Просмотр содержимого документа
«Урок на тему "Мені? ?мірім"»
14.11.15ж 6-сынып қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Менің өмірім
«Жамбыл Жабаев»
(1846-1945)
Сабақтың мақсаты: а) ақын туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау; ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,іздендіру
Сабақтың көрнекілігі:кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс:тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
ІҮ.Жаңа сабаққа даярлық
Ү.Жаңа сабақ
Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген.
Жамбыл тауының етегінде қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.
Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен.
Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді....
Бала күнімнен домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді.
Жамбыл Жабаевтың қысқаша өмірі
Жамбыл Жабаев Шу өзенінің бойында дүниеге келген.Ауыл молдасының діни оқуында сауат ашқан Жамбыл,молданың ұрып-соғуына көнбей,оқуды тастап кетеді.Жастайынан ән мен өлеңге құмар ақын естіген өлеңдерін жаттап,өзі де жанынан өлең шығарды.М.Әуезов «Жетісу ақындарының алтын қазығы» деп бағалаған Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың өлеңдерін,ұнатып,батасын береді.
Жамбыл Сарбас,Досмағамбет,Құлмамбет сияқты өз өңіріне танымал ақындармен айтысады. Ақынның 1916 жылғы маусым жарлығынан кейінгі халық көтерілісін суреттейтін «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» сияқты өлеңдері бар.Кеңес дәуірінде Жамбыл жаңа тұрмысты жырлап,халыққа бақытты,шаттықты тұрмыс келді деп жазады.1936 жылы Қазақстанның Москвада өткен әдебиет пен өнерінің онкүндігіне қатысады.1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің 750 жылдық тойына қатысады. «Ленин» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталады.Бұның бәрі ақынға жаңа шабыт,тың күш қосады
Жамбыл Жабаев 1945 жылы 100-ге қараған шағында қайтыс болды. Жамбыл Жабаев – халық поэзиясының ірі өкілі,жазба әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған, көпшіліктің мұрат мүддесін,арманын шырқаған ақын.