kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Оқушыларға ұлттық рухани  мұра  өлшемі түсінігін кеңейту арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.                                                                       

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты»

Тексерілді:___________

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Кеңсахара орта мектебі Мерзiм 26 Мұғалiм: Ильясова А.Т.

Класс: Оқушылар саны: Тақырып: Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: шынайылық, жауапкершілік, қамқорлық


Сабақ мақсаты: Оқушыларға ұлттық рухани мұра өлшемі түсінігін кеңейту арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Оқушыларды шынайылықпен жұмыс істеуді түсіндіру.

2.Оқушыларды ісі мен ойына жауапкершілікпен қарауын дамыту.

3.Оқушыларды қамқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (оқулық, )

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ережесі

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық 

2.Тыныштық сәті.«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сабақ барысын талқылау:

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Г.Молдағалиеваның «Дәстүр жалғастығы – ұлт болашағы» әңгімесі.№25 сабақ 115 - 117бет.

1.Ұлт тағдыры дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Қазақтың қандай өнерін басқа елге мақтан ете аласыңдар? 3. Қандай ата салт дәстүрлерді білесіңдер?

4. Ата бабамыз өз ұрпағын тәрбиелегенде нені міндет етті?

5. Өзің бойыңдағы жауапкершілігіңді қалай көрсетіп жүрсің?

6. Жастар бойындағы қамқорлықты қалай білдіре алады ?

4.Дәйек сөз.

«Мен арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарға сенемін» М .Жұмабаев

1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Ұлдар 2 рет. Қыздар 2 рет. Барлығы бірге1рет. Дәптерге жазу.


5.Әңгімелесу (Мұғалім сыйы)

Жауапкершілік жүгі

Ерте ерте ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңеліп, өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып-тозып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпай ешнәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады.

Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді.

Қария күн демей түн демей ойланса да ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жақындарымен қоштасып, жиған-тергенін арқасына артып кетіп бара жатып бір ауылдың маңайында қой мен қозы бағып жүрген жас қойшыны көреді. Онымен біраз әңгімелеседі. Қойшы “Аға, аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын, үй жаққа барып соны ала келейін деп едім” дейді.

Ғұлама біреуге болсын жақсылығым тисін ниетімен қуана келіседі. Бар ынта мен назарын мойына алған жауапкершілігіне салып тұрғанда, бір қозы ойнап жүріп ор ішіне домалап түседі. Қозыны құтқарып шығармаса өзі шығалмайтыны анық. Қойшы баланың алдында ұят болды-ау деп, ғұлама орға түскен қозыны құтқармақшы болады. Осы мақсатпен ордың ең астына түседі.

Қозыны арқасына байлап ордан шығуға тырмысады. Бірақ қозының ауырлығынан көпке шыдамай қайта орға құлайды. Қайта тырмысып, қайта құлап әрең дегенде қозыны ордан алып шығарады.

Жас досына берген уәдесін орындау үшін, бір қозыны құтқарам деп жанталасқаны, өзінің басына түскен жағдайды, өлкені тәрк етіп бара жатқаның естен шығарады. Есіне түсіп ойланады: “Кімде кім бастаған істің сәтті аяқталуын мақсат етіп, қойған мақсатына толық берілген болса, ол кісінің ешқашан іші да пыспайды, басқа ешнәрсені көңіліңе де алмайды”

Осыны ойлап ғұлама қашудан бас тартады. Ханның алдына барып:
– “Уа мәртебелім, егер ханзаданың ешнәрсеге қызығушылығы жоқ болып іші пысса, өмірден түңіліп жүрсе – оның үстіне жауапкершілік жүктеңіз, бос уақыт болдырмайтын тапсырма беріңіз. Ішпысқандықтың, өмірден түңелгендіктің негізгі себебі – еріккенділік. Беретін тапсырмаңыз қаншалықты үлкен, жазасы қаншалықты ауыр болса, балаңыздың өмірге деген көзқарасы соншалықты тез өзгеріп, құштарлығы артып, жаңадан тыныс алғандай болады”

  • Әкесі ханзада туралы неге уайымдады?

  • Қиындықтан қашқан ғұлама өз қатесін қалай түсінді?

  • Ғұлама ханзаданы құтқару үшін әкесіне қадай кеңес берді?

  • Адамның өмірге деген құштарлығы қай уақытта артады?

  • Өзің жауапкершілікпен атқарған іс әрекетің?


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Жұлдызшалар» арқылы топтастыру.

Жоба қорғау

І топ: «Менің арманым қамқор болу»

І І топ: «Шынайылықпен жетістікке жету жолдары»

Оқушыларды стикер арқылы екі топқа топтастыру.

7.Топпен ән айту.

Рух пен тіл

Сөзі мен әні М.Шаханов

(өлең жолдарында оқушылар шығармашылығы бойынша өзгертілген тұстары кездеседі)

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді.

Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.

Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,

Олар елін,тілін,қорғап барын салған бұл жерде.

Қайырмасы:

Ұлтсыздану заманында,

Тілің нарық табанында,

Көнбістік бар қадамыңда

Рухыңды биік ұста қашанда.

Тіліңді жоғалтпа

Діліңді жоғалтпа ( 2 рет)

Жоғалтапаңдар ( 2рет) бәрін.

Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,

Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.

Өзге ананың мазмұнына, мерейіне жол салар,

Барлығы да аналарды сүйе алыңдар адамдар.

Қайырмасы:

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да. Қайырмасы:


8.Үй тапсырмасы.

27 сабақ.125 - 127 беттегі Ә.Кекілбаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мәтінін оқып келу.


9.Сабақтың қорытынды минуты. Жағымды әуен қосу.Балалар бір сәт көздеріңді жұмып, осы сабақ барысында алған шынайы әсерлеріңді, айтылған ойларыңды жүректеріңе түйіп алыңыздар.

Жаймен көздеріңізді ашуға болады, сабағымыз аяқталды ,сау болыңыздар.Рахмет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Ұлт руханияты - ұрпақ аманаты

Автор: Ильясова Алия Тунгышбаевна

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411862

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?лт руханияты-?рпа? аманаты.?зін-?зі тану саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(60) "u-lt-rukhaniiaty-u-rpak-amanaty-ozin-ozi-tanu-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294013"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455591853"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "?лт руханияты-?рпа? аманаты"
    ["seo_title"] => string(26) "ultrukhaniiatyurpakamanaty"
    ["file_id"] => string(6) "316167"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460028593"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства