Сабақ: Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаманның айырмасы» өлеңі | Мектеп: |
Пән: Қазақ әдебиеті | Күні: | Мұғалімнің есімі: |
Сынып: 6в-сынып | Қатысқандар саны: 24 оқушы | Қатыспағандар саны: жоқ |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Оқушылардың жаңа тақырыпты өз беттерінше оқуына, талдап, өз пікірлерін еркін айтуға машықтанады, сөз мағынасын таныту арқылы шығармашылықпен жұмыс жасайды, патриоттық қасиеттерін дамытады. |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: |
С.Аронұлының өмірімен және өлең мазмұнымен танысады, оқуға деген ынтасы артады, сыни тұрғыдан ойланады. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Өмірмен байланыстырады, жеке тұлға болып қалыптасады. |
Кейбір оқушылар: |
Өз беттерімен әңгіме, өлең құрастырады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Миуалы ағаш, әмма, парқы, көкірегі көр, көзі соқыр, сеңсең тон, балтаның ұңғысы т.б. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар: |
«Жақсы деген немене, жаман деген немене?», «Мен қандаймын?», «Жақсы болу өзінен, жаман болу өзінен». |
Достық, ынтымақтастық |
Шығармашылық жұмыс |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Жақсы адам, жаман адам қасиеттері |
Алдыңғы оқу | Д.Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас». |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Басталуы 10 мин | Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал. «Шаттық шеңбер» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, «Миуалы ағаштан» алмаларды үзіп алады және алма артындағы «Домбыра», «Айбалта», «Асық», «Қамшы» суреттері арқылы топқа бөлінеді. Оқушылардың сабаққа қатынасуы тексеріледі,топ мүшелерінің көшбасшылары, бағалаушылары сайлап алынғаннан кейін, критерий жазылған бағалау парақшалары таратылады. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Бинго» ойыны арқылы Дулат ақынның өмірі мен «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен өткенді қайталау. ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы. ІV. Жаңа сабақ. 1. Қызығушылықты ояту. «Беу, Сүйінбай, Сүйінбай, Есімің елдің туындай. Жыр нөсері төгіп тұр, От ойнатып суынбай. Хас жүйрікті таңдар ма, Тіл қатар төре-хандарға?! Турасын айтып тураған, Өзіңнен асар жан бар ма?!» - деп кеше ғана «Жетісу» газетінің ақын-тілшісі Әміре Әрін айтқандай «...Ақындардың ақыны, Айдын көлдей ақылы...» болған Сүйінбай Аронұлының туғанына неше жыл толып отыр? «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. | «Шаттық шеңбер»,интербелсенді тақта, «Миуалы ағаш» Бағалау парақтары «Бинго» ойыны «Миға шабуыл» стратегиясы |
Ортасы 30 мин | 2.Мағынаны тану. Оқушылар Сүйінбай ақын туралы ойларын ортаға салып, топтық жұмыс жасайды. Әр топ әр түрлі стратегиялар арқылы постер қорғайды. Домбыраны таңдап алғандар еліміздегі ақындарға топтастыру жасайды, ал айбалтаны таңдағандар еліміздегі батырларға кластер жасайды. Үшінші топ болса, «Фишбоун» әдісі арқылы Сүйінбай Аронұлы туралы түсінік береді. «Қой асығы демеңдер, Ақылы асса сақа ғой...» дегендей төртінші топ «Түсінік дөңгелегі» әдісі арқылы «Мінсіз оқушы» бейнесін жасап, негізгі ойларын жинақтайды. V. Жаңа білімді бекіту. «Шатастырылған логикалық бау» әдісі арқылы оқушылар өлең жолдарынан алынған сөздерді орын тәртібімен, ұйқасымен құрастырады. Әр топ берілген сөздерімен бірге өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, мағынасын түсінеді. Түсініксіз сөздерді сөзмаржан арқылы мағынасын ажыратып, дәптерлеріне жазады. Өлең құрылысына назар аударып, талдау жүргізу, теңеу сөздерді теріп жазу. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы арқылы адамның жағымды, жағымсыз қасиеттерін анықтайды. Сергіту сәтінде оқушылар әнді тыңдау арқылы интербелсенді тақтада мәтінін естеріне сақтайды. 3. Ой толғаныс. Оқушылар «Сөз бастаған бұлбұлмын...», «Топ бастаған дүлдүлмін!..», «Судан шыққан сүйрікпін...», «Бәйгеден озған жүйрікпін!..» өлеңмен немесе қара сөзбен өздерінің жақсы қасиеттерін ұйқасына салып, шығармашылықпен жұмыс жасайды. VІ. Жаңа сабақты қорытындылау. «Арайлап атар ақ таңы, Жамырай жайнап бақтары, Сүйекең жолы шамшырақ, Елімнің мәңгі мақтаны!»- деп сабағымызды қорытындылай келе, бес жолды өлең құрастырайық. «Синквейн» әдісімен бес жолды өлең құрастырады. | «Топтастыру», «Кластер» «Фишбоун», «Түсінік дөңгелегі» стратегиялары, постерлер «Шатастырылған бау» стратегиясы интербелсенді тақта, «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі, Сергіту сәті «Синквейн»әдісі |
Аяқталуы 5 мин | VІІ. Бағалау. Оқушылар бағалау парақшаларымен топ мүшелерін бағалағаны туралы бағалаушыларға сөз берілген кезде, қалай бағалағаны жайында айтып өтеді. VІІІ.Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап, «жанында жүр жақсы адам» достары туралы ой-пікірлерін жазады. Кері байланыс кезінде стикерге тілек-ұсыныстарын жазып, оқушылар жазғандарын тақтаға іліп кетеді. | Бағалау парақшалары Рефлексия, стикер |