kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Салауатты ?мір салты-денсаулы? кепілі" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Салауатты ?мір салты-денсаулы? кепілі ».
Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды? бойына салауатты ?мір салтын дарыта отырып, зиянды ?деттерден аула? болуды т?сіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман ?деттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылы?ы: ?мірге, адамзат ?рпа?ына деген аяушылы? сезімін ояту, ауруды? алдын алуды ?йрету. Маманды? иелері туралы т?сініктерін ке?ейтіп, оларды? ?ызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Т?рбиелігі: т?ні де, жаны да таза, ?рі сау болаша? ?рпа?ты т?рбиелеу.
К?рнекілігі: диаграмма, тірек-сызба, суреттер, буклет, на?ылс?здер, кітап к?рмесі.
?дісі: баяндау, с?хбат, с?ра?-жауап, ой ?оз?ау.
Саба?ты? барысы:
?йымдастыру б?лімі: ?аза?стан Республикасыны? ?н?ранымен ашу.
Кіріспе с?з: Егемен елімізді? туын к?кке к?теретін, елді? елдігін танытатын б?гінгі ?рпа? ?андай болуы керек?
    Адам баласы ?шін е? кымбатты – оны? м?нді де с?нді ?мірі. ?мірін ?ызы?ты етіп ?ткізу ?шін ?з к?ш-жігерін аямауы ?ажет. ?кінішке орай «наша?орлы?», «ішімдік», «темекі» торына бейк?н? жандар ілігіп, д?ние салып, ауруларды? азабын тартьгп жатыр.
    Ал осы зияндылармен к?ресу о?ай?а т?сер емес. Халы?ты? салауатты ?мір салтын ?алыптастыру ?шін «Салауатты ?мір салты» кешенді ба?дарламасы, сондай-а? Денсаулы? са?тауды реформалау мен дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
    Елбасыны? ?аза?стан хал?ына жолдауында к?рсетілген ?зекті м?селелерді? бірі — салауатты ?мір с?ру, оны насихаттау м?селесі.
    Салауатты ?мір с?ру дегеніміз не?
    Ол — ?леуметтік т?рмысты жа?сарту, бос уа?ытты тиімді пайдалану. денсаулы?ты са?тау ж?не ны?айту, сапалы тама?тану. зиянды ?рекеттерден аула? болу.
    Ал зиянды ?рекет дегеніміз – ?азіргі та?да етек ал?ан, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маск?немдік, темекі шегу ж?не наша?орлы?. Б?лар адам баласыны? ?зі тілеп ал?ан айы?пас дерттері.
    Негізгі б?лім:
    ?аза? елі сонау ке?ес ?кіметі т?сында?ы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы ?ауымды ??рту, ашты?, ?у?ын-с?ргін, со?ыс, жер мен елді тоздыр?ан ты? к?теру, экология апаты, желто?сан зардабы та?ы да бас?аларын басынан кешірді. Осы апаттардан да ?ауіпті, адамды, сананы, есті жаула?ан ?асірет тым ауыр да азалы.
    ?аза? хал?ыны? с?з байлы?ында «ара?» деген с?з бол?ан емес. Олар ?ымыз бен ш?бат ішкен. Сонда да ?демі тойлы ауыл, алтыба?ан, жарасымды жастар ?ні, ойын т?рлері м?німен орын ал?ан.
    К?рініс. «?ымыз бен ара?ты? айтысуы»
Ал наша?орлы? неден басталады?
Сана-сезімі улан?ан, ?зін, отбасын, ту?анын ?мыт?ан, жауапкершілікті сезінбейтін а?ыл-естен айырыл?ан жан наша?ор деп аталады. Дозаны ?абылдама?ан жа?дайда ?аба?ы ?атулы жан есірткіні ?олдан?аннан кейін жайдарлы, к??ілді болып шы?а келеді. К?п ?рімдей жастар осы аурумен ауырып, ?мірден ?туде, азып кетуде, енді біреулері кеш т?сініп барма?ын тістеуде.
К?рініс: «Наша?орды? м??ы»

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Салауатты ?мір салты-денсаулы? кепілі" т?рбие са?аты»

Тақырыбы: «Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі ».
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Тәрбиелігі: тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: диаграмма, тірек-сызба, суреттер, буклет, нақылсөздер, кітап көрмесі.
Әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Қазақстан Республикасының әнұранымен ашу.
Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
    Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьгп жатыр.
    Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
    Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
    Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
    Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
    Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.
    Негізгі бөлім:
    Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.
    Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.
    Көрініс. «Қымыз бен арақтың айтысуы»
Ал нашақорлық неден басталады?
Сана-сезімі уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін ақыл-естен айырылған жан нашақор деп аталады. Дозаны қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан есірткіні қолданғаннан кейін жайдарлы, көңілді болып шыға келеді. Көп өрімдей жастар осы аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып кетуде, енді біреулері кеш түсініп бармағын тістеуде.
Көрініс: «Нашақордың мұңы»
Біздің бүгінгі оқушылар енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастар. Сөз кезегін салауатты өмірді насихаттайтын маман иелеріне берейік.
Эколог:
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф:
Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог:
Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы:
Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың бір жолына айналды.
Дәрігер:
    Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді.
    Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді.
    СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.
Бәрі бірге:
Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын.
Ән: «Өз елім»
    Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек. Сендердің назарларыңа «Сен білесің бе?» айдарын ұсынамын.
1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі.
2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады.
3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады.
4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады.
5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар.
6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі.
7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион.
8. Қалаларда  есірткінің  құрбаны болған  7-8 жастағы балалар тіркелуде.
    Қорытынды бөлім: «Ойқозғау»
1. Қоғамда «Мемлекет қазынасына миллиондаған пайда түсіреді, зияндылардың денсаулыққа пайдасы бар» деген кереғар пікірлер бар? Соған дәлелдеме қандай?
2. Қазір  арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай:
3.   Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың?
    Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.  








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Салауатты ?мір салты-денсаулы? кепілі" т?рбие са?аты

Автор: Артыкбай Данаг?л Майлыбай?ызы

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272860


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства