kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауатты өмір салты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың салауаттылық туралы түсіністіктерін кеңейте отыра, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауатты өмір салты»

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №3 ДБАОММИ Мерзімі: 28.04.17ж Мұғалім: Калымова А.К.

Сынып: 10 «Б» Оқушылар саны-22 Тақырыбы: Салауатты өмір салты

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: зиян келтірмеу, жауапкершілік, жақсы азамат болу


Сабақ мақсаты: Оқушылардың салауаттылық туралы түсіністіктерін кеңейте отыра, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Денсаулыққа зиян келтірмеу туралы білімдерін кеңейту;

  2. Салауатты өмір салтын ұстануға жауапкершіліктерін арттыру;

  3. Еліміздің жақсы азаматы болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Үнтаспа, интербелсенді тақта, слайдтар, плакаттар


1.Ұйымдастыру   кезеңi.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. 4 мин

   Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру 5 мин

В.Ягодинскийдің мәтіні.  40-42  бетте.

Сұрақтары:
1. Адам үшін темекі мен арақтың  зияны қандай екен ?

2.Адам осылардың әсерінен қандай қиындықтарға  тап болады?

3.Аталған кейіпкер неліктен бақытсыздыққа ұшырады?

4.Осындай жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек деп  ойлайсың?

5.Кейіпкер сендердің достарың болса, қандай кеңес берер едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:



Дәйексөз: 4 мин

«Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды, дені сау кедей- ауру патшадан бақыттырақ»

Сократ

Дәйексөзден не түйдіңіздер?

Ежелгi грек философы Сократ Афиныда ғұмыр кешедi. Одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секiлдi ұлы адамдар дәрiс алады. Бiрақ Сократтың бiрде-бiр пәлсапалық шығармалары бiзге түпнұсқа күйiнде жеткен жоқ. Сократ 37 жасында өз Отанына берiлген азамат ретiнде Пелопоннесск соғысына қатысады.

Сократтың достары нағыз саясатшылар (Алкивиад, Ферамен, Хармид, Критий) болса да, ол саясаттан алшақ жүруге тырысты.

Талқылағаннан соң, дәптерге жазу ұсынылады.



Сократ туралы қысқаша мәлімет айтып беру.

Мұғалім сыйы 10 мин

Ұ.Есдәулетовтың «Қара пима» поэмасынан берілген үзіндіні видеоролик арқылы түсіндіру.

Сұрақтар:

1.Видеоны көргенде  қандай сезімде болдыңыз?

2.Мына көрген видеодан  қандай ой түйдіңіз?

3.Адамдардың зиянды әрекеттерге баруына қандай себептер бар деп ойлайсыз?

4.Осындай жағдайлар қазіргі кезде кездесе ме?

5.Көрсетілген видеода зиянды заттың салдары неге әкеліп соқты?

https://youtu.be/dKdJyfOwM1A

талқылау, сұрақтарға жауап беру

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (12 мин)

1-топ «Денсаулық» зиянды заттардың қауіптілігі (темекі мен ішімдік) туралы постер қорғау.

2-топ «Бірлік» «Ойлан достым» әңгімесі бойынша сахналау

3-топ «Салауат» насыбайдың зияны туралы

4-топ- «Достар» салауатты өмір салтын насихаттау туралы жарнама көрсету.

Топпен ән айту: 4 мин

«Өміріңе немқұрайлы қарама»

Сөзі: С. Сейтман Әні: С. Дәрібаев

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.


Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.


Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.
Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

«Өміріңе немқұрайлы қарама» (караоке плюс)

https://youtu.be/CPSdcv1mzRs



Үй тапсырмасы: 2 мин

Ф.Оңғарсынованың «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген....» поэмадан үзіндіні оқып келу.


Соңғы тыныштық сәтi: 2 мин

Жайланып отырып, көзімзді жұмайық. Әрқайсымыз өз қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналаға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейк, жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар! Рахмет!

Баяу музыка ойнап тұрады








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Салауатты өмір салты

Автор: Калымова Асель Кайратовна

Дата: 27.05.2017

Номер свидетельства: 418935

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "конспект урока "Салауатты ?мір салты. Есімдік" "
    ["seo_title"] => string(45) "konspiekt-uroka-salauatty-omir-salty-iesimdik"
    ["file_id"] => string(6) "199484"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428586069"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Урок на тему: "Салауатты ?мір салты" "
    ["seo_title"] => string(34) "urok-na-tiemu-salauatty-omir-salty"
    ["file_id"] => string(6) "230993"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442334238"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""Салауатты ?мір салты-денсаулы? кепілі" т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(47) "salauattyomirsaltydiensaulykkiepilitrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "272860"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452078345"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Салауатты өмір салта" Ата-анаға кеңес."
    ["seo_title"] => string(40) "salauatty_omir_salta_ata_anag_a_kien_ies"
    ["file_id"] => string(6) "389709"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1486616749"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(166) "Конспект внеклассного мероприятия по физкультуре "Салауатты ?мір салты - денсаулы? кепілі" "
    ["seo_title"] => string(95) "konspiekt-vnieklassnogho-mieropriiatiia-po-fizkul-turie-salauatty-omir-salty-diensaulyk-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "177460"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424663481"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства