Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу оқушыларды түгендеп, ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Серпілген сауал» әдісімен оқушылардан өткен тақырыптар бойынша алған ақпараттарын сұрау арқылы үй тапсырмасына дайындықтары тексеріледі: 1) Отбасы түсінігін қалай түсінеміз? 2) Некеге тұру және оны тоқтату шарттары? (Б) «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін бірнеше суреттер ұсынылады. (М) Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. (М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталады. Бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады. | Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын пысықтау. Сұрақтар қою арқылы қызығушылығын ояту. Бүгінгі тақырыпқа қатысты бірнеше фотосуреттер ұсыну арқылы оқушылардың тақырыпты өздері табуға мүмкіндік жасайды. | Қойылған сұрақтарға жауап беру. Мұғалім ұсынған суреттерге қарап, жаңа сабақ тақырыбын ашуға тырысады. | Мұғалімнің ауызша мақтауы «Жарайсың!», «Өте жақсы!» «Бас бармақ» әдісімен бағалау | Презентация 1-слайд Презентация 2,3-слайдтар |
Сабақтың ортасы | Зерттеу сұрағы: Бала құқығы қалай қорғалады? Бала құқығы-баланың әрекет ету мүмкіндіктері. Бұл мүмкіндіктер дүниеге келгеннен бастап пайда болады, заңмен бекітіледі, оған мемлекет кепілдік береді. «Бала құқықтары» бойынша заңнамалық құжаттармен таныстыру. 1-тапсырма. «Сәйкестігін анықта». Дескриптор: Заңнамалық құжаттардың атауы мен жылдарын дұрыс сәйкестендіре алады. 2-тапсырма. «Баланың отбасындағы және мектептегі міндеттерін» анықтау. Дескриптор: -баланың мектептегі міндеттерін дұрыс анықтайды -баланың отбасындағы міндеттерін дұрыс анықтайды 3-тапсырма. «Жағдаяттарды талқылау». 1.Кәмелетке толмаған 10 жастағы Беріктің ата-анасы ажырасуға арыз берді. Кіммен тұратыны шешілуі тиіс? 2.Жұлдыздың әкесі ұйғыр, шешесі қазақ. Ол анасының ұлтын қалады.Бірақ әкесі өз ұлтына жазғызып келді. Дескриптор: Бала құқықтары бойынша заңнамалық құжаттарға сүйене отырып, жағдаяттарға дұрыс шешім шығара алады. 4-тапсырма «Түртіп алу стратегиясы» Қазақтың ұлы ойшылдары А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлының тәрбие туралы қалдырған нақыл сөздерімен таныстыру. Дескриптор: Қазақтың ұлы ғұлама ғалымдарының тәрбие туралы қалдырған нақыл сөздермен танысады. Мағынасын ашып, анықтайды. | Бала құқығы анықтамасын түсіндіру, бала құқығына қатысты бейнеролик ұсыну. ҚР Конституциясы, БҰҰ-ның балаларды қорғау конвенциясы, Балаларды қорғау туралы ҚР Заңы және Неке және Отбасы туралы кодекстермен таныстырады. Мұғалім тапсырманың қалай орындалу жолын түсіндіреді. Жағдаяттарды оқып, оқушыларға жағдаяттарды шешу жолдарын көрсетеді. Мұғалім қазақтың ұлы ойшылдарының нақыл сөздерін ортаға салады. | Оқушылар бейнероликтен түйген ойларын ортаға салады. Әр заңнамалық құжаттың атауы мен қабылданған жылдарын дәптерге түртіп, есте сақтап алады. Заңдардың атауы мен жылдарын сәйкестендіру арқылы, тапсырманы орындайды. Баланың мектептегі міндеттерін және баланың отбасындағы ажыратады. Балалар құқығы бойынша Конвенцияны қолдана отырып, екі жағдаяттың шешілу жолдарын ұсынады. Оқушылар аталған нақыл сөздермен келісетін/келіспейтіндігін білдіріп, мағынасын ашады. | Мұғалімнің ауызша мақтауы «Жарайсың!», «Өте жақсы!» 1-ден 10-ға дейінгі қалыптастырушы бағалау Дұрыс жауап бойынша мұғалім бағалауы 1-ден 10-ға дейінгі қалыптастырушы бағалау \ Оқушылардың өзара бағалауы | 6,7-слайдтар Презентация 9-слайд Презентация «Бала құқықтары бойынша БҰҰ Конвенциясы» 1989 жыл 12-слайд Презентация 13-слайд 16-слайд 17-слайд |