kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рамкалы қалтаны өңдеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рамкалы қалтаны өңдеу»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы сән және дизайн колледжі» КҚМК



Бекітемін

Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары


________________ Т. Кулешова

____ _____________ 20 ___ ж.


______ өндірістік оқу сабақтары

ЖОСПАРЫ



Өту мерзімі: ___ ______________ 20___ жыл

Оқу бағамы __1_ оқу тобының №-і _МК19-7

Мамандық пен біліктіліктің коды

___121100 0 - Тігін өндірісі және киімді модельдеу

121110 2 – Пішуші

121107 2 – Сәнгер-пішуші

121108 3 –Модельер-конструктор


Бағдарлама тақырыбы: Сән ерекшелігіне қарай майда бөлшектерді өңдеу.

Сабақ тақырыбы: Рамкалы қалтаны өңдеу.

Сабақтың типі:_аралас __

Оқыту әдістері: практика

Сабақ мақсаттары:


  1. білімділік

Рамкалы қалтаны өңдеуді үйрету.

  1. дамытушылық

Жауапкершілігін арттыру , ой-өрісін дамыту, дұрыс шешім қабылдау нәтижесіне баулу.

  1. тәрбиелік

Еңбекке баулу. Мамандығана деген сүйіспеншілігін арттыру, жабдықтарды ұқыпты қарауды,тігіншілік өнерді дамыта білуге тәрбиелеу.


Материалдық-техникалық жабдықтау:


Жабдықтар, жұмыс формасы

Ине-жіп,оймақ,өлшеуіш таспа ,сызғыш, мата, тесьма, шілтер.

Студенттердің жұмыс формасы

Фартук косынка

Дидактикалық материал

Арнайы үлгілер, нұсқау картасы, коллекциялар жиынтығы және сән журналдары.


Пәнаралық байланыс: Технология.







Өндірістік оқытудың негізгі кезеңдері мен оған бөлінетін уақыт


Сабақтың құрылымы

Бөлінген уақыт көлемі

1

2

  1. Ұйымдастыру кезеңі

2

  1. Кіріспе нұсқаулық

3

  1. Жаңа білімді бекіту

45

  1. Ағымдық нұсқаулық

20

  1. Қорытынды нұсқаулық

4,35

  1. Үй тапсырмасы

15

  1. Жұмыс орындарын жинау, тазалау

2


Өндірістік оқытудың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. журнал бойынша студенттерді түгендеу;

  2. студенттердің сыртқы келбетін, киімдерін, сабққа дайындығын тексеру;

  3. өндірістік оқытудың тақырыбын, мақсатын хабарлау.


  1. Кіріспе нұсқаулық

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырып бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Тақырып бойынша сұрақтар: Не білеміз? Нені үйренгіміз келеді?


  • Машина жұмыстары кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері?

  • Машиналық тігістер қандай жұмысты атқарады?

  • Машина мен көздің ара-қашықтығы?


  1. Жаңа оқу материалдарын түсіндіру.


Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалтаның жапсырма, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта т. б. түрлері болады. Орналасуына қарай жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты (клапанды) болып келеді де, олар әдіптелген тілікті, бүрмелі, оюлы және сырып тігіледі. Жапсырма қалталарды қақпағын ілгекті немесе ілгексіз, тік төртбұрышты немесе оюлы етіп жасайды. Жапсырма қалталарды бүрмелен, жиырыл, кестелеп әшекейлеп тігеді. Жоғарғы және жан қалталар түрлі формалы: тік немесе оюлы, тік немесе қақпақты т. б. түрі болады. Киімнің моделіне қарай жарма қалталарды кейде бүрменің немесе тігістің үстіне салады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тізілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.

Жалпы қалтаны даярлағанда оның формасы мен матаның ерекшелігін, технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек. Мұндай қалтаны өңдну үшін мынандай бөлшектер қажет:негізгі материалдан немесе сәндік матадан пішілген екі әдіп;негізгі матадан пішілген бір қалта қапшығы (екі бөліктен тұруы да мүмкін), бір қалта бойлығы (қажетіне қарай). Қалтаның әдібі қапшығымен тұтас пішілуі мүмкін.

    1. Қалтаның орны 5 сызықпен белгіленеді.Қалтаның орнын айқындайтын бір тіке сызықпен және екі көлденең сызық қалтаның өлшемін айқындайтынын дәлелдейді.Содан соң әрбір көмкерменің немесе рамканың екі еселенген еніне тең қашықтықта белгіленген орта сызықтан жоғары не төмен екі көмекші сызық жүргізеді.

    2. Созылудан сақтау үшін негізгі бөлшектің теріс бетіне ені 4-5 қалта бойлығын салады немесе қазіргі заманда негізгі бөлшекті қатырмалайды.Қалтаның белгіленген сызығымен бойлықтың ортасы сәйкес келуі керек.

    3. Жоғарғы жиегінің әдібін ортасынан бүгіп үтектеледі.Төменгі әдібі 1/3 үтектеледі.

    4. Дайын болған әдіптердің бүктемелерін негізгі бөлшекке белгіленген көмекші сызықтарға дәлдеп, ал қиықтарынң жарма жағына келтіріп салады.Төменгі әдіпті қысқа жағын төмен қарай орналастырады.Жеке тапсырыс өңдірісінде әдіптің ұштары қалта өлшемін айқындайтын сызықтардың әрбір жағына 1,5-2 см шығып тұратындай етіп,алдын ала қосып көктейді.05-07 см ар қашықтықта қосып тігеді.Тігістер қалтаның өлшемін айқындайтын кесе көлденең сызықтар дәл келу керек.Әдіптің дұрыс қосып тігілгендігін негізгі бөлшектің теріс жағынан тексереді.Онда әдіпті қосып тігу тігістері параллель болып, қалталарда белгіленген кесе көлденең сызықтармен бір денгейде аяқталуы тиіс.

    5. Қалта аузын теріс жағынан қалтаның ортасынан бастап екі жағынан бірдей тіледі.Қалта шеттерінен 1-1,5 см қашықтықта тігістердің ұштарынақарай көлбеу бағытта тіліктермен қырқады, 01-02 см жеткізбей.Қалта аузын арқылы, әдіпті теріс жағына айналдырады.

    6. Әдіптің ұштарың оның жиектері түйісетіндей етіп тартып созады,Әдіптің шеттерін қиғаш көктейді.

    7. Арнайы матамен оң жағынан бастыра үтектеу.

    8. Қалтаның ұштарың бекіту. Әдіптің ұштарың оның жиектері түйісетіндей етіп тартып созады,қалта бұрыштарындғы тілді теріс бетінен негізгі бөлікке машиналық 2 тігіспен біріктіреді.

    9. Көктеу тігісін суру.

    10. Қалтаны арнайы матамен оң жағынан бастыра үтектеу.

    11. Астардың үстінен көмкерме орналастырады қосып тігеді .,жоғарғы әдіпке қосып тігеді 0,7-1 см.

    12. Төменгі әдіпке қалта астарын қосып тігу. Қалта астарын мен әдіпті оң жағымен беттестіріп қосып тігу.Тігіс ені 0,7-1 см.

    13. Қалта астарын сырып тігу. Қалтаның астарын қалтаның бұрыштарын бекітіп және астардың бұрыштарын дөңгелете отырып үш жағынан сырып тігеді. Тігістің ені 1 см.Бұйым астарсыз болған жағдайда арнайы машинамен торлайды.

    14. ЫЖЖ жүргізу. Дайын қалтаны сол жағынан, содан соң оң жағынан арнайы шүберекпен бастыра үтектеу.

Жаңа білімді бекіту


Қалта дегеніміз?

Қалтаның түрлері?

Оймалы қалта түрлері?

Рамкалы жарма қалта қандай бұйымдарда кездеседі?

Қалтаның орны қалай белгіленеді?

Өңделу жолдары?


  1. Ағымдық нұсқаулық

  1. Бірінші мақсатты іс-әрекет:

Жұмыс орынның ұйымдастырылуын тексеру.

Қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерінің сақталуын тексеру.

Студенттердің практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру.


  1. Екінші мақсатты іс-әрекет:

Жұмыстың уақытылы орындалуын тексеру.

Жұмыстың әдіс-тәсілдері дұрыс орындалуын тексеру.

Жұмыстың сапалы орындалуын тексеру.


  1. Үшінші мақсатты іс-әрекет:

Студенттермен жеке нұсқаулық жұмыстарын жүргізу.


  1. Қорытынды нұсқаулық

Студенттердің орындаған жұмыстарына талдау жасау.

Әр студент жұмысының орындалу сапасын айту.

Өндірістік оқыту барысында жұмысын сапалы әрі уақытында орындаған студенттерді атап айту.

Әр студенттің жұмысындағы қателігін, кемшілігін жеке-жеке айту, талдау.



  1. Үй тапсырмасы

Қалта түрлерінің схемасын сызып, өңделу бірізділігі бойынша орындау.


  1. Жұмыс орнын жинау, тазалау.


Өндірістік оқыту шебері (толық аты-жөні, қолы)

_______ Айтубар Анель Асқарқызы_


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Рамкалы қалтаны өңдеу

Автор: Айтубар Анель Асқарқызы

Дата: 11.06.2020

Номер свидетельства: 553144

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Екі рамкалы оймалы қима қалтаны өңдеу"
    ["seo_title"] => string(37) "eki_ramkaly_oimaly_kima_kaltany_ondeu"
    ["file_id"] => string(6) "579574"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1619677307"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Рамкалы жарма қалтаны өңдеу."
    ["seo_title"] => string(31) "ramkaly_zharma_k_altany_on_dieu"
    ["file_id"] => string(6) "414087"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1494411245"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства