Просмотр содержимого документа
«Оралбаева Айгуль Сенбековна»
«Өлең, мен сені аялап өтем»
Жүрегім сыздаған кезде,
Жаным мұздаған кезде,
Мен сені саялаймын,- дейді ақын өлеңге. Ия, Фаризаның өмірі-өлеңі. «Ақынға адамзаттан дос болмайды, тек қана сырын сөйлер қаламына», деп Мағжан айтқандай, жайшылықта екінің біріне сыр аша бермейтін Фариза ақын ойы мен сезіміне өлеңін ғана куә етті.
Фариза – бұл есім бүгін өрлік пен ерліктің сыршыл сұлулықтың, ұлылықтың символы. Фариза біреу де болса, бірегей деген ұғымды білдіреді. Оның отты жырлары ұлттың қуанышы да жұбанышы да болған. Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай , Фариза өзінің талантына лайық тегеурінді мінез де болды. Расында да, ақынның мінезі тегеурінді еді. Талайды опындырғанда, бірақ ақынды биік шыңға жетелеген де, дәл осы мінезі болатын. «Фариза Оңғарсынова – көркем сөз бен өмірді кестелеп, маржандай жақұт жырды дестелеп, жалғандық пен жалтақтыққа төзбейтін, қара қылды қақ жарған, әділетті ту еткен қайраткер ақын»,- деді Қажымұқан Елеместегі. Ақындық Алладан беріледі дейді. Кез қелгеннің бақшасында піспейтін, кез келгеннің уысына түспейтін бұл киелі өнерді алып жүру оңай емес әрине. Дәл осындай ауыр жолды Фариза Оңғарсынова меншіктепті...
Бұл күнде поэзия падишасының 80 жылдық мерейтойы құрметіне орай Жамбыл политехникалық жоғары колледжі кітапханасында «Ақберген жырдың жүйрігі» атты тақырыппен Ф.Оңғарсынованың жыр әлеміне алналған поэзия кеші өтті. Кешті ұйымдастырған колледж кітапханашысы Сағымкүл Нурумбетова «Кешегі дауылпаз Доспамбет, шамырқанған Шернияз, кәрі жорға Қазтуған, алдаспан Ақтамберді, жалаугер Махамбеттей әруақты да арынды жырдың жалғасы Фариза кішкене Манашта туып, барша Алаштың ақберген ақынынына айналған айтулы тұлға»,- дей келе ақынның өмірі мен өлеңдерінен шер тартты. Жастардың әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын арттару, шығармашылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған әдеби кешке 2ЭП-18-2, 1ОП-19-2 және 2ХТН-18-4 топ білімгерлері қатысты. Жаңабай Асылхан, Қарижанова Ұлпан, Саясатова Ақжан сыңды колледждің жас ақындары өздерінің арнау өлеңдерін толғана оқыды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Байсекина Дильназ, Орынқұл Мінтай, Талипова Бақыт ақынның өлеңдерін ерекше сезіммен оқып берді. Әдеби кеш өте әсерлі де тартымды өтті.