Данный урок казахского языка для 9 класса русской школы. На данном уроке дети познакомятся с северо - Казахстанской областью,Узнают о природе, о производстве в Северо Казахстанской области.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Солтүстік Қазақстан Облысы»
9 сынып қазақ тілі
Кожасагитова Гульнар Даулешевна
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақстан аймағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Қазақстан аймағы жайлы оқушыларға мағлұмат алуға жағдай жасау, оқушылардың кескін картамен жүйелі жұмыс жасауын дамыту;
Дамытушылық: Оқушыларға өз елі, Отаны туралы түсініктерін тереңдетіп өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: • Тақырып бойынша білімдерін кеңейте алады. • Топ арасында ынтымақтастық, ойларын ашық айтуға, еркін ой бөлісуге, өз көзқарасын дәлелдеуге дағды қалыптасады. • Ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыта алады . • Сыни тұрғыдан ойлана білуге үйренеді.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Психологиялық ахуал.3 мин
Сабағымызды мына тақпақтан бастаймыз.
К.к .сп.нд. К.н к.лс.н,
Б.рге к.лс.н ад.мд.р.
К.к .сп.нда К.н к.лс.н,
Ж.рге .д.й. н.р қ.йс.н!
(тақпақты жаттау) Бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, отырамыз.
І. Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Оқушыларды назарын бүгінгі сабаққа аудару. Мына картаға қарап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Көк түспен белгіленген аймағына назар аударыңдар. Сабақтың тақырыбы қандай? Солтүстік Қазақстан аймағы туралы сөйлейміз. Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлемді есімізге салып өтеміз. Біз бүгін солтүстік жеріміз туралы мағлұматтар алып, өз ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз. Бүгін сабақта өз білімдерінді бір-бірінді мұқият тыңдап, өздерін бағалап отырасыңдар. Әр тпта 1 жауапты оқушы бағалар қойып отырады. 1 топта - , 2 топта- , 3 топта- . Сабағымызды сұрақтардан бастаймыз. 1 топ 2 топқа сұрақтар қояды, ал 3 топ жеке тапсырмаларын орындайды.
«Ой қозғау» әдісі 3 мин 1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан? 2. Отанымыздың жері қандай? ұлан-байтақ
3. Еліміз неге бай? астыққа, пайдалы қазбаларға
4. Қазақстан солтүстікте қай елмен шектеседі?
5. Еліміз оңтүстікте Қытаймен шектесе ме?
6. Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толып отыр?
7. Әр Қазақстан азаматының борышы қандай? Отанын қорғап сақтау
8. Сен болашақта Отан үшін қандай үлес қосасың? Отан үшін еңбек ету
«Ой түйін» әдісі Жеке тапсырмалары: Кескін карталармен жұмыс 1 оқушы- берілген карта бойынша әңгіме құрстыру.
Менің Отаным –Қазақстан. Ол Еврзия құрлығында орналасқан.Оның жалпы жер көлемі -2700 мың шаршы шақырым. Батыстан шығысқа қарай 3.000 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км. Еліміз солтүстік пен шығыста Ресеймен, оңтүстікте Өзбек, Қырғыз және Түркіменстан елдерімен шектеседі. Елімізде 14 облыс бар. Біз Қостанай облысында тұрамыз.
2 оқушы-карта бойынша Қазақстан облыстары туралы әңгіме құрастыру
Елімізде 14 облыс бар. Ақмола облысының орталығы –Көкшетау қаласы, Ақтөбе облысының орталығы – Ақтөбе қаласы , Алматы облысының орталығы-Талдықорған, Атырау облысының орталығы-Атырау, Батыс Қазақстан облысының орталығы- Орал қаласы, Жамбыл облысының орталығы- Тараз, Қарағанды облысының орталығы- Қарағанды, Маңғыстау облысының орталығы-Ақтау, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы- Шымкент, Солтүстік Қазақстан облысының орталығы-Петропавл, Шығыс Қазақстан облысының орталығы-Өскемен, Қостанай облысының орталығы- Қостанай қаласы. Қарағанды облысы жер көлемі бойынша ең үлкен облыс. Атырау мен Оңтүстік облыстары ең кішкентай.
3 оқушы - Қазақстан жерінің аймақтары жайында әңгіме құрастыру.
Қазақстан жері Оңтүстік, Солтүстік, Орталық, Батыс және Шығыс аймақтарына бөлінеді. Оңтүстік Қазақстанға Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік, Алматы облыстары жатады. Орталық Қазақстанға Қарағанды облысы кіреді. Батыс Қазақстанға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жатады. Солтүстік Қазақстан аймағына Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Шығыс Қазақстан Семей және Өскемен өңірлерін қамтиды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.10 мин
Үш деңгейлік тапсырма орындады. Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
1 топ- «Менің Отаным — Қазақстан» шығарма жазып келу.
Менің Отаным-Қазақстан!
Анамыздай тілеуі -ақ
Отан бізде біреу -ақ!
Ол- біздің Қазақстан! - деді өз өлеңінде Мұзафар Әлімбаев. Отан дегеніміз- адамның туып-өскен жері. Менің Отаным - Қазақстан. Мен Қазақстанда туып өскеніме өте ризамын. Менің елім - мақтанышым. Оның кең-байтақ жері, көгілдір көлдері, жер асты толған байлықтары бәрі де –біздің қазынамыз. Оларды сақтап, қорғауымыз керек. Отанымды анамдай жақсы көремін. Отанды сүйген адам туған жерінің тілін құрметтейді. Болашақта мен мектепті бітіргеннен кейін, мамандық алып, еңбегімді Отаныма арнаймын.
Қазақстан — біздің Отанымыз.
Қазақстан — біздің Отанымыз. Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да кездеседі. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі. Аматыдағы «Медеу» мұз айдыны халқымыздың мақтанышы болып саналады.Қазақстан бәріміздің Отанымыз, өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.
Шығарманың негізгі идеясы қандай?
2 топ- Зат есімдер, сан есімдер және етістіктер арқылы тірек сызба жасап, сұхбат құрастыру. 4 мин
1991 2006 1998 1997
1992 1995
1993
жаңа әнұран Астана
Тәуелсіздік Ақмола
мемлекеттік рәміздер Ата Заң
ұллтық валюта
3- топ- Отан туралы өлеңдерді жаттап келу. 4 мин
Самат, сенің ұлтың кім? менің ұлтым- қазақ Орысша аударғанда қалай?
Музыкалық үзіліс. 4 мин Енді тұрып, «Я-казах» әнін орындау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Бейне материалды мұқият қарап, берілген сұрақтарға жауап бересіңдер.
Солтүстік Қазақстан аймағы
Солтүстік Қазақстан аймағына 4 облыс кіреді: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары . Оның топырағы құнарлы, сондықтан егіншілікті аудан болып саналады. Қостанай облысында Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты бар. Аудандағы көрікті жерлер де бар: Шортанды- Бурабай курорты, Қорғалжын, Наурызым қорықтары, Баянауыл, Көкшетау саябақтары. Көкшетау жерін «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды. Солтүстік Қазақстанда өзендер мен тұщы сулы көлдер мол. Бұл аймақта Тобыл, Ертіс, Есіл өзендері ағып өтеді. Павлодардағы ең ірі кен орыны – Екібастұз , оның жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай болатын. Сол жерде алтын , күміс, мыс, мырыш, барит те бар. Солтүстік Қазақсан облысында алуан түрлі пайдалы қазбалар шығарылған. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар:цирконий, уран,титан, вольфрам. Отанымыздың елордасы- Астана қаласы Ақмола облысының Сарыарқа жерінде Есіл өзенінің бойында орналасқан.
Әр топқа 1 сұрақ қойылады.2 мин
1.Солтүстік Қазақстан аймағына қандай облыстар кіреді?
2. Бұл аймақта қандай өзендер ағып өтеді?
3. . Павлодардағы ең ірі кен орыны қандай?
Мәтінді тізбектеп оқып шығамыз.
«Ой түйін» Жаңа сабақты меңгерту Мәтінмен жұмыс:
а) 1 топ- постер құрастырып қорғайды;
ә) 2 топ- сұрақтарға жауап береді.
1.Солтүстік Қазақстан аймағына қандай облыстар кіреді?
2.Оның топырағы құнарлы болғандықтан, қандай аудан болып саналады?
3. Қостанай облысында темір кенін өндірілетін қандай комбинат бар?
4. Сол ауданда қандай көрікті жерлер бар?
5. Көкшетау жерін қалай атайды?
6. Бұл аймақта қандай өзендер ағып өтеді?
7. Павлодар облысында пайдалы қазбалар өндіріледі?
8. Отанымыздың елордасы- Астана қаласы қайда орналасқан?
б) 3 топ- мәтіндегі қиын сөздерді аударады.
аймақ – тұщы- егіншіліктікөрікті -
көмірқоры- мыс - мырыш- пайдалы қазбалар-
маңызды-
Мәтіннен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді тауып талдайды.
Бекіту кезеңі 1 топқа –«Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны. 2 мин
Бейнені қарап, қатені тауып түсіндіресіңдер.
1. Солтүстік Қазақстан аймағына 5 облыс кіреді.
2.Астана қаласы Тобыл өзенінің бойында орналасқан.
3.Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты Ақмола облысында орналасқан.
Тіл дамыту Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру. 2мин
Бұл өлке қалай аталады? Оның табиғаты қандай?
Суретте не бейнеленген? Бәйтеректің биіктігі неше метр?
Сенің ойынша, бұл қандай қала? Ол қайда орналасқан?
ІҮ. Қорытынды.Рефлексия «Ойлан, тап!» 5 мин Әр оқушы берілген картаға еліміздің облыс атауларын, аймақтарын, өзен -көлдерін белгілеп, жазады.
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып түсіндіреді.
Сарапшылардың қойған бағаларын тыңдау.
Қазақтың дәстүрі бойынша сабағымызды ақ батамен аяқтаймыз .
1 мин Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз көркейіп, гүлдене берсін.
Бәріміз бір шаңырақтың астында
Тату-тәтті өмір сүрейік! Әумин!
Үйге тапсырма беру: 1 мин Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша тірек сызба құрастырып, мазмұн айтып келу немесе сұхбат жаттау