Ту?ан к?н та?ырып бойынша ?тілген материалды пысы?тау. Ойлау ?абілетін дамыту, салыстыра білу, негізін ажыра алу да?дыларын, с?з байлы?ын дамыту. ?лтаралы? сыйласты? пен хал?ыны? салт- д?ст?рін са?тау?а дайын т?л?аны ?алыптастыру. Саба?ты? к?рнекілігі: слыйдтар, с?зж?мба?, ма?ал-м?телдер, салт- д?ст?рлер бейнеленген суреттер, ?ле?дер. О?у ?дістері: с?ра?-жауап, баяндау, талдау, ой ?оз?ау.Саба?ты? т?рі: ойын-саба?
Балалар, ал енді мына с?з ж?мба?ты шешіп, тірек с?зді о?иы?. ?андай тірек с?з шы?ты? Б?гінгі саба?ты? та?ырыбы ?андай? Бізге ?она??а кім келді? Балалар, ту?ан к?н жылына бір рет келетін мереке.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: Менің туған күнім. Жай шырай Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Туған күн» тақырып бойынша өтілген материалды пысықтау,бекіту. 2.Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білу, негізгіні ажыра алу дағдыларын, сөз байлығын дамыту. 3.Тәрбиелік: Ұлтаралық сыйластық пен өз халқының салт-дәстүрін сақтауға дайын тұлғаны қалыптастыру. Сабақтың көрнекіліктері:слайдтар, сөзжұмбақ,мақал-мәтелдер,салт- дәстүрлер бейнеленген суреттер, өлеңдер. Оқу әдістері: сұрақ –жауап, баяндау,талдау,ой қозғау . Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: ойын-сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Психологиялық дайындық.(Слайд 1) Орнымыздан тұрайық, Амандасып алайық. Ұқыпты тыңдап сабақты, Жақсы баға алайық. 2.Сабақ мақсатымен танысу 3.Сабақтың тақырыбын анықтау. Балалар,ал енді мына сөзжұмбақты шешіп,тірек сөзді оқиық. Қандай тірек сөз шықты? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?(Слайд 2) Сабақтың тақырыбы: «Менің туған күнім» (Слайд 3) Қандай жақсы туған күнің болғаны Әр жыл сайын 1-жасқа адам толғаны Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды, Көңіліміз көтеріңкі жайдарлы. Бізге қонаққа кім келді? Қуыршақ (қолында қоржын-тапсырмалармен,торт) Балалар,туған күн бұл жылына бір рет келетін мереке. Туған күні болған адам шат-шадыман күй кешіп,көңілі тасып жүреді. Туған күн кезінде адамдар бірін-бірі құттықтайды,жақсы тілектер айтады,сыйлықтарды сыйлайды, шашу шашады. ( мұғалім шашу шашады)(Слайд 4) Балалар, бұл кәмпиттер ерекше. Шашудың ішінде тапсырма бар.Сол тапсырманы орындайық (Кәмпиттің ішінде кездесетін сөздер: шақыру, қонақ,сыйлық,құттықтаймын,жақын қарым-қатынас,шын дос,сенімді дос,бірге күліп жадырап) Дәптермен жұмыс.(Осы сөздерді пайдаланып,сөйлемдер құраңдар) (Қарақшылар келеді).(Слайд 5) Мұғалім: Оу, қарақшылар сендер бұл жерде не істеп жүрсіңдер. Біздер туған күн тойлап жүрміз. Сендер біздің тойымыздың шырқын бұзуға қақыларың жоқ. Қарақшы: Бізде көңіл көтеруге келдік. Біздің де өнеріміз бар, қанекей достар. (Қарақшылар – тортты алып кетеді). Мұғалім: Балалар,торт жоғалып кетті. Туған күнді тортсыз (Слайд 6) қалай өткіземіз. Енді не істейміз? Сиқыршы: Мен сіздерге көмектесемін. Қане мына (Слайд 7) жердегі іздерді іздеп көрейік.Осы іздер болар.Мына іздердің сыңарын табайын .Ал біз,балалар,қуыршақтың тапсырмасын орындайық. Ойын «Сөздерді сөйлет» (диалог құраңдар)(Слайд 8) досым,аты,ұлты,оқиды,бүгін,сыйладым,құттықтаймын Жұмбақ шеш ( Келесі тапсырма)(Слайд 9) Сәбиге сәнді үй Анаға ән – күй.(Бесік) Бесік жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды.Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады.(Слайд10) Балалар,бесік орысша қалай аталады? Дұрыс-колыбель.(Балалар ««Бесік жыры.», «Колыбельная» өлеңдерді хормен айтады.) - Мынау қандай дәстүр? («Балаға ат қою» туралы баяндау) Қазақстанда балалар тату- тәтті жүзден астам ұлттар тұрады, әр ұлттың өздерінің салт-дәстүрлері бар. Сондықтан біз әр ұлттың дәстүрін құрметтеуіміз керек. Сергіту сәті. «Қара жорға» Қуыршақтың келесі тапсырмасы.(Слайд 11) Ойын «Тез тап» (Слайд 12) 1Менің сыйлығ.. ым, м, ымыз, ыныз 2 Сенің бала... ң, м, ың, ің, сі, і, ы, сы, 3Сіздің дос... 4 Оның дәстүр...... 5 Менің әже..... қонаққа барды «Құттықтау сөз айтысы» (Үй тапсырманы тексеру) (Слайд 13) Сиқыршы: Сүйінші! Сүйінші! (Слайд 14) Торт шығады. Мұғалім: Туған күнің құтты болсын балақай, (Слайд 16) Қуаныш пен шаттық бағын аралай, Ата- анаңның сүйікті ұл мен қызы боп, Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай. Сабақты қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма: «Туған күн» туралы әңгімелесу. Рефлексия. Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? (Слайд 18)