kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың қалыптасуы және дамыту жолдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

бұл технологиялық картада педагогикалық шығармашылықтың қалыптастыру жолдары туралы жазылған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың қалыптасуы және дамыту жолдары.»

Технологиялық карта № 9


Пән: Педагогика

Топ: 44 ә

Күні: 6.06.17 ж.

Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың қалыптасуы және дамыту жолдары.

Сабақтың мақсаты: алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алу.

Міндеттері:

Білімділік: алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алуға үйрету, мәселені бөліктерге бөліп қарастыру дағдыларын бекіту, белгілі бір жағдайға сай бңлңмдң қолдануға бағыттау.

Дамытушылық: білім көздерімен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру, талдау, қорытындылау т.б. дағдыларын қалыптастыру, өз ойын, пікір айтып, қорғау дағдылары, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: белсенді әрекетке тарту, мәдениетті қалыптастыру, ізгілік сапаларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Сабақ түрі: іс-тәжірибелік

Сабақтың типі: іс-тәжірибе

Пәнаралық байланыс: жекелей пәндік әдістемелер

Сабақтың әдіс-тәсілдері: білім алуа көзіне қарай топтастырылған әдістер, тірек сөздер стратегиясы, «Қолды таңдаймын» жаттығуы.

Жабдықталуы: интерактивті тақта, презентация материалдары

Әдебиеттері:

1. Мұхамбетжанова Ә. М. Мамандыққа кіріспе. - Орал, 2005

2. Шахуров Р. X. Педагогтың шығармашылық өсуі. - М:, 1995.

3.Мудрик А. В. Мұғалім: шеберлік пен шабыт. - М., 1986. Әдістемелік нұсқау: 


Сабақтың құрылымдық жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгендеу

- Психологиялық дайындық.

Жаттығу: “Гүл сыйлау”

Ең алдымен жүргізуші бастайды. Гүлді алып, “Мен сізге гүлді сыйлаймын” себебі сіз ..... қайырымды адамсыз.

Әр қатысушы гүлді алып жалғастыра жақсы әсер қалдыратын бір – бір қасиеттерін айтып шығу керек.

ІІ. Мақсат қою және оқу іс әрекетіне қызығушылықты ояту.

Шебер мұғалім қандай болу керек?

ІІІ. Өздік жұмыс тапсырмалары.

Тапсырма №1. Тірек сөздер стратегиясы. Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтіннің құрамын құруға мән беруге мұғалім назар аударады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиялы дамиды. Бұл әдіс мазмұндама және шығарма жазуға жақсы дайындық.

Тірек сөздер: педагогикалық шеберлік, сөйлеу мәдениеті, эмоционалдық күйі, шебер педагог, білікті маман, педагогикалық технология, шығармашылық іс-әрекет, адамгершілігі мол азамат, ұстаздық талант, әдеп сақтау, дұрыс сөйлеу, педагогикалық техника, мұғалімнің мейірімділігі, ұстаздық этика, актерлік шеберлік, дауыс интонациясы, қабақтың түйілу, қамқорлық пен сүйіспеншілік

Тапсырма №2. Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде

Тәжірибелік тапсырма: Ұстаздық шеберліктің көрінісі, профессиограммасын атап, мысал келтіріңіз. Ұстаз туралы халықтың, кейбір ұлы адамдардың қанатты сөздеріне талдау. Бүгінгі ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін атаңыз.

Профессиограма ұғымының мәнін бірнеше

әдебиеттер бойынша анализ жасаңыз. Өзіндік талдау жасау керек. Ұлы адамдардың қанатты сөздерін кестеге түсіріңіз. Бүгінгі ұстаздық қызметтің мақсаты мен міндеттерін белгілі құжаттар негізінде анықтаңыз.

Тапсырма №3 Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы

Тәжірибелік тапсырма: Мұғалімнің жеке басы ұғымының мәнін ашыңыз. А. С. Макаренконың мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарын анықтаңыз.

Педагогикалық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерге сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз:

- мақсаттылық;

- зерттеушілік

- құрастырушылық;

- танымдық;

- қарым-қатынас;

- реттеушілік;

- ұйымдастырушылық;

- бақылау-бағалау:

- болжау.

ҮІ. Бекіту кезеңі.

  • Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?

  • Шығармашылық дегеніміз не?

  • Шебер мұғалім қандай болу керек?

  • Шығармашылықты қалай дамытуға болады?

Ү.Білім, білік, дағдының қалыптасуын бақылау, бағалау

ҮІ.Үй тапсырмасы.

Педагогикалық шеберлік пен шығармашылық ұғйымдарының айырмашылықтарын талдау.

ҮІІ.Рефлексия. «Қолды таңдаймын»

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Барлығы қол ұстасып, көздерін жұмып тұрады (тыныш ойналады).«Тыңдаңыздар. Сіздер ұстап тұрған көршілеріңіздің қолдарына, оң қолыңыздағы қолға назар аударыңыз. Ол қандай? (кішкентай, нәзік, батыл, суық, т. б.) Бұл саусақтар қандай ақпаратты сізге беретінің тыңдаңыздар. Енді назарды сол қолға аударып, оны тыңдаңыздар. Енді көздеріңізді ашып, өздеріңіздің сезімдеріңіз туралы айтыңыздар, қолдарыңыз бір біріне тигенде не сездіңіздер?»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықтың қалыптасуы және дамыту жолдары.

Автор: Тенизбаева Макпал Ержановна

Дата: 08.06.2017

Номер свидетельства: 421084

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "доклад на тему "О?ушыны шы?армашылы? ізденіс жолына жетелеу " "
    ["seo_title"] => string(70) "doklad-na-tiemu-ok-ushyny-shyg-armashylyk-izdienis-zholyna-zhietielieu"
    ["file_id"] => string(6) "172001"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423751284"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері"
    ["seo_title"] => string(46) "ata_analarmien_zhu_mysty_u_iymdastyru_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "394864"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1487833473"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства