды білім беру сапасын басқару үрдісінің тиімділігін арттырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру, принциптері мен шарттарын жүйелі негіздеу.

Білім беру жүйесін тиімді басқаруды және оның дамуын қамтамасыз ететін өзекті сәттердің бірі сенімді әрі салыстырылған деректерге негізделген  білім беру сапасын бағалау болып табылады.

Қазақстанда 2004 жылдан бері орта мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау мақсатында ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) формасындағы тәуелсіз сыртқы бақылау қолданылып келеді. ҰБТ білім беру сапасын басқару үрдісінің тиімділігін арттыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді. ҰБТ нәтижесін талдау және түсіндіру оқыту сапасын арттырудың көптеген проблемаларын табысты шешуге, әрбір жекелеген мектептің оқу ісін жетілдіру үшін алдын-алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тренинг ҰБТ-ға жүйелі дайындалу»

Тақырыбы: ҰБТ-ға жүйелі дайындалу

Мақсаты: Оқытушыларды білім беру сапасын басқару үрдісінің тиімділігін арттырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру, принциптері мен шарттарын жүйелі негіздеу.

Білім беру жүйесін тиімді басқаруды және оның дамуын қамтамасыз ететін өзекті сәттердің бірі сенімді әрі салыстырылған деректерге негізделген білім беру сапасын бағалау болып табылады.

Қазақстанда 2004 жылдан бері орта мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау мақсатында ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) формасындағы тәуелсіз сыртқы бақылау қолданылып келеді. ҰБТ білім беру сапасын басқару үрдісінің тиімділігін арттыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді. ҰБТ нәтижесін талдау және түсіндіру оқыту сапасын арттырудың көптеген проблемаларын табысты шешуге, әрбір жекелеген мектептің оқу ісін жетілдіру үшін алдын-алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Отандық білім беруді жаңарту Президент Н.Ә.Назарбаевтың төмендегі сөздерімен үндес келеді: «Біз еліміздің болашағы мұнай мен газға, өнеркәсіп алыптарына тәуелді емес, біздің өсіп келе жатқан ұрпаққа бере алар білім сапасына да байланысты екенін жақсы түсінеміз. Білім беру жүйесінің жағдайына қарап, елдің келешегі жайлы айтуға болады. Біз біле бермейтін жаңа технологиялар мен білімдер, даму процесінің ғаламдануы ХХІ ғасырды Білім ғасыры деп атауға мүмкіндік береді. Сондықтан мен: білім беру жүйесіне қызмет ететіннің барлығы еліміздің болашағына қызмет етеді деп сеніммен айта аламын.»

ҰБТ-ға дайындық идеясын жүзеге асыру білім беру саласында оқытудың келешегі зор формаларын, әдістері мен құралдарын пайдалану барысында ғана мүмкін болды. ҰБТ-ның негізгі мақсаты- мектеп бітірушілердің дайындық деңгейі мен сапасын объективті бағалау. Алынған ақпарат мектеп бітірушілер дайындығының әрқилы тараптарын талдауға және осының негізінде пәндердің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушыларды ҰБТ формасындағы қорытынды аттестациялауға дайындау сапасын арттыру бойынша шаралар жүйесі төмендегідей әрекет бағыттарынан тұрады:

  • әкімшіліктің пән мұғалімдері сабақтарына қатысуы, әдістемелік көмек көрсетуі;

  • мектептік әдістемелік бірлестіктер жұмысының жоспарына ҰБТ-ға дайындалу мәселелерін енгізу; қосымша семинарлар, біліктілігін көтеру курстары;

  • пән мұғалімдерінің оқушыларға жеке консультация өткізуі;

  • ҰБТ-ға дайындалу үшін қашықтан оқыту және Интернет ресурстарын пайдалану;

  • базалық оқыту бағдарламасын кеңейтетін элективтік курстар санын барынша көбейту;

  • оқушыларды психологиялық жағынан көтермелеу, ақыл-кеңес беру, ҰБТ-ға дайындалудың жеке стратегиясын жасау.

Педагогтер ҰБТ-да берілетін әртүрлі тапсырма түрлерімен жұмыс жасауды жоспарлауы керек. Аралық, ағымдық бақылау кезеңінде, сондай-ақ тақырыпты оқып-үйренудің ақырғы кезеңінде, мысалы, тақырыптық бақылауға дайындалу кезінде жауаптарын таңдап алатын, және қысқа әрі жауаптары ашық тапсырмалар беруге болады. Білім берудің бүгінгі ең басты құндылығы оны даралау болуы тиіс. Тәжірибеде даралау мен жіктеудің көптеген варианттары пайдаланылады. Олардың барлығы төмендегі үш негізден таралуы керек:

  1. оқытуды жіктеу, яғни оқушыларды олардың жекелеген ерекшеліктері немесе осы ерекшеліктер кешені негізінде бірнеше әртүрлі оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша топтастыру;

  2. оқу жұмыстарын сыныпішілік даралау;

  3. оқу курсын әрқилы дара қарқынмен өту.

Даралап оқыту жоспары- бұл өзінің бірегей мүмкіндіктері мен тілектеріне сәйкес оқытылған жасты-бірегей өнімді өндіруге бағытталған тәрбиелеу мен оқыту бойынша әрекеттердің жоспарлы бірізділігі. Оқушының өз бетімен жасайтын әрекетін ұйымдастыруда педагогтің көмегі төмендегі принциптерден тұрады:

  • шамасы келетін оқу тапсырмаларын сақтау арқылы оқушыларға дара көзқараста болуы;

  • зияткерлік жүктемелердің жоспарлы түрде өсуі;

  • мұғалімнің біртіндеп шегініп, жәй ғана бақылаушы рөліне ауысуы;

  • бақылаудан өзін-өзі бақылауға өтуі.

Оқыту сапасын бақылау өзінің нәтижелері бойынша оқу процесінің міндетті құрауыштары болып табылады. Бақылау оқушылардың мектепті аяқтау сәтінде мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы тиіс білімді меңгеру деңгейін анықтау арқылы жүзеге асырылады.

Базалық тестілер-базалық ұғымдардың көшірмелік және алгоритмдік деңгейлерде меңгерілуін тексеру үшін (өткізу уақыты-10-15 минут).

Диагностикалық тестілер-тақырып бойынша білімдегі олқылықтарды анықтап қана қоймай,оны меңгеру деңгейін (төрт деңгей бойынша) анықтауға да мүмкіндік береді.

Тақырыптық тестілер-тақырыпты өткеннен кейін оның меңгерілу көлемі мен деңгейін белгілеу үшін өткізіледі.

Қорытынды тестілер- негізгі (орта) мектептерде жартыжылдықтың, жылдың, курстың соңында, материалдың көлемі мен деңгейін анықтау үшін өткізіледі.

ҰБТ-ға дайындалу кезінде балаларға қойылатын талаптар- біріңғай болуы тиіс. Пән оқытушыларымен оқушыларды және олардың ата-аналарын ҰБТ-ға дайындау сияқты ортақ та қиын іске әркімнің жеке үлесін қосуы негізіндегі тең құқылы кәсіби ынтымақтастықты ұйымдастырудың маңызы зор. Әрбір педагог өз қызметінің нәтижелі болуына, оның ішнде оқушылардың емтиханды ойдағыдай тапсыруына мүдделі, бұған тек сынып жетекшісі үйлестіріп отыратын бірлескен күш жұмсау арқылы қол жеткізуге болады.Ата-аналар комитеті мен педагогтар ұжымының бірлескен жұмысы бағыттарының бірі- ақпараттық қызмет. Ата-аналар білім беру қызметіне басты тапсырыс берушілер болғандықтан, олар жаңа оқулықтар, жаңа оқыту курстарының мазмұны, оқытуды аттестациялаудың жаңа формасы ҰБТ жайлы, бағалау критерийлері т.б. туралы ақпараттар алып отырады.Тағы бір бағыты- ағартушылық қызмет. Ол ата-аналарды тәрбиенің психологиялық негіздеріне, диалог түріндегі қарым-қатынас жасауға, отбасылық тәрбие мүмкіндіктері, жанжалдың шығу төркіні, балалардың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктері жайлы, осы білімдерді пайдалана біліп, балалардың өзін – өзі тануына көмектесу туралы білім беруді көздейді. Бұл жерде мектеп психологымен ынтымақтаспай болмайды. Сынып жетекшісі мен мектеп психологының ынтымақтастығы балада пайда болған проблемаларды бірлесе анықтап, проблемалық жаңдайды жеңе білу үшін түзету жұмыстарын жүргізуге болады.

ҰБТ-ға дайындалу жүйелі, жоспарлы, басқарылатын процесс, мектептегі барлық құрылымдық элементтердің, оқу процесіне барлық қатысушылардың бірлесе әрекет етуі болып есептеледі

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Алмаз орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы







Тақырыбы:

ҰБТ-ға жүйелі дайындалу

/отырыс/









Өткізген: мектеп психологы

Аблкайрова Гульнара Тулегеновна











2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тренинг ҰБТ-ға жүйелі дайындалу

Автор: Аблкайрова Гульнара Тулегеновна

Дата: 22.12.2016

Номер свидетельства: 372556

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Баяндама   "?БТ-ге дайындауды? тиімді т?сілдері" "
    ["seo_title"] => string(49) "baiandama-u-bt-ghie-daiyndaudyn-tiimdi-t-sildieri"
    ["file_id"] => string(6) "197501"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428250835"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства