kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ш.Құдайбердіұлы "Адамдық борышың" өлеңі" тақырыбында қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары 6-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш.Құдайбердіұлы "Адамдық борышың" өлеңі 6-сынып 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ш.Құдайбердіұлы "Адамдық борышың" өлеңі" тақырыбында қазақ әдебиетінен ашық сабақ жоспары 6-сынып»

 

 

 

Начало формы

Менің борышым халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу. Және де ата-анамның үмітін ақтау,сабақты тек қана беспен оқу.







Конец формы

Начало формы

Біздің ата-бабаларымыз бізге елімізді,жерімізді аманат етіп кеткен, Бұл аманатты олар қанын төгіп,жанын қинап алған. Тәуелсіздігіміз үшін күресіп,халқымызды бұғаудан босатқан. Енді сол іске құрметпен қарап,отанымызды сыйлап.көркейтуімуз керек. Менің ең бірінші борышым осы! Ал бұл үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқуым керек! Міне!







Конец формы

Начало формы

Менiң борышым

Менiң борышым - ата-анамның сүтiн ақтау, елiмнiң үлкен азаматы болу, халқыма еңбекқылу. Мен борышымды орындау үшiн ақ жолдан айнымай, бар күшiмдi аямай, тек алға ұмтылу керекпiн.Мен келешек қамы үшiн өмiрiмдi сарп етемiн. Сабағымды жақсы оқып, өскенде жаксы мамандыктың иесi болғым келедi. Мен борышымды ақтаймын.































Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931) «Адамдық борышың» өлеңі

Сабақ мақсаты: Білімділік: оқушыларға ақын туралы ақпарат беру; өлеңді талдау; «борыш» туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: ақын өлеңін талдау арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: адамгершілік тәрбие беру.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа білімді игерту.

Көрнекілігі: ақынның суреті, слайд

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақ барысы І .Ұйымдастыру   кезеңі: Сәлемдесу.
1 ) Психологиялық сәт:
-Күнге  қолдарыңды  созыңдар. Күннің  жомарт  сәулелері  ананың  нәзік  алақанындай  аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді   жылу  мен  махаббатқа  толтырады.

Күн  жарығын  алақанға  саламын, Жүрегіме  басып  ұстай  қаламын,

Нұрын  шашып  жарығы  мен  мейірімімін Көркін  ашар  мына  әсем  даланың,-дей  келе  сіздерге бүгінгі  сабақта  жақсы  көңіл –күй  сыйлаймын.

 ІІ .Сабақтың  негізгі  бөлімі:

-Балалар  өткен  сабақта  біз  сыныптан тыс оқу тақырыбын меңгерген болатынбыз. Енді  сол  өткен  тақырыпты  есімізге  түсірелік.

Үй  тапсырмасын  сұрау:

1.Әрбір оқушы өзінің сүйген ақынының   бір  өлеңін мәнерлеп  оқып  беру.

 «Мәнерлеп оқу минуты»
Мәнерлеп оқу әлемі,
Әсерлі де әдемі.
Әр адамның міндеті.
Жүрегімен оқуы
– деп мәнерлеп оқу минутын өткізбекпіз.

Жаңа  сабаққа  тоқталу.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы, — деп Абай атамыз айтқандай бірінші сабағымызды өлең тыңдаудан бастаймыз.
Шәкәрім:
Адамдық борышың,
Халқына еңбек қыл
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл,
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
 

Білімсіз,

Өнерсіз,
Болады ақыл тұл.

Мақтанға  салынба

Мансаптың  тағы  үшін,

Нәпсіңе  билетпе

Басыңның  бағы  үшін.

Өміріңді  сарп  қыл

Өлгеніңше,

Жоба  тап,

Жол  көрсет,

Келешек  қамы  үшін.

Қайтадан  қайырылып,

Қауымға келмейсің,

Барыңды,

Нәріңді

Тірлікте  бергейсің.

Ғибрат  алар  артыңы  із  қалдырсаң,

Шын  бақыт – осыны  ұқ,

Мәңгілік  өлмейсің!

— Өлең не туралы (адамдық борыш)
— Бұл кімнің өлеңі?
— Олай болса біз бүгінгі сабағымызда Ш. Құдайбердіұлы  өмірі, шығармашылығымен  және «Адамдық борышың» өлеңімен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-слайд (Шәкарім суреті)

-Балалар , қазақ  халқының  рухани, мәдени, әдеби  өмірінде  өзіндік  із  қалдырған  асыл  тұлға, сөз өнерінің  өрең  жүйрігі, даналық  ойдың  дара  зергері, әмбебап  талант  иесі  Ш.Құдайбердіұлының  өмірі, шығармашылығы  туралы  қандай  мағлұмат  білесіңдер?  Олай  болса  слайдқа  көңіл  аударайық.

(Слайд  арқылы  көрсетіледі.)

1.Шәкәрім – Меккеге  барып,қажы  атанған  адам.

2.Шәкәрім  өз  заманында  ойшыл  азаматтардың  бірі  атанған. Мекке  сапары  Шәкәрім  үшін  діни  сапар  ғана  емес,  ілім  іздеу  жолы  болды.  Ол

аса  бай    Стамбул  кітапханасында  болады.  Египеттегі  Александрия  кітапханасына  қызмет 

еткен  ғалымдардан  сұрап, керекті  кітаптарды  жаздырып  алады.

3.Шәкәрім  тарихпен  де  айналысады. «Меккенің  де, Мединенің  де  тарихтарын  ақтардым», — дейді  өзі. Бұл  саладағы  басты  еңбегі – «Шежіре».

4.Шәкәрім  түйеқарын  өсімдігін  қайнатып, қойылтып, оған  ашудас  қосып, қолдан  сия  жасай  білген, өзі  сол  сиямен  жазған.

5.Шәкәрім  төрт  тілге  жетік  болған: орыс,араб, түрік,  парсы.

6.Шәкәрім  өз  тұсындағы  құсбегі, мерген, аңшы  болған.

7.Шәкәрім  Л.Толстойды  өзіне  ұстаз  тұтқан, онымен  хат  алысып  тұрған.
1) Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мағлұмат.
Шәкәрім (1858 — 1931) Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы. Ұлы Абайдың немере інісі. Әкесінен 7жасында жетім қалған. Атасы Құнанбай тәрбиесіне алады.
Абайдың — ақыл кенесімен өлең жаза бастады.

IV. Оқулықпен жұмыс

«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу.

Негізгі тақырыбы - адамзат міндеті. Идеясы - артына үлгі аларлықтай іс қалдыру. Адамның борышы - халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу - мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.

Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.

V.Өлеңді құрылысына талдау.(3-слайд)

Өлең құрылысына талдау жасау

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.               /шумақ,тармақ,бунақ,буын,ұйқас түрлерін табу/

4-слайд

Авторы- Ш. Құдайбердіұлы

Негізгі тақырыбы- адамзат міндеті

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Жанрлық түрі-поэзия

Шумақ-6 шумақ

Тармақ-24

Бунақ-63

Буын-1 шумақ-6 буыннан



Дәптермен жұмыс.

Адамдық борыштарды жазамыз.

1.адал еңбек ету

2.білім мен өнер үйрену

3.келешекке жол көрсету

4.үлгі болатын іс қалдыру

а. Сөздікпен жұмыс.

Мансап - атақ

Нәпсі - жаман іс

Тұл - ешнәрсесі жоқ

Ғибрат - үлгі.

5-слайд Тақтада сөздер берілген. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды.

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайық.

(дәптермен жұмыс)

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері

Білімді мақтаншақ

арлы білімсіз

еңбекқор мансапқор

шыншыл айлакер

өнерлі жалқау

жомарт өсекші

ата ананы сыйлайды өтірікші

сараң

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.

Кестемен жұмыс (7-слайд)

 

             Абай Құнанбаев

   Шәкәрім Құдайбердіұлы

        «Әсемпаз болма әрнеге»

       «Адамдық борышың»

1.Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін

2.Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан!

Жоба тап,

             Жол көрсет,

                        Келешек қамы үшін

3.Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң,

Шын бақыт-          Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің.

4.Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл.

5.Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Білімсіз,   Өнерсіз,

Болады ақын тұл.

 

Осы өлеңдері арқылы Абай мен Шәкәрім жұртты қандай қасиеттерге үндейді?

-Адамгершілікке,халыққа қызмет етуге,өнер-білім үйренуге,арлы болуға т.б.

-Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?

Тақырыптар бойынша өз ойларын айту.

І топ

1. Халыққа еңбек ету.

2. Білім, өнер үйрену.



ІІ топ

3. Өзімшіл болмау.

4. Өміріңді босқа өткізбе! 

ІІІ топ

5. Өміріңді мәнді мағыналы өткіз.

6. Артыңа жақсы із қалдыр.

VI. Шығармашылық жұмыс

Ойтолғау (5 - 6 сөйлемнен)

І топ             «Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл»

ІІ топ            «Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін»

ІІІ топ         «Жоба тап,жол көрсет,

Келешек қамы үшін»



VII. Қорыту. Венн диаграммасы

(8 слайд) Шәкәрім.Сонымен  балалар  Шәкәрім  кім  болды?

Ұлы ақын, тарихшы, аудармашы
Абайдың немере інісі
Шығыс. Қазақстанда туған

VIII Сабақты бекіту. (9 слайд)

1.»Адамдық борышың «өлеңі туралы өз пікірің?

2. Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады?

3. «Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?

4. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

5. «Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?

6. Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?

7. Адамдық борыштарды ата.

8. Қандай істерден аулақ болу керек?

9. «Тұл»сөзінің мағынасы?

ІХ. Үйге тапсырма.

«Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.

IX. Оқушыларды бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Жумагалиева Алтын Хайтбаевна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375970

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Саба? жоспары 10-сынып ?аза? ?дебиеті "Ш. ??дайберді?лы  шы?армашылы?ы" "
    ["seo_title"] => string(79) "sabak-zhospary-10-synyp-k-azak-diebiieti-sh-k-u-daibierdiu-ly-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "212867"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431945378"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства