kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру, киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға, балаларды су мен сабынды пайдалана білуге үйрету. Қуыршақты шомылдыру барысында балалардың тілін дамыту, ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру»»

Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру»

Сабақтың мақсаты: Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру, киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға, балаларды су мен сабынды пайдалана білуге үйрету. Қуыршақты шомылдыру барысында балалардың тілін дамыту, ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: қуыршақ, ванна, ыдысқа құйылған жылы су, сабын, орамал, қуыршақты шомылдыруға арналған құралдардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, таныстыру, түсіндіру, үйрету, сурет бойынша әңгімелеу.

Жаңа сөздер: жылы, көпірді

Сабақтың барысы: Балалар жарты шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді.

Сәлем, сәлем, басым,

Сәлем, сәлем, көзім,

Сәлем, сәлем, бетім,

Сәлем, сәлем, балалар,

Сәлем, сәлем, апайлар.

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру» деп аталады.

Қазір біз шомылдыруда пайдаланатын құралдармен танысамыз.

Тақтада алдын ала ілулі тұрған түрлі-түсті суреттерге балалардың назарын аудару.

Есік қағылады.

Тәрбиеші: - Балалар, біреу есік қағып тұр, көрейік кім екенін.

Есік ашылып, кішкентай Айжан қыз кіреді, қолында қуыршағы бар.

Айжан қыз балалармен амандасады.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Сәлеметсіз бе.

Айжан қыз: - Балалар, мен сендермен ойнауға келдім. Мен жалғыз келген жоқпын. Қуыршағымды ала келдім. Қуыршағыммен таныстырайын қуыршағымның аты – Нұрай. Менің қуыршағымның беті, қолы кірлеп қалды. Балалар, ойнамастан бұрын қуыршағымды жуындырып беруге көмектессеңдер екен.

Тәрбиеші: - Балалар, қане бәріміз Айжан қыздың қуыршағын шомылдыруға көмектесейік.

Тәрбиеші алдын ала дайындаған ванна, су құйылған ыдыс, сабын, орамалды ортаға қойып Нұрай қуыршақты шешіндіреді.

Тәрбиеші: Инабат, суды ұстап көрші, су қандай екен?

Су жылы, таза. (Тәрбиеші екі-үш баланы шақыртып судың жылы, таза екенін байқатады).

Балалар, қараңдаршы Нұрай суға шомылғысы келіп тұр, - деп қуыршақтың қолын жетер-жетпес көтеріп, бір-екі бастырып жүргізеді. Қуыршақты ваннаға отырғызады.

  • Қане, балалар, тақпақ айтып берейік.

Жуын, жуын, жуынсаң,

Қандай жақсы қуыршақ.

Әйтпегенде бөпешім,

Кірлеп кеткен екенсің.

Қазір аппақ боласың,

Қуанады анашың.

Тәрбиеші: - Алишер, сен сабынды әперші.

  • Балалар, Айжан қыз, бәрің де қараңдар. Нұрайдың басын былай сабындаймыз, содан кейін жуамыз. (Балалар, сабын қайтті? Деген сұрақ қойып, «көпіршіді» деген жауап аламыз).

  • Көрдіңдер ме, Нұрай басын жуғанда жылаған жоқ. Сендер де шомылғанда алдымен бастарыңды жуыңдар.

  • Қане, Інжу сен Нұрайдың басына су құйшы, сабыны кетсін. (Інжу су құйып тәрбиешіге көмектеседі).

  • Бәрің көрдіңдер ме, Нұрайдың басы таза болды. Орамалмен басын сүртіп құрғатайық.

  • Аблайхан, сен ормалады әпер. (Аблайхан ормалады әперді, тәрбиеші қуыршақтың басын сүртеді).

Тәрбиеші: - Енді Нұрайдың қолын, мойнын, денесін, аяғы міне былай жуамыз. (Жуып көрсетеді).

  • Зарина, сен Нұрайдың үстіне су құй. (Зарина Нұрайдың үстіне су құяды). Жанияға орамал алғызып, Нұрайдың үстін сүртеді.

  • Нұрай шомылып болды. Қандай таза, әдемі.

  • Қане енді сендер Нұрайды киіндіруге көмектесіңдер.

  • Қылышбек, сен Нұрайдың көйлегін әпер. (Нұрайға көйлекті кигізуге тәрбиеші көмектеседі).

  • Ершат, сен шалбарын әпер. (Шалбарды кигізеді).

  • Нұрайды киіндіріп болдың, енді оның ұйқысы келді. Қуыршақтар бұрышындағы бесікке жатқызайын.

  • Ал, енді Нұрайдың ұйқысы тәтті болсын деп «Әлди, әлди» әнін айтайық.

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Тәрбиеші: - Қуыршақ Нұрай ұйықтасын, демалсын, содан кейін бәріміз ойнаймыз.

  • Балалар, енді біз Нұрайдың киімдерін реттеп қояйық.

  • Балалар, біз бүгін сабақта не істедік?

  • Қуыршақты шомылдырдық.

  • Қандай жаңа сөздер үйрендіңдер?

  • Жылы, көпіршіді.

Тәрбиешімен бірге балалар жаңа сөздерді 2-3 рет қайталайды. Айжан қыз енді өзің қуыршағыңды жуындыра алатын болдың.

Тәрбиеші: Балаларды мадақтап, сыйлықтар таратып сабақты аяқтайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру»

Автор: Итесова Айсауле Жумагалиевна

Дата: 02.11.2016

Номер свидетельства: 354614

Похожие файлы

object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Ашық сабақ. Тақырыбы: "Қуыршақты шомылдырамыз""
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk_sabak_takyryby_kuyrshakty_shomyldyramyz"
    ["file_id"] => string(6) "511984"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1558619890"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қуыршақты шомылдыру""
    ["seo_title"] => string(25) "k_uyrshak_ty_shomyldyru_1"
    ["file_id"] => string(6) "396597"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488289824"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Ашық сабақ "Қуыршақтарды шомылдыру""
    ["seo_title"] => string(38) "ashyk_sabak_k_uyrshak_tardy_shomyldyru"
    ["file_id"] => string(6) "469141"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1526030573"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""К?рсет ж?не ?айтала" (ашы? о?у іс - ?рекеті) "
    ["seo_title"] => string(46) "korsiet-zh-nie-k-aitala-ashyk-ok-u-is-riekieti"
    ["file_id"] => string(6) "203983"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429591019"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства