kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сенім мені? серігім (5 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

?з замандастарымен сенімді ?арым-?атынас ??ра білу ?абілеттерін дамыту. ?зіне, ?згеге, ?о?ам?а сенім білдіруге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сенім мені? серігім (5 сынып)»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОББМ

Тақырып: «Сенім менің серігім»

Құндылық: Сенім

Қасиет: адалдық, кішіпейілділік

Мұғалім: Жунусова Жанара Кабылкаковна

Сынып: 5 Оқушылар саны:22

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

«сенім» ұғымының мәнін ашу;

Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.(ӘУЕН ОЙНАЛАДЫ )

Теңіз әлеміне саяхат.



Балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдар. Ә.Табылдиевтің «Сенім» өлеңі оқылады.

Еңбек етсем, ертеңгі

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

Мына ой, өлең не жайлы айтылған екен?

- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сенім – менің серігім».

  • «Сенім» деген сөзді қалай түсіндіңдер?

  • Өздеріңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласыңдар?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

  • Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?



Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау мақсатында үйге берілген «Жаңа дүкенде» мәтіннің мазмұнын сұраймын.

- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?


Тыныштық сәті (Музыка қосу)

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Арқаңызды тік ұстап отырыңыздар.Көздеріңді жұмыңыздар. Әрбір тыныс алған сайын көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, аналарыңның аялы алақаны мен ыстық құшағында тұрғаныңды елестетіндер.Аналарын сендерді беттерінен сүйіп,жылы-жылы сөздер айтып, өз құшағына алып құшақтады. Енді көздеріңді ашындар.

Балалар не сезіндіңдер?



Жаңа ақпарат.

Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады. Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі. Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».


Сахналау

Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогты сахналау ұсынылады «Кімге сенім артуға болады?» .

  • Сенімге ие болу үшін не істеу керек?


Шығармашылық жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар

С - сенімді, сыпайы, ...

Е – ерен, ерекше,...

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...

І - ілтипатты, ...

М – мәдениетті, момын,

Дәйексөз

«Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі».

М.Жұмабаев


Дәптермен жұмыс

Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.


«Тренинг»
Қазір бәрлеріңізге сергіту сәтін ұйымдастырсақ.
«Дене мүшелерін қозғалту» деп аталады. Қазір сіздерге әуендер ойнатылады, ал сіздер орындарыңыздан тұрып, әуеннің ырғағымен менің айтқандарымды орындайсыздар. . Келісіп алсақ, кеттік онда. (әуендер ойнатылады)
1. Бастарыңызбен ғана билеңіздер.
2. Мойындарыңызды қосып билеңіздер.
3. Ыйықтарыңызды қосып билеңіздер
4. Қолымызды қосып билейміз
5. Белді қосып билейміз.
6. Аяқтарымызды қосып билейміз.
Тамаша! Балаларымыз қалай жақсы билейді. Рахмет, балапандарым


Жүректен жүрекке

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген. Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара ұштастырайық.

Мен жастарға сенемін!

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты -
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар-балапан,
Жайылып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан.
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиетті тілектер -
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды Алаш елім дер,
Алтын арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу барма тұлпарға,
Талу барма сұңқарға,
Иман күшті олрарда,
Мен жастарға сенемін!
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті Құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға,
Алаш отын оспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!

Үйге тапсырма

«Сенім» өлеңін жаттау, мәтінді оқу



Соңғы тыныштық сәті

Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру.

- Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сенім мені? серігім (5 сынып)

Автор: Жунусова Жанара Кабылкаковна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328250

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) ""Сенім – мені? серігім" та?ырыбында?ы 5 сынып?а  арнал?ан ашы?  саба?  жоспары "
    ["seo_title"] => string(81) "sienim-mienin-sierighim-tak-yrybyndag-y-5-synypk-a-arnalg-an-ashyk-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "162166"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422332027"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "?зін-?зі тану п?ні бойынша ашы? саба?. Та?ырыбы: Сенім- мені? серігім!"
    ["seo_title"] => string(73) "ozin-ozi-tanu-p-ni-boiynsha-ashyk-sabak-tak-yryby-sienim-mienin-sierighim"
    ["file_id"] => string(6) "320747"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461141371"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Сенім-мені? серігім "
    ["seo_title"] => string(23) "sienim-mienin-sierighim"
    ["file_id"] => string(6) "168143"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423197927"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Сенім-мені? серігім. 5-сынып"
    ["seo_title"] => string(27) "sienimmieninsierighim5synyp"
    ["file_id"] => string(6) "309165"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458748878"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Сенім-мені? серігім""
    ["seo_title"] => string(25) "sienim-mienin-sierighim-1"
    ["file_id"] => string(6) "292741"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455342912"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства