1.Қалтаның орны 5 сызықпен белгіленеді.Қалтаның орнын айқындайтын бір тіке сызықпен және екі көлденең сызық қалтаның өлшемін айқындайтынын дәлелдейді.Содан соң әрбір көмкерменің немесе рамканың екі еселенген еніне тең қашықтықта белгіленген орта сызықтан жоғары не төмен екі көмекші сызық жүргізеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Рамкалы жарма қалтаны өңдеу.»
Аханова А.К.
МКҚК “Технологиялық колледж”
өндірістік оқыту шебері
Рамкалы жарма қалтаны өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рамкалы жарма қалтаны өңдеу жолын үйрету. Рамкалы жарма қалтаны өңдеу барысында кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс барысында тігіс ендерін анықтау мақсатында көз дәлдіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмыс барысында төзімділікке, бастаған ісін аяқтауға, жабдықтарға деген ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық жабдықталуы: нұсқау картасы, сантиметрлік таспа,карандаш сызғыш,өшіргіш т.б.
2.Тігін машинасымен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн?
3.Электр үтігімен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек?
4.Жапсырма қалта қалай өңделеді?
5.Қалтаның орны қалай белгіленеді?
Жаңа материалды баяндау:
Жалпы қалтаны даярлағанда оның формасы мен матаның ерекшелігін, технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.Мұндай қалтаны өңдну үшін мынандай бөлшектер қажет:негізгі материалдан немесе сәндік матадан пішілген екі әдіп;негізгі матадан пішілген бір қалта қапшығы (екі бөліктен тұруы да мүмкін),бір қалта бойлығы (қажетіне қарай).Қалтаның әдібі қапшығымен тұтас пішілуі мүмкін.
1.Қалтаның орны 5 сызықпен белгіленеді.Қалтаның орнын айқындайтын бір тіке сызықпен және екі көлденең сызық қалтаның өлшемін айқындайтынын дәлелдейді.Содан соң әрбір көмкерменің немесе рамканың екі еселенген еніне тең қашықтықта белгіленген орта сызықтан жоғары не төмен екі көмекші сызық жүргізеді.
2.Созылудан сақтау үшін негізгі бөлшектің теріс бетіне ені 4-5 қалта бойлығын салады немесе қазіргі заманда негізгі бөлшекті қатырмалайды.Қалтаның белгіленген сызығымен бойлықтың ортасы сәйкес келуі керек.
3.Жоғарғы жиегінің әдібін ортасынан бүгіп үтектеледі.
Төменгі әдібі 1/3 үтектеледі.
4.Дайын болған әдіптердің бүктемелерін негізгі бөлшекке белгіленген көмекші сызықтарға дәлдеп, ал қиықтарынң жарма жағына келтіріп салады.Төменгі әдіпті
қысқа жағын төмен қарай орналастырады.Жеке тапсырыс өңдірісінде әдіптің ұштары қалта өлшемін айқындайтын сызықтардың әрбір жағына 1,5-2 см шығып тұратындай етіп,алдын ала қосып көктейді.05-07 см ар қашықтықта қосып тігеді.Тігістер қалтаның өлшемін айқындайтын кесе көлденең сызықтар дәл келу керек.
Әдіптің дұрыс қосып тігілгендігін негізгі бөлшектің теріс жағынан тексереді.Онда әдіпті қосып тігу тігістері параллель болып, қалталарда белгіленген кесе көлденең сызықтармен бір денгейде аяқталуы тиіс.
5.Қалта аузын теріс жағынан қалтаның ортасынан бастап екі жағынан бірдей тіледі.Қалта шеттерінен 1-1,5 см қашықтықта тігістердің ұштарынақарай көлбеу бағытта тіліктермен қырқады, 01-02 см жеткізбей.Қалта аузын арқылы, әдіпті теріс жағына айналдырады.
6.Әдіптің ұштарың оның жиектері түйісетіндей етіп тартып созады,Әдіптің шеттерін қиғаш көктейді.
7. Арнайы матамен оң жағынан бастыра үтектеу.
8.Қалтаның ұштарың бекіту. Әдіптің ұштарың оның жиектері түйісетіндей етіп тартып созады,қалта бұрыштарындғы тілді теріс бетінен негізгі бөлікке машиналық 2 тігіспен біріктіреді.
9.Көктеу тігісін суру.
10. Қалтаны арнайы матамен оң жағынан бастыра үтектеу.
11.Астардың үстінен көмкерме орналастырады қосып тігеді .,жоғарғы әдіпке қосып тігеді 0,7-1 см.
12.Төменгі әдіпке қалта астарын қосып тігу.
Қалта астарын мен әдіпті оң жағымен беттестіріп қосып тігу.Тігіс ені 0,7-1 см.
13.Қалта астарын сырып тігу.
Қалтаның астарын қалтаның бұрыштарын бекітіп және астардың бұрыштарын дөңгелете отырып үш жағынан сырып тігеді. Тігістің ені 1 см.Бұйым астарсыз болған жағдайда арнайы машинамен торлайды.
14.ЫЖЖ жүргізу.
Дайын қалтаны сол жағынан, содан соң оң жағынан арнайы шүберекпен бастыра үтектеу.
Жаңа тақырыпты игеруге байланысты еңбек тәсілдерін көрсету: Рамкалы жарма қалтаны өңдеу реттілігін үлгі бойынша көрсету.
Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын аудару: Рамкалы жарма қалтаны өңдеу барысында қол жұмыстары, машина, үтік қауіпсізідік ережесін дұрыс сақталуын қадағалау.
Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау:
1.Рамкалы жарма қалта қандай бұйымдарда кездеседі?
2. Қалтаның орны қалай белгіленеді?
3. Өңделу жолдары?
ІІІ. Жаттығу мен оқушылардың өз бетімен жұмысы:
Жаңа тақырып бойынша өз беттерімен жұмыстану.
Ағымдағы нұсқау. Жұмыс орындарын қарап өткенде:
- Оқушыларды жұмыс барысында еңбек қауіпсіздік ережелерін сақталуын.
- Барлығының жұмысқа тегістей кіріскендігін тексеру.
- Жаңа тақырыпты игере алмаған оқушыларға еңбек тәсілдерін қайталап көрсету.
ІҮ.Қорытынды нұсқау:
1.Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару.
2.Оқушылардың озат жұмыстарын көрсетіп, мадақтау.
3.Қателерін сипаттап, болу себебін түсіндіру.
4. Жабдықтың , жұмыс уақытының, еңбек тәсілдерінің тиімді пайдалануын талдау.