Просмотр содержимого документа
«"Таныс болайық" тренинг»
Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг
Тақырыбы: «Таныс болайық»
Мақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау.
Міндеттері:
Қатысушылар бір-бірі туралы көп ақпарат білуі тиіс.
Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың мүшесі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.
Бірлесіп жұмыс жасауда жалпы бағыттарының бір екендіктері туралы түсінік беру.
Психолог: Сәлем, қымбатты достар!Бүгінгі болғалы отырған жиналыста сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын.
Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын адамдармен жұмыс жасау әлдеқайда жіңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің.Сондықтан да біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз.Тіпті егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз танысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танысаңыз, ал ендібірін тіптен білмейсіз.
1.Танысу: «Шеңбер бойымен ат айту»
Қатысушылыр шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне доп беру арқылы өзінің атын және айналысатын қызмет түрін айтады.
2.Шығармашылық жұмыс: «Визитка дайындау»
Барлық қатысушыларға қағаз, фломастер, қарандаш пайдалану арқылы визитка дайындау тапсырылады.Онда келесідей мәліметтер болуы керек: Өзің туралы естігің келетін 3 сөз: Менің қолымнан келеді; Жетістіктерім; Арман, мақсаттарым; Маған ыңғайлы, өзімді жайлы сезінетін жер; Менің өмірлік ұстанымым.Әр қатысушы өзінің дайындаған визиткасымен таныстырады.
3.Қоштасу: «Достар, біз сіздерге тілейміз»
Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады.Әрбір қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек.Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.