kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? та?ырыбы: ?ор?ыт ата кітабы (VІІІ-ІХ ??.)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

  1. О?ушылар?а VІІІ-ІХ ?асырларды? к?не м?дениет ескерткіші болып табылатын ?ор?ыт ата кітабы туралы ?деби білім беру;
  2. О?ушыларды? ?деби д?ниетанымдарын ке?ейту, м?нерлеп о?у да?дыларын дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру;
  3. О?ушыларды елімізді? тарихын ?астерлеуге, ?лтжандылы??а т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? та?ырыбы: ?ор?ыт ата кітабы (VІІІ-ІХ ??.)»

8 – сынып

Қазақ әдебиеті 5 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы ( VІІІ-ІХ ғғ.)

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға VІІІ-ІХ ғасырлардың көне мәдениет ескерткіші болып табылатын Қорқыт ата кітабы туралы әдеби білім беру;

  2. Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

  3. Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың құрылымы: 1 – 2 – 3 – 4 – 5 – 6 – 7 – 8

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы. Қорқыт атаның портреті.


І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Орхон ескерткіштері туралы мағлұмат.

2.Ескерткіштен алынған үзінділерді әңгімелеу.

3.Қосымша деректер айту.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Қорқыт ата кітабы туралы ( VІІІ-ІХ ғғ.)мағлұмат беру.

  2. Қорқыт атаның өміріне тоқталу.

Қорқыт ата VІІІ-ІХ ғасыр-да Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген (қазіргі Қызылорда облысы). Ол кісінің мазары Қармақшы стансасынан 18 шақыр-дай жерде тұр.

Қорқыт- түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», -деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да, алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?-деп сұраса, олар: «Бұл – Қорқыттың көрі,-деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шағады.

Қорқыт бабаның «Ұшардың ұлуы», «Аққу», «Кілем жайған», «Желмая», «Әупбай», «Башпай» т.б. он шақты күйін қобызшылар сақтап қалған. Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар ауруды қобызбен емдейтін болған.

Қорқыт айтқан жырлар ХV ғасырда қара сөзбен хатқа түскен. Кітапта он екі жыр бар: «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр», «Байбөрі баласы Алып Бамсы», «Тоқа баласы Ержүрек Темірұл», «Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр», «Хан Төрәлі», «Қазан Саларбектің аулын жау шапқаны т.б.

  1. Қорқыттың нақыл сөздерімен таныстыру.

Баят бойында Қорқыт ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарының бәрі тұп-тура келіп отырған әулиенің көңіліне пәңірім нұр құйған ғой…

Ол алдымен оғыз қауымының мүшкіл халін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт атаның сөзін халық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.

Қорқыт ата сөйлейді:

- Алла, Алла демейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас. Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей – шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат Баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ол ханым болмас. Қара есек басына жүген кигізесің де, тұлпар болмас. Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.


ІV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Сұрақтарға жауап беру:

1) Қорқыт ата кім болған?

а) Ол қандай қасиетімен ел есінде қалған?

ә) Қорқыт ата өлімнен қашып құтыла алды ма?

2) Өмірде өлмейтін не нәрсе?

3) Қорқыттың нақыл сөздерінің мағынасын түсініп қараңдар.

4) Нақыл сөздердің қазіргі мақал-мәтелдермен ұқсастығы бар ма?

2. Дәптермен жұмыс.

Нақыл сөздерді тақырыптарға бөліп жазыңдар.


V. Үй тапсырмасын беру.

  1. Оқулық бойынша 14-17-беттерді оқу.

  2. Қорқыт атаның нақыл сөздерін жаттау.

  3. Дәптерге 1,5-тапсырмаларды жазбаша орындау.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба? та?ырыбы: ?ор?ыт ата кітабы (VІІІ-ІХ ??.)

Автор: Маратова Жанар Маратовна

Дата: 24.12.2015

Номер свидетельства: 269854

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Сауыс?ан мен К?кек"
    ["seo_title"] => string(18) "sauyskanmienkokiek"
    ["file_id"] => string(6) "327556"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463462062"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Сауыс?ан мен К?кек"doc,"
    ["seo_title"] => string(22) "sauyskanmienkokiekdoc1"
    ["file_id"] => string(6) "327557"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463462070"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства