Ортасы | Видеоролик. (Қожанасыр мен Алдар көсе) Түсінеді. Алдар көсе мен Қожанасыр туралы толық мәлімет алады. Қожасаныр– қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол “ауылы аралас, қойы коралас ”, қыз алысып, қыз берісіп құда – жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Әңгімелер сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатира мен ажуалап сынау арқылы адамды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұткызды. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа – күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйінінде үлкен тәрбие – тәлім толқыны анықтай қалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.Қожанасырдың құлпытасында ол мұсылман жыл санауы бойынша «680 жылы дүниеге келіп, 386 жылы қайтыс болыпты». Яғни, дүниеге келместен бұрын өмірден озған. Қабірінің бір жаққа қисайып тұрған өз алдына, онда Қожанасырдың қай күні дүниеге келгені мен қайтыс болғаны туралы нақты дерек те жоқ. Тіпті кейбір ескерткіштерде ол адал досы әрі «көлігі»- есекке теріс отырған күйде бейнеленген. Сөйтсе, есекке теріс отыру – Қожекеңе тән қылық боған сыңайлы...Сондықтан шығар, түрік елінде циферблаты стрелкаға қарсы жүретін сағаттар ең тартымды кәдесей ретінде саналады... Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан. Қолданады. «Рөлдік ойын» Көрініс көрсету. Оқушыларға мәтін беріледі, белгіленген уақытта тақтаға шығып, өз өнерлерін көрсетеді. 1-топ Қожанасыр әңгімелерінен үзінді көрсетеді. Шеберханада Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып: — Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, — дейді. Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды: — Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет. — Қашан келейін? — дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып. — Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, — дейді сонда Қожанасыр. Қожанасыр мен шапан Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. 2-топ Алдар көсе әңгімелерінен үзінді көрсетеді. Алдар көсенің сиқырлы тоны Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын. Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандайды. Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын арада түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді. Қанша тебіреніп, қамшысын қанша сілтегенмен Алдардың арық аты жүріп жарытпайды. Басын бір шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады. “Жаман ат — жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып өлмесем жарар еді”, — деп ішінен сөйлеп келеді. Кенеттен алдынан бір аттылы көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады. Жолаушылар жолығып, аман-саулық сұрасты. Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең-бүрсең етеді.Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді. — Сен, немене, тоңған жоқсың ба? — дейді бай. Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді — дейді Алдар Көсе. Мүмкін емес! — дейді бай. — Немене, көрмей тұрсың ба?! — Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік! — Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады. “Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын” — деп ойлайды бай. “Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!” — деп армандайды Алдар көсе. — Ішігіңді маған сатсаңшы? — дейді бай. Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! — дейді Алдар. — Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы. Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі байдың түлкі ішігінде. — Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын — деп қызықтырады бай. — Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атынды берсең, ойланып көрер едім. Қуанғаннан бай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді. Алдар көсе байдың ішігін киіп,байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі. Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес. Астында — ұшқыр ат, иығында — жылы ішік. Кез келген үйде одан: — Мына керемет түлкі ішік пен жүйрік атты қайдан алдың? — деп сұрайды. — Жетпіс жеті жыртығы, жетпіс сегіз жамауы бар тонға айырбастап алдым. Жаман тонға жақсы ішігін, қыршаңқы атқа кұстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп, ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе: Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы- тұщысын тартқан біледі! — дейді Сергіту сәті: «Ақ параққа жазамын» Анықтайды. «Миға шабуыл» оқушылардан тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер сұрау. 1-топ «Ақылды мен ақымақ туралы» 2-топ «Жақсы мен жаман туралы» Талдайды. «Автор орындығы» Дәптермен жұмыс. «Қожанасыр ауылы» тобынан 1 оқушы шығып тақтаға Қожанасыр кім? деген сұраққа жауап жазады. «Алдар көсе ауылы» тобынан 1 оқушы шығып тақтаға Алдар көсе кім? деген сұраққа жауап жазады. Бағалау. Оқушыларды топ бойынша, жеке бағалау. Қорытындылайды. «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Н.Н.Назарбаев айтқандай, | |